Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс


ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
- Пәнаралық байланыс туралы түсінік
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
1. 1. Әдебиет сабақтарында пәнаралық байланысты ұйымдастыру
1. 2. Пәнаралық байланыс арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру
1. 3. Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
1. 4. Оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1. 5. Оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
- Пәнаралық байланыс туралы түсінік . . .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
1. 1. Әдебиет сабақтарында пәнаралық байланысты ұйымдастыру . . .
1. 2. Пәнаралық байланыс арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру . . .
1. 3. Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе . . .
1. 4. Оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың
педагогикалық мәселелері . . .
1. 5. Оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
Тақырыптың өзектілігі .
Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде, оқушылардың ойынығ тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
І. Кіріспе
1. 1. Пәнаралық байланыс туралы түсінік
«Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес,
ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»
Ж. Аймауытов.
Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі - әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: «Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады», - деп атап көрсетеді.
Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту - оңай шаруа емес. Кез келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Сонымен қатар, оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”, - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
І. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс
1. 1. Әдебиет сабақтарында пәнаралық байланысты ұйымдастыру
Қазақ әдебиетін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ғылыми-практикалық және тәрбиелік маңызы өте зор. Білім беру жолындағы пәндерді бір-бірімен байланыстырып оқыту - педагогика ғылымының принциптерінен туатын шарт. Мектептерде оқытылатын пәндерді бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра оқыту - оқушылардың әр жақты білім алуына жол ашады. Олардың білім алу жолындағы саналылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.
Тәжірибенің дәлелдеуінше, оқушылардың әдебиеттен берілетін білім тармақтарын толық меңгеруі тек әдебиет пәні мұғалімі ғана емес, сол мектепте барлық пәннен дәріс беретін мұғалімдерге де байланысты. Олай болса, өзінің беретін пәні мен оған байланысты түрліше жүргізілетін практикалық жұмыстарды оқушыларға дәл және орнықты меңгертіп отыру үшін, мектептегі барлық пәннің мұғалімдері ең алдымен өзінің ана тілін жоғары деңгейде меңгеруі керек. Өйткені олар өз пәндерін оқушыларға ана тілін шебер білудің нәтижесінде ғана үйрете алады. Сол арқылы оқушыларды білім алу жолында ойлана білуге, сауатты жазуға, білгенін жүйелі мазмұндап айтып беруге және өмірге шығармашылық тұрғыда пайдалана білу жолдарына дағдыландырады.
Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып отыру мұғалімнің алуан түрлі қолданған әдістері мен өз пәнін жан-жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. Ол үшін әр мұғалім өзінің білім мен тәрбие беру ісіне ерінбей тәжірибе жасай білуі керек.
Білім берудің жаңа принципі бойынша мектептерде оқытылатын әрбір пән өзіне тән негізгі мақсатпен іске асыра отырып, бірімен-бірі байланысты жүргізіледі, бірін-бірі толықтырады, бірін-бірі кеңейтеді.
Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі кездегі принциптері оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оны нақтылы фактілерден өздері бақылап, саналы меңгеруіне, алған білімін жан-жақты зерттеп, кеңейтуіне және ақыл-ойының жан-жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдіс болып отыр. Сондықтан қазақ әдебиетін оқыту жұмыстары барлық пәнмен байланыстырылып отырылады.
Мектеп практикасында әдебиет пәні мен қазақ тілі пәні бір-бірімен ұдайы байланыстырыла оқытылады. Оқушылардың лексикасын байытып, оны молықтырып отыратын тіліміздің ең бай қазынысының бір қоры - қазақ халқының көркем әдебиеті мен оның алуан түрлі жанрлары.
Тіл өмір шындығын танытып, меңгерудің құралы болса, әдебиет - өмір шындығы, ол - әр халықтың өмірі мен қаншама ғасырлар бойындағы тарихының көркем сөз өнері арқылы танылуы.
Әдебиетті жақсы білетін адам өмірдің шындығын, халықтың тарихы мен тілін жақсы білетін болады.
Тіл пәнін әдебиет салаларын оқытуға байланысты орынды пайдаланып отыру оқушыларға эстетикалық тәрбие береді және соған оқушылардың икемділігін арттырып, шеберлендіреді. Соның нәтижесінде олар өз өміріне және сол мақсатта істелетін өз ісіне көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілігін арттырады. Мәселен, мұғалім әдебиет пәнінен мақал-мәтелдерді, жұмбақ пен ертегілерді оқытуда, ондағы грамматикалық белгілерді талдатып ажыраттыру арқылы, біріншіден, қазақ халқының ескі өмірін, әлеуметтік тарихи жағдайлары мен мүддесін және олардың сол кездегі түрлі көзқарасын білдірсе, екіншіден, тілдік материалдарды меңгеретін болады. Мысалы, мәтіннен мақал-мәтелдерді теріп жазып, одан етістіктерді тауып, құрамына талдау.
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені сынғаны.
Әдебиет сабақтарында өнер тақырыптарына жазылған шығармаларды оқытуда музыка пәнімен байланыстырған қолайлы. Мәселен, 8-сыныпта Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін оқытып, талдатуда І. Жансүгіровтің «Күй» поэмасымен салыстыра отыра талдап, үнтаспадан «Боз інген» күйі мен «Нар идірген» күйін тыңдату. Сыныпта домбыра тартатын оқушы болса, солардың біріне екі күйдің бірін тарттырып, домбырамен күй құдіретін таныту. Мысалы, Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінде: « . . . Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып, теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Естемес оны да домбыраның шегіне әкетті . . . ». Ал І. Жансүгіровтің «Күй» поэмасында: «Сол күйге жан жылынған, жүрек жерік, Шойындай сонау отта кеткем еріп. Қобыздың улы күйін қаннан сарқып, Соңғы күй тұла бойды кеткен керіп». Мәтіннен түйенің ботасын іздеп, зарлаған үні суреттелген жерді тапқызып, сол сәт күйде қалай берілгендігін қайтара тыңдату.
7-сыныпта М. Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өтуде, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы» атты поэмасын салыстыра талдай отырып, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдату. Күйде суреттелген аққу үні мен сыңарынан айырылған аққудың үні суреттелген шумақты оқып, салыстыра талдау.
С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын өткенде география пәнімен байланыстырып, «Жағрафиялық» әдісі (А. Байтұрсынов ұсынған әдіс) арқылы Ақмола облысының картасын іліп, Оқжетпес, Жекебатыр, Жұмбақтас тауларын, Бурабай көлін көрсетіп, сол жердің атауының шығу тарихына тоқталады. Тарихи мәліметтермен танысып, картадан тауларды, көлдерді көрсетіп, жұмыс істеген соң, С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы жер-су атауларының шығу тарихына тоқталады, тарихи дерек пен поэмада сөз болған аңыз әңгімелердің мазмұнын бір-бірімен салыстырады, салыстырмалы түрде семантикалық карта толтырып, шығармашылық жұмыстар атқарады.
Сәкен суреттеген Көкшетау келбеті мен Мағжан суреттеген Көкше бейнесін қатар қоя оқып, салыстыру жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.
Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін өткенде география пәні бойынша өлеңде кездесетін өсімдік атауларына тоқталу, анықтама беру, шөптердің суреттері немесе гербарийлер көрсету. (Гербарийлер көрсеткен тиімді болады. ) География пәні мұғалімі өсімдік атауларын әдебиет пәні мұғалімінен терең білетіндігі даусыз. Сондықтан биология пәнімен де байланыстыруға болады. «Жер түгі» деген бөлімнің толық нұсқасында шөптер мен ағаш түрлерінің 81 түрі айтылады. Ағаштар мен бұталар: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік, т. б. Барлығы: 31. Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай. Барлығы: 50. Міне, оқушыларға осындай терең білім берілсе, жас өскін жан-жақты дамиды.
7-сыныпта Т. Ахтановтың «Окоп үстіндегі айқас» («Қаһарлы күндер» романынын үзінді) әңгімесін өткенде тарих пәнімен байланыстырып, «Тарихи-салыстырмалы» әдісті қолданып, талдау жұмыстарын жүргізуге болады.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы өтті. Соғыс басталғаннен бастап, 1941 жылдың соңына дейін 1942 жылдың жазы мен қысы, күзінде әскери қимылдар болып жатты. Соғыс жылдарында Қазақстаннан
1 миллион 20 мың адам майданға шақырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Майданда 410 мың қазақстандық жауынгердің мерт болуы мен 125 мың адамның хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың әкелген зардабы орасан зор болды.
Біреу асыға басып келіп есік қақты.
- Жолдас лейтенат, жолдас лейтенат, тревога!
Николайдың даусы. Мен шам жағайын деп ем, қараңғыда шырпы таба алмай састым. Қасымбектің кейбір түндерде осындай тревогамен асығып кетіп қала беретіні болушы еді, оған да үйренетін кезім болған, бүгін не жамандық көрінгенін, тұла бойым қалтырып, буыным кетіп қалды. Шырпы таба алмай, столдың үстін сипалай бердім. Мен солай қараңғыда босқа қарманып тұрғанымда Қасымбек киініп те алды.
- Сен жата бер, Жазираш . . . әншейін жаттығу тревогасы шығар, - деді Қасымбек. Бірақ мұның даусында да қобалжу бар, әдеттегідей сенімді айта алмады. Осы бір үрейдің қайдан тарағанын білмеймін. Жаңағы есік қаққан Николай даусы . . . көңілімізге үрей салып кеткен соның даусын-дағы діріл ме? Дүріл-деген қадам тақылы ұлғайып барады. Әр тұстан асығыс дауыстар естілді. (Т. Ахтанов. «Қаһарлы күндер»)
Қорыта келгенде, әдебиет пәнін өзге пәндермен байланыстыра оқытуда, оқушылардың өздеріне сыныптан тыс тапсырмалар беріп отырудың да маңызы ерекше зор. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі, шығармашылық тапсырмалар орындауы жас жеткіншектің функционалды сауаттылығын арттырады, ойлау шеңберін кеңітеді, білім сапасын арттырады.
1. 2. Пәнаралық байланыс арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру
Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім қандай болса мектеп те сондай» деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз - ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы - ақпараттандырылған жан - жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Оқу жоспарларында мектепте оқытылатын ғылымдар да диалектикалық
мазмұнды негізге сүйене отырып, филология, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене шынықтыру салаларына бөлініп, жеке пәндерге тармақталып кетеді. Оқу жоспарында пәндер арасындағы кірігу анық көрсетілген және олар пәнаралық байланыстың моделі әрі білім мазмұнын жаңа сапаға көтереді.
Р. Декарттың « Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай, олардың бәрін бірден оқыту - олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білімберудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
Философиялық - педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология - жеке тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы - ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Осы арқылы бір дидактикалық мақсатқа негізделген оқу бағдарламаларын жасауға болады. Пәнаралық байланыс құрамдық функционалдық талдау әдісіне сүйенеді, ол әдіс белгілі бір құбылысты тұтастай құрылымдық-бөлшектеу арқылы зерттейді, осы арқылы әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған екі (одан көп) пәннің құрылымдық элементтері анықталады (мөлшері, тақырыбы, бөлімі, дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т. б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы қүрылады.
Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесі гимназиялардың оқу жоспарының 48 пайызы танымдық - ақпараттық құзырлылықты қалыптастыратынын көрсеткен.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек» деген пікірінде оқушының жалпы құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі жатыр.
Яғни оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді. Ғылымды игеру үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, өзінің танымдық қызметін ретке келтіруші, танымдық үрдістің өн бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі.
Кіріктіру - ХХІ ғасыр талабы. Осы талапты орындауға шындап кірістім. Ең маңыздысы оқушылар мамандықты игеру барысында ынтасы жоғары болуы керек. Тек арнаулы пәндерді ғана емес басқа да пәндерді меңгеру қажеттініг оқушыға жеткізу, түсіндіру ұстаздарға байланысты.
Кіріктірілген сабақтарды өтуде төмендегідей артықшылықтар мен кемшіліктер кездеседі.
Артықшылықтар:
- ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т. с. с. ) ;
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ - Ы, т. б)
Кемшіліктер:
- сабақты тек белгілі бір шектеумен түсіндіруге мәжбүрсің;
- әр мұғалім өзінің сөзін айтады, бірақ байланыстың жоқтығынан оқушылар тек белгілі байланыстармен шектеліп қояды;
- нәтиже күтпейміз. Сабақ сол сыныпта ғана өткізіледі.
Қандай жұмыстар атқарылуы тиіс:
- кері байланысты орнату, үнемі байланыста болу;
- кластер түзу, орнату;
- мамандық пәндеріне күнтізбелік жоспарларын жасау, пән мұғалімдерімен бірге жұмыстар атқару. Өзімізге қажетті тақырыптарға кең көлемде тоқталу;
- нәтижелерді өңдеу, түзету, дамыту.
Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт - бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т. б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал. Сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені, білім негізі мектепте қаланады.
1. 3. Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz