Фонтанды арматура


Мазмұны:

Кіріспе

  1. Фонтанды арматураның дамуы
  2. Фонтанды ұңғылар жабдығы
  3. Фонтанды арматураның классификациясы
  4. Фонтанды арматура
  5. Су асты фонтанды арматура

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек ғана қабат энергиясының есебінен болатын пайдалану тәсілді фонтанды пайдалану тәсілі деп атайды.

Егер қабат және түп қысымдар арасындағы қысым айырымы сұйық бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады, яғни фонтандау сұйықтың гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады. Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның бірігу есебінен фонтандайды.

Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болган сайын коспаның тығыздығы аз болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.

Фонтанды арматураның дамуы

Фонтанды арматура көптеген функцияларды орындайды, олардың негізгілері: ұңғымаға енгізілген НКТ колоннасын салмақта ұстап қалу, ал екі ретті көтергіш болғанда - екі колоннаны, құбыр арасы кеңістігін герметизациялап оны өзара изоляциялау, берілген шекте ұңғыма жұмыс режимін реттеу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету, сонымен қоса оның ішінде және сыртында өлшеу жұмыстарын үзбей жүргізуге мүмкіндік береді.

Фонтанды арматураның жұмыстан шығуынан ұңғыма игеру жұмыстарына бұзылыс алып келгеннен басқа , ашық фонтандау төтенше жағдайға да соқтыруы мүмкін.

Қазіргі замандағы фонтанды арматуралар - игеру ұңғымаларының саға жабдықтары әзірлеуші және конструкторларының көп жылдық еңбектерінің нәтижесі боп табылады. Оны төменгі суреттен байқауға болады.

Сурет - 1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен игеру жабдықтарының жетілу сатылары. 1- <Буферлі> манометр; 2-ысырма; 3-дроссель-штуцері; 4-фонтанды көтергіш; 5-фонтанды арматураның құбырлы басы; 6-фонтанд арматура шыршасы: 7-8-тройник; 9-манометр; 10-11-дублер-ысырма; 12

Фонтанды арматураға деген қажеттілік көтергішті және дроссель арқылы фонтанды ұңғымадан газ немесе сұйықтықтың шығынын реттеуге арналған құрылғы-штуцерді пайдалануымен байлынысты. Сонымен қосы штуцер ұцғыма сағасындағы газ немесе сұйықтықтың қысымын бақылайтын құрылғы. Ол кезде алдымен фонтандф арматураның қарапайым түрі қолданылған (сурет 1б) . Оның құрамына тройник, тиекті құрылғы, вентиль, манометр, штуцер кірген. Тиекті құрылғы штуцерді ауыстырғанда қолданылған. Ұңғыманы тоқтатпай штуцерді ауыстыру қажеттілігінен екі шығарғыш сызықты арматураның пайда болуына әсер етті. Бұл арматура (сурет 1в) үш тройниктен және үш тиекті құрылғы мен штуцерден құрылған, ал олардың баыланысы фонтанды шырша деп аталған.

Құбыр арасы кеңістігіндегі қысымды ыңғайлы бақылау керектігінен фонтанды арматураға қосымша түйін 5 қосуға мәжбүр етті. Ол тройниктан, тиекті(запор) құрылғыдан, вентиль мен манометр, кейіннен ол құбыр басы деген атауға ие болып көтергіш құбыр колоннасын ұстап тұру қызметін атқарады, тұрады.

Дебиті аса үлкен және қысымы үлкен ұңғымаларды қабат сұйығында немесе газда аз ғана механикалық қоспалардың әсерінен арматураның түйіндері тозған. Соган байланысты қосымша арматура бойымен запорлы құрылғыларды орнатқан. Ал жұмыс істеп тұрған ұңғы көтергішіне өлшегіш құралдарды түсіру қажеттілігінен шыршаға қосымша лубрикатор қосу ойластырылды. Ал оны орнату немесе енгізу үшін тағы бір баған запорлы құрылғысы қосылды. Мұндай арматураның бөлшектерінен вертикальды мөлшері өсті.

Ұңғыманы жоғарғы дебитті, қысымды, агрессивті ортада, жоғарғы температурада қиын жағдайда жұмыс істегендіктен оған қосымша резерв керек болды. Сонын әсерінен фонтанды арматура күрделене бастады (сурет 1г) ал оның өлшемі үлкейді, сонымен қоса қызмет көрсетуі де күрделене түсті.

Фонтанды арматураның мөлшерін азайту мақсатында, тройниктан емес, крестовиктен құрылған арматура пайда болды. Соның арқыснда қызмет көрсетуі де жеңілдей түсті.

Стандарт ойлап табылды, ол фонтанды арматура схемасын, кіріс мөлшерін, жұмыс және сыналатын қысымын регламенттейді, сонымен қатар номенклатураны бірден қысқартып және арматура элементтерін унифировать етеді.

ГОСТпен кіріс қимасының шартты диаметрі және қысым қытынасы қарастырылған.

Таблица 1

D, мм
50
65
80
100
150
D, мм: Р, МПа
50: 35-105
65: 7-70
80: 21-70
100: 21-35
150: 21-35

Фонтанды ұңғылар жабдығы

Фонтанды пайдалануда ұңғының түбінен сағасына дейін газмұнайлы қоспаның көтерілуі ұңғыға меңгеруге дейін түсірілетін сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы болады. Газ энергиясын тиімді пайдалану, құмшығаруды жақсарту, газ сырғанауынан шығындардың азаюы және қабат қысымдарында фонтандаудың мүмкіндігін сақтау үшін олардың түсіру қажеттілігін тудырды.

Ұңғы сағасына әртүрлі үщжақтар, крестовиктер және жапқыш құрылғыларының қосылыстарынан тұратын фонтанды арматураны орнатады. Бұл арматура сорапты-компрессорлы құбырларды ілуге, құбырлармен шегендеу тізбек арасындағы кұбыраралық кеңістікті герметизациялау, фонтанды ұңғы жұмысын бақылау және реттеу үшін тағайындалған.

Фонтанды арматуралар (сурет 2) крестпішінді және үшжақты болып дайындалады. Ол құбыр басы және фонтанды шыршадан тұрады. Құбыр басы сорапты-компрессорлы құбырларды ілу және құбырлар арасындағы кеңістікті герметизациялау үшін арналған. Фонтанды шырша ұңғы өнімін лақтыру желілерге бағыттауға, ұңғы жұмысын бақылау және реттеу үшін арналған. Фонтанды шыршада екі немесе үщ лақтыру желілері болады. Оның бірі артығы. Үшжақты арматурада төменгі лақтыру желісі - артық. Жұмыс желіде (жоғарғы) жабу құрылғы әрдайым ашық болуы керек, ал артығы - жабық болу керек.

Оқпанды жабу құрылғылар ашық болу керек. Фонтанды арматура оқпанның төменгі жағында орналасқан жабу құрылғы - негізі деп аталады. Үщжақты арматурада лақтыру желілері бір жаққа бағытталған. Фонтанды арматураны таңдау кезінде, крестовиналар үщжақтыларға қарағанда құммен тез желінетінін ескеру қажет.

МЕСТ 13846-74 сәйкес фонтанды арматуралар 70, 140, 210, 350, 700 және 1000 кг күщ/см 2 жұмыс қысымына шығарылуы тиіс. Жабу құрылғылар арматурада екі түрлі болады: ысырма түрінде немесе кран түрінде. Арматураның түрін ұңғы сағасында мүмкін болатын ең үлкен қысым бойынша таңдайды.

Лақтыру желілерде жабу құрылғылардан кейін кейбір жағдайларда фонтанды ұңғы режимін реттеу үшін штуцерлер орнатады. Штуцерлер дөңгелек тәрізді ортасында тесігі бар құрылғы.

Арматурада фонтанғы ұңғы жұмысынбақылау үшін екі манометр қондырады: бірі - буферде, екіншісі - құбыр басы крестовигінің кірісінде (құбыр сыртындағы қысымды өлшеу үшін) .

Фонтанды арматура топты қондырғылармен лақтыру желілері арқылы жалғанады. Дебитке, қысымға, құмның және парафиннің болуына байланысты фонтанды ұңғылардың жалғау сұлбаларын әртүрлі қолданады.

:

Сурет-2. Үшжақты (а-г) және крестпішінді (д-е) . Схемада: 1-манометр; 2-тиек және манометр; 3-манометр астындағы фланец; 4-тиек құрылғысы; 5-тройник; 6-дроссель; 7-құбыр басын аударушы; 8-жауапты фланец; 9-құбыр басы; 10-фонтанды шырша.

Ұңғыма сағасы колонна басымен бітеді. Ол техникалық және игеру коллонасын өзара байланыстырады және олардың арасындағы кеңістікті герметизациялайды. Колонна басындағы жоғарғы фланецке манидольді бар фонтанды арматураны орнатады. Ал фонтанды арматура өз кезегінде құбыр басынан және шыршадан тұрады. Құбыр басы бір немесе екі қатарлы көтеру құбырларын ілуге арналған, сонымен қоса меңгеру, игеру және ұңғыманы жөндеу кезінде технологиялық операцияларды орындайды. Көтеру құбырының колоннасы құбыр басына бұранда немесе муфта арқылы жалғанады. Бірінші жағдайда лифттің бір қатарлы конструкциясында құбыр оқпан катушкасына ілінеді; екі қатарлы құбырдың ішкі қатары - оқпан катушкасына, ал сыртқысы - құбыр басының тройнигіне ілінеді. Екінші жағдайда бір қатарлы лифт конструкциясы құбыр басындағы крестовикте орналасқан муфталы ілгішке ілінсе; ал екі қатарлыда құбырдың ішкі қатары құбыр басының тройнигінде орнатылған муфталы ілгішке, ал сыртқысы крестовикке ілігеді.

Фонтанды шырша өнім ағынын манифольд және лақтыру сызығы арқылы өлшеуші құрылғыға бағыттауға арналған. Яғни игеру режимін реттеу және ұңғыма жұмысын тереңдік құрылғысын түсіру арқылы бақылау үшін. Арматура шыршасы тройникті немесе крестовикті болады.

Фонтанды арматураның шифрі оның схемасын, конструкциясын, тиекті бақылау әдісін, оқпан және бүйір бұрулары шартты жолын, қысым, климаттық орындау және коррозияға төзімділікті анықтайды.

Фонтанды арматураның толық шифры(ГОСТ 13846-84) шартты түрде көрінісі мынадай:

АФХ1Х2Х3 - Х4Х5Х6Х7

А-арматура; Ф-фонтанды; Х1-конструктивті орындау: белгілеусіз фланецті байланыстармен; құбыр басының аударғышында резьба арқылы көтергіш колоннаның ілігуі-К; құбыр басының аударғышында муфта арқылы көтергіш колоннаның ілігуі-белгіленусіз; ұңғыманы меңгеру үшін УЭЦН-; Х2-схема арматурасының номері; Х3- тиекті басқару әдісі; Х4-шартты кіріс өлшемі (мм) ГОСТ 13846-84 бойынша; Х5-жұмыс қысымы. МПа; Х6-ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалу; Х7-коррозияға қарсылық бойынша орындалуы;

Фонтанды арматураның классификациясы

Фонтанды арматураларды конструктивті және беріктік белгілері бойынша:

  1. Жұмыс қысымы бойынша.

Үшжақты және крест пішінді фонтанды арматуралырдың жұмыс қысымын 7, 14, 21, 35, 70, 100 МПа деп шығарады. Күтілетін қысым бойнша игерілетін ұңғыманың сағасына осы шығарылған фонтанды армтураларды орнатады.

  1. Орындау схемасы бойынша

Сурет-3. Фонтанды арматураның типті схемалары

  1. Ұңғыға түсірілетін құбыр ретінің саны бойынша

Көтергіш құбыр колоннасының диаметр мен ұзындығын әр қабат үшін тәжірибе жасап анықтайды. Яғни күтілітін дебит, қабат қысымы, ұңғыма тереңдігі және меңгеру шарты бойынша. Көтергіш құбырдың шартты диаметрі 33 тен 114 мм-ге дейін.

Көтергіштер бір қатарлы және екі қатарлы болады. Екі қатарлы құбырды фонтанды ұңғымалырда пайдаланудың пайдасы ол кеңейген газ энергиясын пайдалы қолдану және ұңғы түбінде құмды кептелістің алдын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонтанды ұңғымаларды пайдалану
Фонтанды мұнай ұңғылары
Ұңғыманы фонтанды əдіспен пайдалану
Ұңғымаларды пайдалану әдістері
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылар (тағайындалуы, түрлері)
Фонтанды скважиналарды жөндеу
Мұнай және газ ұңғымаларын игеру
Мұнай газ ұңғымаларын пайдалану әдістері
Газ және газдыконденсат кен орандарын игеру
Мұнай газ кен орындарын өңдеу және пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz