Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру


Жеке ішкі ұйымдастыру мен дамыту
Жаңа кәсіпорынды, фирманы құрудың тәртібі
Жаңа кәсіпорынды құру үшін бірқатар міндетті сатылардан өту қажет. Жаңа кәсіпорынды құру тәртібін келесі схема түрінде көрсетуге болады:
Жаңа кәсіпорынды құру тәртібі
Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.
Жаңа кәсіпорынды құрудың бастапқы сатысында құрылтайшылар құрамы анықталып, құрылтайшы құжаттары дайындалады (Кәсіпорын жарғысы мен Ұйымдастыру-құқықтық формасы көрсетілген кәсіпорынды құру туралы келісімі) . Сонымен бірге бұл жерде басшы мен тексеру комиссиясын сайлау туралы жазылған құрылтайшылардың №1 жиналысының хаттамасы толтырылады. Содан кейін банкіде уақытша есеп шот ашылады, оған бір ай көлеміндегі уақытта тіркелген кәсіпорынның жарғылық қорының 50%-ы түсуі керек. О дан кейін, кәсіпорын құрылған жеріндегі басқарушы органдарда тіркеледі. Ал мемлекеттік регистрде тіркелу үшін Әділет министрлігіне келесі құжатгар тапсырылуы тиіс:
1) Құрылтайшының (немесе құрылтайшылардың) тіркеу туралы арызы.
2) Кәсіпорын жарғысы.
3) Құрылтайшылар арасында бекітілген кәсіпорынды құру туралы келісімі.
4) Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы куәлік.
Тіркеу аяқталып және тіркелу туралы куәлік алынғаннан кейін жаңа кәсіпорын туралы мәлімет Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне өткізіледі. Бұл жерде берілген кәсіпорынды көсіпорындардың Мемлекеттік регистріне тіркейді. Кәсіпорынға, кәсіпорындар мен ұйымдардың Республикалық классификациялық коды беріледі. Жаңа кәсіпорынды құрудың соңғы сатыларында құрылтайшылар өзінің салымдарын толығымен банкке салады. Банкте тұрақты есеп шотын ашады. Жергілікті салық инспекциясында тіркеледі. Мөртаңба мен дөңгелек мөрді тапсырыс беріп алады. Осы уақыттан бастап кәсіпорын заңды тұлға болып есептеледі.
Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
Шет елдерде кәсіпорындардың көптеген түрлері қалыптасқан. Оның ішіндегі экономист Г. Берл ұсынған болашақ кәсіпорынның алты түрлі нұсқасы мыналар:
1. Инкубатор.
2. Үйдегі бизнес.
3. «Барахолка» базарлары.
4. Почта арқылы тапсырысты орындайтын кәсіпорындар және уақытша жұмыс істейтін кәсіпорындар.
5. Жиын-кештерде тауарларды сату және тауарды көрсету, таныстыру, жарнамалау кезінде сату.
Жоғарыда айтылған бизнестердің бір қатар ұқсас белгілері бар:
а) іс сипатының жеке адамға тән болуы;
ә) бастапқы капиталға қойылатын талаптардың өте төмен және тиімді болуы;
б) бұл кәсіпорындар тез қозғалғыш, өзгергіш болып ойластырылады. Олар бірқатар ерекшеліктермен ажыратылады.
Инкубатор - жұмыртқаны жылудың көмегімен ашуға керекті аппарат екені бізге мәлім, ал бизнесте әдетге, кіші кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайды туғызуға жағдай жасайтын қандай да бір кәсіпорындарды керекті жабдықтарымен, мамандар және эксперттердің консультативтік кеңесімен керекті капиталды алу мүмкіндігімен т. б. қамтамасыз етеді.
Үйдегі бизнес - өте «тыныш» бизнес больш табылады. Бірақ бұл жұмыс үймен шектеліп қоймай, үйден тыс жерлерде бұл бизнеспен айналысуға болады. Мысалы, бапкерлік жұмыс, роялды күйіне келтіру, т. б. үйдегі бизнес тиімді болуы үшін автожауапбергіші бар сымтетік, ұялы сымтетік, көшірмелі техника, компьютер болган дұрыс.
«Барахолка» базарлары - Республикамызда кеңінен тараған сауданың түрі. Өйткені, еліміздің қалыптасу кезінде күн көріс көзі ретінде ең тиімді, әрі оңай бизнестің түрі болды. Бұл бизнесте ұсақ өндірушілер де, жеке және көтерме саудашыларда қатыса алады. Бұл жерде ең қолайлы нәрсе - шығындардың салыстырмалы түрдегі деңгейінің төмен болуы.
Почта арқылы тапсырыстарды орындау, қызмег керсету - жоғары арнайы білімділікті, үлкен жинақтылықты, күш-жігерді, уақытты, капиталдық салымды талап етеді. Кепілді пайданы қамтамасыз ететін керекті тапсырыстың көлемін алу үшін өз ісі туралы көп адамдарды хабардар ету шарт. Бұл бизнес түрінің жағдайында нақты тапсырыстың пайыздық үлесі өте төмен және пайда түсіру үшін тауардың бағасын едәуір жоғарылатуы керек.
Уақытша жұмыс істейтін сауда орындары соңғы уақытта республикамызда барахолкалармен қатар дамып келді. Бұндай сауда нүктелерінде былғары аяқ киім, парфюмерия т. б. өнімдер сатылады. Сонымен қатар бұл жерлерде ыстық самса, күлше, кәуап, т. с. с сатылады. Әдетте, бұндай сауда орындары елеусіз уақытқа ғана жалға алынады. Егер бұндай сауда түрімен айналыссаңыз, өтімділігі және айналымы жоғары тауарларды таңдау керек.
Жиын-кештерде тауарларды сату -басқа кәсіпкерлік істің түрлерімен салыстырғанда істің бұл түрі әрекеттілік пен шығынды салыстырмалы түрде аз талап етеді. Бірақ тек бұл жерде жиын-тойларға бару мүмкіндігі көп болуы керек.
Жоғарыда көрсетілген бизнестің түрлері бір қарағанда оңай сияқты болып көрінеді. Бірақ әрқайсысын терең меңгеріп жеке зерттеп байқаудың арқасында дұрыс таңдау жасауға болады. Өз ісін бастаудың алдында кәсіпкер «Маркетингтік барлау» жасап алуы қажет. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларға көңіл аударуы тиіс:
1. Саяси факторлар - саяси жүйенің тұрақтылығы, меншікті инвестицияларды қорғау.
2. Әлеуметтік-экономикалық - құрылып жаткан кәсіпорынның шығарылатын өнімінің қоғамдағы сатып алу мүмкіншілігін қарастыру. Сонымен бірге, бұл жерде мүмкін болатын инфляцияға, бәсекелестікке көңіл аудару; қаржы-кредит жүйесінің жағдайы да есте болтан жөн.
3. Құқықтық-кәсіпкерлік істің заңдық базасының бар болуы және оның жағдайы.
Әрі қарай құрылатын кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы туралы мәселені шешіп алу керек. Кәсіпорынның формасын таңдауда оның бастапқы жағдайына (капитал т. б. ) көңіл аудару керек. Қазіргі уақытта елімізде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жеке меншік кәсіпорындардан соң кеңінен дамып келеді.
Осыдан кейін құрылтайшылар туралы мәселе туады. Құрылтайшыларды таңдауда мына жағдайларды ескеру керек; төлеу мүмкіндігі, іскерлік адалдығы, өзара толық сенімділігі.
Кәсіпорынды, фирманы техникалық-экономикалық
негіздеуді дайындау
Өндіріспен байланысы бар кәсіпорынды құруда, оның техника-экономикалық негізделуін (ТЭН) ескерген дұрыс. ТЭН құрамына келесілерді енгізу ұсынылады;
1. Өндірісте жоспарланатын өнімге, тауар мен қызметке сұранысты талдау;
2. Өндірістік көрсеткіштер;
а) конструкторлық, технологиялық және басқа талап етілетін құжаттамалардың бар болуы;
ә) өндірістік бағдарламалар;
б) бағдарламаны, жұмысты жүзеге асыруға керекті машиналардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың негізгі өндірістік қорлардың басқа элементтерінің, сонымен бірге шикізат пен материалдардың тізімі;
в) өндірістік қуаттылықтың немесе оларды құру жобасының болуы;
г) бар жабдықтардың, қоңдырғылардың және негізгі өндірістік қорлардың тізімі;
ғ) өнім немесе қызметтің жеке түрлерінің тиімділігі;
д) амортизациялық болу шамасы.
3. Қаржылық көрсеткіштер:
а) өнімді өткізу немесе қызмет көрсету түсімін есептеу;
ә) материалдық және оған теңестірілген шығындардың мөлшері;
б) бюджетке бөлінетін ақшаның шамамен жобасы;
в) таза пайда;
г) еңбекақы қоры;
г) құрылатын басқа қорлардың шамасы.
Халықаралық практикада жобаларды негіздеуде салынған құралдардың мақсатқа лайықтылығы, пайдалылығы туралы шешімді қабылдауда бірқатар жалпыланған көрсеткіштерді пайдаланады. Оның ішінде:
1. Ағынды таза бағасы.
2. Рентабельдік тиімділік.
3. Тиімділіктің ішкі коэффиценті.
4. Капиталдық салымдарды қайтару кезеңі (уақыты) .
5. Шығынның ең жоғары мүмкін деңгейі.
6. Зиянсыздық нормасы.
Ағынды таза бағасы - өнімді өткізгеннен түскен жинақталған кірістен, "сол уақытта есептелген барлық шығындардың айырмасын айтамыз.
Рентабельдік - пайданың салынған капиталға немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы, кәсіпкерлік жобаның әр жылына немесе орташа жылдық шама болып есептеледі. Бұл жерде салық салу да есепке алынады.
Тиімділіктің ішкі коэффиценті - рентабельділік шамасының бастапқы табалдырықтық шамасы болып анықталады. Ол инвестицияның экономикалық өміріне есептелген интегралды әсердің нөлге тең болуын қамтамасыз етеді. Егер ішкі коэффицент шамасы табалдырықтық шамадан төмен болмаса, жоба рентабельді болып есептеледі.
Капиталдық салымдарды қайтару кезеңі - бұл шама біздің елімізде капиталдық салымдардың өтелу уақыты деп кеңінен қолданады. Оны сату кірістерінен қызметтік-әкімшілік шығындарды алып тастағандағы шаманы негізгі капиталдық салыммен салыстыру арқылы анықтайды.
Шығынның ең жоғары мүмкін деңгейі - жобаны қаржыландырудың керекті шамасын көрсетеді және бұл шама барлық шығындармен байланыста болуы керек.
Зиянсыздық нормасы - «нөлдік пайда» қамтамасыз етілетін, шығарылатын өнімнің көлемінің ең төменгі деңгейі - бұл жерде сату кірісі өндіріс шығындарына тең. Ол формула бойынша анықталады.
Жаңа кәсіпорынды басқару
Кәсіпкерлік фирманың даму сатылары
Кәсіпкер өз ісінің бастапқы кезінде көптеген проблемалармен қақтығысып отырады. Солардың ең біріншісі - шаруашылық кеңістікте өз орнын табу. Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдары оқушылармен қатар кәсіпкерлерге де орынды, қатысты деп ойлаймыз.
Кәсіпкер ең алдымен нарықтың, ұсыныстың жағдайы мен оны қызықтыратын салада, облыстағы белгілі тауарларға сұранысты меңгеруі керек. Сонымен қатар ол жердегі қиындықтар мен кездесетін кедергілерді естен шығармау қажет (жергілікті заңдар, салык, т. б. ) . Осылайша құралдарды инвестициялау шарттарын анықтап алуға болады.
Бұл шамалардың барлығы ашық түрде, жергілікті және республикалық басылымдарда, ресми басылымдарда нормативті актілерде, заңдарда көрсетіледі. Сонымен бірге жеке адамдардың да пікірлерін, мәліметтерін жинақтау артықтық етпейді, Бұның барлығын кәсіпорынның пайдасына жатқызуға болады.
Осылайша «өз тетігін» анықтап алған кәсіпкер өз кәсіпорнының мамандануын белгілеп алады. Ол үшін болашақ тұтынушыларды бағалау, бәсекелестер туралы барлық мүмкін мәлімеітерді біліп алу, техника мен технология туралы мәселелерді шешуі керек.
Зиянсыздық нормасы = Тұрақты шығындар/Салыстырмалы баға -
салыстырмалы айнымалы шығындар
Кәсіпкерлік істің формасын таңдаудың мәні зор. Ең алдымен кәсіпкерліктің коллективті немесе жеке түрін таңдау керек. Жеке кәсіпкерлікті таңдай отырып, кәсіпкер өзі қауіп-катерге бас тігіп, өз күшіне ғана сеніп, жұмыс істейді. Сәтсіз жағдайда, меншік иесі кәсіпорын міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады және өз құралдарымен, өз мүлкімен жауап береді.
Кәсіпкерлік істің ұжымдық түрін таңдай отырып, кәсіпкер жауапкершілікті серіктерімен бөліседі. Бұл түрде, қауіп-катерді төмендетуге, қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік бар.
Келесі саты - өндірістік базаны қалыптастыру болып табылады. Кәсіпкер өзіне қажетті өндірістік және қойма жайын, қондырғыларды, жабдыктарды, станоктарды, кұрал-саймандарды сатып немесе жалға алуы керек; шикізат пен материалды, жартылай фабрикаттарды, қосалқы бұйымдарды сатып алуы керек. Бұл жерде жалданатын жұмысшы күштерін ескерген жөн. Сол мақсатпен кәсіпорындар қондырғыларды жасаушылармен, шикізатпен, матсриаддармсн камтамасыз етушілермен, делдалдық фпрмалармен карым-катынаста болады. Жүмыскерлерге дегсн мүктаждьпо'ы жске тапдау жо-лымегі, снбек биржасында хабарлапдыру арқылы 'іагы баскд жолдармеп камтамасыз етуге болады. Келесі мацызды сатыда, қаржы қүралдарын тарту жүзеі е асырылады. Әдетте істі бастауға, дамытута керекті қүрадцар кәсіксрлікке жеткіліксіз болады. Ак-ша кұраддарынын жетіспеушілігін акция сату аркылы, меншік-тегі қарыз міндетгемелерін шығару арқылы (облигация) және коммерциялық банктерден несие алу арқылы канағаттандыруға болады. Бүл жерде кәсіпоръш оның акщшсын немесе кдрыз міндеттемелерін сатьга алатын жеке және занды түлғалармен, сондай-ақ коммерциялық банктермен өзара қатынаста болуы мүмкін. Банк несиелері қысқа, орта және ұзақ уақытты болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz