Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты


ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ЭКОНОМИКАҒА ТИІМДІ ТАРТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы диссертацияда келесі нормативті сілтемелер қолданылады:
1 Қазақстан Республикисының «Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау» Заңы, 09. 11. 1996 жыл.
2 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, 24 сәуір 2004 жыл.
3 «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар
туралы» Заңы. -6 шілде 2007 жыл.
4 Закон РК об инвестициях. №373 -2 РК.
АНЫҚТАМАЛАР
Осы диссертацияда келесі анықтамалар қолданылады:
Инвестициялар - капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауарлардың құны.
Инвестициялау - пайдадан және басқа табыстардан жинақталған қаражаттар есебінен қолданудағы капитал көлемінің өсуі.
Инновациялар (жаңартулар) - тауарлар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер.
Институционализм - экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде XX ғ. 20-30 жж. қалыптасқан, осы замандағы экономикалық ой-пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік-экономикалық факторлардың (институттардың) барлық жинақтарын осылар бір-бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи астарда жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идея тұжырымдайды.
Капитал - тауарлар мен қызметтер ендірісін ұйымдастыру мақсатпен пайдаланатын акшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды телеуге колданылатын ақшада түсініледі. Капитал - кәсіпкерлік табыс әкелетін ақшанын үнемі қозғалыста болатын сомасы.
Картель - монополистік пайда алу максатпен, баға, нарықты бөлісу, патенттермен айырбас жүргізу туралы, өндір-істің дербестігін сактай отырып, мүшелері өзара келісімге келетін монополияның нысаны.
Кәсіпкерлік табыс - қарыз пайызы мен бюджеттік төлемдерге (салықтар және баскалар) шегерілген пайда.
Кәсіпорнының өндіріс шығындары - түтынылган өндірістік кұрал-жабдықтарға және жалакы төлеуге жүмсалған кәсіпорынның акшалай шығындары.
Евровексель - евродоллардағы қысқа мерзімді облигация.
Евронесие - бұл негізінен бірлестірілген евронесие, яғни, қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған несиеден евродолларда алатын несиесі.
Еврооблигация (евробонд) - шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бойынша халықаралық банк синдикаттары (консорциумдары) шығаратын борыштық құнды қағаздар.
Қосарлы валюта нарығы - тіркелген және құбылмалы бағамдарының
режимдері арасындағы орташаланған жағдайды білдіреді.
Кросс-бағам - бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық болып табылмайтын екі шетелдік валютаның белгіленген
Өкілетті банк - банк туралы заңдарда қарастырылған операцияларды
жүргізуге орталық банктің лицензиясын алған, валюталық операцияларды, оның ішінде, клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
- миллиард
- миллион
КІРІСПЕ
Магистрлік жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын тартудың мемлекеттік саясаты» болып табылғандықтан, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан инвестициялық стратегияны қалыптастыру сауалдары қазіргі жағдайда өте маңызды іске айналып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарынан орын алады. Бұл позицияларға сүйіне отырып, талқылауға ұсынылған мәселе өзекті болып табылады.
Магистрлік жұмыстың зерттеу пәні - шет ел инвесторларын тарту кезіндегі инвестициялық саясаттың даму факторлары, теориялық, тәжірибелік аспектілерін қарастыру.
Магистрлік жұмысының мақсаты - шет ел инвестицияларын тартудағы мемлекеттік саясаттың теориялық, тәжірибелік қыр-сырларын қарастыру, құрылымына назар аудару, үрдісін бақылау.
Бүгінде Қазақстан кәсіби мемлекеттік қызметтің жаңа кезеңінде. Қазақстан халқына жолдауында Президент Н. Назарбаев былай деп атап өткен болатын: «Біздің міндет - Қазақстан үшін тиімді, оңтайлы басқару құрылымын, мемлекеттік басқару жүйесін құру. Сонымен бірге бұл құрылымның нарықтық экономикаға тиімді, қолайлы болуын ойластырғанымыз жөн» деп Қазақстан - 2030» стратегиясы барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының жақсаруы үшін деген бағдарламасында.
Кез келген мемлекеттің берік экономикалық дамуы инвестицияларды тиімді және рәсімді пайдалануға, қолайлы инвестициялық хал - ахуалын жасауға бағытталған біріңғай және ойластырылған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осыған байланысты, шетелдік инвестициялардың рөлі жоғары бола тұрса да, ұлттық (отандық) инвестициялардың көмегімен ғана елеулі нәтижелерге жетуге болмайтынын мойындау керек, өйткені шетелдік капиталды ел экономикасына жұмылдыру жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы атқарылуда, шашыраңқы сыпат алып отыр, атап айтқанда, шетелдік инвесторлар тек инвестицияландыру объектілерін таңдап алады, ал экономиканың қалған салалары мен секторлары назардан тыс қалады.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды кездестіруге болады. Мұнда инвестициялық әлеуетті басқару және бағалау әрекеттерінің ең тиімді әдістері көрініс табады. Бұл зерттеулер Д. Норткотт, Г. Бирман, С. Шмидт, И. В. Черевко, И. Тихомирова сияқты шетелдік экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Бұл мәселелерді нақты тәжірибеде шешуге байланысты аспектілері және инвестициялық әлеуеттің бірқатар сұрақтары Н. К Мамыров, У. Б. Баймұратов, Л. Б. Айманова, О. Сабден, С. Д. Тәжібаев, Н. К. Нұрланова, Г. Б. Нұрлихина, Ж. М. Андреева, Ә. Н. Дауренбекова., Т. М. Рогачева, А. Бейсенбина сияқты отандық ғалым-экономистердің еңбектерінде де қарастырылған.
Зерттеу объектісі - ұлттық экономикаға шет ел инвестицияларын тартудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу пәні - шет ел инвестицияларын тартудың бәсекеге қабілеттілігімен байланысты теориялық және тәжірибелік ережелердің жиынтығы.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және ақпараттық негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, инвестициялық аядағы ұйымдардың құжаттары, отандық және шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.
Магистрлік жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
- инвестициялық саясаттың экономикалық мәні мен мазмұны негізінде инвестициялық аядағы оны бағалаудың әдістемелік көзқарастары айқындалды;
- Қазақстанда шет ел инвестицияларын тарту барысындағы қызметті дамыту көрсеткіштерінің бәсекеге қабілеттілік қағидалары нақтыланды;
- Қазақстан Республикасы шетел инвестицияларын тартудың мемлекеттік саясатын дамыту жолдарын қалыптастырудың ұйымдастыру-экономикалық параметрлері жалпыланды;
- экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі айрықша реттегіштерді көрсете отырып экономиканың нақты секторындағы инвестициялық белсенділікке баға берілді.
Диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі ұсыныстары:
- әртүрлі инвестициялық ағымдарды реттеу кезінде мемлекеттік саясатты жетілдіру арқылы инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерінің құрылымы бойынша ұсыныстар;
- экономиканы дамытудың маңызды стратегиялық міндеттерін шешудегі әртүрлі инвестициялық ағымдарды пайдалануды жетілдіру бойынша шаралар жүйесі;
- айрықша реттегіштерді негіздей отырып инвестициялық белсенділікті бағалауға әдістемелік көзқарас;
- ұлттық экономикадағы инвестициялық белсенділікті реттеу тетігін жетілдіру бойынша шараларды жүйелі түрде негіздеу.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) . Зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары келесі халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндалып талқыланды: Қазақ хандығының 550 жылдығы және «ХХХ» университетінің «Қазақстантану» ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған «Қазақстантану-10» халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық стратегиялардың теориялық негіздері қаралған.
Екінші бөлімде инвестициялық қызмет дамуының талдауы қаралған. Осы талдау нәтижесінде инвестициялық стратегияны толық жетілдіру бағыттары жұмыстың үшінші бөлімінде негізделген.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасына шет ел инвестицияларын тартудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.
Қорытынды бөлімінде берілген талдаудың нәтижесі бойынша инвестициялық стратегияның жүзеге асырудың негізгі бағыттарының ерекшеліктері көрсетіген.
Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Инвестициялық саясаттың экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестиция - бұл экономиканың алуан түрлі салаларына ұзақ мерзімді капитал салымы.
Инвестицияның тура нақты түрлері - өндіріс орнына жаңа техникалық жабдықтар алуға және қаржылық салым акциялар мен мемлекеттің құңды қағаздарын сатып алу үшін жұмсалады. Бірінші жағдайда өндіріс - инвестор қаражатын сала отырып, өзінің өндірістік капиталын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор өз қаржылық капиталын арттырады, дивидендке ие болуы - құнды қағаздар кірісі деп саналады.
Бұдан басқа инвестицияның тура және жанама түрлері бар. Қазақстан Республикисының «Тура инвестицияларға мемлекеттік қолдау» Заңы тура инвестицияны былайша ерекшелендіреді. Қазақстан Республикисының мемлекеттік кепілінде негізделген түрінен басқа инвестицияның барлығы осыған жатады. Жанама инвестиция портфельдік салым, бағалы қағаздар, мүліктік құңдылықтар жатады. Мысалы: инвестор акцияны бірлесімді қордан сатып алады, ол түрлі фирмалар тарапынан ұсынылуы мүмкін. Сатып алған соң, инвестор жеке компанияның активтеріне белгілі бір талаппен емес, құңды қағаздар портфеліндегі үлес барысында жақындай алады [1] .
Инвестициялаудың басқа формалары - жер телімдерін иелену, мүліктік құқықты иелену, өнеркәсіптік меншіктік ауыстыру құқығы лицензиясына ие болу, жаңа технологиялар құжатына ие болу, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, фирма атаулары, өнім сертификаттары мен өндірісті технологияландыру, жерді пайдалану құқығына ие болу.
Инвестицияның негізгі типтері.
Кез келген фирманың іс - әрекетінің маңызды саласы - инвестициялық операциялар, яғни ақша қаражатын жобаларды іске асыру үшін салу фирмаға пайда әкелу.
Коммерциялық тәжіребеде инвестицияның келесі типтерін бөле көрсетуге болады:
- физикалық активтерге инвестициялар;
- инвестициялар - ақша активі ретінде;
- инвестициялар материалдық емес активтер үшін.
Физикалық активтер ретінде өндірістік орын - мекемелер машинаның кез келген түрі және құрал - жабдықтар түрлері.
Ақшалай активтер ретінде - басқа физикалық және заңды тұлғалардан ақша сомасын алу құқығы. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, ақша, несие және тағы басқасы.
Материалдық емес активтер қатарына - персоналдар біліктілігін көтеру, білімін арттыру, сауда заңдарын жарыққа шығару, өнеркәсіптік меншікті иелену құқығын алу, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілер құжатына иелік ету, өндіріс технологиясы мен өнімдеріне сертификаттар алу, жерді пайдалану құқығына ие болуы.
Инвестицияларды өрістету жүйесіне өндірістік ресурстарды көбейту, жандандыру, экономикалық өсудің жоғары қарқының қамтамасыз ету жатады.
Инвестициялар - өндіріс үрдісіне қаржылай, материалды-заттай капитал салымы, негізгі мақсат кіріске ие болу, материалды, материалдық емес активтерді тарту.
Маңызды тұсы инвестициялар өздігінен өзі белгілі бір экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмайды, егер оған қатысты үрдістер орын алып отырмаса, инвестициялық үрдісті экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде қарастыруға болады, инвестициялық қаражат көзін қолдауға, кеңейтуге бағытталған. Бұдан келіп шығатыны, инвестициялық үрдістің экономикалық мәні инвестициялық ресурстардың материалдық байлық пен қоғамдық игілікке айналуына ұйытқы болу [2] .
Инвестициялау үрдісін мына сызба түрінде беруге болады «инвестициялық ресурстар - өндіріс факторлары - инвестициялық іс - әрекет өнімдері». Бірінші кезенде инвестициялық ресурстар кәсіпкерлік бастамалар алғышарты және басқару өндіріс факторларына айналады. Әрі қарай, факторлардың инвестициялық - өндірістік үрдіске тартылуынан инвестициялық әрекет өнімі құралады. Инвестициялық өндірістің трансформациясын қамтамасыз ету екі жақты амалмен іске асады немесе қаржылық құрал - жабдықтар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы жүзеге асады.
Инвестицияны нақты активтерге әзірлеу, талдау инвестициялардың тегіне де қатысты, өндірс міндетін қай түрімен шешуге болады деген мәселе назарда болады. Осы ұстаным негізінде инвестицияны келесі топтарға жіктеуге болады:
- Тиімділікті арттыру инвестициялары. Олардың мақсаты жабдықтарды алмастыру негізінде фирма шығынын азайту, персоналдарды оқыту, өндірісті қолайлы жағдайы бар тиімді аймақтарға орнықтыру.
- Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялаудың міндеті - тауар шығару мүмкіндіктерін кеңейту.
- Жаңа өндірістер құруға арналған инвестициялар. Бұл инвестициялар жаңа өндірістердің құрылуын қамтамассыз етеді.
- Мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы инвестициялар. Инвестицияның бұл түрі өндірістін билік иелері талаптарын орындауы тиіс кезінде өнім қауіпсіздігін сақтауда, яғни менеджментке қатысты іс - әрекеттерде қолданылады.
Толық ғылыми - техникалық саламен қатар өндірістік циклды да инвестициялауға болады, оның элементтері: ғылыми зерттеулер, жобалық құрастырушылық жұмыстар, өндіріс құрылымын кеңейту, жаңа өнім шығару мен жаңа өндірісті ұйымдастыру.
Инвестициялаудың нысандары бөлінеді:
- жобалар аясы (шығын жобалар, мега жобалар) ;
- жобалар бағыты (коммерциялық, әлеуметтік мүддеге байланысты) ;
- инвестициялық кезен мазмұны мен ерекшелігі;
- мемлекеттік араласу барысына;
- салынған қаражаттың өтелу деңгейі.
Шағын жобалар ауқымы жағынан шағын әрі қарапайым. Америка тәжірибесінде капитал салымы 10-15 млн. долларды құрайды, еңбек шығындары 40-45 мың (сағат көлемімен) . Шағын жобалар типтерінің үлгілері: тәжіребелік - өнеркәсіптік қондырғылар, шағын өнеркәсіптік өндіріс, өндірісті модернизациялау.
Мегажобалар - мақсатты бағдарламалар, өзара байланысты көп жобалар бірлігі, бір мақсатқа жұмылдырылған. Бұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық, салалық, аралас болып бөлінеді. Ереже бойынша, бағдарламалар басқарудың жоғары деңгейлерінде қолдау табады: мемлекеттік, облыстық, муниципалды және тағы басқасы.
Мегажобалар ерекшеліктері:
- жоғары құңдылық - 1млрд. долларға жуық және одан да жоғары;
- капитал сыйымдылығы - қаржыландырудың дәстүрден тыс түрлері қолданылады;
- еңбек сыйымдылығы - жобалауға 2 млн. сағат. Құрылысқа 15-20 млн. сағат;
- жобаны іске асыру ұзақтығы 5-7 жылға дейін;
- басқа елдердің араласу қажеттілігі;
- инфрақұрылымның жоғары ерекшеліктері;
- аймақтың әлеуметтік және экономикалық барысына әсері.
Өзінің әлеуметтік - экономикалық потенциалын дамыту, сақтау өндірістің шаруашылық әрекеттерінің маңызды қыры. Осы бағыттағы өндіріс іс - әрекеті инвестициялық деп аталады. Қазақстан Республикасының «Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау» Заңына сай инвестициялық әрекетке кәсіпкерлік жұмыстары да енеді.
Инвестициялық іс - әрекет субъектісі - инвесторлар, сұраныс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық іс - әрекет нысандарын пайдаланушылар, жеткізушілер, заңды тұлғалар және тағы басқасы. Тапсырыс берушілер инвесторлар немесе физикалық, заңды тұлғалар болуы мүмкін. Өкілетті инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асырады, басқа инвестициялық үрдіс иелерінің кәсіпкерлік әрекеттеріне араласпайды.
Инвестициялық әрекет субъектілері - жеке не заңды тұлғалар сонымен бірге шетелдік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар. Инвесторлар инвестицияның меншікті тартылған формаларын мақсатты орындалуын жүзеге асырады.
Инвестициялық іс - әрекет нысандары пайдаланушылар - инвесторлар, физикалық заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалды органдар, шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар.
Инвестициялық әрекет субъектілері инвестициялық сферада әрекет етеді. Бұл кезенде инвестиция тәжіребелік тұрғыда іске асады. Инвестициялық сфера құрамына келесілер енеді:
- құрылыс саласы, өндірістің осы саласына жұмсалатын инвестициялар;
- инновациялық сфера, ғылыми - техникалық өнім өндіріледі және интеллектуалды потенциал іске араласады;
- қаржы капитал айналымның саласы.
Өндірістердің инвестициялық іс - әрекеті Қазақстанда мына Заңдар негізінде реттелінеді: «Тура инвестицияларды қолдау», «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары хақында», сонымен бірге «Банкроттық туралы», «Құнды қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасы инвестициялық қорлары жайында» және басқа да нормативті актілерге сүйеніледі.
Нарықтық экономика жағдайында есепке алудың маңызды нысаны шет ел инвестициясының қаржылық салым, яғни бағалы қағаздар алу үшін өндірістін шығыны, өндірістердегі үлестік араласу, қарызға байланысты міндеттемелер. Қаржылық инвестиция мақсаты - кіріс иелену және капиталды құнсыздықтан қорғау. Ереже бойынша инвестициялар кредит берушімен, оның қызығушылықтарымен де байланысты. Капиталдың ұсынылу формасына және кіріс ыңғайна қарай бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді. Қарыз түріне ыңғайланған құнды қағаздар актив салымы бола отырып тиісті мөлшерде кіріс көзін иеленгеннен кейін лайықты сомасын қайтарады [3] .
Инвестор қарыз түрінде қаржылық негіздерге мысалы, облигация түріне ие болса, ол сол облигацияны шығарушыларға белгіленген мерзімде пайыздық көрсеткішін өтеп отыруы тиіс.
Капиталға араласу, қаржылай салым компанияның капитал үлесіне деген құқықтық негіздерге бойлап, терең тануды қажет етеді. Іскерлік салым құнды қағаздарды иелік ету формасында немесе белгілі бір мүлікке меншіктік қатынаста реттелінеді. Инвестор құнды қағаздарды, акцияларды сатып ала отырып, компания капиталының деңгейіне әсер береді.
Опциондар қарыз түріндегі, үлес түріндегі де жабдықтарға енбейді, бұл құнды қағаздар инвесторға басқа бағалы қағаз бен активті алдын ала ынғайланған бағаға сатып алуына мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздардың әр тобының алуан қыры бар және нарық қоры заңдылықтарына негізделенеді.
Отандық нарықтық айырмашылығы сол, бағалы қағаздарды принципті тұрғыда үш ірі топқа бөлу (акциялар, қарызға негізделген және өндірістік формасы) арқылы дамыған елдерге қарағанда тауар қоры ассортиментінің аздығын көрсетеді.
Акциялар иелік етушінің белгілі бір меншікке құқығын қамтамассыз етеді. Акция қызметі - акционерлік қоғамдар құру, мемлекеттік өндірісті сатып алу, компанияның жарғылық капиталын арттыру. Акция иелері акционерлік қоғам мүлкінің бір бөлігінің құқықты иеленушісі енеді. Акцияларды шығара отырып, акционерлік қоғам ірі инвестициялық жобаларды іске асырады, ол акционерлер дивидендке ие болады, дамудың стратегия мен қаржылық күшіне орайластырылады. Қаржылық белсенділікте және қоғамның белсенді іс - әрекетінде акция иегерлері өсіп отырған дивидедтер есебінен бағалы қағаздарға деген алғашқы салым мөлшерлері ұлғайтылады.
Қарызға негізделген міндеттемелер инвестор мен жеке тұлға арасындағы қарыз қатынасын нақтылайды. Қарызға негізделген міндеттемелерге облигациялар, мемлекеттік қарыздар, депозитті және жинақтау жүйесіндегі банк сертификаттары, вексельдер енеді.
Облигация немесе басқа да міндеттемелер ыңғайына қарай несие мен пайызын уақытылы төлеп отыру керек. Өндірістік бағалы қағаздар өз иесіне сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді. Бұлар - опциондар.
Опцион - бағалы қағаз, иелік етушінің сатуға, сатып алуға құқығын нақтылайды.
Қаржылық фьючерс - белгілі бір актив базисін сатып алу, сатуға деген келісімшарт. Опционнан айырмашылығы, фьючерсті келісімшарт опцион тәрізді құқық емес, ал міндеттеме: опцион сатылымынан бас тартуға болады, ол келісімшартты бүзу мүмкін емес.
Құнды қағаздар иегерлеріне ұсынылған бағалы қағаз сертификаттары бағалы қағаздар болып есептелмейді. Бұл сертификаттар құнды қағаздарды иеленгендегі жөніңдегі куәлік ролін атқарып, қағаздар барысында толық дерек келтіріледі. Сертификаттың ерекше бір түрі - джамбо немесе «жиһандық» сертификат, бағасы да өте жоғары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz