Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы


1 - Тақырып
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Мемлекет жэне қуқық теориясының анықтамасы.
2. Мемлекет жэне қуқық теориясыныц ерекшеліюпері.
3. Мемлекет жэне қуқық теориясының функциялары.
1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы . Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
2. Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының
ерекшеліктері мынада:Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар - мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі аркылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т. б. ) ерекшеленеді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
- Мемлекет және құқық теориясының функциялары.
Мемлекет және кұқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция мемлекеттік-құқықтық құ-
былыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес,
сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық
теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің кызметін жетілдіруде, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталған ұсыныстар жасауға кызмет етеді.
3. Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т. б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.
Лекция № 1
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні.
- Мемлекет және құқық теориясының әдістері.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық
теориясы.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теория-
сының орны.
- Мемлекет және құқық теориясының пәні. Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теория-сының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуымен қызмет етуінің жаппы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттшіктің пайда болуы, дамуы мен кызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т. бсияқты түсініктерді зерттейді.
- Мемлекет және құқық теориясының әдістері.
Ғылыми әдіс бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
1. Жалпы әдістер - ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен кұқықты мәңгілік жән өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, накты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуіне байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысы қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективті және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективті идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализ адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми әдістер - жалпы әдістер сияқ ты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекеленген кезеңдерінде ғана колданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау - күрделі мемлекеттік-кұқықтық кұбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
4) синтез - құрамдас бөліктерін шартты түрге
де біріктіре отырып зерттеу;б) жүйелік әдіс - объектінің тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі
байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;в) функционалды әдіс - бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми әдістер - мемлекет және құқық теориясының
техникалық, жаратылыстану және гумантарлық ғылымдардың, ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер. Оларға мыналар жатады:а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс - сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың және т. б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді;
ә) статистикалық әдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық кұбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мумкіндік береді;
б) кибернетикалық әдіс - кибернетиканың түсініктері, заңдары
және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-
кұқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.4. Жеке кұқықтық әдістер - тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формальды-заңды әдіс - заң түсініктерін, олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге және т. б. мүмкіндік береді;
э) салыстырмалы-құқықтық әдіс - әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау максатында салыстыруға мүмкіндік береді.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гумани-тарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары - гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады: мемлекет және құқық теориясы;
- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси жэне құқықтық ілімдер тарихы) ;
- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т. б. құқық салалары) ;
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот
психиатриясы және т. б. )Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т. б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көзқарастары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құкықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қапыптасады. Өз кезегінде мемлекет және кұқық теориясы кеңейтілген философиялы жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі - олар мемлекет пен құқыкты зерттейді. Ал айырм; шылықтары мынада - тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекетті құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялык тәртіп зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т. б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және кұқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.
2-Тақырып
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
- Мемлекеттің пайда болу себептері.
- Мемлекеттің пайда болу нысандары.
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы
сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің
ерекшеліктері болып мыналар табылады:- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді
және қандық туыстыққа негізделді;- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашкы кауымдык
демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты; - бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, эскербасылары және т. б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.2. Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда бо-
луы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография
және тарих гылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге
жаңа мәліметгер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-
лы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар
табылады:
- Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайдаболуынын құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық биліккұдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің дінимазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайлардыкөрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің -абыздар билігін, шіркеудің рөлін, діни жәнеәкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияныңкөрнекті өкілдерінің бірі -Фома Аквинский.
- Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отба-сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасымүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бүл теорияпатшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктіңқайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, пат-риархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұлтеория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-бектерінен тапты.
- Шартты теория - ХҮІІ-ХҮШ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуто Гроций менСпиноза, Англияда Д. Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж. -Ж. Руссо,
орын алды. мысалы, Л. Гадищевтың ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
- Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде»күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеужүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырдапайда болды, оның өкілдері -Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг,
- Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адампсихикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т. б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
- Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер, Вормс, Х. Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бө-ліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктеріарасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биология-лық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік дамуөнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы(басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (хапык) болады.
- Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қа-наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақ-тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл террия қазіргі кездегі неміс ғалымы К. -А. Витгфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
- Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеумет-гік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайдаболуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Әнгельс, В. И. Ленин -мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
- Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Әнгельс, В. И. Ленин -мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тәсілі» (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т. б. ) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т. б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауым-туыстықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы рөлін атқарды.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол занды негізді және қоғамдық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.
3. Мемлекеттін мәні. Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктің-саяси ұйымдасқан қоғам, кұқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқыктық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анық-тайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы
екендігі;2) мазмұнды - осы ұйымнын кімнің мүдделеріне кызмет
ететіндігі.Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамта-масыз етуден көрінеді.
3-Тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
1. Мемлекеттің түсінігі және белгілері.
2. Мемлекеттік билік әлуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
3. Мемлекеттің мәні.
1. Мемлекеттің түсінігі және белгілері. Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулык құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:
- Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралықбилік -бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
- Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.
З. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
- Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пенхалықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
- Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктіц ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билікке анықтама беріп алу кажет. Әлеуметтік билік - бұл адамдардың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары. Бұл кезде бір тұлғалардың - билік құрушылардың -еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың - бағынушылардың - еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. Әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т. б. тән.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
- Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынанқызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
- Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдаржүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.
Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң
нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті
сипатты иеленеді.
5 - Тақырып
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМ
- Мемлекет механизмініц түсінігі.
- Мемлекет механизмінің құрылымы.
- Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары.
- Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері.
1. Мемлекет механизмінің түсінігі. Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекетгік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің Зорлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет тұрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекетаппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналаржатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер
жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байла-
нысты қызмет;ә) құқыққолданушы қызмет - бұл құкықтық нормапарды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мыналар кіреді:
- өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асырубарысында тығыз байланыстағы және өзара органдар;
- биліктік өкілетгіктерге ие емес. алайда, экономика, білімберу, мәдениет, денсаулық қоргау, ғылым т. б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары
- бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын баста
машылық ережелер. Оларға мыналар жатады:.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz