Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеудің әдіс- тәсілдері
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
1. 2. Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері
1. 4 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің мазмұны мен көлемі
1. 5. Байланыстырып сөйлеуді дамыту
1. 6. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған ойындар
1. 7. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін деңгейлеп оқыту тапсырмалар арқылы жетілдіру және дамыту.
ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.
Зерттеу нысаны
- мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үрдісі.
Зерттеу пәні
- мектепке дейінгі балаларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Курстық жұмыстың мақсаты
- мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде қолдануға ұсыну.
Міндеттері:
- философиялық, лингвистикалық, психологиялық әдебиеттерді оқып, тақырып тұрғысынан талдау жасай отырып, жүйелеу арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін айқындау;
- мектепке дейінгі қазақ тілі пәніне арналған оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды талдау арқылы баланы байланыстырып сөйлеуге үйрететін білім мазмұны мен білік, дағдыларын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің психологиялық, педагогикалық талаптарға сай келуін анықтау;
- анықтау эксперименті бойынша мектепке дейінгі балаларының байланыстырып сөйлеу деңгейлерінің қазіргі жайын саралау;
- балаларды сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардың қолайлы мазмұнын, көлемін, әдістері мен құралдарын ұсыну;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын оқыту эксперименті арқылы дәлелдеу.
Зерттеу болжамы.
Мектепке дейінгі балаларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т. б. ) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ
1. 1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б. Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А. М. Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф. А. Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу - отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [1, 25-27 б. ] .
Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады[2, 112-146 б. ] .
Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру[3, 215-216б. ] .
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Мысалы:
Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді. Ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді. (доп)
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ[4, 135-184б] .
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызыерекше. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Денсаулық
2. Еңбек пен мамандық
3. Өнер
4. Имандылық пен адамгершілік
5. Патриоттық
6. Эстетикалық
7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т. б. ойындар[5, 112-146 б. ] .
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қорыта келгенде, сөз - тәрбиешінің еңбек құралы. Баланың ой - өрісін кеңейту, ақыл - ойын дамыту, мінез - құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде мұғалімнің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz