Мемлекеттік және жеке меншік құқығы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Меншік кұқығы және басқа да заттық құқықтар
Заттық құқықтың түсінігі мен белгілері
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
2 Меншік құқығына ие болу негіздері
Меншік құқығына ие болудың бастапқы негіздері
Меншік құқығына ие болудың туынды негіздері
Ортақ меншік
3 Мемлекеттік және жеке меншік құқығының пайда болу ерекшеліктері
Мемлекеттік меншік құқығының пайда болу негіздері.
Жеке меншік құқығының пайда болу негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық құқықтағы меншік құқығы матералдык игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы күкықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол біріңғай тұтас құқық институты болып табылады.
Меншік құқығы бұл - меншік туралы айтылғанда еңбектін өнімдерін тиісгі нысандарын иеленуді шартты түрде дәйіттейтін өндірістің құрал - жабдықтардың өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болып табылады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік бұл базистегі, сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және қорғалатын құқығы.
Жұмыстың практикалық маңызы.
Меншік құқығының институты қоғамда үш функцияны орындайды.
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету құқықтарын бекітеді. Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығының обьективтік және субъективтік мағынасы болады.
Объективтік мағынасы тұрғыда алғанда меншік құқығы өндіріс құрал -жабдықтар мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және билік ету катынастардың негізінде құқық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Ал, субьективтік мағынасы - өкілеттелінген тұлғаның мүмкіндігі болып табылады. Субьективтік меншік құқығы меншік иесіне өз еркінше мүлкін кәсіпкерлік немесе заңмен тыйым салынбаған басқа іс - әрекет үшін пайдалану және билік ету құқығын басқа тұлғаға өкілеттеуге, сатуға, кепілдікке беруге құқығы бар. Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.
Иелену құқығы дегеніміз, - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде камтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.
Ал, ие болу құқығы дегеніміз - адамдардың өз қалауы бойынша мүлікке ықпалын жүргізу мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы: Мемлекет жер және онын қойнауы, су өсімдіктер және жануарлар дүниесіне, табиғи ресурстарға ие болса, ал азамат жеке автомобильге, жиһаздарға және тағы баскаға ие.
Пайдалану күкығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи касиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиісті мүлікті кәдеге жаратуы өзінің түтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табу қажет, Мысалы: кір жуғыш машина, азық - түлік.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығының меншік иесі мүліктің зандылық жағдайын аныктап өзгерте отырып мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады. Мысалы: сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу және тағы басқа. Аталған билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиісті. Меншік иесінің осы үш құқығы заңның тарихи дамуынан туьшдап отырған занды құрылымы болып табылады.
Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқыктарында ғана емес, сондай - ақ олардың өзгешелігінде болып отыр. Мүнда жалдап алушының мүлікке деген құқығы меншік иесінің күкығынан шектеулі болып отырғандықтан емес, меншік иесінің құқығын жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде.
4
Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне тиістілі мүлікке ие болу, пайдалану және билік етуін белгілеп берді. Бүрыьғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса, қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез - келген іс -әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан құқықтың негізгі зандылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының тәуелсіздігін, мазмүнының кендігін көрсетеді. Осындай заңдылықты еске алып, субьективтік меншік құқығының иесі өз мүлкіне еркінше ие болу, пайдалану және билік ету заңда тыйым салынбаған басқа да іс - әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Меншік катынастары кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бүрынғы одак көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі есептелінеді.
Меншік құқығы қаншалықты маңызды болса, меншік құқығына ие болу негіздері де соншалықты маңызды мәселе. Өйткені меншік құқығының пайда болуының өзі сол негіздермен тікелей байланыста. Меншік құқығының пайда болу заңдылыктарының сакталуы меншік құқығының түрақтылығының кепілі. Сондықтан да заңнамада да жалпы құқықтық қатынастардың реттелу барысындағы кейбір тәжірибелік әрі теориялық мәселелерде де меншіктің пайда болуының құқықтық негіздері әлі де жетілдіруді қажет етеді.
1 Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар 1. 1 Заттық құқықтың түсінігі мен белгілері
Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамагындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затка қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.
Заттық құқық уэкілетті тұлғаның үстемдігіндегі тиісті затқа тікелей эсер ету арқылы мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін субъективтік құқық. Заттық құқық - қү-қық иеленушіде үш түрлі құқықтық өкілеттіктің болуымен сипатталады: иелену, пайдалану жәе билік ету. Бұл қүдықтардың үшеуі де немесе кейбіреулері, толық немесе жартылай да болуы мүмкін. Заттық құқықтың объектісі тек қана жеке анықталған зат бола алады. Материалдық емес қүндылықтар мен үқсастық белгілеріне байланысты анықталатын заттар заттық құқықтың объектісі бола алмайды.
Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік кұқығы жэне басқа да заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және баска да заттық құқыктар (мысалы, сервитуттар) жатады.
Азаматтык кодексте меншік құқығы заттық кұқықтың жалпы жүйесіндеге негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құкытың бірі болып саналады.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын жэне қорғалатын белгілі бір жаққа немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормалардың бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: заңда бекітілген заттық құкықтың шектелген шеңбері; заттық
құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық) ; затқа тікелей үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау.
Заттық күкық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқықка мазмүны жағынан қарама-қарсы түрған міндеттемелік құқық. Бұл күкық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Мүліктік құқықтарды заттық және міндеттемелік деп бөлуді рим заңгерлерінің материалдары негізінде кейінгі кезеңдердегі ғалымдар жүргізді. Егер тұлға өзіне тиесілі затқа тікелей эсер ете алатын құқығы бар болса, ол заттық құқық, егер тұлға ол затқа тікелей эсер ете алатын құқығы болмай, ол затты өзіне беруге талап ете алатын күкығы болса, онда ол міндеттемелік құқык болады.
Заттык күкықта уәкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда оның өзінің әрекеті шешуші маңызға ие, ал міндеттемелік құқықта өкілетті тұлғаның мүддесінің орындалуы оның алдында міндетті жақтың әрекетінің нәтижесіне байланысты.
Заттык құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі болып табылады. Мүның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып үстемдік етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай, шектелген түрінде де кездеседі.
Заттык құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталып қалатындығы деуге болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік күкығы сакталады.
7
Заттык кұкык екі үлкен топка бөлінеді. Олар, меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы. АК-тің 195-ші бабында заттық құқықтың негізгі түрлері көрсетілген. Бұл бапта заттық құқықка меншік құқығымен қатар жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы жэне АК-те немесе өзге заң актілерінде көзделген баска да заттық құқықтардың жататындығы көрсетілген. Баска да заттық құқықтарға сенімді басқару құқығы; жеке меншіктегі жер учаскесін уакытша пайдалану құқығы; жер койнауын пайдалану құқығы; сервитут; кепіл және басқалар жатады. Заң актілері бойынша меншік құқығынан келіп туындайтын баска да заттык құқықтар қарастырылуы мүмкін.
Жер пайдалану күкығы заттык күкық болып табылады. Жер Кодексіне немесе заттык құқыктың мәніне кайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады (Жер Кодексінің 28-ші бабы) .
Сервитут заттық құқық ретінде бөгденің мүлкін шектеулі пайдалану болып табылады. Жер күкығында сервитут кең қамтылған.
Заттык құқықтың ерекшелігі оның меншік құқығынан келіп (туындайтынында) шығатынында. Осыған байланысты заттык құқықтарға, еі ер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына кайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар колданыладьқ
Заттык құқықтың міндетті белгілерінің бірі құқықтың сақталуы мен құқықтың басымдығы. Демек, бірінші жағдайда заттык күкықты иеленуші тиісті затка меншік күкығы ауысқанымен (Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығындағы заттарға мемлекеттің заттық құқығының сақталуы, кепілге салынған мүлікке меншік құқығы пайда болғанымен ол заттың иесінің меншік құқығы сақталады) оның иеленушісі меншік иесі болып қала алуы мен заттық құқық пен міндеттемелік құқық бәсекеде болғанда заттық құқыққа басымдық берілетіндігін айтуға болады.
8
1. 2. Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Адам қоғамдық өндіріске ұдайы қатысып, өзіне белгілі бір игіліктер жасайтыны белгілі. Сондықтан, меншік ең алдымен экономикалық категория ретінде қаралуы керек. Ёірақ, мүліктік игіліктерге адамдардың көзқарастары әр түрлі. ¥дай өндірістің мәні мүліктік игіліктер жасауда, оларды жоғарыда айтылғандай біреулер иемденіп, немесе біреулердің меншігіне айналып отырады.
Кез-келген мүліктік игілік одан оның иемдену максатына жасалады, сондықтан да өндіріс катынастарының негізі болып, меншікті иемденудің өзі болып табылады.
К. Маркс көрсеткендей, меншік дегеніміз белгілі тұлғалардың мүліктік игіліктерге өзіне тиесілідей, өзінікіндей қатынастары, демек барлық басқа тұлғалардың көрсетілген игіліктерге бөтендікіндей, өзіне тиесілі еместей қатынастары. Сондықтан, "Меншік" заттар себебінен адамдар арасындағы қатынастары болып табылады, бұл иемдену фактісі немесе бір тұлғаға (олардың үжымдарына) мүліктік игіліктер тиісті болу фактісіне жатады, демек баска барлық тұлғалардың бү_л игіліктерден шектелуіне экеледі.
Сонымен, меншік катынастары былай көрсетіледі:
өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік катынас ретінде;
экономикалық қатынастар ретінде, өндіріс қаражаты түрінде мүліктік иемденуінде. С. Н. Братусь жэне басқа ғалымдар азаматтық құқық пэнін зерттеп, мынадай қорытындыға келді, меншік, өндірістің керекті алғы шарты бола тұра сол арқылы жүзеге аса отырып, өндірілген мүліктік игіліктерді иемденудің негізі болып табылады. Меншікті олар екі жағдайда қарастырады. Статистикалық иемдену жағдайында болуы, өндіріс қаражаты жэне оның өнімі белгілі бір тұлғанікі, динамикалық-мүліктік игіліктердің пайдалануы жэне ауыспалы жағдайында болуы. Меншік қатынастары - мүліктік қатынас
9
болғандыктан онда статистикалық және динамикалық жағдайда тұруы ақырғысына тән. Шындығында, мұнымен келіспеуге болмайды, себебі, меншік иесі мүліктік игілікті өндірумен қатар, оны пайдаланып жэне арғы тағдырын белгілей алады.
Бұған дейінгі сөз меншік ерекше экономикалық категория ретінде айтылған еді, ол меншіктің заңды мазмұнын ашылуының бастамасы қызметін атқаруы тиіс еді. Енді соған өтеміз.
Меншік құқығының мазмұны мен ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында толық ашылған.
Меншік құкығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану жэне оған билік ету құқығы көрсетілген өкіліттіліктен толығымен субъективті меншік құқығындай меншік иесіне эрекеттерін заңды қамтамасыздандырылған мүмкіндіктерін көрсетеді, өкілеттіліктерге меншік иесі болуы уақытында ғана ие. Мүлікті иелену де заңды және заңсыз болады. Заңды деп қандай да бір құқықтық негізге сүйенетін иеленуді айтамыз, яғни заңды иелену титулы.
Кейде заңды иеленуді титулды деп те айтады. Заңсыз иелену құқықтық негізге сүйенбейді, демек, титулсыз иелену.
Заңсыз иеленушілер өз ішінде екіге бөлінеді: адал ниеттілер жэне арам ниетті иеленушілер болады. Заңсыз иеленуші мүліктің заңсыз иеленгенін білмесе жэне білуі мүмкін болмаса адал ниетті заңсыз иеленуші. Ал егер де ол иеленушінің заңсыз екенін білсе немесе білуі тиіс болса, онда ол тұлға заңсыз арам ниетті иеленуші болып табылады. Заңсыз иеленушілердің бұл бөлінуі меншік иесі өз мүлкін виндикациялық талап койғанда меншік иесімен иеленуші арасында кіріс және шығыс есептеуде, сондай-ақ иелену мерзімінің өтуіне байланысты меншік құқығының иеленуі туралы мэселе шешу кезінде керек. Заңсыз және заңды иеленушілер болып бөлінуі мерзімнің өтуіне байланысты иелену кезінде маңызды роль атқарады. Солай, меншік иесі жоқ қозғалмайтын
10
мүлікті 15 жыл заңды иеленген иеленуші, ол мүліктің толық заңды меншік иесі бола алады.
Меншік құкығының ендігі элементі, пайдалану өкілеттілігі. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай, мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табуды заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл жэне өзге нысандарда болуы мүмкін.
Пайдалану өкілеттілігі әдетте, иелену өкілеттілігіне сүйенеді. Бірақ кейде мүлікті иеленбей пайдалануға болмайды.
Меншік құқығының ең ақырғы негізгі элементі - билік ету өкілеттілігі -бұл, мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуін (ҚР АК 188-6, 2-т. ) осы мүлікке қатысты заң актілерін жасау жолымен белгілеу.
Меншік иесі өз мүлкін сату, жалға беру, кепілге қою жэне т. б. ол мүлікке билік етуін іске асыруы күмән туғызбайды.
Е. А. Суханов билік ету құқығына анықтама бергенде, өте айқын "қуатты" өкіліттілік, оның барлығымен меншік иесін басқа титулды иеленушілерден ажыратуға болады (бірақ кей-кезде басқа иеленушілер де мөлшерімен сондай мүмкіндіктерге ие) деген. Меншік иесіне жоғарыда айтылған үш өкілеттік бір мерзімде беріледі (иеленеді) .
Кейде бұл тізімді кемітуге тырысатындар да кездедеді, мысалы, меншік иесінің өз мүлкін бақылауда немесе бақылаудағы ерекше өкілеттілік қосу жолымен. Бірақ, бізше бұл көз-қарас негіссіз, өйткені басқару - меншік иесіне мүлікті нақты иеленуі басқа тұлғада болған уақытта пайда болады. Бірақ, бірге кейде бөлек олар мүліктің меншік иесі немесе басқа мүлікті заңды иеленушісіне тиесілі бола алады (кейбір шектеулермен) . Солай, жалға алушы (арендатор) меншік иесімен келісім шарт бойынша мүлікті иеленуі жэне пайдалануымен қатар, оның келісуімен мүлікті үшінші тұлғаға жалға беруге, оның жайын немесе пайдалану мақсатына өзгертулер енгізуге, жақсартуға құқы болады, демек, белгілі шекте мүлікке билік етеді.
11
Сондықтан, көптеген ғалым-цивилисттер Венедиктов А. В., Генкин Д. М., Корнеев СМ., Е. А. Сухановтар белгілі "үштікті" атаумен шектемей, меншікті "өзінің билігімен, өз мүддесі үшін, өзінің қалауымен басқа тұлғалардан тэуелсіз" жүзеге асыруды нұсқайды.
Бұл айтылғаннан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншіктің субъективті құқығы - меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдалану, иелену, билік етуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі үшін, заңмен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет жасауға, сондай-ақ өз шаруашылық билеу саласына үшінші тұлғалардың араласуын жоюға мүмкіндік.
Біз, осы меншік катынастарының құқықтық реттелуін айтпас бүрын, алдымен меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын жэне ерекшеліктерін карастырып өтуіміз жөн.
Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мүнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан алганда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.
Бұл берілген меншіктің жай анықтамасынан мынаны түсінеміз, меншік - бұл адамның затқа қатынасы. Әрине, бұл меншіктің мазмүнына сәйкес келмейді. Мүндай қатынастарды бір жағынан затқа өзінікі ретінде қарайтын меншік иесі түссе, екінші жағынан меншік иесі еместер түрады, сонымен қатар, затқа бөтендік ретінде қарайтын барлық үшінші жақтар қатысады. Бұл жерде үшінші жақтар бөтен, затқа жэне меншік иесінің еркіне қатысы болмауы керек. Жоғарыда берілген түсінігінен білеріміз, меншік - зат түріндегі материалдық нысанды қамтиды.
Меншік бұл - қоғамдық қатынас. Қоғамдық катынас ретіндегі меншіктің мазмүны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды
12
пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстарымен катынастарынан туындайды.
Сонымен, меншік - бұл материалдық нысан және еріктілік мазмұн тэн қоғамдық қатынас. Меншік - бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік қатынастар қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану, жэне билік етумен сипатталады.
Иелену - меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.
Пайдалану - затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы қасиеттерін алуды білдіреді.
Ал, билік ету - затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды білдіреді.
Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан оның маңыздылыгын көрсетуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz