Туризмнің түрлері,ерекшеліктері және перспективасы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Туризмнің түрлері, ерекшеліктері және

перспективасы

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау Туризм түрлерінің ерекшелігі мен теориялық негіздері . . . 6

1. 1 Туризм түрлерінің мәні мен мазмұны . . . 6-11

1. 2 Туризмнің ерекшеліктері . . . 12-13

ІІ-тарау Қазақстанда туризм түрлерінің даму перспективасы . . . 14

2. 1 Туризм түрлерінің Қазақстанда аймақтар бойынша дамуы . . . 14-19

2. 2 Қазақстандағы туризм түрлерінің дамуының қазіргі жағдайы:

проблемалары және даму болашағы . . . 20-26

Қорытынды . . . 27-30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған. Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы. Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды. Туризм - француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді, яғни бос уақытты тыс жерде өткізу. Қазір барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, министрлік тарапынан салалық индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қазір министрлік осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында қызмет етіп жатыр. Бұл жұмыстардың бәрі елімізде 2007-2011 жылдары туризмді дамытуға арналған бағдарламаның негізінде іске асып жатқан жұмыстар. Алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша көптеген мәселелер шешілетін болады. Бұл жерде мәселеге мынадай тұрғыдан көз жіберу керек. Қазір елімізде туризммен айналысатын көптеген жеке компаниялар мен ұйымдар бар. Жасыратыны жоқ, олардың бірқатарының қызмет көрсету сапасының деңгейі жоғары деп айтуға болмайды. Халықаралық сарапшылар осыған қарап қорытынды жасаған болуы керек. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан туристерге қызмет көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. Бірақ, арасында кейбір ұсақ-түйек кемшіліктер де кетіп жатады. Оны жасырғымыз келмейді. Мәселен, өткен жылы бірқатар шетел компаниялары еліміздің туризм саласына инвестиция салғысы келіп еді, оған біздің отандық компаниялар дайын болған жоқ. Ал, қазір жағдай мүлдем басқаша. Бүгінде Үкімет тарапынан елімізге инвестиция салғысы келген шетелдік компанияларға кепілдік беріліп отыр. Қазір біз соның нәтижесін көрудеміз. Мысалы, соңғы кездері көптеген шетелдік фирмалар Іле Алатауының баурайына тау шаңғысына арналған курорт салуға қызығушылық білдіріп жатыр. Бұл әрине, жақсы ұсыныс қой. Бірақ, олар бізге Қапшағай қаласы мен Щучье-Бурабай курорт аймағында жақсы ойын-сауық кешендері мен демалатын жерлер, Түркістан қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағында мәдени-танымдық кешендер салысуға атсалысса жақсы болар еді. Бұдан олар да, біз де көп нәрсе ұтатынымыз анық. Бұл жерде бізге әсіресе, Байқоңырдың туристік орталыққа айналғаны тиімді. Егер ол жер сондай жағдайға жетсе, онда қазіргі заман талабына сай салынған қонақүйлер, планетарий, ғарышты зерттеу тарихына арналған мұражай, ғарыштан әкелінген заттар лабораториясы мен басқа да қызықты нәрселер туристерді өзін тартатын сөзсіз.
Соған сәйкес, енді осы елдің туристеріне виза алу үшін жеңілдік берілетін болады. Ал, шетелдіктердің кадр мәселесіне қатысты пікіріне келсек, бұл жөнінде де олармен толық келісуге болмайды. Кадр дайындау - аса маңызды мәселе. Кезінде салалық мамандарды әзірлеу мақсатында бірнеше құжаттар қабылданған еді. Солардың ең маңыздысы - Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кезінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, туризм саласына кәсіби мамандарды дайындауды жетілдіру бойынша шығарылған бұйрық болатын. Қазір біздің министрлік дәл осындай құжатты аталған министрлікпен қайта жасап отыр. Енді қос министрліктің бекіткен ережесіне сәйкес, туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату үшін оларды арнайы аттестациядан өткізу талап етілетін болады. Бүгінде туризм - қай елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік туристік ұйыммен қарым-қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік туристік ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенін айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік туристік ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орайда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерде өткізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің туристері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай насихатталып жатқанын көрсетеді. “Медеу-Шымбұлақ” кешені нағыз тау шаңғысы курорты болуға тиіс, оны жақсартуға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылыпты. Үстіміздегі жылы Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жол салынып, демалушылардың игілігіне беріледі.

Соңғы уақытта жыл сайын туристердің саны 15-20 пайызға артып жатқаны ескеріліп, биыл 38 қабатты “Мэриот” қонақ үйі салынбақ. Бүгінгі таңда елорданы дамыту және құрылыс салу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2030 жылға дейінгі мерзімде бас қаланы тұрақты дамытудың стратегиялық жоспары мен Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ халықаралық және аумақаралық ынтымақтастықтың қазіргі заманғы орталығы ретінде елорданың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар аумақтық деңгейде қайта қаралды.

Қазірдің өзінде 2030 жылға дейінгі бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеу аяқталды. Астананың сол жағалауындағы жаңа орталықтар базасында бүгінгі медицинаның негізгі бағыттарын біріктіретін қазіргі заманғы медициналық кластер құру қамтамасыз етілуде. Бұл ретте елорда тұрғындары үшін жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Елорда астаналықтар үшін Еуразиядағы сәулеті жағынан ең әдемі, жайлылығы жөнінен қазіргі заманға лайық қала болу мүмкіндігіне ие. Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына орай бұл міндетке қол жеткізу жолында қала әкімдігі мен елордадағы барлық құрылымдар күш біріктіруде. Бүгінгі таңда халықаралық деңгейдегі жаңа университет құрылысының жұмысы жүргізіле бастады. “Астана - жаңа қала” АЭА аумағын кеңейту мәселелері шешілуде, ол 3 мың гектардан астамға арттырылады. Сонымен бірге, осы жерде “Хан шатыры” сауда және ойын-сауық кешені секілді ғажайып нысан, бір шатырдың астындағы “Батығай” қаласы тұрғызылмақ.

І-тарау Туризм түрлерінің ерекшелігі мен

теориялық негіздері

1. 1 Туризм түрлерінің мәні мен мазмұны

Ішкі туризм деп - бір елдің териториясында өздерінің туристерінің қатысуын жүзеге асыратын қызмет.

Халықаралық туризм деп - бір елдің туристерінің басқа елдің териториясында қатысуын жүзеге асыратын қызмет. Туристік қызметтерді басқа басқа елдің териториясында ұсыну шығу туризімен байланысты, ал басқа елден келген туристерге елдің белгілі бір териториясында туристік қызметтерді көрсету немесе ұсыну келу туризімімен байланысты.

Жоспарлы туризм ұйымдастырылған тур-агенттіктер мен тур-операторлардың көмегімен жүзеге асырылатын кез-келген туризмнің түрі. Жоспарлы туризм арнайы заңдардың, нормативті актілердің негізінде мемлекет деңгейінде реттеледі және жаппай туризімнің әлеуметтік индустрияның негізін құрайды. Кез-келген туризмнің негізін қалаушы, брондау, тасымалдау, тамақтандыру, орналастыру, көңіл-көтерусияқты шаралар алдын-ала туристке белгілі болады.

Өз бетінше жүзеге асырылатын туризм егер туристер өз саяхатын ұйымдастыруда белгілі бір кәсіби ұйымдастырушыға сұраныс жасамайтын болса, онда оны әуесқойлық немесе өз бетінше жүзеге асырылған туризм деп атайда. Бұл туризмнің түрін жүзеге асыру барысында турист туристік маршрутын кез-келген уақытта өз қалауынша айналада қалыптасқан жағңдайға байланысты өзгертіп отырады. Әуесқойлық туризмде турист өз қалауынша жасай алады.

Жоспарлы және әуесқойлы туризмдер топтық және жеке-дара болады.

Әлеуметтік туризм дегеніміз қоғамдағы мектеп оқушыларының, жастардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің демалысын ұйымдастыруда қайырымдылық, мемлекеттік, мемлекеттік емес қорлардың есебінен жүзеге асырылатын кез-келген әлеуметтік сипаттағы туризмді атаймыз. Негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың денсаулығын жақсарту, адам ресурстарының сапасын жақсарту.

Жалпы көптеген өз жерінен ештеңе өндірмесе де тек туриз мен саяхатты дамытудың арқасында ғана байлыққа белшеден батып отырғаны баршаға белгілі. Бұл орайдағы еліміздегі осы бағыттағы үрдіс кейінгі жылдары қайта өркендеп, қанат қаға бастады. Алматы қаласындағы

« АТАКЕНТ » сауда орталығында « Туризм және саяхат », « КИТФ - 2004ж » қазақстандық төртінші халықаралық жәрменкенің өтуі осы сөзіміздің айғағы. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі, Бүкіләлемдік Туристік ұйым ( WTO ), Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Алматы қаласының әкімі қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлыбританияның халықаралық көрме компаниялары мен оның Қазақстандағы әріптестері де белсене атсалысты.

Соңғы он жыл ішінде қазақстандық саяхатшылардың жағрапиялық ауқымы кеңейе түсті. Сонымен қатар өз еліміздегі де экологиялық, мәдени - танымдық, емдеу- сауықтыру, шытырман туризм, Ұлы Жібек жолы бағыттарына да басқа ел азаматтарының қызығушылығы артып келеді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық туристік ұйымға толық мүшесі болып ендіп «Ұлы Жібек жолын» Қазақстан тариториясында дамыту туралы жоспар қабылданды. Қазақстандық туристік « КИТФ » жәрменкесінің WTO шаралар жоспарына енуі де осыны айғақтайды. WTO Бас хатшысы Ф. Франжиаллидің айтуынша, Көрме Қазақстанның туристік күш қуатының молдығына аңғартады. Оның негізінде көркем де көрнекті, көне тарихи мұраға байлығы және қазақ халқының игі салт-дәстүрлері жарқырай көрінедітін қонақжайлылығы жатыр. « АТАКЕНТ » сауда орталығында өткен жәрменкенің ашылу рәсімінде WTO- ның аймақтық өкілі Луйджи Лабрини, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агентігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов және басқа аймақтардан келген ресми өкілдер қатысты. Келген қонақтар жәрменке бағдарламасына сәйкес еліміздің бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіп, қала қонақжайлылығына куә болды. Олар сонда өткізілетін WTO аймақтық комиссияның кезекті мәжілісі өткізілетін орында таңдалды. Аталмыш басқосуға біздің елден басқа Украйна мен Португалия қатысуға ниет білдіре отырып жәрменкенің ашылуына еліміздің тиісті орындарының тыңғылықты дайындалғандығы байқалады. Қонақтарды « Қазақстанның туристік картасы » театрландырылған қойылымы таң-тамаша етті. Мұнда ұлттық киім үлгісін паш еткен қатысушылар қазақ халқының тарих белестерінен нақты көріністер жеткізіп, ұлттық мәдени орталық өкілдерінің концерттері арқылы 100 - ұлттың басын қосқан жомарт еліміздің бүгінгі келбетін кескіндей білді. Мыңға жуық өнерпаз қатысқан бұл тамашаға келген қонақтар риза болды. Туризм барлығымызға белгілі құбылыс. Туризм мағынасына бір ғана жауаппен тоқталуға болмайды. Ол үлкен және жан-жақты ұғым. Туризмді кейбіреулур палаткалармен орман, тауларға шығу деп түсінсе, екіншілері- тарихи жерлерге саяхат, ал басқалары-шетелдерге саяхат жасау деп түсінеді. Осының барлығы дұрыс ұғым, себебі туризм әр түрлі болып келеді.

Туризм дегеніміз - адамдардың табыс табу мақсатында емес, демалу, емдеуге, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе қызмет мақсатымен өздерінің тұрақты жерінен кетіп, басқа жерде немесе басқа елде уақытша орналасуын айтамыз. /5, 6б. /.

Туризмнің жағдайы 19 ғасыр аяғында қалыптасты, ол өзінің қарқынды дамуын 20 ғасырдың ортасында алды. Бұл уақыт тура техниканың, технологияның, қоғамдық қатынастың дамуымен сәйкес келді. Осыған байланысты туризм «20 ғасырдың феномені» деген атқа ие болды. Қазіргі таңда туризм - кең көлемді жұмысшылар қауымын, негізгі құралдарды, ірі капиталдарды тартатын әлемдік индустрияның бірі болып отыр. Бұл ғаламдық деңгейдегі бизнес, үлкен ақша және маңызды саясат.

Қоғамның дамуына байланысты планета халықтарының туризм саласына тартылуы жылдан-жылға өсуде. 1995-1997жж. уақыт аралығында саяхат жасаушылардың тұрақты өсу саны орташа есеппен 4% жетсе, 1998ж Азиядағы қаржылық тапшылыққа байланысты төмендеумен сипатталды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның есебі бойынша 1996ж туристік келушілердің саны-594млн құрса, 1997ж-616 млн-ға жеткен. әлемде туризмнен түскен табыс 1997ж 448млрд ақш доллары болған. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобалауы бойынша 2010 жылы саяхат саны 937 млн болса, туризмнен түскен табыс 1, 1 трлн-ға дейін өседі/14, 125 б. /.

Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудаларының сегменті болып отыр. Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада ең қажетті экономикалық сектордың бірі болып отыр.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада ең қажетті экономикалық сектордың бірі болып отыр. Оның экономикалық-әлеуметтік рөлі зор.

Туризмнің негізгі ерекшеліктері:

-туризм - бұл адамдардың аз уақыт ішінде орын ауыстырулары. Ол - дамыған қоғамда саяси - экономикалық жағдайда, өзінің даму күшін 20 ғасырда алған құбылыс. Адамдар өз жұмыс орындарын жыл сайын (орташа 2-3 апта) демалыс ала бастады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін адамдардың тұрмыс-жағдайы жақсара бастағаннан кейін, олар демалу мақсатында өздеріне қаржы бөле бастады. Көлік құралдарының дамуы, елдер арасында жол ашылып, әлемнің кез-келген түкпіріне баруға болатын мүмкіндік береді;

-туризмде тұрақты жерді анықтау өте қажет. Ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен басқа жер немесе елге демалу мақсатымен етуін қарастырады. Тұрақты жерден басқа жерге кету, мысалы күнде жұмысқа бару басқа жерге, ол туризмге жатпайды. ;

-туризмде бос уақыт мерзімі анықталуы қажет;

-туризм мақсатының ең қажетті категорияларының бірі, ол туризмде мемлекет бекіткен салықтық, кедендік және т. б. тәртіпке байланысты жеңілдіктің қай қызмет түріне белгіленгенін анықтау. Туризмнің негізгі мақсаттары:сауығу, емдеу және танымдық, іскерлік, қонаққа бару;

-туризм - көптеген елдердің қажетті иэкононмикалық саласы. Ол жергілікті халықты жұмыспен, қонақ үйлер мен отельдердің, мейманханалардың көбейуін, шетелдік валютаның түсуін қамтамасыз етеді;

-қазіргі таңда иэкононмикалық ғылым туризмді жүйелі обьект ретінде қарастырып отыр. Ол дегеніміз - біріншеден ішкі байланыстың көп түрлілігін, екіншіден оның сыртқы ортамен өзара қатынас құрлымын анықтауға мүмкіндік береді.

Туризм жүйесі негізінде, швед зерттеушілерінің пікірі бойынша екі суб-жүйе бар:

-туризм субьекті, яғни турист өз қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі туристік қызмет түрлерін тұтыну;

-туризм обьекті үш элементтен тұрады. :туристтік аймақ, туристік кәсіпорын және туристік ұйымдар.

Демек туризм субьектісінің мағынасы, өз қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатында арнайы қызмет түрлерін алу мүмкіндігін іздейтін турист. Туризм обьектісі белгілі жерде немесе аймақта саяхат мақсаты болып табылатын жер. Туризм обьектісін екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, ол белгілі шекарасы бар географиялық территория болып есептеледі, екіншіден туристер тартатын көрікті жері бар географиялық территория. Белгілі бір шектелген территорияда (мысалы, қонақ үйде) мақсаттары саяхат болып табылатын туристер тұруы мүмкін. Біреулерін теңіздер мен жағажайлар қызықтырса, екінші біреулерін - тарихи-мәдени жерлер, мұражайлар, үшіншілерін - белсенді демалу және ойын-сауық қызықтары.

Барлық территория туристік аймақ бола бермейтінін ескеру қажет. Туристік аймақ болып есептелу үшін мынандай талаптарға сай болу қажет:

-туристік қызығушылықтарға ие туристік обьектің болуы (тарихи, мәдени ескерткіштер, флора, фауна) ;

-туризмнің қажеттіліктеріне байланысты қажетті қызметтердің көрсетілуі (ол тұтынушының ойынан шығатын сапада болуы қажет) .

Осыған байланысты, туристік аймақ - турист қажеттіліктерін қанағатандыру үшін, қажетті туристік қызығушылық обьект орналасқан және жиынтығын ұсына алатын территория.

Туристік аймақ ретінде, саяхаттың мақсаты негізінде туристер таңдаған жеке қонақ үйлерді, қалаларды, емделу орындарын, аудандарды, облыстарды және елдерді қарастыруға болады. Дүниедүзілік Туристік Ұйым бес туристік макро аймақты анықтады:

-Еуропалық - Еуропа елдері, сонымен қатар Шығыс Жерорта тенізінің мемлекеттерін қосқанда ;

-Америкалық - Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб бассейіні территориясындағы елдері;

-Азиялық- Тынық мұхиттық-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Австралия және Океания;

-Таяушығыстық - Батыс және Оңтүстік - Батыс Азия елдері, Египет және Ливия;

-Оңтүстік-Азиялық-Оңтүстік Азия елдері.

Көрсетілген туристік аймақтар географиялық аудандар байланысты ерекшеленіп отырғанын көрсетіп отыр.

Аймақтарда туристерге қызмет көрсетуді «туризм обьект» жүйесіндегі қажетті элементтердің бірі туристік кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Олардың бірі тұтынушыға тек қана туристік қызмет көрсетсе, басқаларына туризм табыс табу қызметінің бағыты болып табылады. Туристік қызметтерді қалыптастыру, жылжыту және жүзеге асыруды қызметі және өмір сүру негізі туризм болып табылатын кәсіпорындар (туроператорлар мен турагенттер) қамтамасыз етеді. Туристік к»сіпорындар өзінің қызмет көрсету барысында туристік қызметті ұсынумен сонымен қатар, барлық туристік аймаққа қызмет көрсететін (сауда кәсіпорындары, байланыс, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетушілер, мәдени мекемелер және т. б. ) кәсіпорындар айналысады.

Қызмет көрсетумен сонымен қатар ұйымдар да айналысады. Оларға аймақтағы туризмнің дамуын реттейтін және бірлестіктерін, туризм жүйесінің тиімді қызмет атқару шартын (инфрақұрылым, ақпарат, орналасу еркіндігі, туристік обьектілердің сақталуы, аймақта туристік имидждің қалыптасуы т. б. ) қамтамасыз ететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдық-құқықтық құрылымдар кіреді. Көрсетілген ұйымдар туристік саясатты қалыптастырады және туристерді жоғары сапада қызмет көрсетуге және бар туристік ресурстарды адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін түрлі демалулар мен саяхаттарға бағытталған қызметтерін ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде жүзеге асырады.

Олай болса, туризмнің субьектісі объекті оның әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізін сипаттайды.

Туризм саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және табиғи факторлармен көрсетіліп, белгілі ортада өзара байланысатын және қызмет атқаратын ашық жүйе болып табылады.

1. 2 Туризмнің ерекшеліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм мәні
Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы
Туристік нарық экономикасы
Туристік ресурстарды дамыту
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Оңтүстік Кореядағы круиздік туризмнің ерекшеліктері
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz