Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І тарау. Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Сөздердің таптастырылуы. Атауыш сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Зат есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Сын есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4. Сан есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5 Есімдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.6 Етістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІ тарау. Шылау сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. Үстеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2. Демеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3. Жалғаулықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.4. Одағай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілін, оның ішінде морфология мәселесін сөз еткенде, біз аса көрнекті тілші Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін айналып өте алмайтынымыз ақиқат. Сол себепті қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі, әсіресе, морфология саласындағы оның ұшан-теңіз істерін таратып талдау және игеру қажет. Өйткені қазақ тіл білімінің мазмұны мен міндеттерін тұңғыш рет Ахаң еңбектерінде аса бір білгірлікпен баяндалған. Сол еңбектерге үңілген сайын морфологияны жасаудағы оның көрегендігі мен тапқырлығына, білгірлігі мен біліміне тәнті болып отырасыз. Оның өз басы «халық жауы» ретінде айдалып кеткенмен, ол көрсеткен сөз таптарының бәрі дерлік кейінгі оқулықтар мен оқу құралдарына негіз болып орнығып қалуы тегін емес, әрине. Әлгі оқулықтар бойынша миллиондаған қазақ балалары сауатын ашып, білімін көтерді.
Жалпы бүкіл қазақ мәдениеті, қала берді тілі мен әдебиет саласында А.Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек. Оның еңбектері, әсіресе, морфология саласындағы зерттеулері ғалымдардың зерттеулеріне негіз бола білді. Бұл аталған тақырыпты зерттеудің өзектілігі Ахмет Байтұрсыновтың морфология саласындағы еткен еңбегі жөнінде негіз болды.
Зерттеу нысаны. Ахмет Байтұрсынұлы және морфология мәселесі, Байтұрсынұлының сөздерді таптастыруы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы тіліміздің бар байлығын игеріп, тереңіне бара отырып, тіл қолданыста өзін өте еркін сезінген.
Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінде төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де түбірлі өзгерістер болғаны мәлім. Қараңғылықта күн кешкен халқымыздың сауатын ашу ол кездегі зиялылардың ең игі мұраты болатын. Осыған орай ғалымның қазақ тілінің грамматикалық құрылымын талдауы, жүйелеуі, танытып беруі, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Ахмет Байтұрыновтың қалай жүйелегені жөнінде білу мақсатында төмендегідей міндеттерді шешуді көздедім:
- А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесін айқындау;
- А.Байтұрсынұлының морфология салаында алатын рөлін ашып көрсету;
- Сөз таптастырудағы Ахметтің өзіндік ұстанымын айқындау;
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.
Жұмыстың дереккөздері. Жұмысты жазу барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты жарық көрген «Тіл тағылымы» атты еңбегі пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазіргі қазақ тіліндегі морфология мәселелері ғылыми тұрғыдан анықталды. Егер қазақ тілінінің синтаксисін меңгертуде семантикалық тұрғыдан оқыту басты назарда болса, берілетін білім мазмұны өзара логикалық байланыста, сатылай берілсе; оқушыға синтаксисті меңгерту ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; жаттығу мен тапсырма түрлерін бір-бірімен үйлестіре, сабақтастыра қолданса; білім беру нәтижесі оқушының синтаксис туралы білімін толықтыруға бағытталса, онда қазақ тілін меңгертудің нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені оқушының синтаксис туралы білімін тереңдету интелектуалды әлеуеті жоғары, өз мамандығын жетік меңгерген білімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Сол үшін төмендегідей мәселелерге тоқталған жөн:
- Ахмет Байтұрсынов морфология саласын тұңғыш зерттеуші ғалым;
- Сөздерді мағынасына қарай тоғыз топқа бөлген ғалым;
- Морфология саласындағы терминдерді алғаш қолданған ғалым;
- Ғалымның еңбегі басқа ғалымдардың зерттеуіне негіз болды.
1. Академик Н. Сауранбаевтың еңбектері. 2-том. –Алматы, 2008
2. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы. Мектеп, 1982.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1996
5. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. – Алматы, 1961
6. Қазақ грамматикасы. – Алматы, 2002
7. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954
8. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. 1-бөлім. – Алматы, 1967
9. Қасабек Қ. Морфология. Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Ұлағат, 2012
10. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2007
11. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. - Алматы, 1961
12. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007
13. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі одағайлар. – Алматы, 1953
14. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. – Алматы, 2012
15. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982
16. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Сөздердің таптастырылуы. Атауыш сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
1.2. Зат есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Сын есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4. Сан есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.5 Есімдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.6 Етістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІ тарау. Шылау сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. Үстеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2. Демеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.3. Жалғаулықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4. Одағай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілін, оның ішінде морфология мәселесін сөз еткенде, біз аса көрнекті тілші Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін айналып өте алмайтынымыз ақиқат. Сол себепті қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі, әсіресе, морфология саласындағы оның ұшан-теңіз істерін таратып талдау және игеру қажет. Өйткені қазақ тіл білімінің мазмұны мен міндеттерін тұңғыш рет Ахаң еңбектерінде аса бір білгірлікпен баяндалған. Сол еңбектерге үңілген сайын морфологияны жасаудағы оның көрегендігі мен тапқырлығына, білгірлігі мен біліміне тәнті болып отырасыз. Оның өз басы халық жауы ретінде айдалып кеткенмен, ол көрсеткен сөз таптарының бәрі дерлік кейінгі оқулықтар мен оқу құралдарына негіз болып орнығып қалуы тегін емес, әрине. Әлгі оқулықтар бойынша миллиондаған қазақ балалары сауатын ашып, білімін көтерді.
Жалпы бүкіл қазақ мәдениеті, қала берді тілі мен әдебиет саласында А.Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек. Оның еңбектері, әсіресе, морфология саласындағы зерттеулері ғалымдардың зерттеулеріне негіз бола білді. Бұл аталған тақырыпты зерттеудің өзектілігі Ахмет Байтұрсыновтың морфология саласындағы еткен еңбегі жөнінде негіз болды.
Зерттеу нысаны. Ахмет Байтұрсынұлы және морфология мәселесі, Байтұрсынұлының сөздерді таптастыруы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынұлы тіліміздің бар байлығын игеріп, тереңіне бара отырып, тіл қолданыста өзін өте еркін сезінген.
Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінде төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де түбірлі өзгерістер болғаны мәлім. Қараңғылықта күн кешкен халқымыздың сауатын ашу ол кездегі зиялылардың ең игі мұраты болатын. Осыған орай ғалымның қазақ тілінің грамматикалық құрылымын талдауы, жүйелеуі, танытып беруі, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Ахмет Байтұрыновтың қалай жүйелегені жөнінде білу мақсатында төмендегідей міндеттерді шешуді көздедім:
А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесін айқындау;
А.Байтұрсынұлының морфология салаында алатын рөлін ашып көрсету;
Сөз таптастырудағы Ахметтің өзіндік ұстанымын айқындау;
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.
Жұмыстың дереккөздері. Жұмысты жазу барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты жарық көрген Тіл тағылымы атты еңбегі пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазіргі қазақ тіліндегі морфология мәселелері ғылыми тұрғыдан анықталды. Егер қазақ тілінінің синтаксисін меңгертуде семантикалық тұрғыдан оқыту басты назарда болса, берілетін білім мазмұны өзара логикалық байланыста, сатылай берілсе; оқушыға синтаксисті меңгерту ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; жаттығу мен тапсырма түрлерін бір-бірімен үйлестіре, сабақтастыра қолданса; білім беру нәтижесі оқушының синтаксис туралы білімін толықтыруға бағытталса, онда қазақ тілін меңгертудің нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені оқушының синтаксис туралы білімін тереңдету интелектуалды әлеуеті жоғары, өз мамандығын жетік меңгерген білімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Сол үшін төмендегідей мәселелерге тоқталған жөн:
Ахмет Байтұрсынов морфология саласын тұңғыш зерттеуші ғалым;
Сөздерді мағынасына қарай тоғыз топқа бөлген ғалым;
Морфология саласындағы терминдерді алғаш қолданған ғалым;
Ғалымның еңбегі басқа ғалымдардың зерттеуіне негіз болды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Морфологияны оқыту барысында оқушыға оны семантикалық талдауды меңгерту логикалық жүйелілікпен дамып отыратын білім мазмұнынан тұратын, жаттығу мен тапсырма түрлеріне негізделген біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Зерттеудің әдіснамалық негізі Ахмет Байтұрсынов пен басқа да тіл білімі ғалымдарының сөздерді таптастыру принциптері мен семантикаға қатысты тұжырымдарын талдаудан тұрады.
Жұмыстың теориялық маңызы мен практикалық мәні. Зерттеудің тұжырымдары мен нәтижелері қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық семантикасының негізгі қағидаттарын теориялық жағынан толықтырып, синтаксистік семантика саласындағы тың зерттеулерді қалыптастыруға, аталған бағытта маңызды қорытындылар жасауға өзіндік үлес қосады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерін, жалпы зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін ғылыми таңдау курстары бойынша оқылатын дәрістерге, ғылыми семинарларда, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуде материал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (2 тарау), қорытынды мен пайдаланылған ғылыми және көркем әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері
1.1. Сөздердің таптастырылуы. Атауыш сөздер

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне жазылған петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Ахмет Байтұрсынұлын ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан - оның қазақ халқын іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы - ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы - Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл платформаны мықтап ұстауға итермелеген - оның туған халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда болған қайран ел, қайран жұрт еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал-әрекеттің бастысы түгел қазақты сауатты етіп, көзін ашу, надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде
жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты.
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап-түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік деп жазды Қазақ газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім-ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе! деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов жазуы деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кезеңдегі интелегенция жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі Оқу құралы деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл - құрал атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл құралдарының орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Тілдегі сөздер өзінің семантикалық сипаттарының түрену жүйесіне, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады. Тілдегі сөздер тым ертеден бастап есім және етістік деп бөлініп келеді. Сонымен бірге олар әр заманда өзгеріске ілініп түрліще топтастырылып, нақтыланып отырған. Қазақ тілінде де сөз атаулыны топ-топқа бөлу әр түрлі екендігі белгілі. Мәселен, 1914 жылы Орынбор баспасынан шыққан Ахмет Байтұрсыновтың Тіл құрал атты оқулығында қазақ тіліндегі сөздер атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі топқа бөлініп, атауыш сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік деп аталатын бес сөз табын атаған. Ал шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп аталатын сөздерді жатқызған. Осы құралдың 1915 жылғы басылымында ол сөздерді бұл көрсетілгендей екі топқа бөлмей, сөйлеу бөлімдері деген бір топтың ішіне ендіріп қарастырған [3 , 14].



1.2. Зат есім

Сөз таптарының ішінде семантикалық сипаты, грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз таптарының бірі - зат есім.
Зат есім - өмірдегі, бізді қоршаған ортадағы жанды-жансыз заттардың, заттық ұғымдар мен түрлі құбылыстардың, оқиғалардың атын білдіретін, есімдер сөз табына енетін сөз табы. Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі: олар лексика-семантикалық жағынан тек заттардың атын ғана білдірмей, сонымен бірге әр алуан құбылыстар мен оқиғалардың аттарымен байланысты заттық, сапалық, қимылдық, мезгілдік мәнді әртүрлі атаулардың да атын білдіреді. Мысалы: жақсылық, азшылық, тоқтық, оқу, көсеу, оймақ, т.б. [9].
Зат есімдердің жеке сөз табы ретіндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктері оның мағыналық және құрылымдық топтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ тілі морфологиясында зерттеушілер зат есімдерді мағыналық сипатына қарай бірнеше топтарға бөліп, соның негізінде олардың грамматикалық сыр-сипатын анықтайды [14, 28].
Ахмет Байтұрсынов зат есімдерге зат есім - нәрселердің атын көрсететін сөздер. Нәрсе деп не түрлі де болса бір заттарды айтамыз деген анықтама беріп, оларды семантикалық сипатына қарай деректі, дерексіз, жалпы, жалқы есімдерге бөледі. Ғалымның зат есімнің аталған мағыналық топтарына берген анықтамалары да олардың тілдік табиғатын толық ашады. Деректі және дерексіз зат есімдерді зат тегінде екі түрлі. Біреулері - көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіс келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар. Екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татымайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылымен ғана білетін дерексіз заттар деп сипаттап, оларды мағыналық топтарға ажыратудағы басты ерекшелікті адамның көру, сезу мүшелерімен, таным-түйсігімен байланыстырады. Ал жалқы және жалпы зат есімдерді біреулері нәрсенің дербес өз басына қойылған, екіншілері нәрсенің өзіне емес, барлық табына қойылған деп ажыратады. Тағы бір назар аударатын пікір: ғалым адамзат және ғаламзат есімдерін зат есімдердің дербес мағыналық тобы ретінде бөліп көрсетпесе де, оларды Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы деген анықтамамен сипаттайды.
Қазақ тілінің морфология мәселесі соның ішінде, зат есімнің жеке сөз табы ретінде табылуы 5-класқа арналған қазақ тілі грамматикасының авторы Қ. Жұбановтың 1936 жылы жазған Қазақ тілі грамматикасының жарық көруімен тығыз байланысты. Онда қазақ тілінің программасына сәйкес сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, оның ішінде зат есімнің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында оны оқытуға жиырма сағат берілген [4, 28]. Зат есімге қатысты ұтымды пікірді Н. Сауранбаевтың 1939 жылы Халық мұғалімі журналында жарияланған Қазақ тіліндегі өз таптары және олардың таптастырылуы - деген еңбегінен де кездестіруге болады [1, 30]. 1954 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі атты оқулықта зат есім жеке өз табы ретінде берілген. Зат есімге байланысты жүйелі пікірді көрнекті ғалым Ахмеди Ысқақовтың 1964, 1974, 1991 жылдары баспадан шыққан морфология пәніне арналған оқулығында кеңінен қамтылып талданып беріледі.
Зат есімге қатысты пікір 1967 жылы шыққан Қазақ тілі грамматикасында да бар [8]. Зат есім тарауын жазған. Ғалымның талдауындағы ерекшелік қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілерінің бірі жақтылық және жақсыздық категориясы деп дәлелдеген. 2002 жылы шыққан Қазақ грамматикасы авторларының бірі ретінде С. Омарбеков Зат есім тарауын [6, 28]. қайта жазғанда, зат есімнің жақтылық, жақсыздық категориясы жайлы пікірін кеңейтіп, үш жақта бірдей жіктеу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты есімдер, ал үш жақта бірдей жіктелу қабілеті жоқ адамнан басқа зат атауларына байланысты зат есімдерді зат есімдер деп атасақ болады...бұл жердегі жақты, жақсыз дегенді тек жіктік жалғауымен ғана байланыстыра ұққан абзал екенін айтып, бұл мәселені Адамзат және ғаламзат есімдері деген тақырыппен берген.
Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы жағынан түрленуге бейім, сөз таптары жүйесінде грамматикалық категорияларының түрі мен саны жағынан етістіктен кейінгі екінші орында тұратыны - зат есімдер. Зат есімдер лексика-грамматикалық жағынан белгілі бір грамматикалық категориялары арқылы жүзеге асады. Қазақ тілі морфологиясында зат есімдер, негізінен, көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғауларының қосымшалары арқылы түрленетіндігі белгілі. Зат есімдердің көптік және тәуелдік жалғаумен түрленуін А. Байтұрсынов зат есімдердің айырысы және қалпы деп анықтап, оның жекелік және көптік айырысы, оңаша тәуелді және ортақ тәуелді қалыптарын бөліп көрсетеді.
Зат есімде екі қалып бар:
жай қалып;
тәуелді қалып.
Жай қалып нәрсенің битараф күйіндегі есімнің түрі, мәселен, жекеше: ата, дене, омырау, белбеу, ой, үй, сырнай.
Көпше: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, үйлер, сырнайлар.
Тәуелді қалып - бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі.
Тәуелдік екі түрлі:
оңаша тәуелдік;
ортақ тәуелдік.
Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді.
Тәуелді қалыпта үш жақ бар: 1-інші жақ (мендік), 2-інші жақ (сендік), 3-інші жақ (бөгделік).

Тәуелдік қалыпта екі рет бар:
анайылық рет;
сыпайылық рет.
Тәуелді қалып.
І. Оңаша тәуелдік
Жақ
Жекеше
1-інші
Атам
Денем
Омырауым

2-інші
Атаң
Денең
Омырауың

3-інші
Атасы
Денесі
Омырауы

Жақ
Көпше
1-інші
Аталарым
Денелерім
Омырауларым

2-інші
Аталарың
Денелерің
Омырауларың

3-інші
Аталары
Денелері
Омыраулары


ІІ. Ортақ тәуелдік
Жақ
Жекеше
1-інші
Атамыз
Денеміз
Омырауымыз

2-інші
Атаңыз
Денеңіз
Омырауыңыз

3-інші
Атасы
Денесі
Омырауы

Жақ
Көпше
1-інші
Аталарымыз
Денелеріміз
Омырауларымыз

2-інші
Аталарыңыз
Денелеріңіз
Омырауларыңыз

3-інші
Аталары
Денелері
Омыраулары

Ескерту. Анайылық ретпен сөйлегенде, оңаша тәуелдік түрмен айтылады, сыпайылық ретпен сөйлегенде, ортақ тәуелдік түрмен айтылады, мәселен:
Сұраулар. Зат туралы қазақ тілінде екі сұрау бар: кісі туралы кім?деп сұраймыз, басқа заттар туралы не? деп сұраймыз.

Жалғау һәм жалғаулықтар. Жалғау екі түрлі:
Септік жалғау;
Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады.
Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.
Септік жалғау бесеу:
Ілік жалғау дың;
Барыс жалғау ға;
Табыс жалғау ды;
Жатыс жалғау да;
шығыс жалғау дан.
Көптік жалғау біреу-ақ: лар. Лар жалғауы жіңішке сөзде лер болады.
Жалғаулықтар: менен, үшін, арқылы, туралы, тақырыпты уа ғайри сондай жалғаулар мағынасында жүретін сөздер [3, 200].
Ал қазір қазақ тілінде жеті септік көрсетіліп жүр. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Көптік жалғауы зат есімдердің жекеше және көпше түрлерінің, А. Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, жекелік, көптік айырысының ең басты грамматикалық белгісі болып саналады. Жекелік пен көптік мағына - бір-біріне қарсы ұғымдар, құбылыстар. Олардың қарама-қарсылығы зат есімнің сандылық категориясының көрсеткіштері арқылы беріледі. Ғалым Н.Оралбай сандылық категориясының көрсеткіштеріне нөлдік жалғау мен көптік жалғауын жатқызады. Оның ішінде нөлдік жалғау жекелік мағынаның, көптік жалғау көптік мағынаның грамматикалық көрсеткіші қызметін атқарады [12].




1.3 Сын есім

Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін зат есімнің алдынан ешқандай қосымшасыз тіркесіп келіп, оның түрлі сапасын, сындық белгісін білдіретін сөз табы делінеді. Сын есімнің тіркескен зат есімі түрлі тұлғаларда түрлене береді.
Сын есімдер есімдер тобында зат есімдерден кейін өз алдына жеке сөз табы ретінде қарастырылып, басқа сөз таптарының мағыналық, тұлғалық, құрылымдық сипатымен ерекшеленеді. Түркі тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен - профессор Казем-Бек.
Сын есім жөніндегі түрліше көзқарастар қазақ тілін зерттеуші түркітанушы ғалымдардың ғана емес, қазақ зерттеуші ғалымдарының еңбектерінде де айтылады. С. Аманжолов, І. Кеңесбаев анықтауыш қызметіндегі зат есімдерді сын есімдер деп түсіндіріп, сын есімдерді мағыналық сипатына қарай тек сыны (ағаш үй, алтын жүзік), функционалдық сын (шай қасық, т.с.с.) деп топтастырады. Қ. Жұбанов заттың не істің тұрақты белгісін сан белгі жəне сипат белгіге бөліп, заттың не істің сипат белгісін көрсететін түбірді сын есім деп атайды [4]. Сондай-ақ тек сыны жөнінде сөз таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да бар: ағаш, темір сияқтылар тек зат есім, жақсы, ұзын тек сын есім болып, шекараларын түгел ашып болған топтар деп, сын есімге жатқызылған кейбір зат есімдердің аражігін бөліп көрсетеді [14, 49].
Заттың сындық белгісі тұрақты да, тұрақсыз да бола береді. Заттың тұрақты белгісі бір қалыпта қолданылады. Ал заттың тұрақсыз белгісі шындық өмірде әр түрлі затта түрлі дәрежеде кездесе береді. Сын есім заттың белгісі болғандықтан, олар зат есімді анықтайтын сөз ретінде сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Сын есім затты ғана анықтап қоймайды, ол қимылды да анықтайды, яғни қимылдың жай-күйін етістікпен тіркесіп келіп, сөйлемнің пысықтауыш қызметін атқаратын сөз табы. Тілдегі осындай бір топ сындық ортақ мағынасы, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар сөз табын алғаш таныған А. Байтұрсынов қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулығы Тіл құралында. Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз. Сын екі түрлі:
тек сыны;
сыр сыны.
Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді, мәселен ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, қағаз ақша, жез құман, киіз қалпақ уа ғайри сондайлар.
Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді, мәселен биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, тоқ, аш.
Сыр сынында үш шырай бар:
жай шырай;
талғаулы шырай;
таңдаулы шырай.
Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді, мәселен жақсы атан, жаман қой, тентек бала, жуас ат, шорқақ кісі уа ғайри сондайлар.
Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді; оны көрсету үшін жай сындағы сөзге рақ, рек деген талғау қосымшалары тіркеледі.
1. Рақ қосымша жуан сөзге, рек қосымша жіңішке сөзге тіркеледі; мәселен, жақсы - жақсырақ, жаман - жаманырақ, зерек - зерегірек, семіз - семізірек уа ғайри солайша.
2. Рақ, рек қосымшаларсыз талғау шырай да болады, мәселен, сиырдан жылөы биік; аттан атан мықты; Асаннан Досан кіші.
Талғаулы шыраларын күйшейткенде, көптеген сөз қосылып айтылады, мәселен, сиыр түйеден көп аласа; қой аттан көп арзан.
Таңдаулы шырай нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген өздер қосылып айтылады, мәселен, ең жақсы, нақ шешен, тап зерек, тым қорқақ, бек нәзік, қас батыр уа ғайри сондайлар.
Таңдаулы шырай екінші түрлі де болады: жай шырайдағы сөз таңдаулы шырайға түсуге бас дыбыстары бөлек алынып, оған п дыбысы жалғанып, сол бөлектенген дыбыстар сөз алдына қойылып айтылады, мәселен а-нық - ап-анық, ау-лақ - ап-аулақ, шо-лақ - шо-шолақ, қысқа - қып-қысқа, се-міз - сеп-семіз.
Кейде таңдау қосалқы сөздердің орнына басқа сөздерде жүреді, мәселен, өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, тіпті әдемі, артықша шебер [3, 217-220].
Ескерту. Есімдер заттың сынын да, істің де сынын да көрсетеді, мәселен, жақсы: жақсы кісі деп те, жақсы етке деп те айтамыз; жаман ат деп те, жаман жүреді деп те айтамыз. Бұлай үстеу сөздердің орнына жүретіндіктен, сын есім болмай, үстеу болады.
Қазақ тіл білімінде сын есімнің ең басты мəселесі болып табылатын шырай категориясын алғаш зерттеген Ғ. Мұсабаев Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары (1951) еңбегінде сын есімнің шырай категориясын ғана қарастырмай, оның дербес сөз табы болуының мынадай негізгі белгілерін де көрсетеді: 1) лексикалық мағынасының болуы; 2) шырай жұрнағын жалғай алуы; 3) зат есімге тəн қосымшалардың тікелей қосылмайтындығы; 4) сөйлемде анықтауыш мүше қызметін атқаруы [11].
Қазіргі қазақ тілі (1954) еңбегінде шырай категориясын сапалық сын есімге тəн грамматикалық категория ретінде анықтап, мынадай түрлерге бөледі: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай [7]. Ал Қазақ тілінің грамматикасында (1967) шырайдың төрт түрін көрсетеді. Олар: салыстырмалы шырай, бəсең я шағын шырай, күшейтпелі шырай жəне асырмалы-үдетпелі шырай. Қазақ грамматикасында (2002) сапалық сын есім шырайларының тек екі түрін, атап айтқанда, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырай түрлерін көрсетеді [6].
1.4. Сан есім

Лексика-грамматикалық ерекшеліктері, яғни құрамына енетін сөздердің лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық жəне синтаксистік бірыңғайластығы жағынан дербес лексика-грамматикалық категория ретінде қаралатын сөз табының бірі - сан есім. Мағыналық жəне қызмет сипатына қарай сан есімдер сын есімдерге ұқсас келеді. Ол ұқсастық: сын есімдер заттың түрлі сындық белгісін білдірсе, сан есімдер зат есімдермен тікелей байланысып, заттық ұғымның əртүрлі сандық сипатын білдіреді. Мысалы, қалың кітап - төрт кітап, əдемі қалам - он қалам, т.с.с.
Сан есімдер де, сын есімдер сияқты, зат есіммен тікелей байланысады. Бірақ сан есімнің сын есімнен ерекшелігі: зат есіммен тіркеспей де қолданылады. Зат есіммен тіркесіп не тіркеспей жеке дара қолданылуы сан есімнің семантикасына да əсер етеді. Сан есімдердің жалпы сандық ұғымдардың (бір, бес, жеті, т.б.) атауын білдіруі олардың зат есімсіз қолданысына байланысты. Ал кері жағдайда, яғни зат есіммен тіркескенде, олар жалпы сандық ұғымды емес, өзі тіркескен заттың нақты, дəл санына қатысты мағынаны білдіреді. Мысалы: 5 - бес студент, 201 - екі жүз бірінші бөлме. Мұның алғашқыларында сандық мағына жалпы, абстрактілі болса, соңғыларында сан есімдер зат есіммен тіркесіп, заттың нақты санын білдіріп тұр. Бұдан сан есімдердің нақты сандық ұғымды білдіруі зат есімдермен тіркесіп қолданылуына байланысты екендігі көрінеді. Сан есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі олардың сөз таптары жүйесіндегі орны, мағыналық сипаты, қызметі жəне басқа сөз таптарымен арақатынасы негізінде анықталады. Қ. Жұбанов сан есімді заттың не істің сан белгісін көрсететін, реттік үстеуін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш күйінде өзі мен анықталушысының аралығына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір [4] деп сипаттайды.
А. Байтұрсынұлы сан есімді нəрселердің есебін һəм ретін көрсететін сөздер ретінде анықтайды. Сан есім нәрселердің һәм ретін көрсететін сөздер. Есебін көрсететін сөздер, мәселен, бір, екі, үш, төрт, бес, жиырма, қырық, алпыс, сексен, жүз. Бұлар есептік деп аталады.
Ретін көрсететін сөздер, мәселен, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жиырмасыншы, қырықыншы, алпысыншы, сексенінші, жүзінші. Бұлар реттік деп аталады.
Есептік сан екіге бөлінеді.
Бірі жоғары көтерілген қалыпта айтылады. Ол жай есептік. Екіншісі зат есімге тірелмей сөйлейтіндігінен басқарақ айтылады: бір - біреу, екі - екеу, үш - үшеу, төрт - төртеу, бес - бесеу, алты - алтау, жеті - жетеу делініп. Бұлайша айтылу жетіге шейін-ақ бар. Бұлар жадағай есептік деп аталады.
Есептік үлкендете саналады, мәселен, он бір дегенде әуелі үлкенін айтып, сонан соң кішісін айтамыз (жүз елу, елу алты).
Реттік те үлкендете саналады, мәселен, жүз елуінші дегенде жүзді елуіншіден бұрын айтамыз. Реттікпен саналғанда есептікпен саналғандай айтылып келіп, ең ақырғы сөздің аяғына реттік жұрнағы ншы жалғанады.
Бұлардан басқа нәрсенің бүтіні емес, бөлімтігінің санын көрсететін сөздер бар: олар темілдік деп аталады. Темілдік сан: жарты, жарым, ширек. Бұндай сандар аз [3, 222].
Бұл топтастыруда жинақтау сан есімдері есептік сан есімнің бір түрі ретінде қаралса, темілдік сан есімдер қатарындағы сөздер (жарты, жарым, ширек) сан есімге жатпағанымен, сан есімнің бұл түріне берілген анықтама бөлшектік сан есімдердің сипатына сəйкес келеді. А. Ысқақов, Н. Оралбай сан есімдердің есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік сан есім тəрізді алты тобын бөліп көрсетеді [12]. Қазақ тілі морфологиясына қатысты ғылыми еңбектерде сан есімдердің мағыналық топтарға бөлінуінде айтарлықтай өзгешелік болмағанымен, қазақ грамматикаларында олардың аталуы мен саны жағынан бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, Қазіргі қазақ тілі [7] (1954) еңбегінде сан есімдер мағынасына қарай есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, бөлшектік сан жəне жинақтық сан болып бес түрге бөлінсе, Қазақ тілінің грамматикасы (1967) [8]. мен Қазақ грамматикасында (2002) есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік жəне топтық болып алты түрге бөлінеді.

1.5. Есімдік

Есімдіктер сан жағынан аса көп болмағанымен, есім сөз таптарының орнына орынбасар сөз қызметінде жұмсалады. Бірақ есімдер тобына жатып, олардың орнына қолданылғанымен, есімдіктер есім сөздердің ешқайсысының нақты мағынасын білдірмейді. Есімдіктердің бұл ерекшелігі олардың сөйлемде қайталама түрінде қолданылуына ықпал етеді. Сөз таптарының ішінде есімдіктер өте ертеде пайда болған, оған, ең алдымен, есімдіктердің мағыналарының тым жалпылама сипатта болуы, екіншіден, морфемалық құрамында көне тұлғалардың сақталып қалуы негіз болады. Есімдіктердің бір кездері грамматикалық көрсеткіштер қызметіне ауысқаны, ол көрсеткіштердің тілдің даму барысында тіл жүйесінде белгілі бір қосымшалар түрінде қалыптасуы оның сөз табы ретіндегі ерекшеліктерінің бірі болып танылады. Сөз табы ретінде есімдікке тəн жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды, олардың қалыптасу тарихы мен жүйесін анықтауға бағытталған алғашқы еңбек алтай тілдеріндегі есімдіктерді зерттеуші ғалым Кастреннің еңбегі болды.
Есімдіктерді одан əрі зерттеу В. Шотт, Б. Мункачи (орал-алтай тілі), В. Радлов, Г. Рамстедт (монғол тіліндегі есімдіктер), В. Банг (түркі тілдеріндегі есімдіктер), т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасын тапты.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер тарихы, құрамы мен қалыптасу жүйесі, мағыналық сипаты жағынан Н. Сауранбаевтың (Есімдіктер) [1], Ш. Сарыбаевтың (К вопросу о местоимении в казахском языке) [13], Ə. Төлеуовтің (Қазақ тіліндегі есімдіктер) [15], Ə. Ибатовтың [5] еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Есімдіктер морфологиялық жағынан ғана емес, семантикалық жағынан да аса күрделі. Ғалымдар қазақ тіліндегі есімдіктерді мағыналық сипатына қарай түрліше топтастырады. А. Байтұрсынұлының еңбегінде есімдіктердің мынадай түрлері көрсетіледі:
жіктеу есімдігі;
сілтеу есімдігі;
сұрау есімдігі;
жіктеу есімдігі;
танықтық есімдігі.
Мұндағы бірінші жіктеу есімдігі сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының һəм бөгдедегілердің жігін ашатын сөздер ретінде анықталып, бұл топқа мен,сен, сіз, ол, т.б. жіктеу есімдіктері жатқызылса, екінші жіктеу есімдігі нəрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер ретінде анықталып, оған жалпылау (бəрі, барша), өздік (өз) жəне белгісіздік (əркім, əрбір, əрқайсысы, т.б.) есімдіктері қатарында қарастырылатын сөздер жатқызылады. Ғалым нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін көрсеткенде айтылатын сөздерді танықтық есімдігі деп атап, бұл топқа ешкім, ештеме, дəнеме, ешбір тəрізді болымсыздық есімдігі мен біреу, əлдекім, əлдене, кей, қайсыбір тəрізді белгісіздік есімдіктерін жатқызады. Сілтеу есімдігі дегеніміз - бр нәрсені көрсеткенде айтылатын сөздер, жақын нәрсені көрсеткенде: осы, бұл, мынау, алыс нәрсені көрсеткенде: сол, анау дейміз. Сұрау есімдігі - біреуден бір нәрсе туралы сұрағанда айтылатын сөздер. Адам туралы сұрасақ кім? дейміз, басқа заттар туралы сұрасақ, не дейміз. Қай нәрсе екендігін сұрасақ қайсы? дейміз. Нәрсенің сыны тақырыпты сұрасақ, қандай? дейміз. Нәрсенің дәл санын сұрасақң нешеу?, неше? дейміз. Нәрсенің дәл санын емес, шамасын сұрағанда қанша? дейміз. Нәрсенің қатарда қайсы екендігін сұрасақ, нешінші? дейміз. Мезгіл туралы сұрасақ, қашан? дейміз. Ғалымның топтастыруы есімдіктердің қалыптасқан топтарына аталуы мен саны жағынан сəйкес келмегенімен, мұнда қазақ тіліндегі есімдіктердің барлық түрі толық қамтылған. Ғалымдар Ə. Ибатов, А. Ысқақов, Н. Оралбайдың еңбектерінде есімдіктердің мағыналық жеті түрі, атап айтқанда, жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық жəне жалпылау есімдіктері бөлініп көрсетіледі [3, 226].

1.6. Етістік

Заттың іс-қимылын, əрекетін, күйін, белгінің, көңіл-күйдің, қарым қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктер семантикалық жағынан қимылды, іс-əрекетті, əртүрлі өзгеріс, құбылыстарды білдіреді. Сөздерді таптастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік қағидаттарының белгілері етістік сөздердің өн бойынан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы еш күмəн тудырмайды. Сондай-ақ етістіктердің сөз табы ретіндегі қалыптасу тарихында кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, Ы. Маманов, А. Əбілқаев, А. Ысқақов, С. Исаев, Н. Оралбай, А. Қалыбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор.
Етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалары жəне олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларынан, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемдегі қызметінен, т.с.с. лексика грамматикалық қасиеттерінен көрінеді.
Ахмет Байтұрысыновтың Тіл құрал еңбегінде етістік жеке сөз табы ретінде қарастырылады. Етістік дегеніміз - заттардың еткен-етпегенін істерін көрсететін сөздер - деп көрсетеді. Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсететіндіктен екіге бөлінеді.
болымды;
болымсыз.
Мұнан басқа етістіктің өзгеше екі түрі бар:
көсемше;
есімше.
Етістікте он түрлі етіс бар деп көрсетеді. Олар:

сабақты етіс;
салт етіс;
ортақ етіс;
өздік етіс;
өзгелік етіс;
беделді етіс;
ырықсыз етіс;
шығыс етіс;
дүркінді етіс;
өсіңкі етіс.

Сабақты етіс дейміз - еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, мәселен, хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде жаздым, шаптым, салдым - істер.
Хат жаздым дегенде жазу ісіне хат сабақталып тұр. Шөп шаптым дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр. Қармақ салдым дегенде салу ісіне қармақ сабақталып тұр. Жаздым, шаптым, салдым деген сияқты, нәрсе сабақталатын істі көрсететін сөздерді сабақты дейміз.
Салт етіс дейміз - өткен іске сабақаталып, байланып тұрған һешнәрсе болмаса, мәселен, мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр, Еожан күлді.
Менің жүргеніме, сенің тұрғаныңа, оның отырғанына, Ержанның күлгеніне сабақталып тұрған һешнәрсе жоқ. Жүрмін, тұрмын, отыр, күлді деген сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз.
Ортақ етіс дейміз - іс жеке істелмесе, мәселен, бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті.
Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады; жау өзімен өзі соғыспайды, біреумен соғысады; балуан өзімен күреспейді, біреумен күреседі. Осындай жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін сөздерді ортақ етіс дейміз.
Өздік етіс дейміз - істеуші басқаға істерлік ісін өзіне істетсе, мәселен, мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды. Жудым десе басқаны жуған болар еді; жуындым дегенде өзін жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады. Тарадым десе, басқаны тараған болар еді, тарандым дегенде істі басқаға емес, өзіне істеген болады. Мақтады десе, басқаны мақтаған болар еді, мақтанды дегенде басқаны емес, өзін мақтаған болады.
Жуындым, тарандың, мақтанды деген сияқты басқаға істерлік істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді өздік етіс дейміз.
Өзгелік етіс дейміз - біреудің ісіне біреу себепкер болуды, мәселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түуені тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себептер болғанын көрсетеді. Олар өздігінен істесе ат жүрді, қой өрді, түйе тұрды болар еді.
Жүргізді, өргізді, тұрғызды деген сияқты - біреудің ісіне себепкер істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс дейміз.
Беделді етіс дейміз - істі біреу арқылы істеуді. Мәселен, хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды дейміз.
Жаздырды, айттырды, салдырды дегенде бәрі де біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді беделді етіс дейміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсыновтың шығармашылығы
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Қазақ тіл білімінің морфология саласы
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
Лингвистикалық практика
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің қазіргі методикадағы қолданысы мен алғашқы әліпбидің жүйесі
Пәндер