Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы



Кіріспе.
1. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
2. Оңтүстік Қазақстан . Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты
қақпаларының бірі.
3. Ұлы Жібек жолының әлеуметтік.экономикалық маңызы.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың . ібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы" сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. 11-1 ғасырларда Үйсін мөмлөкөтінін қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. қытай деректері бойынша, VII ғасырда түрік қағандарының және оның нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл - VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзені мен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысы мен батыс қазақстанға шығып, қара теңіздің солтүстікшығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. І ғ. ортасында алғаш рет қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұган жауап ретінде қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.
1. Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, «Ғылым». 1985ж.
3. Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб. Алматы, 2004.
4. Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.
5. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім.
6.Жолдасбаев С. Ортағасырлық Сығанақ қаласы (X- XVIIIғ.ғ.). –
Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2010ж. - 224бет.
7. Елеуов М.Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан: «Тұран»
баспаханасы, 2006ж. - 151бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   


Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Жоспар
Кіріспе.
1. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
2. Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты
қақпаларының бірі.
3. Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы. Ұлы Жібек жолының
пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың . ібек саудасына байланысты
"Жібек жолы" атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы" сөзінің оған қосылуы жолдың кең-
байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан.
Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. 11-1 ғасырларда Үйсін
мөмлөкөтінін қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол
байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы
жібектің жүргендігі сөзсіз. қытай деректері бойынша, VII ғасырда түрік
қағандарының және оның нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл -
VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы
аймақтан басталады. Ол Ұлы қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзені
мен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай
шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт
Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан.
Ал солтүстік бағыт Оңтүстік қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі
тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы
Сырдарияның төменгі ағысы мен батыс қазақстанға шығып, қара теңіздің
солтүстікшығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға
болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ
мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар
қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі қытай
деректеріне қарағанда, б.з.б. І ғ. ортасында алғаш рет қытай елінен
Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұган
жауап ретінде қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі
жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр
түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның
атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық,
барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар
(қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.
Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің
ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері
сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымының сатылуы
олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын
тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай
немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерденақ осы Жібек жолының арқасында
көп елге тараған.
Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін қытай
өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны
қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек
құртын адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының
арасына тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.э. алғашқы кезінде
Византия, Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыда жібек
өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда қытай мемлекетімен бәсекеге
түскен. Мәселен, қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары
болған. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі -ертедегі астанасы Нарға
қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы
ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның
сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана
бастайды.
Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние
жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Сауда
кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
барысында, олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени
жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді
жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады.
Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің
қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай
құмыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. қытайдың әдемі
фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар,
Испиджаб, Отырар сияқты орта ғасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни
жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер
арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.
Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше
байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар
мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері
өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы
Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты
қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің
орындары табылған. қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі
көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілерді тұтынған. Керек кездерде
олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып
отырған.
Ұлы Жібек Жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи
маңызы. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін
қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық
(дипломатиялық) қарымқатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын
тигізген. қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық
қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.З.б. ІІ ғ. ортасында
басталған. қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай
аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оралған
кезден бастап қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай
жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен
қытайға қарай елшіліктер шыққан.
Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-катынасты 568 жылғы Түрік
қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық
байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған.
Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы
кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса
бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран
шахына қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер
жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың
дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарымқатынастың дамуына да
тарихи ықпалы зор болды.
Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы
сілемдері.
Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. қазақ жері
Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы іспеттес. Ал
қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері - керуен жолының Шығысқа
шығатын негізгі қақпасы.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Үлы
Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Оны Жетісу аймағындағы ортағасырлық
қалалар мен бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырдағы қазақ қыстауларының
орналасқан жерінен, сондай-ақ шығысқа қарай шығып жатқан тас және темір
жолдардың іздерінен байқауға болады. Орта ғасыр қалалары мен қыстаулары
Жібек жолы бойына жақын салынған, ал тас және темір жолдар сол бұрынғы
керуен жолдарының ізімен тартылған.
Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен
өтеді. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жетіп, одан Шелек, Сүмбе, Жаркент
(Ілебалық) арқылы шығысқа бет алады. Ал екінші солтүстік-шығыс бағыт
Алматы (Алмалық, Алмату), қапшағайдан өтіп, Шеңгелді, Алтынемел, Дүнгене,
қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа
қарай өтеді. Ал үшінші бағыт Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-
шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл бағыт құлан, Хантау, Балатопар,
Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді. Осы бағытпен атақты елші, саяхатшы
Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан.
Жолдың бірнеше бағытта өтуінің Жетісу тұрғындары үшін маңьізы өте зор
болған. Олар өздеріне керекті бұйымдарын айырбас сауда арқылы алып,
қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған.
2. Оңтүстік қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты
қақпаларының бірі
Жібек жолы жоғарыда айтылған Жетісу арқылы шығыстан тартылған
бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік қазақстанда Испиджаб (Сайрам)
қаласына жеткен. Бұл екі қала жеріміздегі сауданың басты орталықтары
саналды. Оған дәлел археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде
қалалардан әр елдің тұтыну бұйымдары, теңгелер мен әшекей, сәндік
бұйымдар табылған. Мәселен, Тараздан табылған қытай фарфорлары.
Византияның сәнді әшекей бұйымдары мен күміс құмыралары бұл қалалардың
басқа елдерден келген саудагерлердің бас қосқан жер болғандығын
көрсетеді.
Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Отырардан шыққан
бір жол - Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өтіп, Васидж қаласына
барған. Васидждан одан әрі шыққан жог Сырдың бойымен жоғары өрлеп,
Сүткент қаласы арқылы Шашқа төмен қарай Жент қаласына жеткен. Жолдың бір
тармағы Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішті, одан әрі Еділ бойы,
Кавказды байланыстырған Ұлы Жібек жолының бұл тармағы Алтын Орда кезінде
негізгі сауда жолдарының біріне айналды.
Қалалар сауда жолының түйіскен торабында орналасқандықтан қала
тұрғындарының әр түрлі аймақтардан келгендіктері, олардың әр түрлі діни
наным-сенімдерде болғандықтары бірден байқалады. Мәселен, Тараз қаласынан
христиан, мұсылман, буддизм, т.б. дінv наным-сенімде жерленген адамдардың
мүрделері немесе олардыһ діни орындары ашылған.
Жетісудағы Тараз қаласы арқылы жол Испиджабқа келгеннен кейіlбасты
екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар
Жібек жолы одан
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстанның қалалары
Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Дала жолы
Жібек жолындағы қалалар
Жібек жолының пайда болуы
Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Пәндер