Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бұқар жыраудың шығармашылығы
2. Абылай хан тұсындағы Бұқар жырау
3. Өз дәуірінің асқан ақылгөй кемеңгері
4. Бұқар шығармашылығын зерттеушілер
5. Бұқар жырау құрметіне ...
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1781, сонда) – әйгілі жырау, өз заманының көзі мен құлағы болған тарихи тұлға. Өзінің ауыр мен жеңілді тез ұғып, қауіп пен қатерді сәуегейлікпен сезінуі жырау шығармашылығында тай-таласқа түседі. Елдің көбі өзіне қарайтынын өзінен шешімді көз күтетіндігін жырау жақсы біледі. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегенін, түсін болжап, онысы дәлме-дәл келіп отырған [1, 213].
Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін, басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ, жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді.
Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан – Қодан, одан – Дайырқожа (Ақжол), одан – Мейрамсопы, одан – Сүйіндік, одан – Қаржас, одан – Алтынторы, Құлыке, Бегім, Алтынторыдан – Мәмбетәлі, Жолымбет, Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен – Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан – Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр.
Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, ол мекенде қайтыс болады. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ.Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінш томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, Х.Сүйіншәлиев пен М.Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді.
1. «Бұқар жырау» энциклопедия. Алматы, Қарағанда «Болашақ университеті» 2013
2. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том. Алматы «Ғылым», 2010.
3. Сейіт Қасқабасов шығармалары, І том. Алтай-Ертіс кітапханасы
4. «Абай» журналы, 4/2011
5. Х.Сүйіншәлиев. ҮІІІ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1989
6. Тарақ Ә. Алаштың айбын-ардағы – Абылай хан. Алматы, «Қазақстан», 2003
7. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, «Қазақстан», 1995
8. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелелері. Алматы, ҚМКӘБ, 1958
9. Сәрсенбі Дәуітұлы «Бүұар жырау». Иман журналы, 11(36) 2015
10. Тілепов Ж. «Тарих және әдебиет». Алматы, «Ғылым», 2001

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бұқар жыраудың шығармашылығы
Абылай хан тұсындағы Бұқар жырау
Өз дәуірінің асқан ақылгөй кемеңгері
Бұқар шығармашылығын зерттеушілер
Бұқар жырау құрметіне ...
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында - 1781, сонда) - әйгілі жырау, өз заманының көзі мен құлағы болған тарихи тұлға. Өзінің ауыр мен жеңілді тез ұғып, қауіп пен қатерді сәуегейлікпен сезінуі жырау шығармашылығында тай-таласқа түседі. Елдің көбі өзіне қарайтынын өзінен шешімді көз күтетіндігін жырау жақсы біледі. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны Көмекей әулие деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның сәуе айтшы деген өтініш, тілегенін, түсін болжап, онысы дәлме-дәл келіп отырған [1, 213].
Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін, басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ, жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді.
Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан - Қодан, одан - Дайырқожа (Ақжол), одан - Мейрамсопы, одан - Сүйіндік, одан - Қаржас, одан - Алтынторы, Құлыке, Бегім, Алтынторыдан - Мәмбетәлі, Жолымбет, Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен - Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан - Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр.
Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, ол мекенде қайтыс болады. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ.Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінш томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, Х.Сүйіншәлиев пен М.Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді.
Ал енді, жоғарыда айтылған екі болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектеме біршама ұқсас пікірді кезінде Қ.Мұхаметханов ұсынған болатын-ды. Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Аылай өлімінен 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негзінен, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан да бұлай сөйлеуім
Маған да болар ауыр күш, -
дейтіні және тағы бірде:
Күнінде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария,
Енді саған табылмас, -
деп толғайтыны бар. Бұдан тыс Бұқардың:
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен, - дейтінін де білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа келіп, әбден қалжырап, қор болып отырған кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде де, Бұқар жыраудың 92-95 жас аралығында қайтыс болғаны шындыққа сай келетін тәрізді. Сондықтан осы айтылған жылдардың біріне үзілді-кесілді тоқтап, бір жүйеге келтіру қажет [2,386-388].
Әкесі Қалқаман жаугершілік шақта қаһармандығымен көзге түскен атақты батыр болған. Ол баласына мұсылманша білім берген. Аса дарынды ақын және қайраткер болған Бұқар Тәуке ханның тұсында-ақ кһзге түсіп, хан ордасында болады, алайда Тәукеден соңғы билеушілер оны ордадан ығыстырып, үлкен аттан шеттетіп тастайды. Егде тарта бастаған шағында бағы қайта жанып, Бұқарды Абылай хан өз қасына алады. Сөйтіп, ол Абылайдың бас ақылшысы, әрі идеологына айналады. Абылай хан көпті көрген Бұқардың бай тәжірибесін, оның кемеңгерлігін өте жоғары бағалайды. Қатты қиналып, қажыған сәттерде Абылай хан Бұқардан ақыл сұрайтын болған, алдағыны болжауды өтінеді екен. Бұқар әміршісін қиындықтардан сақтап қалыпты. Ол жүзден астам жасап, қайтыс болғанға ұқсайды [3,520].

Негізгі бөлім
1. Бұқар жырау шығармашылығы

Бұқар жыраудың өмірі де, шығармашылығы да үлкен екі кезеңге бөлінеді: Абылайға дейінгі және Абылай тұсындағы. Осыған орай оның шығармалары да екі топ құрайды. Бір тобына Бұқардың қуғын көрген шақта шығарған өлеңдері жатса, екінш топтағылары - жыраудың Абылай ордасында жүрген уақытында туған толғаулар. Екі топтағы шығармалардың туу себебі мен мазмұны, тақырыбы мен сипаты екі басқа.
Бірінші топтағы өлең-жырларда пәлсапалық нақыл басым, мұнда жинақтау, мен ғибрат айту көбірек. Тіршілікте көргені мен түйгені көп Бұқар дүниедегі ең қымбат не нәрсе, ең үлкен қасірет немене екенін өте жақсы білген. Ең қымбатты, қадірлі нәрсе - өмір, тіршілік, ал, ең үлкен трагедия - қаза, ажал, әсіресе зорлық өлім. Сондықтан да ұлы жырау адамдарға ең алдымен: Бірінші тілек тілеңіз бір Аллаға жазбасқа, - деп ақыл айтады және де жер қайысқан қол келіп...ардақтап жүрген бикешің жылай да жесір қалмасқа, - деп ескертеді... Басынан небір қиын жағдайды, қуанышты да, күйінішті де өткізген Бұқар адамдар аман болса екен, олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсе екен деп тілейді. Осы мақсатпен ол тұрмыстық та мәні бар дүнияуи, мемлекеттік те маңызы бар өсиет айтады, саяси да, этикалық та нормаға қатысты ой-пікір ұсынады.
Философ ақын ретінде Бұқар жырау жалпыадамзаттық мәселені көтереді: қалай адам баласы ұзақ та бақытты ғұмыр кешпек және қайтіп мезгілінен бұрын келген ажалдың құрығынан құтылмақ? Бұл сауалға жыраудың өзі жауап береді. Ал жауабы өмірдің мәні жайындағы толғау, сұрақ пен жауап болып айтылатын өлең түрінде, күмәнсіз ақиқатты айту, сондай-ақ адам мен табиғатты, адамдардың хал-ахуалын салыстыру я болмаса қарама-қарсы қою формасында болып келеді. Мұндай жағдайда өмір құбылыстары мен жағдаяттары терең топшылау арқылы жинақталып беріледі және поэзиялық бейнелер мен көркемдеуіш құралдар пайдаланылып, адам белгілі бір ситуацияда не істеуі керек, қиындықтан қалай құтылуға болады, қалай оның алдын алуға болады, қайтсе жаман болмайды деген мағынада қорытылған тәжірибеден туындайтын ақыл-кеңес, дайын жауап ұсынылады:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңі,
Жаламенен бас кетер.
Немесе,
Жал-құйрығы жаба деп,
Жабыдан айғыр алмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас!
Міне, осындай жалпыға қарата: Сен өйтпе, өйтсең бұлай болады, сен бұлай істе, сонда жақсы болады деген сияқты сөздер, былай қарағанда, тыйым салу мен оның себебін ашу болып көрінгенімен, өмірлік тәжірибенің негізінде туған жай ғана дидактика емес, тіршіліктің диалектикалық мәні жайындағы, дүниедегі жақсылық пен жамандықтың арақатынасы туралы пәлсапалық байламдар. Бұқар жыраудың тұжырымдауынша, әлемде өзгермейтін, мәңгі бір қалыпта тұратын еш нәрсе жоқ, дүниеде бәрі араласып, алмасып тұрады, өзгеріске ұшырайды, өмірде имандылық пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық қатар жүреді, қай нәрсенің болса да пайда болуы да, өшуі де болады, өмір бар жерде өлім бар, дүние алма-кезек.
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз!
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз!
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз!
