Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... 5.13
1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру ... .6.7
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлаудағы дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.13
ІІ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытуға арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.18
2.2. Эксперименталды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған. Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісу тапсырылды. Бұл еліміздегі әлеуметтік мәселені, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді нақты жүзеге асыру болып табылады.
Кеңістікті бағдарлау проблемасы кең әрі көп қырлы. Оған шама мен форма туралы түсініктермен қатар кеңістік айыруда кеңістікті қабылдауда да алуан түрлі кеңістік қатынастарын түсінуде енеді. Нәрсенің кеңістігі басқа нәрселер арасындағы қалпын анықтау тереңдікті қабылдау тағы басқа енеді.
Кеңістік түсініктерді және кеңістік бағдарлау тәсілдерін қалыптастыруда алуан түрлі анализаторлар қатысады. Есіту, иіс сезу, көріп білуі сипап сезу және кинестетикалық т.б.
Алайда кішкене балаларда кинестетикалық және көру анализаторларының атқаратын ролі ерекше. Кеңістікті бағдарлау тікелей кеңістік қабылдау негізінде және де кеңістік категорияларын (орны, қалпы, қашықтығы, нәрселер арасындағы кеңістік) сөздермен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады. Кеңістікті бағдарлау ұғымына қашықтықтарды, өлшемдерді, форманы нәрселердің өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау енеді.
Кеңістіктегі нәрселердің бір-біріне қарағандағы орнын анықтау. Яғни олардың арасындағы кеңістік қатынастарды мысалы, қуыршақтың оң жағында қонжық отыр, ал сол жағында доп тұр. Қозғалыс кезінде кеңістікті бағдарлай білу қажет. Тек осы жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүктеге орын ауыстыру мүмкін. Бұл жердегі басты мәселе үшеу:
1) мақсат қою,
2) маршрутын белгілеу,
3) қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру және мақсатқа жету. Зерттеуге қарағанда кеңістікті қабылдау 4-5 аптада-ақ білінеді. Нәресте 1-1,5 метр жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көз айырмай қарайтын кез 2-4 айда байқалады.
1. Алғашқы қадам бағдарламасы Алматы, 2009ж
2. Зерек бала бағдарламасы Алматы, 2009ж
3. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы Алматы, 2009
4. А. Леушина Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі Алматы, 1987
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
6.Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985
7.Ядышко В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп», 198
8. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.- Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.
9. Отбасы және балабақша // Кеңістік дегеніміз не ? / №1 2010
10. Отбасы және балабақша // Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлау түсінін қалыптастырудағы дидактикалық ойындар / №7 2012

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... 5-13
1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру ... .6-7
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлаудағы дидактикалық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .8-13
ІІ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ
ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... 14-18
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытуға
арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14-18
2.2. Эксперименталды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-
20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды
жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму
стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік
ретінде қабылданған. Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
Жолдауында Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші
жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен
қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын
әзірлеп, іске асыруға кірісу тапсырылды. Бұл еліміздегі әлеуметтік
мәселені, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді нақты
жүзеге асыру болып табылады. 
Кеңістікті бағдарлау проблемасы кең әрі көп қырлы. Оған шама мен форма
туралы түсініктермен қатар кеңістік айыруда кеңістікті қабылдауда да алуан
түрлі кеңістік қатынастарын түсінуде енеді. Нәрсенің кеңістігі басқа
нәрселер арасындағы қалпын анықтау тереңдікті қабылдау тағы басқа енеді.
Кеңістік түсініктерді және кеңістік бағдарлау тәсілдерін
қалыптастыруда алуан түрлі анализаторлар қатысады. Есіту, иіс сезу, көріп
білуі сипап сезу және кинестетикалық т.б.
Алайда кішкене балаларда кинестетикалық және көру анализаторларының
атқаратын ролі ерекше. Кеңістікті бағдарлау тікелей кеңістік қабылдау
негізінде және де кеңістік категорияларын (орны, қалпы, қашықтығы, нәрселер
арасындағы кеңістік) сөздермен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады.
Кеңістікті бағдарлау ұғымына қашықтықтарды, өлшемдерді, форманы нәрселердің
өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау
енеді.
Кеңістіктегі нәрселердің бір-біріне қарағандағы орнын анықтау. Яғни
олардың арасындағы кеңістік қатынастарды мысалы, қуыршақтың оң жағында
қонжық отыр, ал сол жағында доп тұр. Қозғалыс кезінде кеңістікті бағдарлай
білу қажет. Тек осы жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүктеге
орын ауыстыру мүмкін. Бұл жердегі басты мәселе үшеу:
1) мақсат қою,
2) маршрутын белгілеу,
3) қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру және мақсатқа жету. Зерттеуге
қарағанда кеңістікті қабылдау 4-5 аптада-ақ білінеді. Нәресте 1-1,5 метр
жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көз
айырмай қарайтын кез 2-4 айда байқалады.
Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында,
артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.
Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы
жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш,
төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын
ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге
жаттықтыру.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті
бағдарлауын дамыту мен қалыптастырудың ерекшеліктеріне тоқталу.
Зерттеу міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік ұғымын қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту
жаттығуларына сипаттама беру.
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі тараудан, қорытынды мен қолданылған
әдебиеттерден тұрады.

І.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру

Екі жастан бастап үш жасқа  дейінгі  балаларға арналған  Алғашқы
қадам бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзіне
жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта,
жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен), оң және сол қолын ажырата
білуге үйретуді жалғастыру мәселелері көрсетілген.
ІІ Сәбилер тобында  балаларды  кеңістікті  бағдарлаумен таныстыру 
үшін өздерінің дене мүшелерін дұрыс  ажырата білуге үйрету керек. Сол
арқылы балалардың тұрмыстық әрекеттерімен таныстырады. Мысалы, жуыну
кезінде,  киіну кезінде тәрбиеші дене бөліктерін айта отырып,  балаларды 
оң және сол қолдарын ажырата білуге үйретеді, тамақтану кезінде қасықты 
оң  қолында ұстауға, ал сол қолда нан  ұстау керектігін үйретеді. Балаға оң
және сол аяқтарын,  құлақтарын көрсетуді айтады және сол аяқ, сол көз, сол
құлақтың сол қол жақта  орналасқанын, оң көз, аяқ,-оң қол жақта
орналасқанын түсіндіреді.
     Қарапайым  математикалық түсініктерді қалыптастыруда сабақта  алған
білімдерін мына дидактикалық ойындар арқылы толықтырады: Қуыршақты 
жуындыру, Қуыршақты ұйқыға жатқызу, Қуыршақты киіндіру, т.б. Тәрбиеші
балаға қуыршақтың басын,  бетін,  аяқтарын жуындыруды айтады, және  оның
беті, басы қайда екенін сұрайды.
      Балалар өз денесіндегі кеңістік бағыттарын айтуды үйренеді:  
жоғарыда - бас, төменде-аяқ, алдында-бет, артында-бел, сол жақта  сол қол, 
оң  жақта-оң қол.
     Осы білімдеріне   сүйене отырып,  педагог балаларға  өзінен кеңістік
бағыттарын айтуды және көрсетуді үйретеді. Мысалы, қонжыққа оң  қолыңмен,
содан кейін  сол қолыңмен қол бұлғауын өтінеді, қуыршақтың қайда кеткенін
айтып көрсетеді (оңға, солға, жоғарыға, төменге),  доптың қайда кеткені, 
жалаушаны жоғарыға көтеру және төменге түсіру,  қолды алға созу, артына 
жасыру. Осы жаттығулар кезінде барлық балалар және педагог бір жаққа қарай
отыру не  тұру керек.
Төрт жастан бастап бес жасқа дейінгі балаларға арналған  Зерек бала
бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзінің
айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда,
төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру, берілген бағыт бойынша
қозғалу іскерліктерін дамыту мәселелері қарастырылған.
   Естриярлар (3-4) тобында  балалар кеңістікті  бағдарлау жайлы 
түсініктерін кеңейте бастайды. Алдымен баланың алды-артында,  оңда-солда 
тұрған ойын-шықтардың (1-2) орналасуын ажырату  сияқты тапсырма береді.
Кейіннен ойыншық саны  көбейтіліп отырады. Ойыншықтар балаларға жақын
қойылады, кейіннен алыстата бастайды.  Педагогтің  тапсырмасымен бала  қай
жақта қандай ойыншық тұрғанын айтады,   кейін тәрбиеші балаға  оңға қарай
бұрылуын өтінеді және  қай  жағында  қандай ойыншық тұрғанын сұрайды.
  Көз тоқтату механизмінің даму барысында бастың,дене тұлғасының
дифференциалды қозғалысы қалыптасады,баланың кеңістіктегі орны да өзгереді.
Бұл жаста нәрсенің қозғалысына қарап бала көзін де қозғай бастайды, -деп
жазды Д.Б.Эльконин. Алайда олар нәрсені не іздестіру, не іздеу дегенді
білмейді. Нәрсені кейінірек, оның кеңістіктегі қозғалысына көз салғанда
іздейтін болады. Сондықтан көз салып қарау мен іздестіруді кей- кейде айыру
мүмкін болмай қалады. Сенсомоторлық тәжірибені жинақтау процесінде
кеңістікте обьектілерді айыра білу қабілеті өседі, ара қашықтықтар
дифференциясы артады. Сөйтіп үш айлық балдырған 4-7 м қашықтықта нәрсені
байқап отырса,ал тоғыз айда айнала қозғалып жүрген нәрсені бақылап отыратын
болады. Қозғалыстағы нәрсені әр түрлі қашықтықтан осылайша байқау процесі
бала бір жастың ішінде кеңістік тереңдігін түсіне бастайтындығын
білдіреді.Сонымен,баланың өзі нәрсеге қарай ұмтылып қозғалудан бұрын обьект
қозғалысы сенсорлық дамудың және сенсорлық функциялардың көзі болып
табылады.
Сірә, да, кеңістікті бала жіктеліп бөлінбейтін үздіксіз деп
қабылдайтын болар. Қозғалыс болса,нәрсені айнала қоршаған кеңістік ішінен
бөліп әкетеді. Ең алдымен көзін қадап қарауы,одан кейін мойнын бұруы, қол
қимылдатуы тағы басқалары қозғалыстағы нәрсе баланың назарына түскен обьект
екендігін білдіреді, бұл оның өзінің ұмтыла қозғалуына себепші болады.
Нәрсенің кеңістіктегі қозғалысын байқау былайша өрістейді; оны алдымен бала
өзінен ілгері қарай горизонталь бағытта қабылдайды, одан кейін ұзақ
жаттығулар нәтижесінде бала нәрсенің вертикаль бағыттағы қозғалысын да
бақылап үйренеді, мұның өзі оның кеңейтеді, оның нәрсеге өзінің ұмтылуына
себепші болады. Біртіндеп барып обьектінің және баланың өзінің қозғалысы
бірлесе отырып сенсорлық механизмді дамыта бастайды.
Дененің вертикаль қалпы дами келе және өзі қозғала (жүре) бастағаннан
кейін бала кеңістікті іс жүзінде игеруі едәуір кеңейеді. Өзі қозғала
отырып,бала бір нәрседен екіншіге дейін ара қашықтықты игереді, ара
қашықтықты тіпті өлшемек болып әрекет те жасайды. Мысалы; кереуеттің
шабағын бір қолымен ұстап тұрып,диванға қарай соза береді,ара қашықтықты
өлшемек болғандай және ең қысқа жолды тапқандай ақ керуеттен қолын босатып,
диванды жағалап қозғала бастайды. Жүре бастағаннан кейін кеңістікті
игерудің жаңа түйсіктері пайда болады, олар тепе -теңдік түйсігі,
қозғалысын күшейтуге немесе бәсеңдету, бұлар көру түйсігімен ұштасып
жатады.
Баланың кеңістікті іс жүзінде осылайша игеруі оның кеңістікте
бағдарлауының бүкіл структурасын функционал түрде өзгертеді. Кеңістікте
қабылдау дамуының сыртқы өмір нәрселерінің кеңістік белгілері мен
қатынастарының жаңа кезеңі басталады. Кеңістік игеруінің практикалық
тәжірибесін жинақтай келе, сол тәжірибені қорытындылайтын сөздің өзін де
біртіндеп игеретін болады. Алайда мектепке дейінгі ерте және кіші жаста
кеңістік қатынастарды танып білуде және түсініктерді қалыптастыруда тікелей
өмір тәжірибесі жетекші роль атқарады. Ол болса,мектеп жасына дейінгі
балаларда олардың алуан түрлі әрекеттерінде (қозғалыс және құрылыс
ойвндары,сурет салу әрекеті қыдырып жүрген кезде байқағандары т.с.с.)
жинақталады. Кеңістікті қабылдаудың жүйелік механизмін қалыптастыруда
қозғаушы күшті жинақтай келе сөздің атқарар ролі арта бермек.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлаудағы дидактикалық
ойындар

Балаларға  мынадай ойындар ойнатуға болады: Бұл жерде  не  тұрғанын
айт, Не өзгергенін тап, Қайда бара жатырсың?, Жалаушаны тап, т.б.
Ойынның тапсырмаларын орындай отырып, балалар кеңістіктің негізгі 
бағыттарын ажырата бастайды. Мысалы, тәрбиеші  балалар жоқ кезде  бөлмеге
заттарды жасырып қояды да, (суреттің артына, кілемге, шкафқа) балаларды 
шақырып,  ойын басталар алдында  оларға қандай  ойыншықты  қайдан табу
керектігін айтады. Іздеуге кіріспес бұрын бала қандай ойыншықты қайдан табу
керектігін қайталайды.
Ересектер тобында (4-5) Балалардың кеңістікті  бағдарлау жайлы
білімдері кеңейтіліп,  қорытындала  бастайды. Ол үшін арнайы жаттығулар
орындату қажет. Мысалы, тәрбиеші  балаларға заттарды  көлеміне қарай : сол
жақтан үлкен, оң жақтан кішкентайынан бастап қою. Немесе үстел үстіне
ойыншықтарды  қояды: ит, мысық, сиыр, қоян. Тәрбиеші  балаларға қарап:
Айтыңдаршы, сиырдың алдында қандай  жануар тұр? Мысықтың  сол жағында
қандай жануар тұр? Мысық қандай  жануарлардың ортасында тұр? Одан кейін
тәрбиеші ойыншықтарды араластырып, оларды алма-кезек орналастырады: кім
бірінші тұр? Мысықтың алдында қандай жануар тұр? т.б.
    Балалардың қоршаған ортада тұрған орнын айттыруға да болады (үстелдің
алдында тұрмын, айнаның алдындамын, т.б. Ересектер тобында балаларды 
кеңістікті  қағаз парағына бағдарлауға үйрету басталады. Бұл тапсырма 
бұдан төменгі топтарда болмаған. Тәрбиешінің басшылығымен парақтағы заттың
бағыттарын атауды  үйрене бастайды: парақтың төменгі жағында, оң жағында,
т.б. Мынадай тапсырма беруге болады:  парақтың сол  жағына 5 дөңгелек, оң
жағына одан біреуі артық дөңгелек орналастыр. Парақтың жоғарғы және төменгі
бөліктеріне сегіз үшбұрыштан орналастыр. Бала тапсырманы орындай отырып, 
неше және қандай  фигураны қайда орналастырғанын айтып отырады.
Бес жастан бастап алты жасқа дейінгі балаларға арналған  Біз мектепке
барамыз бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде оң
жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын,
арасында, қасында туралы білімдерін бекіту, қағаз бетінде (ортасында, оң
жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен
бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта)
бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, заттың қай жерде, қалай, өзіне
немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін
қалыптастыру, белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте
білуге жаттықтыру сияқты мәселелер қарастырылған.
Мектепке даярлық топта (5-6) балалар қимыл-қозғалыс бағыттарын, өзімен
затттардың,  заттармен заттардың және  парақ бойынша кеңістікті  бағдарлау
жайлы білімдерін толықтырып,  қорыта бастайды. Балалармен жұмыс жасауда 
қарама-қарсы  бағыттарды да  атап өту керек: оң-сол, жоғары-төмен.
   Баланың кеңістікті  бағдардауда  мынадай тапсырма  беруге  болады:
Парақтың жоғарғы жағына 4 парақша орналастыр, Не қайда жатыр? , Не
өзгерді?, Кім есте сақтады?, т.б.
Кеңістік қатынастардың  алуан түрлілігі кеңістік көмекші  сөздерді
пайдалану арқылы сөйлегенде қолданылады: ішінде, үстінде, астында, алдында,
артында,  қарсысында, арасында,  айналасында, үстінен,  көлденеңінен,
арқылы, бойлай, т.б., сондай-ақ үстеу сөздер: мұнда,  онда,  солға, оңға,
алыс, жақын,  төменнен,  жоғарыдан, т.б.
  Осы көмекші сөздермен  үстеулерді  дұрыс пайдалана білуге  математика
сабақтарында  дәне тіл дамыту сабақтарында сондай-ақ бейнелеу сабақтарында,
ойындарда және күнделікті  өмірде балаларды педагог үйретуі қажет.
Балаларды мектепке дайындауда  қағаз парағында, яғни екі өлшемді 
кеңістікте  бағдарлай білу шеберлігін дамытудың маңызы зор. Балалар жоғарғы
және  төменгі жолдарды,  парақтың  оң жағындағы және сол жағындағы орынды,
парақтың ортасын, сол жақ жоғарғы және  төменгі бұрышын дәл таба  білуі, 
заттарды  солдан оңға қарай,  жоғарыдан төмен қарай орналастыра білуі
т.с.с. керек. Балаларға мынадай тапсырма беруге болады:
Балалар тәрбиешінің  оқып беруі  бойынша орнамент жасайды. Ол
қайсы фигураларды  қай жерге  орналастыру керектігін айтады, бірақ 
ешнәрсе көрсетпейді.  Балалар  тәрбиешінің сөзбен айтқандарын  зер салып
тыңдап алады. Олар бұл кезде парақ көлеміндегі  кеңістікте еркін бағдарлай
білуі, геометриялық фигуралар мен тәрбиеші   нұсқап берген кеңістік
қатынастарды көрсететін өрнектердің атауларын білуі тиіс.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке
дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру
үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр
түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды
қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу
өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің
еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын
дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі,
яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және
халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу
қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке
бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа
толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.
Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей
тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға
жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар.
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық,
шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол
арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың
негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер
айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі
және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-
бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы
ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-
әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар,
ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға
ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің
маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді,
ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау,
қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне
сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі,
өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның
көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан
қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні
ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп
бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз
емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің
күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ
қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен
еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар
жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп
қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір
жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек
етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып
табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа
бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың
ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс.
Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық
рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы
екені айқын. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын
кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық
әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды,
мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде
бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала
одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай
сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінде
жатыр.
Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың
интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды
пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі
немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру
үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Ойынға қойылатын талаптар: көрнекіліктер, материалдар, балалардың
ойынға түгел қатысуы, ойын тәртібінің түсіндірілуі, шешім қабылдауға,
ойлана білуге жетелеу.
Дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының санға байланысты
санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі
берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған
мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың
тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр
ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері
Балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың кеңістік қатынасқа қатысты сөздерді қолдану ерекшеліктерін анықтау
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
«Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері»
Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы оқуға даярлаудың алғышарттары
Психикалық дамуы тежелген балалардың семантикалық оқу
Пәндер