Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған дүниені танып білуі арқылы сөздік қоры молайту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Балабақшада балалардың тілдік қарым.қатынасын қалыптастырудың психологиялық.педагогикалық мәселелері ... ... ... 6

1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ...14


2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы дамытудың жолдары ... ... ..28

2.2 Балабақшада балалардың сөздік қорын дамытудың әдіс.тәсілдері ... ... ..40
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі, 23-бабында «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады» [1] - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы 10 ақпандағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Халыққа Жолдауында «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жекеменшік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар-бұл мемлекеттік мекемелерге балама»,-деп жекеменшіктегі балабақшалар мен білім беру орталықтары мемлекет құзырына қайтарылып жатыр.
Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп, және 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды іске асыруда[2].

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Балабақшада балалардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы дамытудың жолдары ... ... ..28

2.2 Балабақшада балалардың сөздік қорын дамытудың әдіс-
тәсілдері ... ... ..40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында білім беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі, 23-бабында Мектепке
дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, бес (алты) жастағы
балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында,
мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының
шеңберінде жүзеге асырылады [1] - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы
10 ақпандағы Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері атты Халыққа Жолдауында 2020 жылға қарай қалалық, сол
секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру
және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік
әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жекеменшік отбасылық балабақшалар мен шағын
орталықтар-бұл мемлекеттік мекемелерге балама,-деп жекеменшіктегі
балабақшалар мен білім беру орталықтары мемлекет құзырына қайтарылып жатыр.
Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз
етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасы әзірленіп, және
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс
істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды іске асыруда[2].
Балабақшада білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды
мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы
және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның кешелекте білім алуы нәтижелі
болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты
жауапкершілік әкелді. Онда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның
ұсынымдарына сәйкес атауы-бастауышқа дейінгі білім беру)-баланың жасын және
өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін
даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін құру талабы
алдымызда тұр.
Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке
дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:
- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды
қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының
үйлесімділігін қамтамасыз ету;
- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеу [3].
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан халқына Жолдауында білім
саласына қатысты, ол мектепке дейінгі балалар мекемелері туралы мәселеге
тоқталды. Елбасы Үкіметтің осы мәселе жөнінде көп жұмыс атқаруын талап
етті. Міне, осы мәселелеге байланысты соңғы жылдары мектепке дейінгі
мекемелерде көптеген өзгерістер қарқын алып, алға жылжып келеді. Жабылып
қалу алдында тұрған балабақшаларға бюджеттен қаржы бөлініп, топтардың саны
көбейтіліп, мүмкіндігі болған жерлерде балабақшаларды қайтадан ашуға жол
ашты. Себебі, еліміздің президенті Н.Назарбаев Ел болам десең бесігіңді
түзе деген халық нақылын ұстануымызды алға тартып, еліміздің болашағын
отбасынан онан соң балабақшадан тәрбиелеуіміз керек екенін айқындап
көрсетіп беріп отыр.
Демек, ұлттық құндылықтарды игерген, рухани бай, өресі жоғары, білімді,
ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру мәселесімен жұмыс істеу керек. Ең
бастысы — тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, тәрбие және білім беру. Мәселен,
ғұлама ұлы бабамыз Әл-Фараби "Тәрбиесіз қолға білім салма "десе,
А.Байтұрсынов Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші
тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет деп
білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген
білімнен ешқандай пайда жоқтығын атап өтеді. Еңдеше осы қағидаларды біз
әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты
мен ұлттық құңдылықтарды сыйлайтын, сүйетін тұлға тәрбиелеуге тырысуымыз
қажет.
Ғұлама ойшылдарымыз Баласағұн, Қашқари, Иассауидің еңбектері - қазіргі
ұрпақ тәрбиесі үшін тендесі жоқ қазыналар болып табылады. Сондай-ақ Асан
қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің
қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі
қаншама?! Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының орны ерекше.
Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбыраймен қатар XX ғасыр басында тәлімдік ой-
пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып,
Жүсіпбек, Мағжаңдардың педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі
заман талабымен үйлесіп жатыр.
Бүлдіршіндердің рухани адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы
толыққанды жетілген азамат тәрбиелеу бүнінгі күн талабы.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік
қорын байыту, өз ойын жүйелі әңгімелеп айта білуге үйрету.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған дүниені
танып білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үдерсінде ана
тілінің заңдылықтарын меңгерту.
Зерттеудің міндеттері:
1. Балабақшада балалардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық мәселелерін айқындау.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мүмкіндіктерін
анықтау.
3. Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы дамытудың жолдары мен
әдістерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді
талдау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу,
тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңы, Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен
ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері,
зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық
басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық
тәжірибелері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Балабақшада балалардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық мәселелері

Мектепке дейінгі педагогика әр түрлі реакциялық идеялардың әсерін
жеңе отырып, шетел педагогикасының озық ойларын, орыс, қазақ пе-
дагогикасының, педагогтарының, ойшылдарының аса бағалы пікірлерін пайдалана
отырып жетілді. Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы
XVII ғасырда қалыптасты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз қоры мен сөйлеу дәрежесі жайлы
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге назар аударсақ, көрнекті психолог-педагог
ғалымдар баланың сөздерді меңгеру ерекшеліктерін егжей-тегжейлі
қарастырғанын байқауға болады. Мысалы, баланың сөздің негізгі мәнін түсінуі
туралы (Л. С. Выготский, А. А. Люблинская, т. б.), сөздің дыбыстық құрамын
меңгеру ерекшеліктері жөнінде (Н. X. Швачкин, А. Ы. Гвоздев), сөздік қорды
меңгеру заңдылықтары туралы (Е. А. Аркин, Ы. А. Рыбников), т. б. жазылған
еңбектер осының айғағы.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдараламасында: Баланы сөйлеуге
үйрету — тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады,— делінген.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мүмкіндіктері
Мектепке дейінгі кезеңде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің
бірі қарым-қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді
қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Әйтсе де ол тек жақын
немесе жақсы таныс адамдармен ғана қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайдағы
қарым-қатынас ересектер мен бала қатысатын нақтылы жағдайдың себебінен
пайда болады.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін
сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене
шынықтыру т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша
ауласында Жайлауға саяхат,Шопан ата қонақта,Ыдыс дүкені, Мектеп,
Мұғалім, Фермаға барғанда, Дәрігер, т.б. ойындар өткізіледі. Бұл
ойынға қажетті материалдарды тәрбиешілер, балаларды қатыстыра отырып,
өздері жасайды. Олар әзірлеген түрлі түсті кәмпит, нан, тоқаш,
құрт, ыдыс-аяқ, шұжықтар, Жайлау ойыны үшін жасалған киіз үй, үй
мүліктері, төсек-орын, көрпе-жастық, кілем, алаша-балалардың бұрын үйренген
сөздерін дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне
әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Балабақшадағы естияр ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында,
балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада аталған әдеби
шығармаларды меңгеру-әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу (
әңгіме, ертегі, өлең т.б.) оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі
ескеріледі.
Ол үшін бағдарламалық шығармаларды оқу, тыңдау, әңгімелетіп айтқызу
(сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмысы
әңгімелесу, әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделді. Ересек балалар
тобында өтілген ондай жұмыс түрі төмендегідей:
1. Оқылған шығармалар бойынша сұрақ қойып, жауап алу. Қандай шығарма
оқыдық? Ертегі екенін қалай білдің? Бұл әңгімеде кім, не туралы
айтылған? Сен не істер едің? Деген сияқты сұрақтар қоя отырып, білім
деңгейін анықтау.
2. Өздеріне сөздік жұмысын орындату. Синоним, антоним және көп мағыналы
сөздердің мағынасын қалай түсінетінін байқау. Сыңарын тап, Тез
ойлан т.б. ойын түрінде бақылау жасалады. Ол үшін тәрбиеші бірнеше
сөз айтады, ал балалар әр сөздің сыңарын табады.
Тез, жылдам, шапшаң, жедел; жаз, жазу; жыл мезгілі, уақыт, мерзім,
мезгіл; ұзын-қысқа, үлкен,-кішкене, алыс-жақын, кең-тар; қара, ер, ат, таң
деген сөздер алынады. Балалар аталған сөздердің тағы қандай мағынада қалай
айтылатынын төмендегі кесте арқылы салыстырып айтуға тиісті.
қара (етістік) батыр
байқа
Қара қор Ер ер тоқым
ірі қара мал
заттың түсі маған ер
ат (етістік) байла

Ат жылқы Таң таң ату
таңдану, аң-таң
Адамның аты (омонимдер)

3. Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрете отырып бақылау.
Етік- (-ші), дүкен (-ші), трактор (-шы).
4. Берілген сөздерге теңеу сөз табу.
Мысалы, күз-алтын күз; дала сап-сары алтындай, коңыр күз, күн қабағын
түйе бастады.
5. Белгілі бір тақырып бойынша өздеріне әңгіме құрату:
а) шығарма мазмұнына сәйкес әңгіме құрады ( Көйлекті маған кім
берді?);
ә) Алтын дән, Қырманда, Бақшада, т.б. тақырыптар беріледі.
6. Суреттермен жұмыс. Күзгі жапырақтар, Алтын астық, Күзгі еңбек,
Мереке, Ойын, Құстың қайтуы т.б. Осы суреттерге сәйкес
Қ.Шаңғытбаевтың Күзгі жапырақтар , Қ.Мүсіреповтың алтын астық атты
шығармалары алынды.
7. Экскурсия.
8. Дидактикалық ойын.
9. Өздерінің көрген-білгендері жөнінде әңгімелету.[12]
Бір жас шамасындағы балаларға көз, ауыз, мұрын, қасық,
ойыншық т.б. сөздерді біртіндеп үйрете бастаған жөн. Бұлардан бара-бара
сөз тіркестері құралады да, сәби екі жасқа толғанда 250-300-дей сөзді
білетін болады. Су берші, Ойыншығымды аламын, Мысығым қайда?, сияқты
қысқа сөйлемдер құрап айтады. Осы кезде де сөйлеу мәнерән қадағалап, артық
бос сөздерді көп қоуға әуестенбеуін бақылаған мақұл. Үш жасқа жеткен
сәбидің сөздік қоры 800-1200-ға дейін өседі. Ал төрт жастағы балалардың
сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады. Осы тұста сөз тіркестерін,
жекелеген қиын сөздерді анық айта алса, тілінің дұрыс шыққандығы. Тілі
жақсы қалыптасып келе жатқан бала жеті жасқа толғанда ана тілінің барлық
әріпін, дыбыстарын дұрыс оқиды, сөздік қоры, сөйлем құрауы жетіледі.

Кесте №2

Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстардың орынын алмастырып айтушылық
соның ішінде (5-6 жастағылар) әсіресе с-з, и-ж, б-в, п-ф дыбыстарының
немесе дыбыс қалдырып кету фактілеріне Б.Баймұратқызы өз зерттеуінде
дәлелдемелер берді.
Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық
балалардың тілдік даму деңгейін жақсы білуі қажет. Мектепке дейінгі балалар
тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны –ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын
еркін жеткізуін, қошаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым –
қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Өздігінен
қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген,
лексикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе сын
есім, етістік, синоним, аноним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне
жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіруде тәрбиешінің шеберлігі қажет
[16].

Балаларға көркем шығарманы тыңдай білуге үйрету, оның мазмұнын ұғып
алуға көмектесу үшін тәрбиеші оны мәнерлеп оқуға міндетті, сонымен
бірге балалардың тыңдау, есте сақтау, түсіну дағдаларын
қалыптастыратын қосымша тәсілдерді пайдалануы тиіс. Ол тәсілдер
мыналар:
1. мәтінді түгел қайталап оқу,
2. оның жеке бөлімдерін қайталап оқу,
Оқумен қоса мыналар жүргізілуі мүмкін:
1. балалардың ойын қимылдары;
2. көрнекі құралдарды пайдалану;
а) ойыншықтарды муляжды қарау,
б) иллюстрацияларды қарау,
в) тыңдаушылар көңілін нақты объектілерге бөлу
3. сөзбен көмектесу:
а) балалардың өміріне немесе басқа бір көркем шығармаларды
кездесетін ұқсас оқиғалармен салыстыру,
б) оқып шыққаннан кейін, барлаушы сұрақтар қою арқылы,
в) жауап берген кейіпкерлер мінезін ашатын теңеу сөздерді еске
салу арқылы[17].
Кесте № 4
Жаңылтпаш: Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ
қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая
бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін
мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар
сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса,
сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды
жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу
сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде мүкістерге сәйкес
шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшелігі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балаларды сөйлеуге үйрету
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Пәндер