Жалпы, Бұқардың Абылай ордасына келгенге дейінгі шығармалары тақырып жағынан өте бай, әр алуан. Ол тұста тұрмыстың ащы-тұщысын татып, қарапайым адамның әлеуметтік жағдайын, хал-ахуалын көрген жырау қауымға ортақ, көпшілікке маңызды нәрселерді айтып, философиялық тұрғыда әңгімелейді. Мәселен, осы кезеңдегі Бұқар жырау поэзиясының басты-басты тақырыптары мыналар: адамның тағдыр-талайы мен арман-аңсары, тіршілігі мен тынысы, имандылық пен шариғат мәселелері, дүниенің игілігі мен байлықтың жалғандығы, жастық пен кәрілік, бай мен жарлы, жақсы мен жаман, әйел мен бала, т.т. [3,520-522].
Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болар еді. Шығармаларының басым көпшілігін құрайтын насихат толғауларында, жоғарыда аталғандай, адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдылық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Осыған орай жыраудың топшылаулары мен ой-болжамдары да сезім күйлері арқылы беріліп отырады. Осы талапқа сай бұл жырлардың көңіл-күй, лирикалық сипаты басым болып келеді [2,407].
Насихат толғауларында жырау адам санасын тәрбиелеу мақсатында өмірлік құбылыс пен адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынастар туралы өзінің түйген ойларын ұсынған. Сол себепті бұлардың моральдық, этикалық сипаты басым келеді [1,213].
Бұхар шығрмаларында өлім, өмір мәселесі қозғалады. Адам бүкіл әлемді тұтас көрсе де және барлық ғылымды білсе де оның білімді аңсауы басылмайды және ол өмірдің барлық құпиясын білген күнде де, өлімнің шешімін табуғ келгенде дәрменсіз. Бұл өмірдің ар жағында не бар екенін білу мүмкін емес. - Өлім - болмыстың ұлы құпиясы. Бірақ адам ешқашан үмітін жоғалтпайды. Мысалы:
Жақындап, ажал тұрса да,
Жанына қысым ұрса да,
Қалжырап көңіл қартайып,
Қарауытып көіл тұрса да -
Үмітін қоймас адамзат -
деп толғайды. Бұхар заманның аумалы-төкпелі келуін заңды құбылыс деп санайды. Заманның аумалы-төкпелі болғанын, саналы ой емес, санасыздық бел алып бара жатқанын, бірінщіден, қынжылып, наразылықпен жырласа, екіншіден, өткенге өксіп, қарамай, ескіні аңсамай, өз тұсындағы заманның мағынасын түсінуге тырысып, өзіндік танымы жеткен құбылысты таныта алған.
Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін атап көрсетеді.
Мұндай өзгерістер тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта - табиғатта да жүріп жатады.
Адамның өз мақсат-мұратына жету жолында осының бәрін ескеріп, ой елегінен өткізіп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыра білу керектігін білдіреді. Адамдар арасында жақси ниет, қарым-қатынас қана тұтас халықтың өсіп-өркендеуіне, бірлесіп топтасуына негіз жасайды [4, 81-82].



2. Абылай хан тұсындағы Бұқар жырау

Бұқар ақын ғана емес, - деді профессор Е.Ысмайлов, - Абылайдың қолшоқпар бітімші биі. Ол ХҮІІІ ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде Абылайдың жаршысы болады [5,218].
Бұқар жырау поэзиясы арқылы Абылайдың қолбасшылық, қайраткерлік тұлғасы және оның сол замандағы болмыс-бітімі шынайылылығымен бізге жетіп отыр. Әрі ол тарихи деректермен сәйкестік табуымен де маңызды. Бұқар жырау поэзиясы арқылы бізге Абылай дәуірінің болмыс-бітімі, Абылайдың іс-әрекеті нақтылы өмір шындығымен, тарихи ерекшелігімен жетті.
Бұқар жыраудың бізге жеткен мұраларының ішінде тікелей Абылай ханға арнаған толғулары бірнешеу, Абылай заманына, саясатына жанама тоқталған толғаулары да бар. Бұқар жырау өз толғауларын суырып салып салып ауызша шығарды, ауызш тарады. Тыңдау арқылы қабылданды [6,33].
Абылай ханға сөз айтқанда жырау тек өз атынан ғана айтқан жоқ, халық атынан айтты. Сондай-ақ Бұқар тек Абылай ханға ғана арнаған жоқ, бүкіл халыққа арнады: ...жыраудың Абылай атына қарата айтылған толғаулары шын мәнісінде бүкіл алаш жұртына арнаған болатын. Қолма-қол халық арасына тарап, жатталып, жырланып отырған Бұқар толғаулары Абылайды ғана көтеріп қоймайды, қазақ рухын көтереді, елдік санаға, ұлт бірлігіне қызмет етеді [7,178].
Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған арнауларында ханның бейнесі жасалады. Абылай хан жырау сөзі бағытталған тыңдаушысы болғанымен, жыр-толғаудың алқа-қотан отырыста, жиында айтылатындығынан, жырау өз толғауларының дүйім қазақ еліне тарайтынын біліп, ханның дара қасиеттерін көтере айтып, ерлігін, елі үшін еңбегін дұрыс көрсетіп, айбынын асыра жырлауы тыңдаушыларының жүрегіне, көңіліне елдік тұтастықты, бірлікті егу, ұялату әрекеттері болып табылады. Бұқар шығармаларындағы Абылай бейнесі - ел тәуелсіздігінің, тұтастығының, тыныштығының символы. Бұқар жырау өз толғаулары арқылы тыңдаушысының көңіл құтысына құя білді, сіңірді.
Бұқар жырау толғаулары, арнаулары тыңдаушысымен байланыстыратын, халыққа өте ұнамды, қабылдауына, санасына лайықты, бүкіл қазақ халқы тұтас тербелген, тұтынған халық ауыз әдебиетіне, эпосына ұқсас, көшпелі қазақ қоғамына тән, дағдыланған әдеби дәстүр екендігі мәлім. Бұқар жырау толғаулары, арнаулары арқылы ханмен де, халықпен де бетпе-бет байланысқа, контактіге түседі. Жырау мен ханның, халықтың арасында диалог құырлады [8,262].
Арнау толғауларында ханның саясаты, ел басқару ісіне өз қатынасын білдірген. Бұқар жырау Абылайдың іс-әрекетін асыра мақтап, оның асқақ бейнесін жасауға дейін барады. (Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай, Әй, Абылай, сен он бір жасыңда, Қазақтың ханы Абылай, Басыңа біткен күніңіз, Ай, Абылай, Абылай, т.б.). Ал үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегінде келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ащы шындықты бетке айтып отырған [1,213].
Жыраудың қолда бар арнау толғауларының көпшілігі (Абылай ханның қасында, Ал, тілімді алмасаң, Ей, Абылай, Абылай, Қазақтың ханы Абылай, Ханға жауап айтпасам, Басыңа біткен күніңіз, Ай, Абылай сен он бір жасыңда, Ал, айтамын, айтамын) Абылай ханның сол тұстағы ұстанған саясаты мен жалпы ел басқару ісіне арналса, енді бір топ жырларының (Садыр, қайда барасың?, Бұқарекең - біз келдік Ақан, Төбет байларға) әр кезеңде әр қилы тілек-талаптарға орай белгілі бір кісілерге арнау түрінде айтылғанын көреміз.
Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп, оның шындыққа сай тұлғасын өрнектемек болады. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әр алуан саяси қызметі мен саналы өмірін оның жас мерзіміне орай кезең-кезеңге бөліп, ой таразысымен екшеп саралау, жинақтап қорыту үлгісінде келеді. Мұның бәрі бір ғана талап - ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз, бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатады. Осыған орай жыраудың өзге жырларынан оның Ал, айтамын, айтамын атты толғауын бөліп атауға болар еді. Бұл шағын ғана туынды ішкі логикалық бірлікпен жалғасқан үш бөліктен тұрады. Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сайгүліктің түр-тұлға, сын-сипаты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдік биік талаптар тұрғысынан сипатталады. Ал, үшінші бөлімі Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып, жеке сомдауға арналған [2,411].
Абылай ордасына келгеннен кейінгі Бұқардың шығармашылығы бұқаралықтан гөрі мемлекеттік мәнге ие. Бұл уақыттағы толғаулар қоғам үшін аса зәру, тарихи мәнді мәселелерге арналған. Сол себепті екінші топтағы поэзия - мемлекет қызмет етуге бағышталған, жоғары функция атқаруға бағытталған, сондықтан мемлекет те, оның басшысы да өте күшті болуға тиіс деген идеяны насихаттап, қоғамдық пікір орнықтыруға жұмыс істейді. Мемлекеттің үлкен қайраткері, әрі бас идеологі болған Бұқар үшін енді ең маңызды мәселе - Қазақ хандығын сақтап, оның тәуелсіздігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Ежелгі жәдігерліктер мен жыраулар поэзиясының поэтикалық үндестіктері
Жыраулар поэзиясы
Ежелгі дәуір әдебиеті
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Пәндер