Мектепке дейінгі педагогика жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
I.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.13
1.1. Мектепке дейінгі педагогиканың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.9
1.2. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.13

II. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ДАМУЫНЫҢ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.23
2.1.Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылыммен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
2.2. Мектепке дейінгі педагогика дамуын зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.23

III.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Тақырыптың өзектілігі: Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.Педагогика тарихы бүгінгі таңдағы педагогикалық теорияларды дамыту үшін өткеннің құнды идеяларын бағыттарын зерттеп, оны қазіргімен салыстырып, сын көзбен қарай отырып, бағалы жетістіктерін пайдалануға, педагогиканың болашақта дамуына қажетті, өмір шең ұсыныстарға сүйенуіне көмектеседі. Мектепке дейінгі педагогика туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тәрбие орындарында тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін қарастырып бағдарламасын жасайды, балалардың жасына қарай оның өзін екі кезеңге бөледі. Сол бөлінуіне сәйкес мектепке дейінгі кезеңнің алдындағы педагогика мектепке дейінгі педагогика деп аталады. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру. Тәрбиелеу дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Тәрбие – балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1) адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез – құлықтың тәжірибесін жинақтау. Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет – дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл – ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние – танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді. Білім беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет – дағдыларын қалыптастыру.
1. Ә. Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика Алматы, 1992
2. Ф. Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика Астана, 2008
3. В.С. Мухина 6 жастағылар мектепте Алматы, 1989
4. С.А. Веретенникова Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру Алматы, 1989
5. Н.Л. Татурова Мектепалды бағдарламасы Алматы, 2001
6. К. Б. Сейдалиев Тәрбие теориясы Алматы, 1986
7. Қ. Жарықбаев Қазақтың тәлім тәрбиесі Алматы, 1995
8. С. Ұзақбаева Тамыры терең тәрбие Алматы, 1995
9. Ә. С. Әмірова Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу Алматы, 1998
10. С. Ғаббасова Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1994
11. Е. Сағындықова Типтік оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы Алматы, 2000
12. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 1995

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3-4
I.Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық әдістемелік
негіздерІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5-13
1.1. Мектепке дейінгі педагогиканың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-9
1.2. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .10 -13

II. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ДАМУЫНЫҢ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..14-23
2.1.Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылыммен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...14-1 8
2.2. Мектепке дейінгі педагогика дамуын зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-23

III.ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі
және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық
білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам
әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты
философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит,
Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға
қосқан үлесі зор. Педагогика деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5
жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек
тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы
деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі
сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу,
жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта
тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ
тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп
отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде
тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала
тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми
таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен
рөлін анықтайды.Педагогика тарихы бүгінгі таңдағы педагогикалық теорияларды
дамыту үшін өткеннің құнды идеяларын бағыттарын зерттеп, оны қазіргімен
салыстырып, сын көзбен қарай отырып, бағалы жетістіктерін пайдалануға,
педагогиканың болашақта дамуына қажетті, өмір шең ұсыныстарға сүйенуіне
көмектеседі. Мектепке дейінгі педагогика туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды
қоғамдық тәрбие орындарында тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын, әдіс –
тәсілдерін қарастырып бағдарламасын жасайды, балалардың жасына қарай оның
өзін екі кезеңге бөледі. Сол бөлінуіне сәйкес мектепке дейінгі кезеңнің
алдындағы педагогика  мектепке дейінгі педагогика деп аталады. Педагогика
ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру. Тәрбиелеу
дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер
ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс
көзқарасын қалыптастыру. Тәрбие – балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1)
адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез – құлықтың
тәжірибесін жинақтау. Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама
бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды
әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын
дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым
біліммен қаруландыру, ұнамды әдет – дағдылардың  алғашқы нышандарына баулу,
ақыл – ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес,
қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние – танымдық қабілеттерін, мақсаттылық,
белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді. Білім
беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның
даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет – дағдыларын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды
(үйрету ұғымы пайдаланылады), өйткені балабақшада балалар толық білім
алмайды. Мектепке дейінгі педагогика - қазіргі педагогиканың мектеп
алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым оқыту
түрлерін зерттейтін саласы. Жалпы педагогиканың методологиясы мен
категориялық аппаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика
саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы,
балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл
ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен
оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады. Өткенде де,
қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген.
Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің
пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес
теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні
боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде
əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.)
қабылданары сөзсіз.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі педагогика ғылымының даму
ерекшеліктеріне сипаттама берумен қатар осы бағыттың тәрбие процесіндегі
негіздерін ашу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- мектепке дейінгі педагогика пәнінің ерекшеліктерін айқындау;
- Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы мен болашақ ұрпақ
тәрбиесіндегі жауаптылығын айқындау;
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен отандық
педагогтардың тәрбие туралы көзқарастары айқындалған.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бұл жұмыс негізінен педагогика
бағытындағы жұмыс істеп жатқан ғалымдардың еңбектері мен шығармаларының
негіздеріне сүйеніп жазылды.
Зерттеу әдістері: Осы курстық жұмыста негізінен салыстыру мен дамыту,
тереңдетіп оқыту әдістері қолданылды.

i.Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы

Платон үлкендердің балалар ойынына қатаң қадағалау жүргізуін талап
етті: балалар ойынға ешқандай жаңалық енгізбей, ойын ережелерін бұзбай
ойнаулары керек, себебі бұған ойын үстеуінде үйреніап алып, құлиеленуші
мемлекеттің заңына өзгерістер енгізулері мүмкін, ал бұл жағдайға жеткізуге
болмайды. Сонымен қоса, Платон балаларға барлық ғылымдарды күшпен емес,
ойнау арқылы оқыту керек немесе ерікті адамдар құлдарша ешқандай ғылымды
оқымаулары керек деп есептеді. Ол тәрбиелеуде өлеңдер мен билеуге үлкен
орын қойды. Платон Мемлекетте ерте жастан балаларды қоғамдық тәрбиелеу
ойын дамытты және оларды ұйымдастыруының нақты жүйесін ұсынды. Қаланың
немесе ауылдың  жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ойынға арналған ерекше
орындарға жинау керек. Сонымен бірге заң қарауылдарымен тағайындалатын
әйелдер балалардың ойындарына жетекшілік етіп, ереже сақтауларына бақылау
жүргізулері керек. 6 жастан 12 жасқа дейіінгі балалар мемлекеттік
мектептерде оқуға, жазуға, санауға және ән айту мен түрлі музыкалық
аспаптарда ойнауға үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар басты
назарды жан-жақты физикалық тәрбиелеуге бөлетін палестраға барады. 16
жастан бастап бозбалалар тәжірибелік мақсатпен арифметика, геометрия,
астрономиямен танысаты (алғашқы әскери дайындық). 18-20 жас аралықтарында
балалар эфибияда арнайы әскери-физикалық дайындық  алады. Осы кезең
өздерінің мүмкіндіктерінше әскер, қолөнершісі, егінші және саудагер
сатыларда қалуларымен аяқталады. Тек ақылды адамдар бөлігі ғана 30 жасқа
дейінгі философиялық білім алады; геометрия, арифметика, астрономия және
музыка теорияларын оқи отырып, ойлау қабілетін дамытады және мемлекеттік
іске дайындалады. Осы топтың ішінде ерекшеленген ең мықтылары өздерінің
білімдерін интеллектуалдық қатынаста жалғастырады, философияны толық
меңгергеннен кейін мемлекет басшылары болады.Әйелдер тәрбиесін
Спартадағыдай болуы керек деп есептеді. Құлдардың балалары білім алуға
жіберілмейді. Көріп отырғанымыздай, Платонның көзқарасы бойынша,
құлиеленушілер мен ерікті азаматтардың балалары бәрінен бұрын білім алулары
керек. Тәрбие оларды нақты әлеуметтік қызметтерді орындау мен мемлекетті
басқаруға дайындауы тиіс.
Аристотель Платонның шәкірті бола тұрып, оның әлемнің ойлау және
заттар әлеміне бөлетін көзқарасына қарсы келді. Обьективті идеалистік
ұстанымда қала отырып, ол материалистік жағдайлар қатарын жасады.
Аристотель әлемнің бірлігін, ойлаудың заттар мен ең заттардан бөлінбейтінін
және заттар бірлігі мен формаларын мойындады. Аристотельдің пікірінше, ойды
формаға ұқсастыруға болады. Әрбір заттар материя мен форманың бірлігі,
мысалы: мыс – зат, ал мысты дөңгелек – белгілі бір формадағы құрал. Дәл
осылайша, форма сияқты бір біріне қатысты. Аристотель әлемді әрдайым дамып
отыратын, сапалы өзгеретін және өзгеру процесі ішкі даму сияқты сыртқы
күштің әсеріне ықпал етпейді деп есептеді. Сонымен қоса, Аристотель рухтың
үш түрлі жағы туралы айтқан: тамақтану және көбею кезінде пайда болатын -
өсімдік; түйсіну мен мүддеден туатын – жануар; ойлау мен тану қасиеттілігі
және өсімдіктер мен жануарларды өзіне бағындыра алатын – парасат.
Аристотель тәрбиенің үш жағын белгілеген – физикалық, мінез-құлық және
ақыл-ой, бұлардың үшеуі бір бүтінді құрайды. Аристотель табиғатпен тығыз
байланысты рухтың бар жағының гармониялық дамуындағы тәрбие мақсатын
көрген, бірақ жоғары жақтың – парасаттылық пен еріктіліктің дамуын маңызды
деп есептеді. Осылайша, ол табиғатқа еру мен физикалық, мінез-құлық, ақыл-
ойды байланыстыру және баланың жас ерекшеліктерін ескеруді қажет деді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге Аристотель үлкен көңіл аударды
Балаларға үйретуге болатын барлығына туылғаннан бастап үйреткені дұрыс -
деп айтты және 7 жасқа дейінгі балалар отбасында тәрбиеленулері керек деп
дәлелдеді. Өзінің табиғи пайымдаушылық принципіне сүйене отырып, Аристотель
мектеп дейінгі жасқа жалпы сипаттама берді. Балаларда 7 жасқа дейінгі
өсімдікті өмір болғандықтан, ең бірінші оның ағзаларын дамыту керек.
Кішкентайлар үшін – тамақтану, қозғалыс және шынығу маңызды. Балалар
жастарына сәйкес орындар ойнаулары керек; оларға әңгіме мен ертегілер
(басшылардың рұқсат етілгендері) тыңдаған пайдалы және балалардың тілін
дамыту маңызды. Ата-аналары оларды 5 жасқа дейін мектепке дайындау керек. 7
жастағы ұл балалар мемлекеттік мект ептерге ауысады.
Балаларды әдептілікке тәрбиелеу, Аристотель бойынша, әдептілік
қылықтар жаттығуларына негізделеді – алдын-ала ойластырылған және орташа іс-
әрекеттерді жиі қайталау болып табылады. Мұндай жоғары дәрежелі қылықтарды
рұқсат етілген деп есептеуге болады. Балаларды әдептілікке тәрбиелейтін ең
басты оның ата-аналары болуы керек. Өзінің педагогикалық теорияларын дамыта
отырып, Аристотель құлиеленуші ақсүйектердің басшысы ретінде ең бірінші
кезекте ерікті туған азаматтардың тәрбиесіне және құлиеленуші мемлекеттің
көркебюіне назар аударды. Аристотельдің көзқарастары антикалық педагогикаға
және келесі кезектегі педагогика ғылымының дамуына үлкен ықпал жасады.
Ежелгі Римдегі тәрбие мен педагогикалық ойлар Ежелгі Римнің
көпғасырлық даму тарихында тәрбиелеу мен оқытудың отбасылық және
мемлекеттік тәжірибесі қалыптасты. Рим отбасыларында тәрбиелеу салттары
ұзақ уақытқа дейін сақталды және үй тәрбиесінің сипаттамасы оның римдік
қоғамның әлеуметтік сатысындағы алатын орнына байланысты болды. Римде
әйелдер әйгілі құқықтарды иеленді (мысалы: мұрагерлік саласында), ал
еркектер балаларға болсын, әйелдеріне болсын өктемдік етті. 4-5
жасқа дейінгі ұл  балалар мен қыз балалар отбасында  бірге тәрбиеленді,
кейін оларды  бөлді. Қыз балалар анасының, асыраушылардың  және күтушінің
қарауында болды. Олар тұрмысқа дейін ата-анасының үйінде әйелдер ортасында
қалды. Қыз балалардың басты істері болып – қол еңбегі (тігу) болды және
оларды музыкаға, биге үйретті, ал бай отбасыларында – грек тіліне
үйретілді. Ұл балалар тәрбиесімен еркектер: әкелері, тәрбиешілері, кей
жағдайда Грециядан шақырылғандар айналысты. Оларды еркектік істерге
үйретті, барлығынан бұрын қару-жарақты қолдана білулеріне дағдыланды.
Ерікті туылған орташа отбасының балалары бастауыш білімді ақылы оқытатын
және жеке қарапайым мектептерден алды. Бұл мектепке қыз балалар да
жіберіледі. Ал танымал отбасыларының балаларын ереже ретінде үй мұғалімдері
грек тіліне және әдебиетке оқытты. Грецияның әсер етуімен 12-ден 16 жасқа
дейінгі бай отбасыларының балалары оқитын грамматикалық мектептер ашылды.
Оларды грек тіліне, риторикаға үйретті және әдебиет пен тарихтан қысқа
деректер берілді. Республикалық Римнің соңғы жылдарында білім беруге жоғары
төлем жасайтын танымал отбасының бозбалалары оқитын және грек тілі,
риторика, құқық, математика, философиялық білім беретін риторикалық мектеп
пайда болды. Мұнда оқыған балаларды жоғары мемлекеттік дәрежелі орындарға
дайындады. Рим империясының  пайда болуына байланысты императорлар
грамматикалық мектеп пен риторлық мектепті император билігіне адал
шенеуніктер дайындайтын мемлекеттік мектептерге ауыстырды. Хрестиандықты
үстем дін деп жариялаған кезде мұғалім қызметіне руханилылық өкілі
тағайындалды; мектеп пен отбасындағы тәрбие діни сипатта болды.
Квинтилианның педагогикалық көзқарастары. Марк Фабий Квинтилиан римнің
танымал ораторы және педагогы, Рим ритор мектептерінің негізін салушылардың
бірі. Өзінің мектептік тәжірибесінен және антикалық әлемнің педагогикалық
ойларына қол жеткізуінен Квинтиллианның алғашқы арнайы Ораторлық тәрбие
туралы педагогикалық еңбегі жарық көрді. Квинтилиан адам дамуына
табиғаттың әсері туралы сұрақты түсіндіруге үлес қосты. Ол табиғи берілуге
үлкен көңіл қойды және баланың табиғи қабілеттіліктерін жоғары бағалай
отырып, балалардың ерте жастан қабілеттілік деңгейін анықтауға болатынына
күмәнданбады (кішкентай баланың алғашқы ақылының көрінісі – ес, тездігі
және белгілілігі, қабылдағыш және табылғанды көп уақыт бойы ұстауы, ерте
дамуға, ұқсауға ұмтылуы), бірақ тәрбиемен көп нәрсеге қол жеткізуге болады
деп есептеді. Квинтилиан ата-анадан, асыраушылар мен күтушілерден баланың
қабылдағыш екендіектерін ұмытпауларын талап етті, себебі балалар жақсылық
сиқты, жамандықты да түбірлейді. Сонымен бірге балаларға құрдас-жолдастар
мен педагогтарды таңдауды да есепке алған дұрыс. 5 жастан 7 жасқа дейінгі
балаларды Квинтилиан Аристотель сияқты мектепте дайындалуды қолдады. Ол
балалар 7 жасқа жейін екі тілді – туған және грек тілін меңгеруі тиіс деді,
алдымен грек тілін, сонан кейін параллельді түрде ана тілін үйренулері
керек. Сонымен қоса ол жүйелі сабақтарды көңілді жағдайда жүргізілуін де
дұрыс санады. Квинтилиан балаларды құрдастарымен жарысуға шақырып,
өкінбеуге үйретуге және оларды мақтаумен көңілдерін көтеріп отыруға кеңес
берді.
Рим педагогы балаларды сауаттылыққа оқытудың әдістемелік кеңесін
жасады. Ол балаларды бірмезгілде көрнекі құралдардың көмегімен (піл
сүйегінен жасалған әріптер) әріптердің түрлерімен және атауымен таныстыруды
және оқытудың жүйелілігі мен бірізділігін қадағалауды талап етті.
Квинтилианның түсінігінше, негізгіні оқыту керек, бірақ көп нәрсеге емес.
Болашақ ораторға жақсы дамыған ес, әдеби сөздерге сезім, ритм, жақсы дикция
мен интонация жәнетілінің мәнерлілігі мен мимикасы жетілуі керек. Мұның
бәріне мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап үйрету керек. Ораторлық
тәрбиенің күшті құралы деп - өлеңдерді жаттау деп есептеді, бұл оған
әдептілік тәрбиеніне де керек болып табылады. Квинтилиан өлеңдерді
жаттаудың әдістемелік негізін жасады: өлеңді толығымен оқу, логикалық
бөліктерге бөліп, бөлік түрінде жаттайды, соңында ол толығымен
тақпақталады. Педагогикалық ойлар даму тарихында Квинтилиан дидактика және
әдістеме, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиенің жүйелілігін талап еткен
педагогикалық еңбектің алғашқы авторы ретінде маңызды орын алады.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның тәрбиесі мен мектептері. Құлиеленушік
қоғамның құлдырауы мен құлауынан жаңа феодалдық қоғамға ауысты. Феодалдық
қоғамның күрделі саяси күші мен идеологиялық тіреніші католиктік шіркеу
болды. Ол ортағасырлық Батыс Еуропа қоғам өмірінде үлкен орын атқарды.
Шіркеу халықты қанаушылықты ақтады. Адамның туылғанынан күнәлі ұстанымды
қолдана отырып, ол адамды сопылыққа және рухтың болашақтағы қабірлік 
өмірден құтылу үшін шақырды, осылайша адамдарды саьырлылық пен
төзімділікке, феодалдарға бас июге тәрбиеледі және жердегі өмір – жердегі
көрген қиыншылықтарын көтере алғандары үшін сүйіншіленетін қабірлік өмірге
дайындық деп оқытты. Бұл халықты езушілік пен қанаушылықпен күрестен
арашалады. Католиктік руханилылық антикалық мәдениет: ғылым, өнер,
мектертерге қарсылықпен қарады; ол балаларға құбылыстар сияқты құдайдан
қорқу тәрбие жолымен жеңіске жетуге болады деп насихаттады. Монастырларда
монастырлық мектептер, ал шіркеулерде приходтық мектептер болды. Ең алдымен
олар төменгі шіркеу қызметкерлері рухани тұлғаларға сабақ жүргізді, уақыт
өте мұнда шіркеу қызметшісі болмайтын адамдар да оқыла бастады. Мұғалімдер
– монахтар мен әулиешілер – ұл балаларды христиандық дін рухында және
әдептілікке тәрбиеледі, католиктік құдайға қызмет ету жүретін жат латын
тілінде оқуға, жазуға үйретті. Балалар дұғаларды жатап, шіркеулік әуендер
мен есептеуге үйренді. Латын сауаттылығына үйрету ортағасырлық мектептерде
механикалық есте сақтауға негізделген әріптеу әдісімен жүргізілді, кейде не
оқытып жатқанын түсінбеушілік болды. Оқыту процесі ең қиын және ұзақ деп
есептеді. Пәнді меңгеруде үлгермеушіліктері мен кішкене тәртіп бұзушылық
үшін балаларды ауыр физикалық жазаға тартты. Епископтың кафедрасында және
соборларда кафедралық немесе соборлық мектептер болды. Бұл мектептерге
дворяндар мен белгілі азаматтардың балалары барып отырды. Біртіндеп бұл
мектептер оқушыларға жоғарыланған білім бере бастады. Оның мазмұнын жеті
ерікті өнер құрды: грамматика, риторика, диалектика (діни философияның
бастамасы), арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Соборлық мектептерде
негізінен жоғары руханилылыққа дайындалады. Зайырлы феодалдар отбасын
құрайтын жауынгерлік қайырымдылармен байланысатын басқаша тәрбие мен
білім алды: атта шаба білу, жүзу, семсерлесу, қылыышты қолдана білу,
аңшылыққа шығу, ашхмат ойнау, буындау және ән айту. Оқу мен жаза білу
міндетті болмады. Феодал қыздары білімді үйде немесе діни рухта
тәрбиеленетін және оқуға, жазуға, қолеңбегіне үйрететін әйелдер
монастырларда алды. ХІІ-ХІІІ ғғ Батыс Еуропада қолеңбегі, сатушылық және
қалалар өсуі қалалық зайырлы мәдениеттің тууына әкелді. Феодалдық езгімен
азаматтар католиктік шіркеулерге де қарсы шықты. Қалада қолөнершілер өз
балалары үшін шеберхана мектептерін, ал саудагерлер – гильдейлік мектептер
аша бастады. Бұл шіркеумен емес, қалалық тұрғындардың ашқан мектептерінде
басты назарды туған тілде есептеу, оқу және жазуға аударды. Дін оларда
үстем жағдайында болған жоқ. Шеберханалық және гильдейлік, яғни қалалық
бастауыш мектептерге айналған мектептер магистраттарды құра отырып,
шіркеудің білім беру саласындағы монополияны бұзды. 

1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамалық сипаттамасы.

Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу
əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама
атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста
болады. Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-
əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді
айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің
–нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б.
сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу
процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика
əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық
ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін
атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін:
дескриптивтік не прескриптивтік. Дескриптивтік əдіснама – ғылыми
білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде
зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу
іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі
əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен
танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері
басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске
асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері
атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық,
жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары
философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның
категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша
жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама
деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін
теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы
қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен
принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы
ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген
əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды,
мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу)
проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері
мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап,
алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу
қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-
нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп,
өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп
танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі,
себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным,
көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, оның негізін қалауға
қатысқан педагог Нәзипа Құлжанова. Оның Мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу атты педагогикалық жинақ пен нұсқау кітабы 1924 жылы жарық
көрді. Құлжанованың еңбегінде мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұны, мақсаты
баяндалып, баланың қимылдары мен қозғалыстарын, сезім мүшелерін, сөйлеу,
ойлау, ерік-жігерін жетілдіру жолдары қарастырылған. Ол сондай-ақ ересектер
мен сәби бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ерекше көңіл
бөлген. Ол сондай-ақ ересектер мен сәби бөбектер арасындағы қарым- қатынас
мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің
бірі Мағжан Жұмабаев. Оның Педагогика атты еңбегі сол кезеңдегі ана
тілімізде жазылып, ғылыми әлемиді елең еткізген туынды болды. Мұнда ол
педагогиканың жалпы мәселелерімен қатар, адамның жан дүниесінің әртүрлі
жақтарын сипаттайды. М. Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері де жетерлік.
Мәселен Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз оқу құралдарын қандай етіп
жазу қажеттігін баяндаса, Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы,
Сауатты бол, ересектерге арналған Әліппе атты еңбектері мен әдістемелік
мәселелерді қозғайды.
Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрәпи Әлжановтың тәлім-
тәрбие саласында әртүрлі тақырыптың төңірегінде жазылған жиырмадан астам
еңбектері жарық көрді. Олардың бастылары: Аз ұлттарға жоғарғы оқу
орындарында кадрлар даярлау мәселесі, Ауыл мектебін политехникаландыру
жолдары, Ұлт мектептері қазіргі кезеңде тағы да басқалар.
Ш. Әлжанов педагогиканың теориясы мен тарихына, сондай-ақ
педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Педагогика
мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалімдер мен
тәрбиешілер үшін ғылыми ұсыныстар мәселелері Дағдылану мәселелері атты
еңбектерінде шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз
болады, сол салада жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижесін
оқырман назарына ұсынылады.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау қажеттіліктері де кеңейе түсуде.
Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек
қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы тәрбие. Педагогика
қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды. Сондықтан педагогика
жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге
үйрету және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық тәжірибені үйрету процесі.
Педагогикалық ұғымдардың бірі тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа
дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек
адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда
бала пассивтік обьект түрде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің
субьектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс әрекет жасау
ролін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру де байқалмайды.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория,
тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан түсіндіріп көреді.
Егер де қоғам тәрбиеден қолс үзсе, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра
берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және
мәңгілік категория деп те тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский ... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар
адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері ғана емес, оның сонша күшті, ал
мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық
және оның тілі болады деді. Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың
әсері педагогикалық талаптардан басқа себептерге де байланысты.
Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата аналарымен
бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие көптің
ісі. Сондықтан тәрбие мәселелері мен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық
мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай
болса, тәрбиені, кең мағынада табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен
ата аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыпатсуына ететін
ықпалы деп түсіну қажет.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми материалистік көзқарастары,
мінезі мен құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол
еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері білім
беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру ұғымын ең алғышқы рет педагогикаға енгізген Иоганн генрих
Песталоцци.
Білім беру деп табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс
болып табылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты да іске асырылады.
Педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагог Н.
Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А. Луначарский, М. Покровский
сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей
отырып педагогика ғылымын дамытуда тартымды еңбек етті. На путя к новой
школе журналының беттерінде маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Пәндер