Табиғат лирикасы


ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл күйіне байланысты әр ақын оны өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл-күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығында, ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Сондықтан да ақында әр өлең сайын өзінше іздену, табиғаттың өз суреттерін беруде, табиғат пен адамның, ортаның байланысын тануда жаңа үлгілер туады.
Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі - «Жаз» (1886) . Осы өлеңнің өзінде Абай - ақындық мәдениеті іріленген, шебер өнер иесі. Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберліктен суреттеледі. Көрініс, құбылыстардың бейнелері жарқын. Көк орай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген
ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суретке түседі.
Жаздыгүн шілде болғанда
Көкорай-шалғын,
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Арасында құлын, тай
Айнала шауып, бұлтылдап.
Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар, жылқы соңында салпылдаған жылқышылар мен су жағалап құс салған бозбалаларға дейін алынып, көшпелі қазақ ауылының реалистік тіршілігі мен табиғатын толықтырып тұр. «Өлеңнің ішінде жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан, - дейді Абай шығармашылығын көп зерттеген Мұхтар Әуезов, - түрі мен өлшеу ұйқастарында да аса жанды, қызулы жүрдектік бар . . . Тұтас бітімді, келісті келген өлеңнін аяғына шейін орайлас ұйқастар айнымай созылып отырады. Өлең тілінде үлкен байлықпен катар, тапқырлық, дәлшілдік мол».
Қыс табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген («Қыс» 1888) . Бұл - нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мүнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі, адамның - жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды. Абай қысы Н. Некрасовтың «Аяз атасы» тәріздес.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,
Үсті-басы ақ кырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл - Абай жаңғырығы. Оның үстіне, ақын оны казақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы - үскірік, аяз бен қар кәрі құдаға» теңелді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен шебер суреттеледі.
Абайдын табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары - бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі («Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай». 1889) . Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген. Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдердің негізгі мазмұнын құрайды. Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін:
Жасыл шөп, бөйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш қурай, -
деп суреттеген ақын ізінше-ақ осындай ортадағы кедей үйдің тұрмысын көрсетуге ауысады. Күзгі суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір-біріне қарсы қояды. Үлкен адамдар ғана емес, жас бала, кемпір-шалға дейін атап, осылардың өз ортасындағы күнкөрісі шындығын ашады.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тоңын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
. . . Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Бұл суреттер Абайдың казақ аулывдағы таптық жікті айқын танып, оньщ сыртқы көрінісін ғана емес, ішкі сырьш да түсіне бастағаный байқатады. Ол еңбекші елдің мұңына ортақтасады. «Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым-ай», - деп ренжіп, байға: «Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей, бір юыс сакта, тас болма сен де о ғұрлы», - деген тілеқ айтады.
«Жазғытұры» (1890) өлеңіңде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі - «ата-анадай елжіреген күннің кезі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел куанышына ортақтасады.
Кырдағы ел ойлағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақгасып,
Шаруа куған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы мезгілдің суреттерін толық бере отырьш, оньщ ел тіршілігівдегі орнын жанға жайлы, еңбекке қолайлы сипатын да атап өтеді.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейлі өнер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz