Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекеттік билік органдарының түсінігі мен түрлері және конституциялық құқықтық мәртебесі
1.1 Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
1.2 ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының
конституциялық.құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ..7
2 Мемлекеттік билік органдарының атқаратын қызметі
2.1 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Сотқа құрмет . мемлекеттік билікке құрмет ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ...32

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

1. ҚР Конституциясы. Алматы. – 1995ж 30 тамыз. 12-33 б.
2. Таранов В.В. Административное право РК. –Алматы: Норма –К.,2002.
3. Ибрагимов Х.Ю. Административное право РК. –Алматы: Данекер.-2000.
4. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник. –М.: БРК. –1996.
5. Сборник нормативных актов по административному праву РК. –Алматы: Борки. –2004.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезінде сөйлеген сөзі («Заң газетінің» 2005 жылғы 8 маусымдағы 46-47(671) нөмірлерінде жарияланған)
7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»Конституциялық заңы.16.10.1995ж./ СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.
8. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»Конституциялық заңы.18.12.1995ж./ "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.
9. Қазақстан Республикасының «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Конституциялық Заңы. 07.05.1997 / "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.
10. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С.. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 192 б.
11. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық -2001.
12. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
13. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998
14. Қайрат Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi. 2004
15. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А.2000
Пайдаланған дерек көздері:
• www.google.kz
• http://e.gov.kz
• www.zakon.kz
• www.akorda.kz
• www.parlam.kz

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық
қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер
кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі
және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде
тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа
кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды
еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді
талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол
арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде Мемлекеттік органдар қызметінің және
ұйымдастырылуының қағидалары зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару
жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.).
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын
ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап
қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі
бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік
билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік
механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік
орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір
мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі
түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат
түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы –
халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру
қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу
теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз
қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі,
заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің
бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары,
сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы
мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм,
заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он
екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған
билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен
қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік;
заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің
(жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі;
заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп
қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу;
бақылау .
Менің курстық жобамның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен
олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты
талдау жасау.
Осыған сәйкес курстық жобамның міндеті –
1. Мемлекет механизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және
Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е,
Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко,
М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР
Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және
судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Курстық жобада – мемлекеттік билік, ( Мемлекеттік механизмнің ерте
замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін)
шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне мысалдар
келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі қызмет ету
жүйесіне, мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдарына
тоқталдым.
Мемлекеттік – қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты
мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға
тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға
біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік
органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр
саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық
актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.
1 Мемлекеттік билік органдарының түсінігі мен түрлері және конституциялық
құқықтық мәртебесі
1.1 Мемлекеттік органдардың түсінігі және түрлері
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;
Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар,
жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу
тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа
бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау
органдары. [16]
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш
биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді, Президент - мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел
ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін
жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті
органдарды халық сайлайды. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге
асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі —
төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат
және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан
және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 15
депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық
бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір
мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 107 депутаттардан
тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа
жоғары органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға
құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті
біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.
Казақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси
партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек.
Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның
қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы үш жылға, ал екінші
жартысы алты жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып
сайланады. Парламент - негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы
оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің
жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, оларлан
есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум
тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл
сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да
Конституция жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүгзеге асырады. [17]
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар.
Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатыстығын болса, Мәжіліс заң
қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға
Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын
президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің
екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 23
дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы). Президент заң жобалардың
қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен
бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың
өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995
жылгы Конституциясы осылай алынды. [14]
1.2 ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық
мәртебесі
Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары
лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының
бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін
және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң
шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы
принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті
деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару
өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң
қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ
атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана
қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және
тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары
тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің
қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен
бес жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы
сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі
мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма
шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда
Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі
және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып
табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды.
Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық
атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа
заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің
мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және
Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ның Президенті туралы
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер
берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты
Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер
берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы
биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада
да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды,
келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент
сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру,
ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы
шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын,
өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент
өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі
шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы).
Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық
қызметі билігінің берілуін білдіреді.
Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға
сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау
құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы
орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар
бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және
оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең
көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін
тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр
облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан
сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының
жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР
Президенті тарапынан 15 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР
азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан
кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып
сайлана алады.
Мәжіліс депутатының саны 107. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей
сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты,
территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы
Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін
органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс
құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының
үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы;
сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент
сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға,
Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына
түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен
депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге
еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы
құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер,
ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы
және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет
мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа
сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы
Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады.
ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің
келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті
Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын
болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан
кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет
бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс
істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.
ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз – бұл оның мынадай
себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз
бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен
сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін
саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында
Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады: Елдің бюджетін
қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын
қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты
есеп беруі.
ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет
меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология,
әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын
қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті
сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш
өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген.
Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске
заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады.
Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды
тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне
орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр
өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде
айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз.
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және
тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың
еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен
биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде
қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі,
құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда
бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.
Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган
түрінде 1989 жылы – Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған
болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар ҚР-ның
тәуелсіздігі туралы заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы
органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы
нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот
құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995
жылға дейін қызмет атқарды.
1995 жылы жаңа конституция қабылданып – ҚР-сын Конституциялық Кеңестің
негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып – бұл орган ендігі жерде
ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және
оның орындалуына қызмет атқарады.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің
Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар ҚР-ның Конституциялық Кеңесі
туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі. [1]
Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік
органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай
саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана
бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де
ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады.
Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін
Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің
жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес
шешім шығарады.
Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып
табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл –
азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган
болып табылады.
Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және
тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет
атынан шешім шығарады.
ҚР-да биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін жүзеге асыратын – сот
билігі органы болып табылады.
ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің "Сот
және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына
негізделген.
ҚР-ның Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары
табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар
(Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады.
Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра
алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.
ҚР-да соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып
құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот
алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде
қарау.
1. Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз
бедел, 25 жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс
стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырып, әділет Министрлігінен рұқсат
алған адам бола алады.
2. Жоғарғы тұрған сотқа судья болу үшін ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел,
әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 5 жылдан кем емес,
сот органында 2 жыл және әділет басқармасында, прокуратурада, тергеу және
анықтау бөлімінде, біліктілік емтиханын тапсырған Жоғарғы Сот Кеңесінің
рұқсатын алған адам бола алады.
3. Әскери соттың судьясы болу үшін заңгер болумен қатар әскери
қызметкер болуы керек.
Соттар тұрақты судьялардан, парламент Сенатымен тағайындалған (жоғарғы
Соттың судьялары) және ҚР-ның Президентімен тағайындалатын (жергілікті
сотттың судьяларын) олардың қызмет атқару мерзімі кей жағдайларда заңмен
ғана тоқтатылады. "ҚР-ның Соттар және судьялардың мәртебесі туралы” жарлық
46,47 баптар.
Судьялардың құқықтық жағдайы:
ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық
судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты
ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның
Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.
Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:
- сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;
- сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;
- көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға
болады;
- судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және
материалдық жағынан қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар
және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне
бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері,
құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-
ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала
(қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы).
Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей
сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге
сайланады.
Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады.
Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.
Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:
1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету,
депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;
2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы
бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;
3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық
құрылымдардың мәселесін шешу;
4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке
жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың
басшыларының есебінен тыңдау кіреді.[1]
Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы
органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай
отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы
органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып,
жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс
әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан
тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен
босата алады.
Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп
дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы
мәселе қоя алады.
Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың
жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз
қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.
Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1. Жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік экономикалық
дамуы жоспарын және бюджетті жасау және оны іске асыру;
2. Коммуналдық меншікті басқару;
3. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, және
жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау немесе
босату;
4. Республика Заңдары негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік
мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер жүргізу.
ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы
барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері
мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп
тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде
жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына
қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-
құқықтық мәртебесі
Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы
болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін,
сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін
жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді
басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
1) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне
септігін тигізетін жағдайлар жасау;
3) азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыру үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани
өмірлерінің еркіндігіне жағдай жасау.
Атқарушы биліктің негізгі белгілері:
1) жан-жақтылығы –адамдар ұжымдары қызмет еткен жерлердің
барлығында болуы және үздіксіздігі;
2) мәжбүрлеушілігі – күшке сүйенеді, ықпал ету шараларын жеке дербес
жүзеге асыру мүмкіншілігі;
3) құралдылығы – құқықтық, ақпараттық, техникалық ұйымдық қорларының
болуы;
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билікті ұйымдастыру қағидалары:
1) халықтық билік қағидасы-бұл халық биліктің бірден-бір көзі болып
табылады және атқарушы билік органдары арқылы және тікелей нормативті
актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының
қызметіне заң шығарушы, сот биліктері және халық бақылау жасайды. Осы
мақсатта тұрғындар алдында атқарушы билік органдарының лауазымды
тұлғалары есеп берушілік тәртібі белгіленген.
2) заңдылық қағидасы – бұл барлық мемлекеттік басқару органдары және
олардың лауазымды тұлғалары өз қызметінде ҚР Конституциясын және басқа
заңдарды қатаң сақтауы қажет дегенді білдіреді.
3) биліктің бөлінуі қағидасы – бұл биліктің үш тармағының (заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтары) болатындығын және олардың жеке
дербестігін көрсетеді. Мемлекеттік биліктің әр тармағы белгіленген шекте өз
функцияларын жүзеге асырады.
4) жариялылық қағидасы – бұл ҚР Конституциясында нормативті-құқықтық
актілер ресми жарияланады деп белгіленген. Адамның құқықтары,
бостандықтары және міндеттеріне қатысты мемлекеттік басқару органдарының
НҚА халыққа жарияланбаған болса, онда олар қолданылмайды, яғни мемлекеттік
басқару органдарының қызметі жария түрде жүзеге асырылады.
5) Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басымдылығы
қағидасы. Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басым
болады, өйткені адам құқықтары мен бостандықтары, өмірі мен денсауығы
мемлекетіміздің жоғарғы құндылықтары болып табылады, сондықтан барлық
мемлекеттік органдар, соның ішінде атқарушы билік органдары азаматтар
алдында жауапты болады.
6) Орталықтандыру (централизация) және децентрализация қағидасы.
Централизация қағидасы – бұл мемлекеттік функциялардың көп бөлігі орталық
атқару органдарының қарамағына кіруі. Централизация атқарушы биліктің
бірыңғай жүйесінен туындайды. Децентрализация қағидасы – бұл бұл жоғары
органдардың қол сұқпауынсыз, мемлекеттік функцияларды жеке, дербес жүзеге
асыруды қандайда бір органның қарамағына беруді және өкілеттілікті бекітуді
білдіреді. Децентрализацияның ерекше бір түрі – атқарушы билік
органдарының өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін бағынышты органдардың
өкілеттілігіне делегирлеу. Атқарушы билік органдары - бұл қоғам мен
мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік -мәдени, шаруашылық және сала
аралық аумақтық міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы-бұйырушы өкілеттілік
берілген және құрылымы болатын әлеуметтік құрылым немесе ұйым. Атқарушы
билік органдарының өз құрылымы, құзырығы бар мемлекеттік аппараттың бір
бөлігі болып табылатын ұйым және заңнамаға сәйкес құрылады. Мемлекеттің
тапсырмасы бойынша қызмет етуге қатысуға құқық берілген, атқарушы-бұйырушы
қызмет ету тәртібінде шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси
сфераларға күнделікті жетекшілік етуге, сала аралық басқарумен шұғылдануға
арналған. [15]
Атқарушы билік органдарының әкімшілік -құқықтық мәртебесі
мына белгілер бойынша анықталады:
1) оперативті дербестілік берілген;
2) жоғарғы органдар құрады;
3) төменгі атқарушы билік органдарының жоғарғы атқарушы билік
органдарына есеп беруі және бақылауда болуы;
4) атқарушы билік органдарының қызметі заң күшіндегі сипатта болады.
5) нормативті-құқықтық актілерді шығаруы, мысалы, қаулы, өкімдер.
2 Мемлекеттік билік органдарының атқаратын қызметі
2.1 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде
Мемлекетте болып жатқан өзгерістер заңи ғылымнан мемлекеттік құқықтық
жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру,
тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен
анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап
етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-
пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі
ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси
билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген. Ал азаматтық қоғамға және
құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап
етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси
жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.
ҚР Парламентінің заңдар шығаруы заң шығармашылығының күнделікті
қолданылатын жолы. Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын,
оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда,
феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т.б. мемлекеттерде пайда
болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу
деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір
аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат -
социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның
себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын
мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік
орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік
органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана
ие болады. [13]
ХІІ-ХІП ғ. пайда болған, сословиелік - өкілдік сипатта болған Парламент
монархтың шексіз билігін шектеуте бағытталған болатын. Олай болса, бұл
органның дүниеге келуінің өзі - сол кезде қоғамда болған сословиелердің
ерік біддіруінің және өз құқықтарын қорғауының нәтижесі. Англияны мысалға
алған З.М.Черниловский онда бұл органның пайда болуын былай нақтылай
отырып, яғни "1265 жылы Англияда қалалықтар мен рыцарлар коалициясы
барондарды жеңіп, яғни Англия тарихында алғаш рет Парламент атын алған
сословиелік жиналысты қалыптастырды. 1295 жылдан бастап ол Англияның
түрақгы заң шығарушы жиналысына айналды" дей отырып, Англияда Парламенттің
рөлінің өсуін, оның төменгі палатасының ролінің өсуімен байланыстырады.
Ашып көрсетсек, корольді өлім жазасына кесу туралы мәселе бойынша екі
палата арасында туындалған дауда қауымдар палатасы өзінің лордтар
палатасынан және өзге биліктерден басымдығын былай жариялайды: "Халықпен
сайланған қауымдар палатасы мемлекетте жоғары билікке ие. Қауымдар
палатасының заң деп хабарлағаны лордтар мен корольдың қарсылығына
қарамастан заң болып табылады ".
Әлемдік тәжірибе көп елдерде екі палатадан тұратын заң шығарушы
органның қызмет етуін көрсетеді. Бұл ретте АҚШ Парламенті екі палатадан
тұратын және оларды құруда тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдаланған
алғашқы Парламенттердің бірі. Мұндай елдерде екінші (жоғары) палата
аристократияның өкілдігін және төменгі палатаны тежеу үшін енгізілген.
Көптеген ғалымдар жоғары палатаны Парламенттің интегральдық бөлігі ретінде
қажет деп белгілей отырып, оны төменгі палатаға қатысты тежеуіш ретінде
ойластырылған дейді. Дж. Адамс Сенаттың өкілеттігін төменгі - өкілдер
палатасын ауыздықтауы тиістігімен байланыстырса, Медисон "Сенат төменгі
палата өз билігін асыра ("во зло") пайдаланған жағдайда қажет" деп жазды.
Парламенттің екі палаталы құрамының қажеттігін біраз адамдар мемлекеттік
құрылыстың федерация нысанына таңды. Ал унитарлық мемлекеттер үшін екі
палатаның болуы ешбір саналы негіздемелерге ие емес деп есептеді.
Қазақстан елінде қызмет атқарған Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі
палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа
Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп
белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене
отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы
Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан
мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық
әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан
тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының
жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді.
Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса
депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты
негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды
құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес,
азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын
үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Құрамы бойынша бір емес, екі палаталы
Парламенттің қажеттілігі алдымен мына жағдайлармен түсіндірілетіндігін
көрсетеді саяси қайраткер Ө. Байгелді: "Қазір Қазақстан ұзақ мерзімге
пайдалануға есептелген жақсы ойластырылған, сараланған заңдарды қажет
етуде. Осы уақытқад дейін қабылданған заңдардың көбі уақытша, өтпелі
сипатта болды, ал қазір өзінің саясаты мен идеологиясын ұзақ мерзімге
анықтаған ел үшін берік зандылық базасы қажет. Бір сөзбен айтқанда, қос
палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.
Екі палаталы жүйенің еліміздің негізгі заңында бекітіліп, қызмет етуі
демократияландырумен қатар неғұрлым сапалы заң шығармашылық процесс үшін де
жағдай жасады. Тек осы екі палаталы Парламенттік жүйе ғана заң жобаларын
мұқият, жан-жақты талқылап, сапасы жоғары заңдар шығаруға, мемлекеттік
мүдделерді негізге ала отырып, түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың
мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұлай дейтін себебіміз, Мәжіліспен
қабылданған заң жобаларының Сенатқа соғуы оның Сенатта қайта тексеруден
өтуіндей күйде болады. Өйткені, Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобасын
міндетті түрде мақұлдамай, оны мәні бойынша, жаңа көзқараспен қарайды. Бұл
айтқандарымыз, Парламенттің екі палаталы құрамының заңның сапалы болуына
жасайтын бірінші алғышарты. Қазақстанның қос палаталы Парламентінің құрылу
заңдылығына сәйкес Сенат әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерінен
түрады. Бұл - қабылданар заңның тек мемлекеттің жалпы мүдделерін ғана емес,
сондай-ақ бір мезетте жергілікті мүдделерді де ескеруінің кепілі.
Қос палаталы Парламенттік құрылым тәуелсіз Қазақстан үшін алғашқы
болғанымен, құрамында Қазақ ССР-і болған КСРО үшін мұндай құрамды орган
жаңалық емес. Кеңестік уақытта екі палаталық құрылым КСРО Жоғарғы Кеңесінде
ғана болғаны бәріне де аян. Осы орайда, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі палаталы
құрылымы туралы белгілі профессор В.А. Ким келесідей ой өрбітеді:
Сталиндік мектептің теорияшылары мұны жалпы мемлекеттік мүдделерді
бейнелеумен қатар, Кеңес Одағының өзіндік ұлттық мүдделерді ескеру
қажеттігімен түсіндірді. Одақ Кеңесі жалпы мемлекеттік мүдделерді білдірсе,
келесі палата Ұлттар Кеңесі КСРО халықтарының ерекше ұлттық мүдделерін
бейнелеуге тиіс болды. Алайда, іс жүзінде КСРО өмір сүрген уақыттың ішінде
екінші палатаның КСРО ұлттары мен ұлыстарының қандай да бір ерекше
мәселесімен шұғылданғаны ешкімнің де есінде жоқ. Сірә, толғақты көкейкесті
мәселелердің депутаттардың өздерінің бастамасымен көтерілген кезі бар ма
екен? Палаталар толығымен дерлік бірін-бірі қайталаумен болып, шын мәнінде
бірдей шешімдер қабылдап отырғаны жасырын сыр емес. Иә, В.А. Кимнің бұл
талдауы ащы болса да шындық. Оны ешкім де өтірік дей алмасы белгілі. Олай
болса, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған екі палаталы Парламенттің
мақсаты - заң жобасының сапасын арттыру, мемлекеттік және жергілікті
мүдделерді ұштастыру болса, КСРО-да қос палаталы жүйені енгізу мақсаты —
бүкіл Одақ халықтарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz