Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

18-тақырып. Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

  1. . Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі
  2. . Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
  3. . ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері
  4. . Ұлттық есеп жүйесі

18. 1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі

Макроэкономика - бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктерді және т. б. Макроэкономикада экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, банктер, өндірушілер мен тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Бір фирманың әсерін сипаттайтын басты микроэкономикалық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі және жұмыспен қамту.

Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады. Макро талдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді құрастыру болып табылады. Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және екінші реттіктерден босатылған оңайтылған теориялық схема. Оны құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді. Макро модельді құрған кезде экономика тепе-теңдікте тұратындай барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек. Жалпы экономикалық тепе-теңдік - ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады. Нақты өмірде тепе-теңдік ерекшелік, сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Әйтсе де тепе-теңдік талдау кең қолданылады, себебі тепе-теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер қызығады.

Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе-теңдік барлық тауарлар сатылған, барлық өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарылған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жағдай белгілі халық шаруашылық пропорцияларын сақтауды болжайды. Бірінші рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың негізін салушы физиократ Франсуа Кенэ. Кейін қоғамдық ұдайы өндіріс деңгейіндегі тепе-теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс болды. Оның айтуы бойынша ұдайы өндіріс материалдық игіліктерді, өндірістік қатынастарды және жұмыс күшін жаңартудың бірыңғай процесі болып табылады. Ол тепе-теңдікке жетуге болады, егер қоғамдық өнімнің барлық бөлігі құн және табиғи формада қайтарылса деп есептеді.

Құн бойынша жалпы қоғамдық өнім 3 бөлімнен тұрады: тұтынылған тұрақты капитал, айнымалы және қосымша құн. Табиғи - заттай формада жалпы қоғамдық өнім өндіріс құралынан және тұтыну заттарынан құралады.

Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет (мемлекет) болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады. Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай формада, сонымен бірге табиғи-заттай жүргізіледі. Бастапқы және соңғы орын үй шаруашылығы болып табылады. Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттіліктерін береді. Ал өнім нарығы арқылы кәсіпорыннан олар тауар және қызметтер алады. Экономикалық айналым моделі төменде келтірілген:

18. 2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы

Ұлттық экономиканың қызмет етуінің жинақтаушы нәтижесі ретінде БҰҰ сипаттамасы бойынша Ұлттық есеп агрегаттары қолданылады. 1998 ж. есеп жүргізудің халықаралық жүйесіне Қазақстан да көшті.

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ол мүлік (негізгі және айнымалы қорлар, үй шаруашылығының мүліктері ), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар және орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттың денсаулық потенциалы, рухани байлықтар, білім мен ғылым потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші - бір жылдық қоғамдық өнім болып табылады. Оны бірнеше көрсеткіштер көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) .

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Өндіріс факторлары осы елдің резиденттеріне тиесілі болуы мүмкін және тек ғана өз территориясында емес, шетелде де бола алады.

Ұлттық табыс (ҰТ) - жалпы ұлттық өнім мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы, пайда, рента, процент.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - ұлттық экономика салаларының таза шаруашылық қызмет нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау арқылы немесе ұлтық табыс пен жанама салықтардың қосындысы ретінде анықтауға болады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір кезеңде мемлекет аумағында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. ЖІӨ құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген өнімдер мен қызметтер жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында белгілі бір айырмашылықтар болады. Мысалы: Қазақстанның резиденті АҚШ территориясында орналасқан фирманы иемденеді. Оның өнім өндірісінен алған табысы американдық ЖІӨ - ге қосылады, өйткені өндіріс факторлары АҚШ территориясында орналасқан. Бірақ бұл табыстың көлемі Американың ЖҰӨ құрамына кірмейді, өйткені фирманың иесі қазақстандық азамат.

Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін 3 көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда қалатын табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс - бұл салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс пен жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жәрдем ақы және т. б. трансферттік төлемдер кіреді.

Қолда қалатын табыс - бұл салықты төлегеннен кейінгі қалатын табыс. ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тікелей байланыс бар: ЖҰӨ көп болған сайын экономикалық тұрмыс жоғары болады .

Таза экономикалық тұрмыс қоғамның экономикалық тұрмысын тек табыс емес, өмір сүру сапасының көрсеткіштерін есепке ала отырып өлшеу.

18. 3. ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері

Жалпы ұлттық өнімді өлшеудің үш әдісі бар:

  1. Шығын әдісі (түпкі пайдалану)
  2. Табыс әдісі (бөлу)
  3. Қосылған құн әдісі (өндірістік)

ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде үй шаруашылықтарының, фирмалардың, мемлекеттің, шет мемлекеттердің барлық экономикалық агенттерінің шығындары қосылады:

GNP = C + I + G + Xn;

мұндағы: C- тұтыну, яғни үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары (тұрғын үй сатып алу шығындары кірмейді) ;

I - инвестициялар - ол негізгі өндірістік қорларға, запастарға, үй құрылысына инвестициялар;

G - тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Мысалы: мектепті, жолдарды салу, армияны, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету. Бірақ бұған трансферттік төлемдер кірмейді;

Xn - таза экспорт, бұл импорт пен экспорттың көлемдерінің айырмасы.

Бұл теңдікті негізгі макроэкономикалық теңдік деп атайды. ЖҰӨ-нің құраушы элементтері C, I, G, Xn - ол шығындар жасайтын сатып алушылардың типтерімен ерекшеленеді. Мысалы: үй шаруашылығымен сатып алынған автомобиль тұтыну шығындарына қосылады, егер ол фирмамен сатып алынған болса, онда жалпы инвестиция құрамында негізгі қорға қосылады. ЖҰӨ-ге алдыңғы жылдары өндірілген заттарды сатып алуға жұмсалған шығындар кірмейді (мысалы 5 жыл бұрын салынған үй), сонымен бірге аралық өнімді сатып алуға кеткен шығындар кірмейді. ЖҰӨ-де ең көп үлесті тұтыну шығындары алады, ал ең өзгермелісі- инвестициялық шығындар.

ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен өлшегенде түпкі өнім өндірісінің әрбір сатысында қосылатын құн қосылады. Қосылған құн - ол фирмамен өндірілген құннан шикізаттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалған соманың айырмасы. Бұл әдіс ЖҰӨ-гі әртүрлі фирмалар мен салалардың үлесін есепке алуға мүмкіндік береді. Экономика үшін қосылған құнның барлық сомасы түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасына тең болуы керек.

ЖҰӨ-ді табыс әдісімен есептегенде барлық факторлық табыстар (жалақы, рента, процент және пайда) қосылады:

Y = W + R + I + P;

мұндағы: W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;

R - жерді, тұрғын үйді және т. б. жалға беру арқылы алынған рента;

I - пайыз (үй шаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар түріндегі) ;

P - пайда (корпорациялардың пайдасы, акционерлерге төленетін дивиденттер, бөлінбейтін пайда, мемлекетке түсетін корпорацияның пайдасына салық) .

Көп жағдайда ЖҰӨ-ді өлшеудің өндірістік және түпкі пайдалану әдісі қолданылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық бағалар арқылы көрсетіледі. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда олардың мөлшері номиналды (атаулы) шама түрінде болады. Егер де тұрақты шамалар пайдаланылса, онда нақты шаманы көрсетеді. Осыған байланысты ЖҰӨ номиналды және нақты деп ажыратылады.

Номиналды ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалармен көрсетілген көлемі.

Нақты ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағалармен көрсетілген көлемі. Баға деңгейі жылдар бойы тұрақты емес, олар өзгеріп тұруы мүмкін. Сондықтан баға индексі түрінде көрсетілетін баға деңгейі ЖҰӨ-мен салыстыру үшін әртүрлі жылдарға есептелінеді.

Ағымдық жылдағы ағымдағы жылдағы тауарлар бағасы

баға индексі = 100%

базалық жылдағы сол тауарлар бағасы

Тек ғана тұтыну тауарларына есептелген баға индексі тұтыну тауарларының индексі деп аталады. Тұтыну ғана емес, сондай-ақ инвестициялық және басқа тауарлардың бағалар өзгерісін сипаттайтын баға индексі ЖҰӨ дефляторы деп аталады. Ол ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлемін емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды.

Номиналды ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторы = 100 %

Нақты ЖҰӨ

18. 4. Ұлттық есеп жүйесі

Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін ұлттық есеп жүргізу жүйесі пайдаланылады. ҰЕЖ - бір жағында ресурстар, екінші жағында олардың қолданылуы көрсетілген арнаулы кестелер мен баланстар. ҰЕЖ- түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүргізушіліктің өзінің тарихы бар. Экономистер баланссыз, табыстар мен шығындарды салыстырмайынша экономиканы зерттеу мүмкін еместігін бұрын түсінген. Балансты жасаудың бірінші әрекетін 1758 ж. Франсуа Кенэ "экономикалық кесте" арқылы жасады. Бірақ оның кестесі тәжірибелік маңыз алмады. Ол ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе меншік иесі болмағанның барлығын "өнім бермейтін класқа" жатқызды. Нақты шаруашылық өмірді көрсететін жаңа модель қажет болды. Бұл мәселені жалпы түрде К. Маркс 1885 ж. капиталдың ІІ-ші томында, өзінің капиталдың ұдайы өндірістік схемасында орындаған. Балансты жасаудың үшінші кезеңі орыс экономистер тобының зерттеуімен байланысты, олар КСРО халық шаруашылығының салааралық балансын 1923-24 ж. бірінші рет құрған. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдары салааралық баланстың моделін Ресейден шыққан американдық ғалым В. Леонтьев жасаған. Ұлттық шоттарды құру үшін экономистер бастапқы мәліметтерді ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ЖТ, ҚҚТ категориялар туралы халық шаруашылығының статистикалық ақпараттарын пайдаланады.

Ұлттық есеп жүргізушіліктің негізгі мақсаты - оның пайда бөлу, бөлу және қолдану туралы сандық ақпарат беру. Ол шаруашылық қызмет туралы хабарларды белгілі тәртіпке келтіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің экономикалық операциялары мақсатты бағыты, обьектілері, бағалау түрлері бойынша топтарға бөлінеді. Ұлттық есепті өндірістің құрылымы мен көлемі, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды т. б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Шоттар (екі жақты ерекшеленеді: ресурстар және оларды пайдалану) шаруашылық субьектілерінің экономикалық операцияларын бекіту үшін қолданылады. Экономикалық қатынастар агенттерінің операциялары шоттарда екі рет жазылады. Нақты ресурстар мен оларды пайдаланудың арасында тепе-теңдік болуы керек.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Макроэкономика нені зерттейді?
  2. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында қандай айырмашылық бар?
  3. Ұлттық табыс нені көрсетеді және қалай анықталады?
  4. ЖҰӨ қандай әдістермен өлшенеді?
  5. Қандай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бар?
  6. Ұлттық есеп жүргізушілік не үшін қажет?
  7. ЖҰӨ дефляторы мәні қалай анықталады?

Тест

  1. Жалпы ұлттық өнім - бұл

а) сатылған тауарлар мен қызметтердің деңгейінің көрсеткіші

б) үкіметтің жалпы шығындарының көрсеткіші

в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтердің саны

г) соңғы өнімдер мен қызметтердің нарықтық құны

  1. Төменде аталғандардың ішінен дұрыс жағдайды анықтаңыз

а) ЖҰӨ-бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының сомасы

б) ЖҰӨ- бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер санындағы өзгерістерді көрсететін көрсеткіш

в) ЖҰӨ- басқа макроэкономикалық көрсеткіштерге қарағанда тұрмыс деңгейін дәл өлшейді

г) ЖҰӨ құрамына жыл ағымында жүзеге асырылатын трансферттік төлемдер кіреді

д) дұрыс жауабы жоқ

  1. Таза ұлттық өнім тең болады

а) ЖҰӨ плюс амортизация

б) жеке табыс плюс жанама салықтар

в) ЖҰӨ минус амортизация

г) инвестиция минус амортизация

д) экспорт минус импорт

  1. Нақты ЖҰӨ дегеніміз ол

а) ағымдық бағадағы потенциалды ЖҰӨ құны

б) ағымдық бағадағы наөты ЖҰӨ құны

в) ЖҰӨ-нің нақты көлемі

г) базалық бағадағы ЖҰӨ құны

  1. Төменде аталғандардың ішінен дұрыс жағдайды анықтаңыз

а) ЖҰӨ көлемін есептегенде тек ғана тұтыну корзинасына кіретін тауарлардың құны ескеріледі

б) инфляция жағдайында номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ-ге қарағанда аз өседі

в) ЖҰӨ-елдің территориясында өндірілген түпкі тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны

г) ұлттық табыс - елдің резиденттеріне тиесілі өндіріс факторлары бойынша барлық табыстардың сомасы

д) барлық жауаптар дұрыс

Әдебиеттер:

1. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. -Киров, 1997.

2. Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” / Под ред. А. С. Булатова. -М., 1997.

3. Экономическая теория (политэкономия) . Учебник. /Под общей ред. В. И. Видяпина, Г. П. Журавлевой. -М., 1997.

4. Мамыров Н. К. и др. Микроэкономика. -Алматы: Экономика, 1997.

5. Макконелл К., Брю С. Экономикс. - М., 1992, т. 1.

6. Дайджест экономической теории. -М., Аналитика-Пресс, 1998.

7. В. Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы, 2003.

8. Я. Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.

9. Экономикалық теория: Оқу құралы / Я. Аубакиров, Б. Байжұмаев т. б. -Алматы: Қазақ университеті, 1999.

10. Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.

11. А. Нурсеит, А. Темирбекова, Р. Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.

12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т. : Пер. с англ. -13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.

13. Основы экономической теории /Под ред. В. Д. Камаева, Москва, 1997.

14. Жалпы экономикалық теория. Ө. Шеденов, Ү. Байжомартов, Ақтөбе, 2001.

15. С. С. Мәуленова, С. Қ. Бекмолдин, Е. Қ. Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2003.

Студенттің өзіндік жұмысы (СОБӨЖ)

1) . Кестеде берілген мәліметтер бойынша мыналарды есептеңіздер:

а) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер?

ә) жеке жинақтардың көлемі қанша?

б) экономикада капитал қорының көлемі қаншаға өсті?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Макроэкономикалық реттеу
Макроэкономика
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Ұлттық есеп жүесi – макроэкономикалық статистиканың негiзi
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Ақшаға деген сұраныс
Құқық және экономика қайсысы маңыздырақ
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz