Жас отбасылар туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жас отбасы

Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады. Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы болып саналады.

Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды дәйектер басым болады. Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.

Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.

Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. (яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты - жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т. б. ие болғанда ) .

Студенттік отбасылар

Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.

Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады. Себебі оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.

Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы

Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады.

Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді.

Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:

Жас отбасыларына жеңілдік несиелерін беру;

Студент не оқушы болып табылатын ата-аналарға оқу орны әкімшілігінің келісімі бойынша жаттықпа сабақтарына еркін қатысуға, бала бір жарым жасқа толу мерзіміне дейін академиялық демалыс алуына құқық беру.

Отбасы өмірінің мәселелері бойынша, жас отбасылардың психологиялық, педагогикалық және құқықытық мәселелері бойынша тегін кеңес беру көмегінің тәжірибесі;

Жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын және оларға әлеуметтік қызмет және қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жүйесін жетілдіру (НПО) ;

Жастар мен балалардың сауығу мен ұйымдастырылған жазғы демалыс жүйесін дамыту және сақтау;

әл-ауқаты төмен жас студенттік отбасыларына оқу орындарына қатысты жатақханалардан баспана беру;

мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту.

АЖЫРАСПАУДЫҢ АМАЛЫ БАР МА? 20:13

Кеше ғана ақ кӨйлек киіп, аймалап сүйіп, «сенсіз Өмір жоқ» деп серттескен, «пәниден бақиға кӨшкенге дейін бірге боламыз» деп некесін қиғызып, Алланың алдында ант берген жастар уақыт Өте келе бірге тұра алмайтынына кӨздері жетіп, ажырасып жатады. Ажырасудың себептері сан түрлі. Жантанушылар солардың басты себептерінің бірі ретінде адамның Өзімшілдігін кӨрсетеді. Жұптасқан екеу бірін-бірі түсінуге, кеткен кемшілігі үшін кешірім сұрап, ақылға жүгініп, Өмірді ӘРІ қараЙ жалғауға дайын болмағандықтан, әрқайсысы Өзінің сӨзін растап, ақырында шаңырақ ортасына түсіп тынады.

Өмірдің аты - өмір. Кино мен кітапта ғана болмаса, өмір бойы бір-бірін алақанға салып, өбектеп тіршілік кешу мыңнан бірде кездеспесе, шынайы өмірде некен-саяқ. Алып-ұшқан албырт махаббат үйленген соң, уақыт өте келе сыйластыққа ұласады. Ал оған қол жеткізе алмағандардың жолы екі айырылады. Жалпы, ажырасудың мынадай түрлерін атап өтуге болады:

1. Мінездерінің жараспауы. Екі жас бірін-бірі толық зерттеп білмей жатып, жылт еткен махаббат сезіміне алданып, бас қосады. Уақыт өте келе кешегі қырмызыдай сызылған қыз қырсық мінездерін көрсете бастайды. Ал кеше жүзінен нұр төгіліп, бұл үшін тау қопаруға дайын тұратын жігіт енді айнып, бақытын сырттан іздейді.

2. Ата-ененің қазымырлығы. Біздің жастар әлеуметтік жағынан нашар қорғалған. Көбінің баспанасы болмағандықтан, үйленген соң ата-енесімен бірге тұруына тура келеді. Ал бұрыннан балаларына бұйрық беріп, айдап өргізіп, иіріп жусатып үйреніп қалған енесі немесе атасы жаңа түскен келінге талапты қатаң қоюы да мүмкін. Кейде жай ғана қатаң қоймай, келінге күн көрсетпей, ізіне түсіп, істеген ісін жақтырмай, өмірін өксікке толтырып, көзінен жас арылтпайтын да ата-аналар бар. Қазақ қоғамында ажырасуға кей­де құдалар арасындағы келіспеушілік те әсер ететіні ежелден белгілі.

3. Жұбайлардың бірінің жеңіл жолға салынуы немесе басқа адаммен шатасуы. Өкінішке қарай, жантанушылардың зерттеуінде белгілі болғандай, отбасын құрғандардың үштен екісінің көңілі сыртқа ауып тұрады екен. Осыдан келіп отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік белең алып, жастар екі жаққа кетеді. Ер-азамат әйелінің, әйелі ерінің көзіне шөп салуы отбасында ауыр психологиялық ахуал туғызады. Алайда көптеген отбасылар, әсіресе, әйелдер ерлерінің «серілігін» кешіріп, балаларын әкесінен айырмай, өмірді ары қарай жалғап жатады. Мұны үлкен ерлік деп бағалауға болар. Егер кінәлі жағы осыдан қорытынды шығара алса. Қалай десек те нәпсіқұмарлық -кешірілмейтін күнә.

4. Арақ, наша, ойынқұмарлықтың кесірі. Жантанушылардың айтуынша, ажырасуға ең көп себеп болатын - арақкештік. Жындысуға салынған отбасының мүшесі бала-шағасының қамын ұмытып, құлқынының құлына айналып кетеді. Үйіндегі барын тасып, сатады. Әйеліне қол көтереді. Нашақордың да жағдайы осындай. Ал ойынқұмарлық бұдан да өткен дерт. Ол қолына түскен дүниенің бәрін ойынға салып, ұтқызып жібереді. Мұндай психологиялық ауытқуға шалдыққан адам отбасының қамын мүлде ұмытатындықтан, ажырасудан басқа амал қалмайды.

5. Перзенттің болмауы. Мұндай жағдай сирек болса да кездеседі. Көп жағдайда жастардың бірінің денсаулығы келмегендіктен, ұзақ уақыт перзентті бола алмаулары ықтимал. Қазіргі заманда бұл мәселені медициналық жолмен шешуге болады. Тіпті бір-бірін шын сүйген адамдар бала асырап алуы да мүмкін.

6. Еріксіз үйлену немесе алып қашудың кесірі. Көп жағдайда жастар албырттықпен неке төсегіне жетпей, жыныстық қатынасқа түседі де, қыздың аяғы ауырлап қалады. Үйленеді. Мұндай еріксіз құрылған отбасы екі жаққа да ұнамауы мүмкін. Уақыт өте келе олар қателескенін түсініп, бір-бірінен суынып кетеді. Сол сияқты ауылды жерлерде қызды сыртынан аңдып, зорлықпен алып кететін әдет те тыйылмай келеді. Көп жағдайда қазақшылықпен қыздар «тас түскен жеріне ауыр» деп қалып қояды. Жақсы отбасы болып кететіндері де бар. Алайда ешбір сезімсіз құрылған отбасы түбінде ажырасуға әкеліп соғуы да жиі кездеседі.

7. Тұрмыс тауқыметі. Қазіргі жастар мүмкіндігінше бақуатты тіршілік кешкісі келеді. О баста күйдім-сүйдіммен үйленгенімен, келе-келе тұрмыстағы ауыртпалықтар жан-жақтан қысқан кезде оған шыдамай, әркім өз жөнімен кететін жағдай кейінгі жылдарда жиі кездесетін болды. Мұның себебі - біздің жастардың әлеуметтік жағынан қорғалмағандығы. Жастардың көбі жұмыссыз, баспанасыз, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал қалалы жерде мұндай ауыртпалықты көтеру жас отбасы түгілі кексе адамдарға да оңай тимейді.

8. Көзқарастарының сәйкеспеуі. Бұрын мұндай мәселелермен ажырасатындар қатары аз болатын. Ал бүгінгі күнде қазақ баласының кришна, иегова, сатанизм, тағы басқа осы сияқты азғындатқыш ағымдарға ілесуі, тіпті исламның өз ішінде сан түрлі ағымдарға еріп, адасуы себеп болып жүр.

Біздің мүмкіндігінше жүйелеп, топтап көрсетіп отырғанымыз - ажырасуға көбірек ықпалы тиіп жүргендері ғана. Ал жұмбағы көп мына дүниеде ажырасудың себебін айтып тауысу мүмкін емес шығар. Тіпті кейде ажырасуға түкке тұрмайтын жағдайлар да себеп болады.

Ажырасуды ислам да қолдамайды. Алайда некені бұзуға рұқсат етілген. Тіпті ажырасатын адамдарға қойылатын шарттар да бар. Мәселен:

- Әйелмен оның қайыс уақытысында ажырасуға болмайды. Оны келесі қайыс уақытына дейін қалтырып, екінші қайыс уақыты аяқталғанда ғана ері не әйелін қалдырады не ажырасады.

Егер қайыс уақытынан кейін ерлі-зайыптылар жыныстық қатынасқа түскен болса, келесі қайыс уақыты келіп, әйелінің аяғы ауыр емес екеніне көзі жеткенге дейін ажырасуға тыйым салынады.

Ажырасқан жағдайда мұсылман адам «талақ, талақ, талақ» деп үш рет немесе «екі рет талақ», «үш рет талақ» деп айтуына болмайды. Бір-ақ рет талақ деп айтса, жеткілікті. Оның себебі талақ айтылғаннан кейін ер адам әйелін басқа күйеуге тиюге рұқсат етілетін уақытқа жетпей қайтарғысы келсе, екі рет талақ айту кедергі болады. Ал үш рет талақ айтылғаннан кейін әйелі басқа күйеуге тиіп, ажырасқан жағдайда ғана қайта алуға рұқсат етіледі.

Әрине, ешкім де ертең ажырасам деп үйленбейді. Бірақ кімді қандай тағдыр күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Десек те отбасын құрған жастардың ажырасуға жеткізбей жарасып өмір сүруіне өздерінің ақыл-ой, сабырының жетпей жатуы да көп себеп болады. Ең бастысы, олар махаббаттың мәңгі тұрмайтынын, оның ертең сыйластыққа ұласатынын жақсы білуі қажет. Отбасы - кішкентай мемлекет. Ол мемлекеттің бейбіт әрі берекелі өмір сүруі екі адамға теңдей жауапкершілік жүктейді. Сондықтан ата-ана баласын жас күнінен отбасында басты мәселе: жауапкершілік пен ақыл, сабыр, сенім, иман, сыйластық екенін құлағына құя бергені жөн. Өмірден тәжірибелері аз екі жас отбасын құрған соң әрқайсысы өзінің дегенін істеткісі, ойына алғанын жасағысы келеді. Бірінің еркіне бірінің бағынуын намыс көреді. Бұл менменшілдік түбі ұрыс-керістің шығуына, өмірлерінен шы­рай кетуіне әкеліп соғады. Әрине, қабақ шытыспайтын жұбайлар болмайтыны да анық. Алайда мәңгі бірге тұратын екі адам тіпті осындай сәттің өзінде бір-бірінің көңілін қалтырмауға, ауыр сөздер айтып, қол көтермеуге тиіс. Байқап қарасаңыз, негізінен, мінезі шайпау әйелден - ері, шатақшыл еркектен - әйелі безіп жатады. Отбасында ын­тымақ, түсіністік, жылу болмаған кезде отбасы мүшелерінің екеуінің бірі сол жылуды сырттан іздейді. Сөйтіп, ол жеңіл жүріске салынып, мұның ақыр аяғы сүттей ұйыған отбасының іркіттей іруіне әкеліп соғады, арына дақ түседі. Екі адам бір-біріне кешірімді болып, отбасының әр мүшесі өзінің менменшілдігін жеңіп, «мен» деп емес, «біз» деп өмір сүргенде - ортақ үндестік пайда болады. Жалпы, біздің қазақ қоғамында қызды күйеуге тигенге дейін, ұлды үйленгенге дейін отбасылық өмірге тәрбиелеу ісі кемшін қалып келеді. Сол тәрізді «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, жастарға екі жақтың ата-анасының ара қатынасы басты үлгі болары сөзсіз. Ал егер олардың арасында ырың-жырың, түсініспеушілік орын алып жатса, әке тағдырын бала, шеше тағдырын қыз қайталауы әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері
Ара балын ветеринарлық санитарлық сараптау
Тәрбиенің негізгі мақсаты
Қолжетімді баспана -2020 бағдарламасы
Отбасы мүшелері арасында тілдесуі қиын отбасылар
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Ересек жұбайлар отбасы
Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz