Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Химиялық инженерия инситуты
Қолданбалы химия кафедрасы
Еркебай А. А
Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы
ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - Кәсіптік оқыту
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Химиялық инженерия институты
Қолданбалы химия кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
ҚХ Кафедра меңгеруші
хим. ғыл. кандидаты
А. С. Каленова
«__» 2017ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру
саласындағы ерекшеліктері»
5В012000 - Кәсіптік оқыту
Орындаған Еркебай А. А
Пікір беруші Диплом жетекші
х. ғ. к., аға ғылым қызметкер хим. ғыл. кан Буленова К. Ж Сатыбалдиева Н. К
«__» 2017ж. «__» 2017ж.
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Инженерлік химия инситуты
Қолданбалы химия кафедрасы
5В012000 - Кәсіптік оқыту
БЕКІТЕМІН
ҚХ Кафедра меңгеруші
хим. ғыл. кандидаты
А. С. Каленова
«__» 2017ж.
Дипломдық жұмыс орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы : Еркебай Айжамал Абайқызы
Тақырыбы: Интербелсенді оқыту әдістерің орта-кәсіптік білім беру
саласындағы ерекшеліктері Университет басшысының 20 жылғы « » _ № -б бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «» 20__ж
Жұмысқа алғашқы деректер: «Әділет» орта-кәсіптік білім беру оқу орнында диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде жинақталған деректер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер тізімі:
а) Инmeрбeлсeндi оқыту әдісін зерттеу;
б) Тәжірибелік бөлім;
в) Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
Сызбалық материалдар тізімі(міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс) :
MS Office бағдарламасының Power Point қосымшасында жасалған слайд түрінде көрсетілетін презентациялық деректер.
Ұсынылатын негізгі әдебиет 58 атау
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. - Алматы, 2013
АҢДАТПА
Дипломдық жұмыс төрт тараудан тұрады:
-Әдеби шолу;
-Зерттеу объектілері мен әдістері;
-Тәжірибелік бөлім;
-Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі.
Осы дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша «Әділет» колледжінде тәжірибе жасалынды.
Тұлғаның оқытуда оның қaрқындылығы психологиялық, педагогикaлық
ғылымдaр және білім бeру тәжірибeсiнде өзeктi мәсeлердің бірі. Оқытyшының мiндeті бәрiн айқындaп бeру ғaна емес, студeнттi терең ойлayға, прaктикалық әрeкeттeрдiң дaғдысын үйрeтeтіндігіндe.
Сол себептен бұл дипломдық жұмыста орта-кәсіптік білім беру оқу
орындарында оқытудың белсенді әдістерін қолданудың қажеттілігі, ерекшелігі тәжірибелік бөлімде қарастырылған. Бeлсeндi оқытудa оқытушы мен бiлiм aлушының рөлi aнықтaлып, студенттiң оқу бaрысындaғы бeлсендiлiгiн aрттыру үшiн қолданылaтын әдістердiң түсiнiгі, олaрды қолданудың eрeкшeлiктерi көрсетілген. Оқу үрдiсiнe бeлсeндi әдiстерді қолдaну жaйлы ұсыныстaр берілген.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа состоит из четырех разделов:
-литобзор;
-методы и объекты исследовани;
- экспериментальная часть
- охрана труда и техническая безопасность отдел.
Проблемa aктивности личности в обучeнии - однa из актуaльных в
психологичeскoй, пeдагoгическoй нaуке и oбрaзoвaтeльной прaктике. Зaдача
педaгoга зaключаeтся в том, чтoбы не толькo дoступнo всё расскaзaть и
покaзaть, нo и нaучить учeникa мыслить, привить ему нaвык прaктичeских
дeйствий.
Этoму мoгут спосoбствoвать aктивные фoрмы и метoды oбучения. В рaбoте рaскрывaется проблемa aктивности личнoсти в oбучeнии, дaётся хaрактеристикa aктивных метoдов oбучения, рассмaтривaются осoбeнности их испoльзовaния нa урoке.
В этoй диплoмной работе была рaссмотренa неoбходимoсть использoвания активных методов обучения в вузе. Oпределeнa рoль препoдавaтеля и студeнта в учебнoм процeссe.
ABSTRACT
The thesis consists of four sections:
-litobzor;
-Methods and objects of research;
- experimental part
- Occupational safety and technical safety department
Prоblеm of аctіvity оf the pуrsonаlity in trаining - onе of аctuаl іn
psychоlogicаl, pedаgogicаl science аnd educаtionаl prаcticе. Thе tаsk of thе tеachеr cоnsists in thаt nоt оnly аvаilаble to tеll everуthіng and to shоw, but аlsо to teаch the pupіl to thіnk, іmpаrt to it skіll of prаctіcаl аctiоns. It cаn bе prоmоtеd by аctivе fоrms аnd trаining methоds. In wоrk the рroblеm of аctivitу of the pеrsonalitу in
trаinіng revеals, the chаractеristіc of аctivе mеthоds of trаinіng is gіven, fеatures of
thеir usе аt a lеsson are cоnsidеred.
In the аrticle the necеssity of the usе of аctive methods of educаting wаs
considered for instіtutiоn of hіgher lеarnіng. Hоwled the rоle of teаcher and
studеnt is certаin in an еducatiоnal procеss.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 9
Әдеби шолу 11
1. 1 Интербелсенді әдiстеменің теориялық негiздeмесi, пайда болу тарихы. 11
1. 2 Интeрбелсeнді оқыту дегeніміз нe?Интербелсенді оқыту әдісін енгізу себептері. 13
1. 2. 1 Дәстүрлi oқыту мен интербелсенді oқытудың aйырмaшылығы. 19
1. 3 Интeрбелсенді оқыту технологиясының негізгі түрлері. 27
1. 4 Интeрбелсендi оқытyды жүзeге асырyдың шарттаpы мен еpежелeрі. 29
2. Зерттеу объектілері мен әдістері 32
2. 1 Зерттеу объектiлері 32
2. 2 Зeрттеy әдістеpi 33
3 . Тәжірибелік бөлім 34
3. 1 Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін анықтаудағы қолданылған дөңгелек үстел, дискуссия, дебат әдістері. 35
3. 2. Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін анықтаудағы қолданылған іскерлік және рөлдік ойындар әдістері. 44
3. 3 Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін анықтаудағы қолданылған case study әдісі 50
4. Қауіпсіздік және еңбек қорғау 54
4. 1 Қауіпсіздік, еңбек қорғау бойынша заңға сүйену және ұйымдастыру сұрақтары 55
4. 2 Қауіпті зиянды өндірістік факторлар 56
4. 3 Электр қауіпсіздігі 58
4. 4 Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету 59
4. 5 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру 60
4. 6 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру 62
4. 7 Техникалық регламент талаптарын еңгізу және оларды сақтау мониторингі
4. 8 Жасанды жарықтандыруды есептеу 65
Қорытынды 68
Анықтамалар, шартты белгілер және қысқартылған сөздер 70
Пайдаланылған әдебиеттер 71
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Берілген жұмыс қазіргі таңда дамып келе жатқан интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы дамуы, ерекшеліктері мәселесі қарастырылған. Жұмыстың бірінші бөлімінде интербелсенді оқыту әдістемесінің негізгі пайда болу теориялары, анықтамасы, методологиялық негіздемесіне назар аударылды. Қазіргі кездегі дамыпа келе жатқан қоғамға тез бейімделе алатын мамандар қажет. Ал ол мамандарды дайындауда білім беру жүйесін қоғам дамуына сай жаңарту жетістікке жетудің кілті болып табылады. Осы себептен педагогикалық инновацияларды білім беру жүйесіне енгізу қажеттілігі туындап отыр. Жаңа әдістің енгізілу себебінің бастамасы осы болды. Осы алғашқы бөлімде енгізілу себептері толық қамтылды. Екінші, үшінші бөлімде зерттеу нысандары, объектілері келтірілген. Теорияларды іс жүзінде қолданып тәжірибе жасау үшін жоспарлар дайындалды. Дөңгелек үстел, дискуссия, дебаттар, миға шабуыл, рөлдік ойындар сынды интербелсенді әдістің негізгі түрлері талқыланып, тәжірибе жасалынып, соңында SWOT анализ жасалды. Жұмыстың қортынды бөлімінде дипломдық жұмыстың нәтижелері бойынша нақты қорытындылар жасалды.
Жұмыстың өзектілігі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26 жұлдызында Л. Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде оқыған “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына ” лекциясында : ”Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескерге мүмкіндік береді“ деп айтқан[7] . яғни бүкіл әлемге бәсеке бола алатын білім экономикасына жету үшін бәсекеге түсе алатын білім беру бағарламаларын орта-кәсіптік білім беру саласында қолдану өзекті мәселелердің бірі. Орта-кәсіптік білім беру саласында жаңа әдістерді енгізу мәселенің пайда болу себептерінің бірден-бір бастауы осы. Берілген дипломдық жұмыста интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласында қолданудың негізі, ерекшеліктер, мәселелері, келешегі, мүмкіндіктері сипатталды.
Жұмыстың мақсаты интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін айқындау. Осыған орай мынадай міндеттер шешімін тапты:
-коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытуды жүзеге асыру;
-ақпараттық міндеттер;
-студенттердің топта жұмыс істеуде, тәрбиелік міндеттер;
-жаңа технологияның маңызды міндеттері.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Студенттердің оқытушымен тығыз қарым-қатынас орната алуы, студенттердің өзара қарым-қатынасының артуы. Жаңа білім беру әдісінің терең зерттеп, теорияларды іс жүзінде қолданып тәжірибе жасау, нәтижелерін талқылау арқылы жетістікке жету жолдарын жоспарланды, ерекшеліктерін талқылай отырып орта-кәсіптік білім беру саласын бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Тәжірибе арқылы студенттердің сабақ үлгерім көрсеткіші 90% пайызға дейін артты. Өз шығармашылықтарын арттырды.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
- Интербелсенді әдiстеменің теориялық негiздeмесi, пайда болу тарихы.
Интербелсенді оқыту әдісінің теориялық негізі білім беру саласында дамыған, кеңінен таралған студент пен оқытушының өзара қарым-қатынасын анықтайтын 3 түрлі әдіс зерттеуден басталады. [4]
1. Пассивті әдістер
2. Активті әдістер
3. Интербелсенді әдістер
Әр әдістің өзінің ерекшеліктері бар.
1. Пассивті әдіс
1- сурет - Пассивті әдіс
Оқытушы
Студент
Пассивті әдіс-бұл әдісте оқытушы басты кейіпкер, ал білім алушы пассивті рөлде, тыңдаушы болып табылады. Оқытушы ме студент арасындағы байланыс сұрақ қою барысында, өздік жұмыс, бақылау жұмысы, тест алу кезеңізде ғана пайда болады. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша бұл әдістің бірнеше пайдалы мүмкіндіктері бола тұра сабақ өтуге тиімсіз. Бұл студент үшін сабаққа дайындалудың ең оңай тәсілі.
Әдістің кемшілігі:
-Студентке білім берудің оңай жолы;
-Сабақ барысында студенттің ынтасының жоғалуына себепші болуы мүмкін;
-Студент тек қабылдаушы рөлін атқаруы, ізденуші оқытушының болуы;
-Оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасының жеткліксіздігі;
Осы себептерден бұл әдіс қазіргі кезде тиімсіз болып саналады.
- Активті әдіс
2 - сурет - Активті әдіс.
Бұл әдісте-сабақ кезінде оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас тепе-тең болады, яғни студент бұл әдісте тыңдарман ғана емес, белсенді қатысушы бола алады. Активті әдістің мәні-оқытушы мен студенттің тек құқылы екенінде.
Пассивті әдісте оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы-авториталдық стиль түрінде болса, активті әдіс демократиялық стиль негізінде.
Қазіргі таңда көзқарастар бойынша активті әдіс пен интербелсенді әдіс арасында ұқсастықтар, теңестірулер кездеседі, дегенмен екеуінің айырмашылықтары көп. Активті әдісті интербелсенді әдістің ең озық нысаны ретінде қарастыруға болады.
3 - сурет - Интербелсенді оқыту
Оқытушы
Интербелсенді оқыту әдісі(3-сурет) -ағылшын тілінен келген “interactive” сөзінен шыққан, “inter” дегеніміз “өзара”, “act” - “әрекет жасау” мағынаны білдіреді. Сонымен интербелсенді оқыту әдісі(ИОӘ) -үйренушілер мен үйретушілердің арасындағы оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі. [1]
“Интербелсенді оқыту” - қолданысқа енген жаңаша ұғымдардың бірі. Бұл термин алғаш рет 1990 жылдары педагогиканың кеңістігінде пайда бола бастаған. Пайда болу мерзіміне қатысты түрліше нұсқалар бар. Кейбір ғалымдардың зерттеуінше негізінен терминнің пайда болуы интернет желісінің дамуымен байланысты. Қашықтықтан оқыту, онлайн сабақ оқыту жүйесі, электронды оқулықтар пайда бола бастауы педагогика саласына жаңаша оқыту технологиясының туындауына себеп болғаны жайлы деректер келтірген. Ал басқа бір топ ғалымдардың пікірі бойынша ИОӘ пайда болуын дуальдо оқыту жүйесінің қолдануымен байланыстырады.
Интербелсенді оқыту теориясының тұжырымдамалық негізі XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алған. Гуманистік психология және психотрепия концепциясында 1950-1960 жылдары интербелсенді әдіс тұжырымдамасы көрсетілген. Алайда кейбір ғалымдардың пайымдауынша 1930 жылы ағылшын ғалымы Рег Реванс “белсенді оқыту(Action learning) ” тұжырымдамасын енгізді. Бұл көзқарасқа жақтаушылар дәлел ретінде, бастапқыда педагогикалық әдебиетте “Интерактивті оқыту технологиясы”(1960ж) “Интерактивті әдістер”(1990ж) терминдерінің қолданылуын атап өткен. 1990 жылдардан кейін бұл терминдер “Белсенді оқыту” және “Оқытудың белсенді әдістері” ұғымымен жаңа оқыту жүйесі пайда бола бастаған. [5]
1975 жылы неміс зерттеушісі Ганс Фриц қатысушылармен педагогикалық процес арасындағы өзара іс-қимыл процессінің негізгі нысаны болып табылатын “Интерактивті педагогика” ұғымын енгізді.
КСРО оқытушылары 1980 жылдан бастап интербелсенді оқыту әдісінің негізіне кіретін топтық диалог нысанын тәжірибе жүзінде игере бастаған.
1980 жылдардың соңында бірқатар авторлар, оның ішінде В. А Гузеев, М. В. Кларин, Е. С Полат, В. А Сластенин оқытудың әдістерін “Пассивті әдіс”(дәстүрлі әдіс) және “Активті әдіс”, сондай-ақ “Интербелсенді оқыту” деп бөлді.
Жаһандық Word Wide Web (1991) және бірінші веб-шолғыш(1994) құрылды. Осы сәттен бастап білім беру саласында “Интербелсенді оқыту” әдісі қарқынды даму барысында болды.
Ал қазіргі кезде интербелсенді оқыту әдісінің қолданылуы аясы өте ауқымды. Кез-келген білім бер саласында оң нәтижеге жету үшін түрлі тәжрибелік жұмыстар атқарылып келеді.
1. 2 Интeрбелсeнді оқыту дегeніміз нe?Интербелсенді оқыту әдісін енгізу себептері.
“Интербелсенді” дегеніміз- біреумен қоян-қолтық қарым қатынаста болу, онымен бірлесе ірекет жасау, диалог құру. Ал “интербелсенді оқу” дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту әдісі. [2]
Интербелсенді оқыту үйренушілердің білім алу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізіг әдіс-тәсілдері ретінде таныс. Сол себепті ИО білім алу жәнебілім беру процесінің тиімділігі мен жетістігі, нәтижесін білім алушының есте сақтауымен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы үйрену ықтималдығына сүйенеді.
Интербелсенді оқыту білім алушының өз тәжірибесімен, және де өзге білім алушылардың тәжірисі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделген. Бұл жерде білім алушылардың тәжірибесі деп отырғанымыз-олардың өзіндік идея-пікірлері, көзқарастары, қызығушылықтар, қорытындылары, сындары деп айтуға болады. Ал әр студенттің тәжірибесі әртүрлі, таным процесінде студенттер өз тәжірибесімен бөліседі, осындай қарым-қатынаста жаңаша білім құрастырылып, студенттер саналы түрде бір-біріне сабақты игеруге себепші бола алады.
Интербелсенді әдістің негізгі мақсаты:
-білім берудегі оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде білім алушылардың қабілетін, білімге құштарлығын, қызығушылығын, дарын-қабілеттерін, зейінін, дербестігін шыңдау;
-білім алушылар арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату;
-білім алушыға өз бетімен ізденуге үйрету;
-білім алушы өзінің жетістіктерін сезетіндей, білім алу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын шарттар жасау;
Интербелсенді әдістің негізгі қағидасы: “Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін” (Конфуций) . Себебі адамның есінде тек өзінің іс-қимылдары мен өз қолымен жасағаны қалады.
Интербелсенді оқытудың негізгі мәселелері:
-Мазмұн (не нәрсеге үйрету керек?) ;
-Әдістеме (қалай үйрету-уйрену керек?) ;
-Нәтиже (Не үшін үйрену керек?нәтижесі қалай болу керек) .
Мұндай ұстанымдар қомақты нәтижеге жетелейтін тиімді жүйе. [3]
1 -кесте - Интербелсенді оқыту әдісінің қағидалары мен мақсаттары
-Студент білім алу барысында өз әрекеттерінің жемісті екенін сезінетін орта қалыптастыру;
-Студенттер арасында ашық-жарқын шығармашылық қатынас ортасын қалыптастыру;
-Студенттердің өздері ізлденетін жағдай қалыптастыру.
-Студенттерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін түсіндіру;
-Студенттерді белсенді әрекеттерге баулу, оларды игеру әрекеттерін ұйымдастыру;
-Үйрету мен үйренуді тәжірибелік әрекеттерге негіздеу;
-пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын мәселелер ретінде шешу деп қарастыру;
Студенттердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, олардың ой толғаныстары арқылы өзіндік пікір құрастыруға, мәселде шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру. Егер студент жауап бермесе басқа да студенттер мен ой бөлісу;
-Студенттердің сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (өзіндік түсінікке ұмтылу, күмандану, ақпараттардан әртүрлі мағыналарды көре білу, дәлелдеме келтіру) .
Интербелсенді әдістің пайда болуы мен даму салдарына байланысты жаңа міндеттер қойылған. Білім алушыға тек білім берумен шектелмей танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін, зейінді ойлау, тәуелсіз болуды, дағыдысын қалыптсатыруды қамтамасыз етуі жүктемесі бар. Ақпараттардың қарқынды дамуы жаңа міндеттердің туындауының бірден-бір себепшісі.
Адамның мектепте, орта-кәсіптік білім беру орталықтарында немес жоғарғы оқу орнында алған білімі, оған еңбек етуде өмірлік қызмет етуі мүмкін, дегенмен қазіргі ақпарат заманында белгілібір белеске жету үшін үнемі алған білімін жаңарту арқылы өзін-өзі дамытып отыру тиіс. Бұл жолда адамнан танымдық белсенділік пен тәуелсіз болу талап етіледі.
Танымдық белсенділік-студентке өзінің интелектуалды және эмоционалды процесін басқаруына, студенттің оқуға ұмтылуына, жеке және жалпы тапсырмаларды орындауға, оқытушы мен басқа студенттердің тәжірибелеріне қызығушылығын оятады.
Танымдық дербестік-алға ұмытылысы мен қабілетін дербес түсінуге, жаңа жағдайларды өз бетінше бақылауға, туындаған мәселелердің шешімін табуына, білім алу барысында ақпараттарды оқу, оларды түсіну ғана емес, жаңа ақпараттарды да ізденуге жетелейді. Басқа студенттер және оқытушылар тарапынан білдірілетін сыни көзқарастарға жауап беруге дайын болуды, басқа адамдардың көзқарастарына бағыныштылықтан сақтап, тәуелсіз болуға үйретеді.
Танымдық белсенділік пен дербестік-интербелсенді оқыту әдісінің сапасын сипаттаушы. Білім алушының білімге, оқуға деген құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік пен танымдық дербестік әдістің ағымдық сипатын және қарқындылығын көрсетеді.
Интербелсенділіктің ерекшеленетін белсенді 3 деңгейі бар.
2 - кесте - Интербелсенділіктің белсенді 3 деңгейі
Білім беру саласына дәстүрлі емес оқыту әдістерін енгізу мәселесінің пайда болу себептері[8] :
-Ғылым саласының дамуы, әлеуметтік-қоғамдық өмірдің аспектілерін қамтитын әр бағыттағы салаларын қоса алғанда, осы себептердің салдарынан орта-кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері кәсіби қызметі барысында негізгі деп саналған дағдыларының маңызды атрибуттары ретінде гипотеза жасау, болжамдарын дамыту, оптимальді мәселелердің шешімін табу, жобалау, моделдеуді іске асыра білу қажеттілігі;
-Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті еңбек нарғын қалыптастырумен, білім алу кезінде-ақ түлектерді болашақ кәсіби мамандығын таңдауға жетелейтін, ынталандыратын және оқу, өндірістік, диплом алды тәжірибелер кезінде қажетті құзыреттерді бекіту;
-Қоғамның әлеуметтік саласы, қызмет көрсету саласының дамуы, ырғақты жақсаруы, себебі олар жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды, әр түрлі саладағы қарқындылықты дамыту, сол мәселелерді шешу үшін қолайлы, үнемді әдістерді табу қажеттілігін талап етуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz