Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . . .

I. Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы . . .

1. 1. Қарапайым математикалық ұғымдар туралы жалпы түсініктер . . .

1. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы . . .

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру . . .

II. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың маңызы.

2. 1. Балабақшада қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру құралдары және оны жүзеге асыру жолдары . . .

2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық дамытуға арналған ойындар мен жаттығулардың түрлері . . .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымша

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқу іс-әрекетінде математикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

-математика сабақтарында ойын түрлерін қолданудың маңызын көрсету;

-балалардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;

-балалардың пәнге деген қызуғушылығын арттыру, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;

-мектепке дейінгі жастағы балалардың математика сабағында дайындалған әдістемелік материалдарды дұрыс пайдалана білу;

Өзектілігі: Математикалық тапсырмаларды түрлі ойындар арқылы орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру оқыту әдістерінің ең бір өзекті мәселесі.

Нәтижесі: Егер тәрбиеші математика сабақтарында тапсырмаларды ойын арқылы орындаса, онда балалардың шығармашылық, ізденушілік қасиеттері артады.

Кіріспе

Балаларға математиканы оқыту ғалымдарды көптеген ғасырлар бойы қызықтырып келеді. 17-19 ғғ. Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, К. Д. Ушинский, Монтессори мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру керек деген тұжырымға келді.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балаларды мектепке дайындаудың бір бөлігі болып табылады. Бұл процесс мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту міндеттерін шешуде тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға бағытталады. Оның негізгі айырмашылығы дамытушы бағыт ұстауы күнделікті тұрмыста, ойында, еңбек әрекетінде баланың тілін, ақыл-ойын дамытуды көздейді.

Ақыл-ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.

I. Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды

қалыптастырудың маңызы

1. 1. Қарапайым математикалық ұғымдар туралы жалпы түсініктер

Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.

- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала

Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім - бірлік,
Екім - елік,
Үшім - үскі,
Төртім - түскі,
Бесім - бесік,
Алтым - асық,
Жетім - желке,
Сегізім - серке,
Тоғызым - торқа,
Оным - олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.
Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.

2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.
1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.

3 - тапсырма: Цифрларды тануы.
1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.

4 - тапсырма: Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.

5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.
1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?

6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.
1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.

7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?

8 - тапсырма: Уақыт.
1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет

Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.

Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.

І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.
Нәтиже
18 бала - жоғары
4 бала - орташа
3 бала - төмен.

1. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы

Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н. Құлжанова, М. Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж. ) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі - журналист-публицист.

Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.

Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер - білім даярлау

керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады: 1«Күллі жер жүзінде» 2 «Мектеп жасына толмаған бала» 3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?» 4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі» 5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.

Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.

Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.

Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.

Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.

Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі - ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Н. С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан - «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б. Баймұратова, Қ. Меңдаякова, Ә. Әмірова, М. Тұрыскелдиева, А. Е Манкеш, М. Жиенбаева т. б. педагог-ғалымдардың еңбектеріне атауға болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында қызмет ететін ғалымдардың ( Н. Нұрахметов, М. Сәтімбекова, Б. Баймұратова, Ә. Әмірова, Ғ. Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С. Бәтібаева, Г. Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы « Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Кіші жастағы баларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.

Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.

Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.

Оқыту міндеттері:

1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;

2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;

3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;

4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;

5) «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)

6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;

7) «Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі - 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;

8) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру;

9) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру;

10) Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.

Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Оқушыны мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет) ; оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін - олардың қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: «артық», «кем», «сонша» терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал) . Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па? Кеңістік түсінігі қандай деңгейде («Шалқан», «Үйшік» ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде т. б. ) . Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма? Нәтижелері сабақты ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде көрсетіледі.

1. Білім, білік, дағдарларды анықтау, жүйелеу және толықтыру:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz