Компьютерлік желі


Негізгі ұғымдар

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтык жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпаратгық ресурстарды қоддануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әркеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.

Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.

Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.

Сервер - басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтср базасына жетеді.

Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым әдетте «жергілікті есептеу желісі» (Local Area - LAN) терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар «аймақтық есептеу желісі» (Metropolitan Area Network - MAN) және «ғаламдық есептеу желісі» (Wide Area Network - WAN) терминдерімен байланысты.

Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:

- желінің ақпараттық және программалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;

- мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету. Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын (желілік принтер), не болмаса бір ерекшеленген компьютердің (файлдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты.

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) . Егер желі бір орынға (әдетте бір гимаратқа немесе әр түрлі ғимарат кешеніне) байланса, ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды (қатқыл дискідегі жинақтағыштар, стримерлер, принтерлер және т. б. ) мәліметтерді және перифериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.

ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті - мәліметтердің үлкен жылдамдыгы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ-дің көпшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.

Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы, бөлімі, кампусі мен корпоративті желілерге бөлінеді. Корпоративті желілердің тез дамуы мен олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.

Корпоративті компьютерлік желілер (ККЖ) . Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясында біріктіреді. Аумақтық (территориялық) белгінің ешқандай маңызы жоқ. Мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация құралдары, спутникік байланыс және басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.

Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекешеленеді. Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін, кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастықты құрауы тиіс.

Корпоративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интранет (интражелі) желілері деп атайды.

Интранет (интражелі) - Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмаішілік немесе фирмааралық компьютерлік желі. Оны жергілікті желі мен Интернет желісі құралдарын қолданьш, фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.

Интернет тарихы 1994 ж. басталады, ол кезде бұл термин Интернет желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілері үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына қарамастан, кез келген кәсіпорын үшін эмбебап еді.

Интранет - мақұлданған \үеЬ-технологияның корпоративті желіге көшуі. Корпоративті жергілікті құрылым (§гоире\үаге) өнімдерінен айырмашылығы Интранет - жүйелері дайын және өте арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады. Шетелдік экономистердің бағалары бойынша, ірі корпорацияларда Интернетті енгізу құны бір жұмыс орнынан шаққанда 50 долл. құрайды.

Ірі кәсіпорындарды басқарудың қазіргі заманғы жүйелері қатаң орталықтандырылған жолдан бөлінген жүйелерге дейінгі жолдан өтті. Бөлінген басқаруды колдауды қамтамасыз етілген ақпараттық технология «клиент-сервер» архитектурасы бар жүйе негізінде құрылды. Бөлінген басқару мәліметтердің бөлінген базасымен үйлесетін (мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшы еместігін, актуалдандырудың синхронды үйлесімін, рұқсат етілмей қол жетуден қорғауды қамтамасыз ету), желінің ақпараттық және есептеу ресурстарына әкімшілік жасау және т. б.

Интернет принциптерінде басқару жүйесін құру бөлінген коммуникациялары бар ақпарат сақтаудың орталықтандырылған жүйесінің ең жақсы қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы. Желілер құрылыммен (топологиямен) сипатталады. Жергілікті желі құрылымы ретінде ЭЕМ байланыс желілерімен бірігудің белгілі бір тәсілі түсініледі. Негізінде жергілікті желілер үшін үй стандартты топология: шина, сақина және жұлдыз қолданылады.

Жоғарыда аталған құрылымдарды қисындастыру жолымен пайда болған құрылымдар да бар.

Шиналық (желілік) топологияда компьютерлер магистраль немесе шина деп атау қабылданған орталық кабельге қосылады. Бұл қосылыс компьютердің әр түрлі құрылғыларын біріктіруге ұқсас.

Сақина түріндегі топология шиналық топологияға ұқсас, бірақ магистральдардың сандары тұйықталған сақина құрап, қосылған. Шиналық және сақиналық топологиясы бар желілер өте үлкен қашықтықтарды (бірнеше ондаған километрлерді) алады.

Жұлдыз түріндегі топологияда барлық компьютерлер бір орталық машинаға қосылған, ол әлбетте, өзіне қосылатындарға қарағанда қуатты.

Ол желіде жетекші рөл атқарады, өйткені желінің қалған басқа компьютерлері арасындағы барлық ақпарат ағыны орталық компьютер арқылы өтеді. Мұндай топология үшін шағын ауқымдар тән.

Топологияның әрқайсысының өз артықшылықтары мен олқылықтары бар. Сондықтан компьютерлерді жобаланатын желіде қосу тәсілін мамандар мұқият ойлап-толғануы тиіс. Негізінде, желіде тек қаралған стандартты схемалар ғана қолданылып қоймайды, ұйымның өркендеген нақтылы ерекшеліктерін ескеретін сан түрлі ықтимал амалдар да пайдаланылады.

Аймақтық есептеу желісі. Егер желі бүкіл қаланы қамтыса, ол онда аймақтық есептеу желісі (АЕЖ) болып саналады. АЕЖ-желілердің ең жаңа түрі. Аймақтық желілер бірнеше облыстарды, сонымен қатар тұтас елдер мен континеттерді қамти алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желінің анықтамасы
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Компьютерлік желі түсінігі
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері
Компьютерлік желіні үйрету
Жергілікті желі
Компьютерлік желілердің құрылуының жалпы прициптері
Ауқымды компьютерлік желі
Дербес компьютерлердің желілері
Жергілікті компьютерлік желі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz