Пайдалы қазба кен орнын өңдеудің жерасты тәсілін маршейдерлік қамтамасыз ету түрлері


ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕН ОРНЫН ӨҢДЕУДІҢ ЖЕРАСТЫ ТӘСІЛІН МАРШЕЙДЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҮРЛЕРІ
Әрбір шахта немесе рудниктер, масштабы қандай болса да, маршейдерлік қызметпен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда, ол жеке өндіріс бөлімшесі (бөлім) түрінде беріледі. Мұндай арнайы қызмет түрінің болуы тау-кен өндірісінің маңызды, күрделі әрі жауапты қызметтерді білікті шешу қажеттілігімен байланысты.
Маркшейдерлік қызметтің негізгі мақсаты - тау-кен өндірісі басшылығын тау-кен жұмыстарын қауіпсіз және тиімді орындауға керекті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Маркшейдерлік жұмыс түрлерін және нақты тапсырманы шешу тау-кен жұмыстарын жүргізу мақсаты мен кен орнын өңдеу жүйесіне байланысты. Пайдалы қазба кен орнын өңдеудің жерасты тәсіліндегі маркшейдерлік жұмыстардың негізгі түріне жерасты маркшейдерлік түсірілім болып табылады.
Жер асты маркшейдерлік түсірілім - олардың графикалық суреттерін, жағдайын, кеңістіктегі орналасуын, сондай-ақ, пішіндерін, құрылымын, сапасын және тау-кен жұмыстары мен пайдалы қазба қыртыстарының жағдайын анықтауда жүргізілетін жер асты жұмыстарындағы өлшеу әрекеттерінің жиынтығы.
Жер асты маркшейдерлік түсірілімдердің нәтижесі кен орынның маркшейдерлі-геологиялық құжаттамаларын құрастырушы негіз болады. Бұл тау-кен кедергілерінде туындайтын түрлі тау-кен техникалық міндеттерді шешуде пайдаланылады.
Жер асты маркшейдерлік түсірілім объектісі болып мыналар табылады: шахтада (рудникте) өтілген немесе өтіліп жатқан барлық тау-кен, барлау орындары; тосқауыл сұлбалары, сақтандыру кентіректері және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шекарасы; жер асты өрт ошақтары, суфляр ошағы; қапылыстағы көмір, газ шығарындылар орны; сулар мен қорыстардың олқылығы; жер асты су көздерінің орны; бос орындар сұлбасы, тау-кен соққыларының орны; салқындатылған және салқындатылмаған пайдалы қазба телімінің сұлбасы; сондай-ақ қалау түрлерін қолдану, пайдалы қазбалардың сапасын және қасиетін сыннан өткізу орындары. Түсірілім негізінде алынған құжат толық, нақты және жеңіл оқылатын болуы тиіс.
Маркшейдерлік жұмыстардың негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
- Жер асты маркшейдерлік тірек және түсірілім желісін жасау;
- Жер асты түсірілім мен жер бетіндегі түсірілімді байланыстыратын бағдарлы-байланыстырушы түсірілімдер;
- Жер асты тік (вертикаль) түсірілімдер (тегістеу) ;
- Дайындық, кесу және қалдық тау-кен өндірісі түсірілімі;
- Тау-кен жұмыстары және тау-кен жыныстары алабын жүргізу ерекшеліктерін түсіру және бақылау;
- Шахта және жер асты кешендері діңдерінің геометриялық элементтерін бақылау және түсіру.
Жер асты түсірілімдерінің негізгі принциптері. Түсірілімдер жалпыдан жекеге принципі бойынша жүзеге асырылады, яғни тірек желілеріндегі көбірек нақты өлшеулерден аз нақтылыққа - қажеттілік түсіріліміне қарай. Мұндай жағдайда қателіктер аз жіберіледі. Барлық өлшеулер берілген тапсырмалардың нақтылығына сәйкес дәлдікпен орындалуы тиіс. Артық дәлдікпен өлшеу артық еңбек шығынын талап етеді, кем дәлдікпен өлшеу - тау-кен жұмыстарын орындауда қателіктерге әкеледі.
Маркшейдерлік жұмыстардың қай түрі болмасын, бақылау жасау негізінде жүргізілуі тиіс, яғни қайталау принципі сақталуы тиіс.
ИІР ОЙЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚ ӨНДІРУЛЕРІНДЕГІ МАРКШЕЙДЕРЛІК ЖҰМЫСТАР
Жалпы мағлұматтар . Ойық телімдерде және қалдық блоктардағы иір ойықты және тазалау өндірулері кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарды түсірімдік жұмыстар деп атайды.
Бұндай жұмыстар маркшейдерлік қызметтердің негізгі міндеті болып табылады. Иір ойықты және қалдық өндіру қызметтерінің мерзімі үлкен емес. Тау-кен кәсіпорындарының қалыпты өндірістік іс-әрекеті, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жедел және дұрыс түсірілімге байланысты. Иір ойықты және қалдық өндірудегі маркшейдерлік жұмыс нәтижелері бойынша төмендегідей тау-кен техникалық міндеттерді шешеді: пішінді нақтылау; дайындық және так-кен жұмыстарын жоспарлау; өндірудің жобалы түрін нақты шындыққа ауыстыру және оған бағыт беру; тау-кен өндірісінің жүргізілу дұрыстығын тексеру.
Маркшейдерлік түсірілім объектісі болып барлық тау-кен орындары, осы тау-кен орындарына тән нүктелер және күрделі құрылыстар, кен орындарын геологиялық құру элементтері, тау-кен қысымының элементтері табылады. Нақтылық түсірілімдерін теодолитті немесе бұрыштық жүріс жасаумен бір уақытта немесе жеке жүргізіледі.
Жерасты теодолитті және бұрыштық жолдардың сипаттамасы 10. 1 - кестеде көрсетіледі.
Теодолитті
Бұрыштық
40’’
10’
60’’
10’
1. 0
0. 3
1/1000
1/2000
10. 1 - кесте. Жерасты теодолитті және бұрыштық жолдардың сипаттамасы
Теодолитті жүрістер тұйықталған, алшақ салынған немесе екі рет салынған болуы мумкін. Теодолитті жүрістердің пункті де жерасты маркшейдерлік тірек желісіндегі уақытша пунктеріндегідей бекітіледі.
Бұрыштық жүрістерде пункттер бекітілмейді. Мұндай жүрістердің ұзындығы 1:1000 масштабында тау-кен өндірісі жоспарын құрастыруда 300 метрден, ал 1:2000 масштабында - 500 метрден аспауы керек. Теодолитті жүрістердің пункттерін алып тастау дайындық орны кенжарынан 20 метрден аспауы керек. Бұрыштарды Т30 типті бұрышөлшемдік аспаппен, ал центрлеу - автоматты немесе пілтелі (шнурлы) тіктеуіштермен өлшенеді. Сызықтың ұзындықтарын болаттан жасалған салыстармалы өлшеуіштермен (рулетка) өлшейді.
Тау-кен орындарының сұлбасын түсіру және абристі тұрғызу - далалық түсірімдік жұмыстардың соңғы қорытынды деңгейі.
Түсірімдік жұмыстардың негізгі тағайындалуы - тірек және түсірім желісі тұрғызылған базалардағы тау-кен жұмыстарының жоспарын құрастыруға қажетті негізгі мәліметтерді алу болып табылады. Шахталық жағдайда бұл жұмыстар сызықтық-ордината және полярлы тәсілдермен, қысқанегізді түсіріммен немесе жарық кеңістіктегі жарық көзімен қайта құру арқылы орындалады.
Бұрышөлшемдік аспап (теодолит) орналасқан әрбір нүктелерде, бұрышөлшемдік аспаптан тау-кен орнының қабырғаларына дейін l солға, s оңға, h 1 жоғары, h 2 төмен қашықтықта өлшенеді, сондай-ақ, полигон тараптарынан бұзылған тау-кен орындарының қабырғаларына перпендикуляр түсіру арқылы өлшейді.
Полярлы тәсілде полигонның бір жағынан тау-кен орнының әрбір нүктесінен горизонталь бұрыш және ұзындығы арқылы өлшейді. Бұл тәсілді тау-кен орындарының қиылысқан орнында, сондай-ақ, камераға түсіру кезінде қолданады.
Абристі (сызбаны) барлық есептік мәндерімен бірге бұрыш пен ұзындықты өлшейтін журналға енгізеді. Тау-кен орны сұлбасын түсіру және абристі тұрғызу жұмыстарын теодолитті жүріс төсемдерінің өлшеміне қарай жүргізеді. Нақтылық жағдайы арқылы анықталатын дәлдік түсірім мақсаты мен жоспар масштабына байланысты болады.
Түсірім жұмыстарын құрылымы жағынан қарапайым маркшейдерлік құрылғылар арқылы жүргізеді. Қолжетімді тау-кен орындарында У-3, УТГ, У-60, УТБ, УТ-3 және тағы басқа бұрыш өлшегіштер пайдаланылады. Бұл құралдарда қарапайым көру трубалары, 1 0 -пен бөлінген горизонталь және вертикаль дөңгелектер (жартылай дөңгелектер) болады. Кейбір бұрыш өлшегіштер ұзаққашықтықты құрылғылармен жабдықталады, олар 30-45 м қашықтықта 1/100-1/200 дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Бұрыш өлшегіштерді тағанға, кергі бағаналарына орнатады. Құрал жинақтарына арнайы ұзаққашықтыққа өлшейтін мөлшер қада (рейка) кіреді.
ОРЫНДАЛҒАН ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫН ЕСЕПТЕУ МЕН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН МЕРКШЕЙДЕРЛІК ЖҰМЫСТАР
Тау-кен өндірісіндегі орындалатын жұмыс көлемдері бойынша есеп беру уақытын маркшейдерлік өлшеу өндірісі ішіндегі маркшейдерлік қызметпен белгіленеді. Тау-кен жұмыстарын өлшеу белгіленген уақытта телім басшысы, не оның орнына келген тұлғаның тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Әрбір өлшеудің алдында басшы тау-кен орнын қауіпсіз қалпқа келтіруге міндетті. Қауіпсіз техника ережелеріне сәйкес келмейтін жағдайда маркшейдерлік өлшеу жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады.
Мұндай өлшеулердің нәтижесінде төмендегі фактілер анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz