Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
1.1 Мәміле ұғымы ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мәміленің нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Мәміленің түрлері ... ... ... ... ... ... ... .19
1.4 Мәміленің жарамдық шарттары ... ... ... ... ...21
1.5 Жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..29
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай мәміле түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.
Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын мәміле түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да бар.
Осы жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев, Ғ.А. Жайлиннің және тағы басқа авторлардың еңбектерін қолдандым. Азаматтық кодекстің баптарын басшылыққа алдым. Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен тоқтатылатына дейін байыптап шықтым. Сонымен қатар біздің еліміздегі мәмілелердің азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.
нормативтiк актiлер тiзiмi:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж (өзгертулермен толықтырулар 07.10.98 ж) Алматы: Жеті Жарғы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы, ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж
арнайы әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. Оқулық. 1-том. Алматы «Жеті жарғы» 2001ж.
2.Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы. Егемен Казақстан, 28 тамыз 2009.
3.Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары. Қазақстан Республикасы Парламентінің 2007 ж., №10, 68-құжат. – Астана: «Елорда» баспасы, 2009. 1 б.
4.«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. Желтоқсан, 2012 ж. www.akorda.kz/
5.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім 27 желтоқсан, 1994 жыл. 56-318 б.
6.Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Жалпы және ерекше бөлім: практикум. Алматы: Заң әдебиеті, 2003. 222 б.
7.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.
Оқулық. Ерекше бөлім.І-ІІ том. - Алматы, 2003.
8. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Алматы, 2001. Т. 1. —376 б.
9. Батырбаев Н.М. ҚР азаматтық құқығы. Оқу құралы. Түркістан, 2007.
10. Б.Әбдірайымов. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. Алматы, 2001 ж.
11.Формы гражданско-правовых договоров, используемых в хозяйственной деятельности (образцы с комментариями) /Сост. В. Ермаков, 12.Л.Амирсеитова.-Алматы: ӘділетПресс, 1997.-103с.
13.Сулейменов М. Договор в гражданском праве Республики Казахстан: проблемы теории и практики. // Мир закона.- 2000.-№ 6. С.2-8.
14.Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: общие положения, М. 1997г.
15.Басин Ю.Г, Сделки, Алматы, 1996 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
1.1 Мәміле
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мәміленің
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .11
1.3 Мәміленің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19
1.4 Мәміленің жарамдық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.21
1.5 Жарамсыз
мәмілелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29

Кіріспе

Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда
өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы
қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке
тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай мәміле түрлерінің
өзгеруімен байланыстырамыз.
Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың
арасындағы елеулі роль атқаратын мәміле түрлерін, олардың түсінігі мен
маңызын ашып көрсету.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын
реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын
реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-
тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген
нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да
бар.
Осы жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев, Ғ.А. Жайлиннің және тағы басқа
авторлардың еңбектерін қолдандым. Азаматтық кодекстің баптарын басшылыққа
алдым. Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен
тоқтатылатына дейін байыптап шықтым. Сонымен қатар біздің еліміздегі
мәмілелердің азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.
Қазақстан Республикасы Коституциясының 1-шi бабында: Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның құқықтары мен
бостандықтары деп жазылған.
Мәміле – заңды әрекет, ол арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда
болуына, тоқтатуына немесе өзгертілуіне бағытталған.
Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау
нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Сонымен, мәміле дегеніміз – ерік актісі. Онда азаматтық құқықтық
қатынастардың еркі көрінеді. Бұл арады ерік саналы мақсатқа жету үшін
белгілі бір құқытық салдарды туғызуға бағытталған, яғни өздерінің
шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды
өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады.

1.Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
1.1 Мәміле ұғымы
Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда болу көзіне
заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет жағдайын көрсетеді.
Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды фактілер болып
табылады. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 147-ші
бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры мен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді
анықтайды.
Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін бірнеше
керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді.
Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі. Яғни әрекет
пен оқиғаға бөлу субъектілер еркіне байланысты болады.
Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет: өзімен бірге заңды
нәтижелер әкелетін адамның сыртқы еркін жеткізу
Әрекет- бұл жеке немесе заңды тұлғалардың еркі көрініс табатын заңды
фактілер (мысалы, шарт жасау). Осы жағдайларға сәйкес оқиғалар адамдардың
еркіне тәуелсіз заңды фактілердің болуына әкеліп соғады (туу, өлунемесе
адамның дертке ұшырауы, соғыстар, көтерілістер және тағы сол сияқты
жағдайлар). Осылардың қатарына стихиялық апат мінезіндегі барлық оқиғалар
жатады, яғни өрттер, су тасқындары, дауылдар және тағы басқалары. Бұл
түсінікте мәләленің оқиғадан айырмашылығын айтуға болады, өйткені ҚР АК-нің
147-ші бабына сәйкес мәмілелер деп азаматтар мен заңды тұлғалардың
азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттер танылады.
Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне бағытталуы заңды
әрекеттерге қайшы келеді, яғни субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің
болуына қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді. Мәмілелер үшін
субъектілердің еріктерімен әрекет қабілеттері болуы керек , бұл туралы
төменде толығырақ айтыла кетеді.
Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз болып. Заңды –
яғни орындалатын мәмілелердін барлығы заңдардағы талаптар мен құқық
қағидасына сәйкес келуі керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі
әрекеттер жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат жасау,
шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы басқалары. Мәміле, заңсыз
әрекеттерге қарағанда , яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
бұзатын, ол заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы талаптарға
сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп соғады (ҚР АК-нің 157-
162баптарына сәйкес) және заңды нәтижелер болмайды.
Мәмілелерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының актілерінен айыруымызға тиістіміз. Мемелекеттік органдармен
жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық құқықтары мен
міндеттерінің пайда боуының негізі болып саналады (ҚР АК-нің 7-ші бабы).
Бірақ Азаматтық кодекстегі мәмілелер туралы ереже оларға жатпайды. өйткені,
берілген органдардың актілері императивтік мінезді, ал құқықтық қатынас
субъектілері тең құқылы болмайды, мұндай жағдай ҚР АК-нің 1-ші бабында
бекітілген азаматтық заңның негізіне қайшы келеді.
Жоғарыда айтылып кеткеннен басқа ҚР АК-нің 147-ші бабында көрсетілген
мәмілелер- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттемелерін белгілеугі, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған
әрекеттер. Басқа да азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеуге,
өзгертуге немесе тоқтатуға, құқық саласы мен құқықтық қатынастарды реттеуге
бағытталған ерікті актілерден мәмілені ҚР АК-нің 147-ші бабында белгіленген
мәселелер анықтайды. Мысалы, жұмысқа тұру туралы өтініш тұлғаның ерікті
актісі болып саналады, яғни ол Еңбек туралы Заңмен реттелетін құқықтық
қатынастардың пайда болуына бағытталған.
Мәміленің заңды фактілерден айырмашылығының негізгі белгілеріне
осылар жатады.
Жағарыда атап көрсетілгендерден шығатын болсақ, мәмілелердің ұғымы
және олардың негізгі белгілеріне толығырақ тоқтала кетейік.
Мәміле заңды фактілердің бірі, дәлірек айтсақ ол- заңды, ерікті,
саналы және анықталған құқықтық мақсатқа жетуге бағытталған заңды әрекет.
Мысалы, сатып алу-сату мәмілесінде сатып алушы затты өз меншігіне түсіруге
тырысады.
Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін , ол мәміле заңдағы
барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда
болады: жалпы және арнайы. Арнайы талап- азаматтық-құқықтық мәмілелердің
анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тектік немесе
түрлік жағына қарамастан мәмілеге таратылады. Осындай төрт талаптарды айыра
білуіміз керек:
1. мәміленің субъектілік құрамын;
2. ортақ еркін және еркін білдіруді талап ету;
3. мәміленің мазмұндылығын талап ету;
4. мәміле формасын талап ету.
Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды.
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны тек құқық және әрекет
қабілеттілігі бар тұлғалар жасай алады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ҚР
АК-нің 13-ші бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару
қабілеті барлық азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс
болған соң тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілеттілігінің бірдей бағамында
барлық азаматтар бола бермейді. Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда,
өзінің әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін
қабілеттілігене байланысты болады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, жас
шамасы мен медициналық негізде азаматтардың әрекет қабілеттілігін бес топқа
бөлу көз қарастары бар, олар:
1. толық әрекет қабілеттілігі бар адамдар;
2. 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі;
3. ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдар (6жастан 14жасқа дейін);
4. шектеулі әрекет қабілеттілігі бар азаматтар;
5. әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтардың өз еріктерімен
азаматтық құқықтарға ие балуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық
міндеттер жасап , оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет
қабілеттілігі) кәмелеттке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін
толық көлемде пайда болады (ҚР АК-нің 17-ші бабы). Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 22-ші бабына сәйкес он төрт жастан он
сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап
алушаларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің
нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген
нысанға сәйкес келуге тиіс. Осы аралықтағы кәмелетке толмағандар өздерінің
табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған
интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-
ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы. Басқа да мәмілілерді олар ата-
анасынын, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының жазбаша түрдегі
келісімімен жасай алады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін
мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, олардың атынан ата-
анасы, асырап алушалары немесе қорғаншылары жасайды. Жасөспірімдер
өздерінің жасына лайықты , жасай салып орындалытын тұрмыстық ұсақ
мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (ҚР АК-нің 23-ші бабы). Ал жүйке
ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне
алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттігі жоқ
деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншы белгіленеді. Әрекет
қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы
жасайды (ҚР АК-нің 26-шы бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 35-ші бабына сәйкес
заңды тұлғалардың азамттық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе
құрылтай құжаттарында тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыру
үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады (ҚР АК-нің 35-ші бабының 2 тармағы).
Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі өз әрекеттерін және өзіне құқықтар мен
міндеттерді құру мен байланысты.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың заң
актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы
заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе
шектелуі мүмкін (ҚР АК-нің 35-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Сөйтіп, олар
әртүрлі мәмілелерді жасауға құқылы, тек ол мәмілелер заңмен тиым салынбаған
болуы және өздерінің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға қарсы
келмейтін болуы керек.
Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады (ҚР АК-нің 35-бабының 1-
тармағының 3-бөлігі). Мәміле жасаған кезде заңды тұлғаның еркін оның органы
немесе өкілі білдіреді. Егер орган немесе өкіл өздеріне берілген өкілет
бойынша ғана әрекет жасаса, онда заңды зардаптар заңды тұлғаның өзінде
пайда болады.
Осылайынша, нақты мәміле жасау үшін мәміленің әр тараптары заңмен
талап етілетін құқық субъектісіне сәйкес келуі керек, яғни олардың
әрқайсысында сәйкес көлемде әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі
болуы керек.
Құқықтар мен міндеттемелердің жүзеге асырылуы құқықтық қатынастың
пайда болу еркіне қарамастан, қатысушылардың ерікті актілерінсіз мәнсіз
болуы айқын. Мәміледе басқа да ерікті акт сияқты ерік пен ерік білдірудің
қабысқанын талап етеді. Маған не керек?- деген сұраққа ерік жауап береді,
ал ерік білдіру: Мен ол үшін не істеп жатырмын? деген сұраққа жауап
береді. Қойылған мақсатқа жетудің екі түрі бар детерминирлік
(детерминированное) және дәлелді: мысалы, тұлға өзін қартайғанда немесе
ауырған жағдайда қамтамасыздандырылған болғысы келеді. Алайда, ерік және
оның себептері заңды мәміленің заңды көрінісін білдіреді және өзінің заңды
мағынасына оның ішкі және сыртқы әрекеттері білінгенде ие болады.
Сондықтан, тұлға мақсатына жету үшін өмірін сақтандыру мәмілесін жасайды.
Осыдан мынаны түсінуге болады, яғни ерік білдіру мәміленің ең негізгі
элементі.
Мәміледегі ерік субъектінің мақсатына жету ғана емес, ол нәтижесінде
мәміле жасау болып табылатын жүріс- тұрысын психикалық тұрғыда реттеу. Ерік
білдіру объективті әрекетіне зорлау, өтірік алдау, қорқыту және тағы
басқалары әсерін тигізбейді, ол тек қана субъектінің еркіне әсерін
тигізеді. Оның мәжбүрлі түрде қабылдайтын шешіміне немесе психикалық
реттелетін әрекеттерге. Зорлау кезінде тұлға өз еркінен айырылады, оның
еркін мәжбірлі түрде басқа біреу ауыстырады және бірінші тұлға басқа
біреудің қолында ерік білдіретін құралы болып қалады. Осы жағдайлардың
барысында зорлау, яғни мәжбүрлі түрде жасалған заңды әрекет ерік білдіру
деп саналуы мүмкін емес. Бұл жағдайда субъектінің еркі ерік білдіруге
сәйкес келді деп айтуға болмайды, өйткені мәжбірлеу заңды талаптарға қайшы
келеді. Егер мәміле жасаған кезде тұлғаның еркі басқа тұлғаға тәуелді боса,
яғни екінші бір тұлға оны қорқытып, зорлап немесе алдау арқылы мәміле
жасауға мәжбүрлесе, онда бұл мәміле жарамсыз болып саналады. Осы
жағдайларды айта келе мынадай шешім қабылдауға болады, Тұлғаның
субъективтік мақсаты объективтік көрініс табуына сәйкес келсе мәміле
жарамды болады.
Мәміле субъектілерінің еріктері қоғамға түсінікті болу үшін, мағынасы
объективті түрде боуы керек. Субъектілердің еркін айқындау, бекіту және
куәландыру әдістерін мәміле формалары деп атайды формасын сақтай отырып,
құқықтар мен міндеттер туғызады, сондықтан да мәміле формаларына заң өзінің
талаптарын ұсынады. Жалпы ерік білдіру ережесі түрінде анықталған форма
әрекетін қолданады. Бұл форма әрекеті арнайы сөздерден тұрады. ҚР АК-нің
151-бабының 1бөлігінде көрсетілгендей мәмілелер ауызша немесе жазбаша
нысанада жасалады. Жазбаша нысанда жасалған мәміле міндетті түрде жай
немесе нотариалды болады. Мәміленің нотариалды куәлендырылуы міндетті
түрде:
1. заңда көрсетілген жағдайларда
2.заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландарғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады (ҚР АК-нің 1-бөлігі).
Бұлардан басқа ерік білдірудің тағы екі әдісі бар. Кей кезде ерік
туралы бір тұлғаның мінез- құлқын жанама түрде әңгіме қылуға болады,
мысалы, биржадағы брокерді сәйкесінше жағдайда конклюдентті болып келеді,
яғни шешім қабылдауға болатын жағдайлар. Үндемеу, яғни өз ойын білдірмеу
осыған ұқсас рольді алады. Сондықтан да заңда немесе екі тараптың
келісімдерінде үндемей қалу немінені білдіретіні, яғни қандай мағынада оны
түсіну керек екені міндетті түрде көрсетілуі керек (үндемеу жоқ немесе
иәдегенді білдіреді). Мысалы, егер шартқа отырған кезде ай сайын
анықталған көлемде бір затты сатыпалушыға сатушы әкеліп отыратын болса және
келесі айда тұтынушы сатушыға ол затты әкелмеуі туралы мәлімдемесе, онда
осы жағдайда үндемеу иә дегенді білдіреді.
Мәміле үшін оның құқықтық жағдайы мен мақсаты сай келуі қажетті.
Мәміле жасаушы субъектілердің мақсаттары ол – меншік құқығына ие болу және
тағы басқалары. Бұл мәмілелер қатарына моральді және тұрмыстық келісімдер
жатпайды.
Әр мәміле түріне оның құқықтық мақсаты тән. Мәмілелер осы құқықтық
мақсатпен ғана жасалады және мәміленің негізі деп аталады (causa). Мәміле
негізі заңды және орындалатын болуы керек.
Заңды мақсаттарды ( мәміле негізі) мәміле субъектілерінің әлеуметтік-
экономикалық мақсаттарымен ауыстыруға болмайды. Әлеуметтік-экономикалық
мақсаттардан субъектілер еркі құралады: азаматтар материалды және діни
қажеттіліктерін мәміле арқасында қамтамасыз етеді. Олардың заңзы мақсатпен
жіктелуінің негізгі екі себептері бар:
1. Әр түрлі құқықтық мақсаттарды іске асыру арқылы сол бір әлеуметтік-
экономикалық мақсаттарға жетуге болады.
2. Субъектілердің, мемлекеттің және қоғамның мүдделеріне қарсы келетін
әлеуметтік-экономикалық мақсаттары бар мәмілелер жүзеге асса, олар жарамсыз
болып саналады.
Мәміленің заңды мақсаттарын мәміленің орындалу себептерінен ажырата
білуіміз міндетті түрде қажет. Себеп айқындалған қажеттілік пен түрткі. Ол
мақсаттың пайда болуының ірге тасы болады. Сондықтан себеп, субъектілердің
мәміле жасауларына түрткі болады және құқықтық компоненті болмайды,
құқықтық компоненті мәміленің құқықтық мақсаты болып саналады, яғни
мәміленің негізі. Себептерді есепке алу, азаматтық айналымның тұрақтылығын
ойсырату деп есептеуге болады. Осылайша тараптар келісе отырып, себепке
құқықтық мағына бере алады. Мұндай жағдайда себеп мәміле элементінің біріне
айналады, яғни шартқа.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мәміле- заң талаптарына сәйкес жүзеге
асатын заңды әрекет. Мәміленің заңдылығы – ол мәмілеге отырған тұлғалар
қолданған заңмен анықталған нәтижелерге және заңды фактілерге ие әрекет.
Сондықтан заң талаптарына сай жасалған мәміле жүзеге асыруға болатын заңды
факт болып есептеледі және мәміле тараптары өздеріне жағымды құқықтық
нәтижелерін күте алады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарына заңды әсерін тигізетін негізгі құрал
ол құқық пен міндет. Мәміледен шығатын азаматтық-құқықтық қатынастар үшін
уақытты дұрыс санау маңызды орын алады.
Азаматтық құқықта мерзім деп- анықталған уақыттың бір бөлігін айтады.
Бұл уақыт әр түрлі анықталады-күнтізбелік мерзіммен; жылдармен; айлармен;
апталармен; күндермен; сағаттармен саналатын мерзімнің уақытына жетуімен;
және де бір жағдайдың тууына байланысты есептелетін мерзім.
Азаматтық заңмен белгіленген мерзімнің келуі немесе өтуі, әрқашан да
құқықтық нәтижелерге әкеледі. Бұл нәтижелер азаматтық-құқықтық
қатынастардың тууымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты болады.
Сондықтан да заңдылық табиғаты бойынша мерзім заңды факт болып есептеледі.
Алайда ол екі табиғатқа ие: біріншіден, заңды мерзімдер заңмен, әкімшілік
актілермен, тараптардың келісімімен және де құқықтық жан-жалды қарастыратын
органдармен бекітіледі. Бұл аталғандардың барлығы сәйкесінше шағуы бойынша
ерікті болуға тиісті. Ал екіншіден мерзім, уақыт ағымының объективті заңына
бағынады. Осылайша құқықтың табиғаты бойынша ерікті бола тұра, заңды
мерзімге уақыт ағымының объективті заңының белгілері де тән. Осы жағдайға
сәйкес заңды мерзімдер, өзімен заңды фактілердің ерекше категориясын
ұсынады, бұл фактілер оқиғалармен әрекеттерге жатпайды.
Мәмілелерді мерзімді есептеу жалпы ережелермен жүзеге асырылады,
жалпы ережелер азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеу үшін бекітілген.
Мерзімдер осылайша анықталады:
1. Заңда немесе келісім-шарттағы анықталған мінез құлқы бойынша;
2. Тағайындауы бойынша.
Мерзімдердің бірінші категориясына жататындар, империативтік және
диспозитивтік, анықталған және анықталмаған, жалпы және меншікті, уақыт
үзігі түрінде анықталатын және уақыт жиелігі түрінде анықталатын, және тағы
басқалары. Тағайындауға байланысты мезімдердің мынадай түрлерін қарастыруға
болады, азаматттық құқықтырды тудырушы, азаматтық құқықты жүзеге асыру
мерзімі міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері.
Азаматтық құқықтың пайда болу мерзімдері – ол жаңа азаматтық құқықтың
пайда болуымен байланысты туындайтын және өтетін мерзімдер , яғни құқық
тудырумен байланысты мерзімдер.
Азаматтық құқықтырда жүзеге асыратын марзімдер деп- бір мерзім ішінде
құқылы субъект өзіне тиісті құқықтарды іске асыруға немесе міндетті
тұлғадан өзінің құқығын іске асырумен байланысты анықталған әрекеттердің
орындалуын талып етуге құқылы. Берілген мерзімдердің ішінен келесілерді
айырып тану керек: азаматтық құқықтардың болу мерзімдерін, қиылысуларын,
кепілдемелік және талып етушілік мерзімдерін. Азаматтық құқықтардың болу
мерзімін тағайындау ол өкілетті тұлғаға өзінің құқықтарын жүзеге асыру үшін
берілген уақыт. Қиылысушы мерзімге байланысты, мұндай мерзімдер азаматтық
құқықта көп емес. Мәмілелер үшін ең қажетті мерзім ол-кепілдік мерзімдері
болып табылады. Кепілдік мерзімі ішінде әзірлеуші (жабдықтаушы, мердігер)
заттың тоқтаусыз қызмет көрсетуіне кепіл болады. Ал тұтынушы берілген
мерзім ішінде заттың кемістігін тауып алатын болса немесе сол зат керексіз
болып сынса, онда әзірлеуші заттың орнына басқа зат беріп ауыстыруға немесе
заттың кемістіктерінің орнын толтыруға міндетті. Берілген мерзімдер
стандарттармен , техникалық шарттарман немесе тараптардың келісімдерімен
бекітіледі. Пайдаланудын, сақтандырудың, пайдалану мерзімдерінің және тағы
басқаларының кепілдік мерзімдерін анықтайды. ¦зақтығы бойынша олар әр түрлі
болады, бірақ олар өнімнің қажетті сапасын қамтамасыздандыратын құрал болып
есептеледі.
Міндеттемелерді орындау мерзімі заңмен және келісімдермен
қарастырылады. Бұл мерзімдер ішінде борышкер міндеттерін құрайтын
әрекеттерді жүзеге асыруға тиісті. Міндеттемені атқару мерзімен бұзу,
мүліктік жауаптылықты қолдануға әкеліп соғады. Егер борышкер
міндеттемелерін орындау мерзімін өткізіп алған болса, онда екінші тарапқа
мерзімін өткізгенде келтірілген шығындарының орнын толтыруға міндетті.
Осылайша мерзімдер азаматтық айналымда тәртіптілік орнатады, келісім-
шарттың уақытында орындалуына түрткі болады.

1.2 Мәміленің нысаны
Мәміле еріктің мәлімдеуінен туындайтын құқықтық мәнге заңмен
бекітілген нысанда болып қабылдануы мүмкін. Мәмілеге қатысушыларының ерік
білдіру әдісін мәміленің нысаны деп айтады.
Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Егер мәмілеге
қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған
мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле, ауызша жасалған болып
есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша
құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып алғаннан кейін анықтайтын
құжат және т.б.) сондай-ақ жетонг, билет сияқты растайтын белгілер
ұсынылады . Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп кетер ештеңе жоқ.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық)
немесе өзге де белгілі нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар
жасалған кезде атқарылытын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай
мәміле адамның мінез-құлқына оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған
ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзгеде растайтын белгі
арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде
жасалған болып танылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле, жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер
заңдарға қайшы келмесе,тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.
Заңға қарсы және тараптардың келісілген реттерден басқа ауызша нысандар
жасалуы мүмкін.
Конклугентті әрекет (латынша concludere-жасау) сол арқылы тұлғалардың
мәмілеге қатысуға ниетін білдіру әрекеті мәселен азамат автоматқа ақша
салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді. Мәміленің ауызша
нысаны даулар туған жағдайда жарамды мәміле жасалды ма, шартты болды ма
деген мәселелер бойынша жеңілдіктер туғызады, бұл жағдайда құқықтық
әдістермен де куәгер айғақтарымен де дәлелденуі мүмкін. Мәмілені жасауды
рәсімдеу сияқты, мәміленің өзгертілуі орындалуы немесе тоқтатылуы
рәсімделеді. Бірақ кейбір жағдайларда нормативтік актілердің тікелей жарғы
беруі күшінде немесе тараптар қалауымен заңға қайшы келмейтін, келісім шар
жазбаша нысандар жасауға әрекет жасау ретімен орындалады,яғни мәмілені
жасау құжаты жазбаша жасалған ретте,әр әрекетті рәсімдейтін.
Мәмілелердің жазбаша түрі өз кезегінде жай және нотариалдық болуы
мүмкін.
Жазбаша келісім шартының графиктік белгілеу жолымен ресімделуі,
сағаттық график бойынша сатыпалушыға тауарды әкелуді қарастыратын,
жеткізілім орындалуы, растайтын белгі және т.б. осы тектес болғанда
беріледі. Қарызға беру келісім шарты бойынша ақша беру жазбаша ресімделеді,
кредиторға қарызданушыны қол хат беру арқылы. Қандай да болмасын жазбаша
рәсімделусіз келісім шарт орындалған кезде қолхат қайтарылады. АҚ 151
бабында ауызша мәміле нысаны мәміленің көлемді шеқте жасалу жіберілген, ал
152 бапта қатаң шектеулер қойылған, мәміленінің жазбаша нысанына қажетті:
- егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінді жүзеге асырылатын: - мәмілелерді жасау кезінің
өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға: -
заңдарды немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде жазбаша
түрде жасалуға тиіс. Мәміленің маңызыды жеткіліктілігі, жазбаша нысанның
сәйкестігімен анықталады. Мәміле қатысушыларының мүдделерінің берік
қорғанысын қамтамасыз етеді және бухгалтерлік есептің дәл жүйесін
қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік іс жүргізгенде жасалған мәміле жазбаша нысанды талап
етеді.егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше
туындамаса, жазбаша түрде жасаған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері
қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің
талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимелдік
көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тарапта қол қойған құжаттарда
алмасу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жедел хат, телефон жазба, телетайп
жазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілердің және олардың ерік
білдірудің мазмұнын анықтаудың һөзгеде құжаттар алмасуы, егер заңдар немесе
тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған
мәмілеге теңестіріледі. Заңдар мен және тараптардың келісімімен қосымша
тараптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда,
белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөр мен бекіту сәйкес келуде және
оларда осы тарптарда орындамау салдары көрсетілуі тиіс. Егер азамат дене
кемтарлығы сауатсыздығы немесе науқастығы салдарынан өзі қол қоя алмаса,
оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қояды. Соңғысының қойған
қолы, егер заңдар да өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық
әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмілені жасау үшін өзі қол
қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің
өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған
тараптың да осындай құқығы бар.
Жазбаша нысандар жасалуға тиіс:
- Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттердің нысанына
қарамастан, жазбаша тұрде жасауға тиіс. Жазбаша нысанның
сақталмауы айыпталу туралы келісімінің жарам сыздығына әкеп
соғады.
- Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдық сомасына қарамастан
жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндетеме
нотариалдық жол мен куаландырылуға тиіс болатын жағдайда да
қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау
кепіл пұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.
- Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда
жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік
немесе кепіл болушылық шартының жарамсыз болуына әкеп
соқтырады.
Егер кепілдік беруші немсе кепіл болушы борышқордың міндеттемені
орындамауы өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрде
хабарласа, ол несие беруші кепілдік берушінің немесе кепіл берушінің
ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болатын қажатті уақыт ішінде бастартпаса
, кепілдік немесе кепіл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп
есептеледі. әдетте жазбаша мәміле бір құжатты жасау жолымен жасалынады,
тараптан немесе олардың өкілдерінің қолы қойылатын, егер іс жүргізу
айналымында бақаша көзделмесе.
Мәмілемен жазбаша нысанда жасау жиі хатпен, телеграммамен,
телефонограмма мен жасау қолданылады, шарт жасаудың іс жүргізу кезеңдерінде
аферта және акцепт рәсімделеді. Шарт жасасу туралы бірнеше нақты жақтарға
жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған
жақтың ол қабылдаған жағдайда өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі
ниетін көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шартты елеулі ережелері
немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп
танылады. Оферта оны жіберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап
байланысты етіп қояды.
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе
онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. Егер офертаны
қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе,
оферта өзінде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнімен немесе ол жасалған
жағдайдан туындамаса , алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін
белгіленген мерзім ішінде қайтрып алуға болмайды.
Акцепт толық әрі бұлтарсыз болуға тиіс. Егер заң құжатынан, іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардан бұрынғы іскерлік
қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауапқайтармау акцеп болып табылмайды.
Егер акцептті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акепттің
өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі.
Мәміленің кейбір түрлерін жасау үшін бірдей және типтелген(үлгі
ретінде) нысандары қолданылады (тасмалдау, сақтандыру, қарызға тауар сату)
мысалы жария шарты, қосылған шарт тәжіребиеде бола алады.
Комерциялық құқығымен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай онай
өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын таурларды сату,
жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттерін
белгілейтін шарт жария шарт деп танылады, бөлшек сауда, көпшілік
падаланылатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен
қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және тағы басқа.
Комерциялық ұйымның заңдарға көзделген жайғдайлардан басқасында, жәрдем
шарт жасасу жөнінде біреуге басқалардан артықшылық жасалуға құқығы жоқ.
Тутынушылардың кейбір категорияларына женілдік беру заңдармен жол берілетін
жағдайларды коспағанда, тауарлардың жұмыспен қызметтін бағасы сондай ақ
теория шарттың өзге ережелері тутынушылардың бәріне бірдей болып
белгіленеді. Тутынушыға тийісті тауарлар ұсыну мүмкіншілігі бола тура
комерциялық үйымның жария шарт жасаудан бас тартуына жол берілмейді
ережелерін тараптардың біреуі формулярды немесе өзге стандартты нысандарда
белгіленген және басқа тарап оны ұсынған шартқатұтастай қосылу жолы деп
қабылдай алатын шарт қосылу шартты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға
қайшы келмейтінімен, бұл тарапты осындай шарттар ойынша берілетін
құқықтардан айыратын болса немесе міндеттемесі бұзған үшін басқа тараптың
жауапкершілігін жастын немесе шектейтін болса не қосылған тарап үшін онда
оның қйындық келтіретін, шарттың талаптарын белгілеуге қатысатын
мемлекеттін мүдделерін негізге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары
болса шартқа қосылған тарап шартты бүзуды талап етүге құқылы.
Бұндай жағдайда құжат мәлімне көрсететін, бірдей белгіленген нысанда
құрылады, типтік немесе үлгі ретінде. Бұл реттегі құжаттар өңделеді,
сатушымен немесе жұмыста орындаушымен немесе қызмет өкілі мен. Тараптардың
өзара келісіммен құжатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің жарамсыздығы
Жазбаша мәмілелер
Мәміле ұғымы
Мәміленің жарамдық шарттары
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Мәміленің белгілерін қарастыру
Шартпен жасалған мәмілелер
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Мәмілелер туралы
Пәндер