Мектептегі қиын балаларды қайта тәрбиелеу іс-әрекеттері


6. Мектептегі қиын балаларды қайта тәрбиелеу іс-әрекеттері және оларды қайта тәрбиелеу әдістері.
Қиын балаға жасалынған қандай бір педагогикалық ықпалдарға оның іштей қалай қарайтындығын білу маңызды шара болып табылады. Неғұрлым оқушылардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле білсек, соғұрлым қиын баланың да мінез-құлықтарындағы адамгершіліктің шағын ғана сыр-сипатын бөлектеп алып, соған негіздей, жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай, қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:
- әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарын бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;
- әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;
- әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру;
- кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.
Мектепте әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі - этикалық әңгімелесу , ол оқушыны зерттеп таңдауда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу оқу - тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның объективті түрде ұғуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескеретін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әңгімелесуге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректілекке итермелеп, дауласуға, жанжалдасуға, дөрекілікке, қатігездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерімізде ескерген жөн.
Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Мектепте қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық әдіс - олардың бейім қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою.
Көптеген қиын оқушылардың мінез-құлықтар стереотипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамды психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді. А. С. Макаренконың бай тәжірибесін басшылыққа алып, әрбір баланың бейім- қабілетіне, мінез-құлқына сай оңды және шығармашылық қызметтерін ұйымдастырып отыру керек.
Дәлел ретінде, қиын оқушыларға жеке тапсырмалар беру мен педагогикалық талаптарды қоя білу әдістерін әңгімелесу әдісімен байланыстыра жүргізіп, қайта тәрбиелеу жұмысын өткізу өзгешеліктеріне назар аударайық. Асан 8 сынып, 15 жаста, оның өмір жолына, бағыт-бағдарына, іс-әрекетіне талдау жасаймыз.
1. Асан жайлы мінездеме алу.
2. Асанның отбасындағы қарым-қатынасын, тәрбиесін, жағдай мүмкіндіктерін білу .
3. Сынып ұжымы мен Асан арасындағы байланысты және оқуға, қоғамдық пайдалы еңбекке, қоғамдық тапсырмаларға қатысын байқау.
4. Асанның мінез-құлқындағы ерекшеліктері мен ынта-ықыласына анықтама жасау.
Педагогикалық бағдардың нәтижесі:
а) Асан ашуланшақ, көңіл-күйі құбылмалы, тұрақсыз, педагогикалық талаптарды мойындамайды. Сынып ұжымы мүшелеріне жек көрінішті болғанымен, дене күшінің басымдығына қарай оны жалған сыйлайды;
ә) екінші бір ерекшелік, Асан мадақтау мен сенім артуды ұнатпайды, спорт ойындарына еліктейді;
б) жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуына «көше» балаларының ықпалы әсер еткен. Баланың мінезінде қаталдық, менмендік, күш көрсету сияқты ұсқынсыз сипаттар қалыптасқан. Осының негізінде, бала мен шешенің арасында келіспеушілік туады.
Баланы сабау, жәбірлеу, үлкенге деген сенімді төмендетіп, мұғалімдердің талап-тілектеріне қарсы қиқарлық, тіл алмау, дөрекілік жасауға себепші болған.
Енді Асанға берілген мінездемеге сүйеніп, эксперимент ретінде қайта тәрбиелеу жұмысының мақсат-міндетін белгілейік:
- алғашқы міндет - оқушының сынып ұжымы мен педагогтерінің арасында оңды қарым-қатынастар жасау;
- екінші міндет - қиын оқушының алдына айқын талаптар қойып, сол талаптар көлемінде қоғамдық пікірлер туғызу және оны тәртіпке шақыру;
- ең соңында айтылып отырған міндеттерді іс жүзіне асыру барысында оқушының менменшіл, дөрекілік, қаталдық, қатыгездік қылықтарын жою және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау.
Бұл міндеттерді іс жүзіне асыруда кейбір әдістемелік жүйені байқауға болады.
Біріншіден, әдіс-тәсілдердің тууына бала тұрмысының жай-жапсарын, мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерімен мүмкіндігін бағдарлап тану себепші болса, екіншіден қиын баланың ұжыммен қарым-қатынасындағы елеулі жақтарын және мінез-құлқындағы басты ерекшеліктерін туғызатын себептерін тануға негіз болады. Себепті білу, баламен жеке тәрбие жұмысының дәлелді мақсатын белгілеуді міндеттейді. Алдағы тұрған мақсатты білу, Асаннан әр түрлі жеке тәрбие жұмысының жолдарын көрсетсе, ең алдымен, тәрбие жолын білу сынып жетекшісінің белсенді түрде тәрбиенің айқын тәсілдерімен баланың ішкі қатынастар жүйесін қалыптастырып, соның негізінде оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне жағдай туғызды. Әрине ұйымдастырылған педагогикалық процесте қиындықтар болғаны белгілі.
Сонымен, әрбір педагог қиын оқушының дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын ескеріп, айқын, нақты талаптар қояды. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптар мен тапсырмалар оқушылардың жағдай мүмкіндіктерімен, қабілет-икемділіктерімен сәйкестенуі шарт.
Қайта тәрбиелеу процесінде өз орнын тауып келе жатқан әдіс- педагогикалық иландыру. Көп жағдайда этикалық тақырыптарға түсіндіру, әңгімелесу тәсілдерін қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Қиын оқушының моральдық-эмоциялық күйін туғызып, жанамалы түрде оны нақтылы пайдаланып, оның алдына айқын мақсаттар қоюда педагогикалық иландырудың орны бөлек. Егерде айқын мақсат шамалы болса да оқушының санасына жетсе, оның тұрақты қабылдануына педагогикалық жағдай жасап, саналы іс-әрекеттерінің дәлеліне айналдыруға болады.
Педагогикалық иландырудың екінші бір ерекшелігі қиын баланың психикасына қатты әсер ететіндігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру т. б. ) байқаймыз. Әрине бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Педагогикалық иландыру факторы ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген оқушыларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялы түрде болғанымен де белгілі мақсатқа негізделінеді.
Еріксіз, стихиялы түрде иландыру тәсілін қолданғанда, оны алдын-ала жоспарламай, еріксіз сипатта жүргізілінеді. Бұл тәсіл қиын оқушының дөрекі қылықтарынан кейін артын суытпай, педагогтың ақыл-кеңесін, талап-тілегін қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын айтамыз.
Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялық тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер оқушының интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал керісінше, иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффективтік күйде болғанда еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені қиын оқушы қатты ашуланғанда өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.
Мақсатты түрде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ең басты әдісі - «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Бұл әдістің мәні - қиын балалардың «көше» жолдастарымен қарым-қатынасына тыйым салып, байланыстарын үзу. Айтылып отырған тәсілді іс жүзіне асырудың мектеп практикасында бірнеше жолдары бар.
Соның бірі - территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру. Қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектептерді алмастарғанымен қиын балалар бір-бірін тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасылардың басқа қалаларда, аудандарда туыстары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл - жағымсыз достық байланыстығы қиын балаларға екі жақтан да кездесулеріне тыйым салу.
Бұл тәсілді негізінде үш жағдайда қолданған орынды:
- Қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар іс жөніндегі инспекциясы тоқтата алмағанда;
- Ата-ана мен педагогтар баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде;
- Жеткіншектің «көше» жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда т. б. өте сақтықпен тыйым салу тәсілін әдістемелік шеберлікпен қолдану қажет. Әрине, бұл сәтте педагогтың, ата-ананың орган қызметкерінің беделі болуы шарт.
Екінші әдіс - моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тиым салу тәсіліне қарағандағы артықшылығы - баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы, қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін былайша айтқанда темекі, наша тарту, арақ-шарап ішу, оқуға бармау, қаңғыбастықпен айналысу, ұрыс-керіс, дау-жанжал шығару істерін ата-ана, аға-іні, қарындастары, туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай отбасында айыпталынады.
Сонымен қатар, педагогикалық ұжым, құрбы-құрдасы, орган инспекциясы, аула көршілестері де бөтен оқушының арына тигізбей айтпаса, бұл істер нәтижесін бермек. Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жасөспірім болмасын өзі сыйлайтын сыныбындағы құрбыларының талап-тілектері мен пікірлерін жерге тастап кетпейді.
Үшінші әдіс - қиын баланың бағдарын, мақсатын-міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні - оқушы қателігін түсінгенімен, өмір тәрбиесінің жоқтығынан өзін қалай ұстап жүрудің жолын біле бермейді. Осы педагогикалық жағдайды дер кезінде байқаған педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын құруға көмек береді.
Қиын балалар (реципиент) мен көше жолдастарының (коммуникатор) аралықтарындағы теріс қарым-қатынастардың эмоциялық және романтикалық әсерлігі жағынан, олардың ойларынша «өте қызық» саналынады. Сол себептен олар бір-бірінен қол үзбей жиналып, бағыттарын мақсатсыз, тек қанағат алумен өткізген. Әртүрлі топтар «фанаттар», «роккерлер», «попперлер», «каратист», «кунфу», «панктер» ірі және кіші қалаларда, аудандар мен қалашықтарда кездеседі. Ал қала оқушыларының арасында «қамқорлықтардың» ықпалы әлі күшті. Топ-топ болып жиналып сүйікті командасын қолдау, ол туралы ақпараттар алу, атақты музыкалық топтарды тыңдау, қолдау, арақ-шарап ішу, наша, темекі тарту және т. б. қылықтардың аяғы ұрыс төбелеске ұласып, құқық нормаларын бұзады. Сондықтан қиын балалардың қалау-тілектерін басқарып, теріс жақтарын дәлелді ұғындырып, назарларын қоғамдық мәні бар істерге жұмылдыру қажет.
Жоғарыдағы келтіріліп отырылған педагогикалық жағдайда қолданылатын төртінші әдіс - ескі байланысты мойындамау (негативная ассимиляция) . Оның мәні - «көше» жолдастарымен қатынастарынан туған «келіспеушілікті» пайдаланып, қиын оқушының оларға деген көзқарасын өзгерту, араласудан бас тарту. Бұған қосымша қиын баланың алдына дилемалық (екінің бірі) мәселе туғызып, оның қоғамға жат бағыт-бағдарына қоғамдық мәні бар жұмыс пен рухани байлықты қарсы қою, оны өзінің таңдап алуына мүмкіндік жасау.
Жоғарыдағы әдістер, тәсілдер педагогикалық құралдар категорияларына жатады. Қиын оқушылардың ұсқынсыз әрекеттерін тікелей бағыттауға бағытталған. Бұлардың қайта тәрбиелеу процесінде алатын өз орны бар. Бірақ бұл әдіс, тәсілдерді қиын балалардың мінез-құлықтарында қоғамға жат қылықтарды әлі терең тұрақты тиянақты қалыптаспаған кездерде қолданылса, өз нәтижесін беретіндігін іс-тәжірибе көрсетуде.
Қиын жеткіншектердің қоғамға жат қатынастардың адамгершілікті жаңа қатынастарын алмастыру әдісінің мәні - олардың жүріс-тұрыстары мен мінез-құлықтарына қоғамдық мәнді бағыт-бағдарларды, талаптарды қалыптастыруда алғашқы күндерден бастап күнделікті іс-әрекеттерінде адамгершілікті әдет-дағдылар мен іскерліктерге тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.
Осыған орай, екі жақтың, яғни қиын бала мен басқа жолдастарының бастарын қосып, ара қатынастарындағы іс-әрекеттерін қоғамдағы пайдалы жұмыстар мен алмастырып, олардың бейім-қабілеттеріне байланыстыра жүргізу. Ал егер оқушының икемділіктері байқалмаса, педагог, ата-ана, орган қызметкері оның болашақ талап-мұқтаждықтарын болжай, жаңа қоғамдық мәні бар қызметтерін ұйымдастырса бұрынғы қоғамға жат байланыстары өзгертуге жағдай туғызады.
Бұл әдісті қолданудың алдында қиын оқушылармен әңгімелесіп, болашақ атқармақ жұмыстарын қажеттілігін, қандай бір еңбектің түрі болмасын жеке адамның жан-жақты қалыптасуына, өмірде өз орнын табуына көмектесетіндігін дәлелдеп, оның сана-сезіміне ықпал етуде үш негізгі шартын ескерген жөн :
1. Қиын жеткіншектің бойында болашақ атқарылмақ қызметке бейімділігі бар екендігін дәлелдеу;
2. Баланың өмірінен нақты мысалдар келтіре отырып жеке басының мүмкіндігін ашып көрсету;
3. Болашақ өміріне қажетті еңбегі арқылы адамгершіліктің жеке сипаттарын қалыптастырып, сынып ұжымында оның беделі өсетінін санасына жеткізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz