Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Орталық Азия - Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км 2 . Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т. б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 - 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 - 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.

Орта Азия.

Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттарданөте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты . Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы500С-қадейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы-10 - 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте20 - 250С, Тибет таулы қыратында100С. Аймақтың3/4 бөлігіндежылдық жауын-шашын мөлш. 100 - 200 мм, тау жоталарында300 - 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен1000 мм-денартық жауын-шашын түседі. Жылдық ммшамасында. Тау жүйелерінің көпшілігіндемұз басутаралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары:Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұз. 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км2), Убсу-Нур (аумағы 3350 км2), Балқаш (17, 7 мың км2) ; тұщы көлдері: Хубсугул (аум. 2620 км2), Хар-Ус-Нур (аум. 1486 км2), Зайсан (1, 79 мың км2), Бақырашкөл (аумағы1380 км2), Далайнор (аумағы 1100 км2) . Орталық Азияға ландшафттән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарайдала және орманды далабелдемі тараған. Шөлдіңсұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлартараған. тау беткейлеріндетаудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақтүрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік беткейлеріндетаулы-тайгалық(Моңғолия тауларында балқарағай, Куньлунь мен Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларындаевфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т. б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар дүниесінентұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарларданТибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде - Пржевальский жылқысыжабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардангималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т. б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т. б. ) солтүстігінде моңғол халықтары(халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия”ұғымын география тарихынаXIX ғасырдың аяғынданеміс ғалымыА. Гумбольденгізді.

[1] [2]

[өңдеу] Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)

Орта Азия

Орталық Азия-Кеңестер Одағының ыдырауынәтижесінде бұрынғыОрта Азия республикалары мен Қазақстан аумағындапайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақресми түрде1993 жылы 4 қаңтардаҚазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан қаласындаөткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы - жер ортасында орналасуына және бұл елдердіңтарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардыңкөп болуына байланысты.

Н. Назарбаев "Орталық Азия елдері Одағын" құруды ұсынды.

Орталық Азия аймағының аумағы4 млн. км2-денасады, халқының жалпы саны60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгіҰлы Жібек жолыныңқайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әріРесей, ҚытайжәнеТМД-ныңбасқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағындаҚытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерініңосы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияныңсаяси-әлеуметтік өміріндегіөзіне тән ерекше қасиет - олислам әлемініңбір бөлігі саналады жәнехристиан, буддизм, индуизм, т. б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші“көпір”қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев2005 жылғыҚазақстан халқына Жолдауында “Орталық Азия елдері Одағын” құрудыұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты -саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т. б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамытуболып табыла

Өткен аптада Ақтөбе облысының Шұбаршы кентінде салафиттердің жергілікті қауымдастығының мүшелері үш полицейді атып өлтірді. Бұл биылдыққа орын алып отырған бірінші ТЖ емес. Бұған дейін Ақтөбе ҰҚКД ғимаратының алдында женкештінің өзін-өзі жару оқиғасы, Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысының маңында қопарылғыш заттары бар автокөліктің жарылуы, Алматының ықшамаудандарының бірінде қантөгіс атыс болып, онда діни экстремистер қаладағы арнайы жасақ жауынгерлерінің жартысына жуығын дерлік сұлаттқан оқиғалар орын алды. Ал осы аптада - Балқаш түрмесінен қашпақшы болған тұтқындар өздерін-өздері жарды (олардың арасында кем дегенде біреуі дәстүрлі емес дін ағымының жақтаушысы) . Мұның барлығы толерантты және тыныш деген Қазақстанда діни экстремизмнің нақты қауіпі пайда болды дегенді аңғарта ма? Осы тақырыпты Кельнде Александр КРАСНЕР («Новая» - Казахстан») мен Сейтқазы МАТАЕВ (ҚазТАГ) Орталық Азия жөніндегі танымал сарапшы Виталий ВОЛКОВПЕН талқылаған еді.

- Мен екі тармағы бар «дағдарыс доғасы» туралы талайдан айтып келемін: бір тармағы Ауғанстан мен Пәкістаннан Үндістанға, ал екіншісі - Орталық Азиядан Ресейге және Кавказға қарай өтеді. Ол доғамен біресе анда, біресе мұнда бұрқ еткен от ойнап жүр. Онда бір жүйе бар. Ислам лаңкесшілері ауқымды майданда әрекет етуге тырысып, үнемі өздерінің барлығын еске салып тұрады, себебі кез келген жаңғырта жасалған лаңкестік акті тек қана жалпы назарды өзіне аудармай, жақтаушыларды да өзіне тартады. Қазақстанда лаңкесшілердің қатарына тарту базасы айтарлықтай кең. Ол тек қана қазақтар ғана емес, сонымен қатар осында жұмыс істеп жатқан гастарбайтерлер. Сіздердің территорияларыңызда Өзбекстан Ислам Қозғалысымен (ӨИҚ) тығыз байланыстағы арабтар да әрекет етуде. Бірақ олардың мақсаты Қазақстан емес, бірінші кезекте Өзбекстан және ресейлік Кавказ. Егер оларға тактикалық мақсатта Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру қажет болса, ол жүзеге асады, және оларда ондай мүмкіндіктері бар. Менің түсінігімше, сіздердің арнайы қызметтеріңіз ол жағдайды тізгінде ұстауға тырысуда.

ӨИҚ базасында Қырғызстанда әрекет етіп жүрген қайта құрылған ислам жасырын ұйымдарының жетекшілерінде позициялары күшті және әскери қимылдарға дайын деген мәліметтер бар. Дерек көздерінің хабарлауынша, бұл жаңа ӨИҚ құрамында Кавказ бен Ресейдің басқа да аймақтарынан көптеген өкілдер бар. Олардың қатары соңғы айларда Қазақстаннан келгендермен де белсенді түрде толықтырылып жатыр деген мәліметтер бар.

Жаңа ӨИҚ негізінен Пәкістанда орныққан және ISI - осы елдің ведомствоаралық барлау қызметінің қолдауында. Олар бұрынғы, 90-шы жылдың аяғында Өзбекстаннан қашып, Пәкістанда орнығып, өздері сонда ашқан лагерлерде отбасыларымен бірге тұрған ӨИҚ-дағыдай туыстық байланысқа негізделмеген. Жаңа буын, әуелім десеңіз, Ауғанстан тәлібтерін де үрейде ұстайды. Бұлар шариат тәртібін қатаң орнатып, алдымен Ауғанстанға, одан ары Тәжікстан арқылы Қырғызстанға және Өзбекстанға аттануға дайын. Тәжікстанды олар майдан шебі ретінде қарастырмайды, себебі онда кейбір аудандарда олардың жүріп-тұруына толығымен еркіндік берілген. Жергілікті тәжік басшылығы не ақшаға сатылып кеткен, не олардан қорқады, не ӨИҚ көздеген мақсатты олар да көздейді. Сондықтан да олар өз территориясы арқылы Қырғызстанға содырларды еркін өткізіп жібере береді.

Бірақ, әрине, жаңа ӨИҚ-ның басты идеологиялық мақсаты - Өзбекстан.

Олар үшін Кәрімов - жау, ал кейбір белгілерге қарасақ, оның тағы теңселіп те тұрғандай. Елде басшылық режимге наразылық сезілуде, Әндіжаннан соң есін жиған елдің пассионарлығы артуда. Жақында араб түріндегі революцияға дайындығын мәлімдеген жаңа саяси күш өздерінің барлығын жариялады. Жалпы алғанда, Орта Азия үшін арабтардың мысалын сарапшылар, оның ішінде мен де, онша бағаламадық.

Қазақстан болса, содырлардың тынығатын өте ыңғайлы тылдық базасы, сондықтан оның осы тұрғыдан басқа ортаазиялық мемлекеттерге қарағанда жағдайы өте ыңғайлы. Яғни исламшыларға Қазақстандағы жағдайды қопарып жіберу әзірге тиімсіз. Ал олар қазірдің өзінде оны істей алады.

- С. Матаев: Бір сөзбен айтқанда, сен, Орталық Азияда содырлардың қандай да мемлекетке басып кіруіне әскери операциялар дайындалуда деп есептейсің ба?

- Мендегі бар мәліметтер бойынша, жақын аралықта ӨИҚ Пәкістанда, Ауғанстан мен кейбір ортаазиялық мемлекеттерде кең ауқымды операция бастауды жоспарлап отыр.

- С. М. : Бұған кім мүдделі және мұның бәрін кім қаржыландырады?

- Кем дегенде екі ірі қаржы көзі бар. Біріншісі - есірткі трафигі. Наркобарондар өздігінен жағдайдың тұрақсыздануына мүдделі емес, себебі олардың есірткі тасымалдау жолдары жөнге қойылған. Олар үшін үлкен соғыс қажет емес. Олар үшін шағын шиеленістер қажет, себебі осындай шиеленстердегі «лай судан балық аулауға болады». Ал наркобарондар мен дала командирлері бір тұлға болатын болса, мәселе басқаша. Олар әдетте қайбір мемлекеттің президентінің жақын туыстары немесе президенттің өзімен, үкіметпен тікелей байланыста, немесе өздері үкімет мүшелері; онда олар үшін ең бастысы - саясат, ал наротрафик кірісі - мақсатқа апарар қаражат қана.

Қаржыландырудың екінші көзі ірірек - ол араб мемлекеттерінің демеушілері. Айтпақшы, олар Қазақстанда жұмыс істейді. Олар белсенді түрде өз арналарымен қаржыландыруда, оның ішінде Өзбекстан Ислам Қозғалысын да. Олардың мақсаты - халифат құру. Дегенмен халифат туралы олардың түсінігі әр түрлі: тәлібтерде - бөлек, ӨИҚ-да - басқаша, вахабшыларда - үшінші түрде.

НАТО-лық коалиция әскерлерінің Ауғанстандағы сәтсіз соғысына қарасақ, Ливиядағы таң қаларлық соғыс, АҚШ-та ма, әлде Еуропадағы белгілі бір саяси ортада ма, арнайы қызметтер мен әскерилердің арасында ма, исламшылармен соғысқаннан гөрі, бейбіт бітімгершілік жасаған дұрыс деген ой пайда болды ма (ондай ой бұрын да болған) деген ойға жетелейді. Бейбіт бітімгершілік жасап, ықпал ету саласын бөліске салу. Ал бұл бөліске салу шекарасы қай жерден өтеді? Мінеки, жалтырбас саясаткерлер қандай да кабинеттерде, олар нені исламшыларға беретінін, ал нені өздеріне қалдыратынын шешеді. Мысалы, өздеріне Ауғанстанның солтүстігін, Қазақстанды, Өзбекстан мен Түркменстанды қалдырады, себебі онда мұнай, газ, полиметалл бар, ал қалған басқаларынан, мысалы, Қырғызстан мен Тәжікстаннан исламшылар пайдасына бас тартуы мүмкін. Орталық Азия садағам кетсін, біз үшін маңыздысы - Еуропаға тимесе болғаны да, деп.

Осы уақытқа дейін барлық орта-азиялық басшылар кез келген геосаяси жағдайда да олар Батыс пен Ресейден қолдау аламыз деген сенімде болды, себебі олар қандай диктатор болмасын - олар исламшылармен күресушілер. Бірақ, егер, тек қана батыстың саясаткерлері бен Ладен мұрагерлерімен бітімгершілікке келу тәсілдерін іздестіре бастаса, онда ол ортаазиялық басшылардың хал-жағдайын бірден өзгертеді. Оларға: «жігіттер, бізге исламшылармен уағдаласу, сіздермен уағдаласқаннан оңай, енді бізсіз, өздерің ымыраласыңдар», - деуі мүмкін.

- С. М. : Орталық Азия басшылары осы жағдайды нақты, барабар қабылдап отыр ма әлде оны талдауда ма?

- Әртүрлі. Жақында Түркменстан президенті жер маңындағы орбитаны бақылау қызметін ұйымдастыруды қолға алып және оны жергілікті ұлттық қауіпсіздік қызметіне тапсырыпты деген хабар таратылды. Менің бір әріптесім Бердімұхаммедовке жақында Google деген бар деп айтса керек деген болжам айтты. Және онда американдықтар ғарыштан Ашхабадқа қарап, не болып жатқанын көріп тұрады екен. Сондықтан ол осы Google-ді бақылауға алуды тапсырыпты-мыс. Әрине, ол әзіл ғой, бірақ ол оның ойлау деңгейіне барабар. Бедімұхамедов тіс дәрігері.

Ол Ниязовтың тісін тәп-тәуір емдеген деп айтады. Бірақ ол адам мемлекет қалай жұмыс істейтіндігі мен қалай басқарылатынынан мүлдем бейхабар. Оның барлық талдамасы, осы қазір бір жерде, бір нәрсе болып қалар ма екен деген үрейге негізделген. Қырғызстандағы жағдай басқаша, онда талдауға мұрша жоқ. Олардың алдында тұрған міндет - қайтіп болса да, мемлекетті сақтап қалу. Өзбекстанда, меніңше, талдамамен айналысатын қызмет күшті. Онда дегенмен кеңестік мамандар сақталған. Олар келешекті болжаумен айналысуда. Ал оларда осы келешек онша мәз еместігі, басқаша әңгіме.

Кәрімовтың өзі де елді ішінен жеп жатқан сорақы жемқорлыққа, кландарға қарсы шыққысы келмейді, шыға алмайды да. Идеология саласында ол мүлдем ешнәрсе істей алмайды, себебі сол арқылы ол өзіне өлім үкіміне қол қояды. Оны жәй ғана орнынан алып тастайды.

Дегенмен ол жағдайға қатты алаңдаушылық танытады және жекелеген мәселелерде саяси даналық пен сақтық танытады. Мысалы, былтырғы Қырғызстандағы оқиғалар кезіндегі оның іс-әрекетін әртүрлі бағалауға болады. Бірақ ол өзін саясаткер ретінде ұстап және күш көрсету жолын қолданбады. Ал олай істеуге онда себеп бар болатын.

Тәжікстанда да жағдайға талдама жасау деген жоқ. Бірақ онда ауғандық дала командирлерімен байланыс болғандықтан, Рахмон онда не деп жатқаны туралы, кіммен байланысу керектігі туралы, ертегі сияқты мәліметтер алып отырады. Ол өзінің бұрынғы барлық серіктестерін түрмеге отырғызды. Олар да керемет мамандар емес, бірақ, кем дегенде олар соғыста піскен, әртүрлі топтармен байланысы бар дала командирлері тұғын. Бүгінге Рахмонның жағдайы өте күрделі: оған өзінің жеке кланы риза емес, менің білуімше, олар оны ұрлыққа белшесінен батып, үлкенді сыйламайды деп отыр. Рахмон Бердімұхаммедовта қонақта болды. Және оған Түркмен үлгісі өте ұнап қалыпты. Ол оны мемлекет билігін құрудың негізі ретінде алыпты. Бірақ, егер елдің географиясы мен жер қыртысын ескерсек (мен олардың Ауғанстанға тым жақын екендігі мен орталықтан жекелеген аудандарды бақылау мүмкін еместігін атап отырмын), елдегі есірткі трафигінің молдығы мен дала командирлерінің барлығын ескерсек, оның нәтижесі өте нашар болуы мүмкін.

Қазақстанға келсек, былтыр ғана ЕҚЫҰ-ға төраға болған ел, меніңше, ауған маңы үдерістермен тығыз байланысты талдамаға инвестицияны көптеп салып, терең стратегиялық тұжырымдаманы ұсынуы тиіс еді.

- А. Краснер: Меніңше, орта-азиялық мемлекеттердің басшылары осындай геосаяси ахуал туралы мүлдем ойланып отырмағандай. Оларды ең алдымен қызықтыратыны - жеке басының билігінің сақтығы мен осы билік үшін клан ішіндегі күрес қана сияқты . . .

- Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының жастары (тәжік және түркмен басшыларын әзірге мен қозғамаймын) әртүрлі саяси топтар мен элиталардың өздерінің билікке деген дәмелерін ынталандыратындай. Өзбекстанда бұл айдан анық және тұрақсыздандыру факторы да болуы мүмкін. Онда бүгіндері толығымен Кәрімовты қолдап тұрған жергілікті ҰҚК (СНБ) бақылауындағы бірнеше көзге көрінерлік топтар бар. Бірақ СНБ басшысы Иноятовтың республиканың белгілі аймақтарында оны ғана қолдайтын топтары бар. Ірі бизнесмендер бар және олардың айналасында әркез саяси лобби топтасқан, президенттің үлкен қызы бар . . .

Қазақстандағы жағдай, меніңше, сәл басқаша, бірақ мен сол Рахат Әлиевтің факторын да естен шығармаған болар едім. Ол өзінің мүмкіндігін тым асырып бағалағанымен, десе де, жағдайды елеулі шайқалтуын жаслғастыруда, бірақ көп жерде бұрынғы екпінмен ғана.

- С. М. : Сен Қырғызстандағы алдағы президенттік сайлаулардан не күтесің? Онда түбегейлі проблемалар шешіле ма, немесе барлығы да меншікті бөлісумен аяқтала ма? Қазір Қырғызстандағы президент қызметі Ұлыбританиядағы корольдің қызметіне ұқсайды: патшалық етеді, бірақ басқармайды. Сен, Қырғызстан президенттік басқару формасына оралуы тиіс деп есептеймісің? Меніңше парламенттік басқару елді бұрынғыдан да ыдыратқан сияқты.

- Бұл сусиырдың басындағы шыбын оның мінезіне ықпал ете ала ма дегенді талқылағанмен бірдей. Мен, осы сайлау қазір айтылып немесе болжанып жүрген түрде өтеді дегенге сенімсіздеумін. Ауғанстанмен салыстырайықшы. Мысалы, біз онда сайлау өткіздік. Бірақ ауған халқының өзі біртұтас елде өмір сүргісі келмейді. Ондай жағдайда кімді болса да сайлауға болды, бірақ әртүрлі этникалық топтар арасындағы консенсус мәселесін қалай тапса болады деген ең маңызды мәселе шешілмейді. Мен шынымды айтсам, Қырғызстандағы президенттік сайлаудан бір нәрсе шешіледі дегенге онша сенбеймін. Одан бұрын, егер Орталық Азияда мен жоғарыда айтқан толқын үдерісі өтетін болса, биліктен дәмесі бар исламшыл айтарлықтай күшті топ пайда болса, барлығы да өзгеруі мүмкін. Егер Өзбекстан шайқалса, Ресей Ташкентке онда ықпалы бар өзінің қолшоқпарын отырғызуға тырысады. Кремльдегілер түптеп келгенде түсіне бастады және ол ондағылардың сапырма сөздерінен де байқалып жатыр - егер Ауғанстаннан НАТО-лық коалиция кететін болса, ал олар жақында ол жерден кетеді, онда барлық орта-азиялық проблема Ресейдің иығына жүк болады, әрине, Қазақстанға да ауыр тиеді.

Қырғызстанға келсек, онда іс жүзінде қолынан ешнәрсе келмейтін, бәлкім, ешнәрсе істегісі де келмейтін президент бар. Бұл елдің күш құрылымдары мүлдем автономды түрде, тек қана жеке бастың мүддесіне, кейде криминалмен қоян-қолтық әрекет ететіні айдан анық. Тіпті ислам факторын жақшаның сыртына шығарып тастағанның өзінде, онда бүгіндері қақпағын лақтырып жіберуі мүмкін бу қазаны қайнап жатыр.

- С. М. : Сен бүлікшілігі айқын көрініп тұрған Қырғызстандағы күзде өтетін сайлауда билікке, ешқандай кланмен және топтармен байланысы жоқ, көпшілік халықтан шыққан үшінші күш келуі мүмкін деп ойлап отыған жоқпысың?

- Мен қай жерде болмасын еркін сайлау дегенге үлкен сенімсіздікпен қараймын, себебі БАҚ бетінде саяси пиар деген пайда болысымен, ең алдымен барлығы осы пиарға кім және қанша ақша төлегенімен айқындалады. Барлығы да сайлаушыларды қалай үгіттейтініне, олар қандай да үміткерге дауыс беруі үшін оларға қанша төлейтініне байланысты. Электоратты қорқытумен айналысатын шымыр денелі жас жігіттерді жалдап алуға болады, жақпайтын сайлаушылардың жарығын, газды және суды өшіріп тастауға т. б. болады. Мұның барлығы тек Ресейге ғана тән емес, барлық Орталық Азияға да тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
ТМД-дағы саяси-экономикалық интеграция және Қазақстан
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Консулдық қызметі
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz