Отырар-Фараб иелігі аумагының шекарасы



1 Отырар.Фараб иелігі аумагының шекарасы
2 Отырар. Фараб иелігінің елді мекендері
3 Отырар тарихы мен тарихи орындары туралы аңыздар
Аталатын бірінші бөлімде иелік аумағы, шекарасы, табиғаты, ортағасырдың әр кезеңдегі климаты, палеогеографиясы қарастырылады. Отырар-Фараб иелігі жөнінде ХVІ ғ. жазбагері Сипахи-заде әл-Брусавидің «Алдах ал–масалик ила марифат ал–булдан ва–л–мамалик» атты қолжазбасында мынадай хабар бар: «Отырар–Сейхун өзені бойындағы, Фараб айналасындағы бекіністі қала мен Мауараннахрдағы түркілердің шекарасындағы кең аймақ
Осы аймақтың астанасы Отырар қаласы болғанын Ибн Халликанның мына хабарынан аңғаруға болады: «Ол аш-Шаштың арғы жағында және Баласағұн төңірегінде... Ол түркілердің астаналық қалаларының бірі [10, с.117]. Ибн Ийаса «Натк ал-азхар фи гараиб ал–актар» атты шығармасында: «Фараб – бұл қазір Отырар деп аталатын қала, ол ұлы қала болды» деп көрсетеді. Отырардың астаналық дәрежесі туралы түсініктер халық арасында ХІХ ғ. аяғына дейін сақталғанын «Дала уалаяты газетінде» ташкенттік Ғалимқожаұлының мына хабары да қоштайды: «... Арыс суының жағасында үлкен белгілі Отырар деген қаласы бар еді. Бұл қалада үкімдер қылып Түркістан хакімдері тұрушы еді». Отырар қаласы мен алқаптың атауы жазба деректерде Отрар, Отрарбенд, Турар, Тарбанд, Тарбад, Турарбанд, Кену Тарман - Кангу-Тарбан, Параб, Фараб, Бараб, Бола үлгілерінде кездеседі.
Фараб, Бараб, Параб атауының этимологиясы жөнінде де ғылыми әдебиетте бірнеше пікір бар. Фараб сөзін шығыстанушы В.К. Шуховцовтың соғды тілінде «өзеннің арғы жағы», «жағасы» дегенді білдіреді дейді. В.Н. Настич пен В.К. Шуховцовтың пікірінше, Фараб, не Бараб деген жер атауы соғдының Пāрāб, яғни «өзеннің арғы жағалауы», «өткел орны» деген сөзінің арабтық графикалық үлгісі болып табылады, араб пен парсы деректеріндегі мәліметтерді талдағанда Фараб өңірінің бас қаласы Кедер немесе Отырар болғанын, сол кездегі араб, не парсы жазбагерлері Фараб өңірінің бас қаласы Фараб деп жобалап жазған. Мысалы, Сырдария өзенін бірде Шаш өзені, бірде Ходжент өзені, бірде Фараб өзені деп Сырдарияның ағып өткен аймақтарының атымен атағандай, ал шын мәнісінде бұл географияда бір ғана атпен танымал болған жалғыз өзен .

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Отырар-Фараб иелігі аумагының шекарасы

Аталатын бірінші бөлімде иелік аумағы, шекарасы, табиғаты, ортағасырдың
әр кезеңдегі климаты, палеогеографиясы қарастырылады. Отырар-Фараб иелігі
жөнінде ХVІ ғ. жазбагері Сипахи-заде әл-Брусавидің Алдах ал–масалик ила
марифат ал–булдан ва–л–мамалик атты қолжазбасында мынадай хабар бар:
Отырар–Сейхун өзені бойындағы, Фараб айналасындағы бекіністі қала мен
Мауараннахрдағы түркілердің шекарасындағы кең аймақ
Осы аймақтың астанасы Отырар қаласы болғанын Ибн Халликанның мына
хабарынан аңғаруға болады: Ол аш-Шаштың арғы жағында және Баласағұн
төңірегінде... Ол түркілердің астаналық қалаларының бірі [10, с.117]. Ибн
Ийаса Натк ал-азхар фи гараиб ал–актар атты шығармасында: Фараб – бұл
қазір Отырар деп аталатын қала, ол ұлы қала болды деп көрсетеді. Отырардың
астаналық дәрежесі туралы түсініктер халық арасында ХІХ ғ. аяғына дейін
сақталғанын Дала уалаяты газетінде ташкенттік Ғалимқожаұлының мына хабары
да қоштайды: ... Арыс суының жағасында үлкен белгілі Отырар деген қаласы
бар еді. Бұл қалада үкімдер қылып Түркістан хакімдері тұрушы еді. Отырар
қаласы мен алқаптың атауы жазба деректерде Отрар, Отрарбенд, Турар,
Тарбанд, Тарбад, Турарбанд, Кену Тарман - Кангу-Тарбан, Параб, Фараб,
Бараб, Бола үлгілерінде кездеседі.
Фараб, Бараб, Параб атауының этимологиясы жөнінде де ғылыми әдебиетте
бірнеше пікір бар. Фараб сөзін шығыстанушы В.К. Шуховцовтың соғды тілінде
өзеннің арғы жағы, жағасы дегенді білдіреді дейді. В.Н. Настич пен В.К.
Шуховцовтың пікірінше, Фараб, не Бараб деген жер атауы соғдының Пāрāб, яғни
өзеннің арғы жағалауы, өткел орны деген сөзінің арабтық графикалық
үлгісі болып табылады, араб пен парсы деректеріндегі мәліметтерді
талдағанда Фараб өңірінің бас қаласы Кедер немесе Отырар болғанын, сол
кездегі араб, не парсы жазбагерлері Фараб өңірінің бас қаласы Фараб деп
жобалап жазған. Мысалы, Сырдария өзенін бірде Шаш өзені, бірде Ходжент
өзені, бірде Фараб өзені деп Сырдарияның ағып өткен аймақтарының атымен
атағандай, ал шын мәнісінде бұл географияда бір ғана атпен танымал болған
жалғыз өзен .
Жазба деректерде Сырдария өзені Шыр деген атау үлгісінде де кездеседі.
Сырдария өзенін шығыс авторлары Чир және Чирчик (Шыр және Шыршық) деп
атаған. Хафиз–и Таныш ибн Мир - Мұхаммад Бұхари Шыр өзенін қазір Шыршық
деп атайды, – деп көрсетеді.
Отырар атауының этимологиясы жөнінде бұл жұмыста түрлі пікірлер
келтіріледі. Мысалы, К.М. Байпақов оғыз тілінде ұзақ тұрақ, бір орында
тұруға байланысты тураш иер атты сөз тіркесінің барын тілге тиек ете
отырып, Отырар, Тұрар сөздері осыдан туындаған деген пікір айтады. Отырар
атауының шығу тегін анықтауда оның ертедегі аталу үлгісін негізге ала
отырып ізденіс жүргізу керек. ІХ–Х ғғ. ғалымдары әл–Хорезми, ат–Табари,
әл–Балазури шығармаларында Отырар атауы Тарбанд үлгісінде, әл–Фаргани,
әл–Буттани шығармаларында Турарбанд үлгісінде жазылыпты. Уақыт өте келе,
Турар–Утрар, бертін келе Отырар болып өзгеріске ұшыраған. Түпкілікті атау -
Турар осы өңірдің ежелгі тұрғындарының атымен және осы аймақтың байырғы
атымен түбірлес екенін байқау қиын емес. Фирдаусидің Шахнамесінде Туран
деген ұғымды зейін салып тексерген шығыстанушы В.К. Шуховцов бұл атаумен
Сырдарияның орта бойындағы Испиджаб, Фараб, Шауғар, Сауран, Канг–дих деп
аталатын уалаяттардан тұратын өлкенің аталғанын анықтады. Бұл Авестадағы
Канх елімен сәйкес келеді, ол елде көшпелі тура– tura атты тайпалардың
тұратыны айтылады. Көне парсылық жазбалардағы сака деп аталатын тайпалар
өздерін тура деп атаған екен. Осыдан тура тайпалары мекендеген ел
Туран болып аталған. Тұран өңірінің орталық бөлігінде орналасқан қаланың
осы өңірдің ежелгі тұрғындары тұрлардың атымен Тұрар деп аталуы мүмкін деп
болжаймыз.

Отырар- Фараб иелігінің елді мекендері

аталатын бөлімде жазба деректерде кездесетін елді мекендер мен
қалашықтар археологиялық барлау барысында табылған археологиялық
ескерткіштермен сәйкестендіріледі. Фараб-Отырар иелігінің оңтүстік
шекарасындағы ең шеткі елді мекен Фасих Ахмад ал-Хавафидің Муджмал-и
Фасихи атты шығармасындағы мәліметке сүйенсек, ол Ақсулат болады.
Деректің мәтініне қарағанда бұл Шардара елді мекенінің айналасы. Ақсулаттан
соң Ұзыната, Сүткент жерлері аталады. Әмір Темір әскерімен Ақсулаттан
аттанып, Ұзынатаға түнеп, Пулқожаға тұрақтап, Сүткентке жеткен. 1903 ж.
Н.В. Рудневтің картасында Ұзыната мен Сүткент арасында екі бекініс орны
белгіленген. П.А. Гомолицкий Ұзынатадан кейін көрген ескі қамал қасындағы
мазарат барын жазады. Ескі қамалдың қасындағы мазарат осы Пулқожашайқы
деуге негіз бар. Сүткент - Әмір Темір әскері Пулқожадан кейін тұрақтаған
қалашық. Ибн Хаукальдың Китаб ал–масалик ал–мамалик кітабында Сүткент
Фараб уалаятының қаласы деп көрсетіледі. Сүткенттен кейін Әмір Темір
Камарши-Ата және Султайн-шайх деген жерлерді басып өтті. Алғашқы орын
Байырқұмға сай келуі мүмкін. Султайн-шайх біздің пікірімізше, белгілі
мазарат – Зарлыққа сай келеді. Зарлық патша баласы болғандықтан оның екінші
атауы Сұлтаншайқы болуы мүмкін. Ол Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен
картасында белгіленген.
Біздің барлау жұмыстарымыздың барысында табылып сипатталған қалашықтарға
қысқаша сипаттама беру қажет. Шаншар қалашығы Көксарай ауылының оңтүстік-
батысында, 16 км жерде орналасқан. Географиялық координаты N 42° 34´, E 67°
58´. Шаншар құрылымы аса күрделі. Ескерткіштің жалпы ауданы шамамен 140 га,
оның бір бөлігі құм астында жатыр. Оны ұзындығы 4,8 км сыртқы қорған қоршап
тұр. Сыртқы қорған ішінде, қалашықтың шығыс бөлігінде жалпы пошымы
трапециялық қамал орны бар. Осы қамал айналасында табылған керамика
үлгілері ішінде хум бөлшектері қызықты. Бірінің түп жағына жақындау
қабырғасында диаметрі 1см тесігі бар. Мұндай тесік әдетте шарап сақтайтын
үлкен ыдыс - хумда болады. Хум ернеулерінің диаметрі 25 см, ернеулері
қарапайым түрінде жасалған, қабырға аяқталған жер сырт жағынан қалыңдатылып
дөңгелетілген. Осыған ұқсас келетін ернеуі бар хумдар Ескі Ниса
қаласындағы Парфия заманы қабатында кездескен. Олармен бірге б.з. дейінгі
56-37 жж. теңге табылған. Қалашық бетінен алынған басқа керамика үлгілері
тым ұсақ, олардың жасалу уақытын анықтау қиын. Шарап сақтайтын ыдыс
бөлігінің табылуы қала тұрғындарының суармалы егіншілікпен де айналысқанына
негіз береді. Мұны қалашық айналасында ескі арық іздері қоштайды. Осыған
қарап, осы өңірде б. з. б. бірінші ғасырлары ирригация болды деп айтуға
негіз бар. Аққорған қалашығы Көксарай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25
км қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары: N 42° 35´, E 67°
49´. Қалашық жоспарда төртбұрышты, 340 х 340 х 330 х 320 м. Бұрыштары
дүниенің төрт тарапына қараған. Қабырғалары, қазір биіктігі 1,3 - 3 м жалға
айналған. Жалға айналған қабырғада 31 мұнара орны байқалады. Қорғанға кіру
орны солтүстік қабырға ортасында болған. Бұл қалашықтарда тіршілік болу
үшін Сырдария арнасы қазіргі құм ішіне кетуі керек. Керамикаға қарағанда
осы жағдай шамамен б.э.б. бірінші ғасырларда болған.
Фараб уалаятында жазба деректер Весидж қалашығын атайды. Ал-Истахри
бойынша Васидж өзеннен батыс жақта, Кедерден екі фарсаг қашықтықта, ал
Параб өзеннен шығысқа қарай жатыр. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтер
Весиджды Оқсыз қалашығымен баламалайды [2, с. 124]. Әл–Макдиси оны күшті
әмір тұратын, базар алаңы ортасында жұма мешіті бар бекіністі шағын қала
деп сипаттайды. Висидж Самани шығармасында аталады: түркілер еліндегі
қамал. Онда 514 ж. мухаррам айында 1120 ж. сәуірінде айдауда Абу Мұхаммед
Абд ас-Сейид б. Мухаммед Несефи қайтыс болды. Яғни, ол жазба деректерде
ХІІ ғ. дейін аталады. Алайда Кедер-Құйрықтөбеден Оқсыз елді мекендер
арасындағы ара қашықтығы екі фарсахтан көп. Төтесінен санағанда шамамен 21
км, яғни үш фарсах. Сондықтан Весиджды Оқсыз деу қисынсыз немесе
Құйрықтөбені Кедер деу қисынсыз. Сырдарияның сол жағалауында Н.В. Рудневтың
1903 ж. картасында бірнеше қамалдар белгіленген. Олардың барлығында ХІІ ғ.
керамикасы бар және солардың бірі Весидж болуы ықтимал.
Шамамен ХІІІ ғ. жазылған Насаб–нама шежіресінде Зернук Зарнұқ
үлгісінде аталып, Сырдариядан осы тұста Отырарға 766 -767 жж. мұсылман
әскерлерінің өткені айтылады [9, 90-б.]. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтер
Зернук қаласының қалдығы деп Оқсызды санайды [2, с.125]. 1219 ж. монғол
әскеріне қарсылық көрсетпеген Сырдарияның сол жағалауындағы Зернук атты
қала аталады. Осы жағдайды ескеріп, монғолдар оны Кутлук–Балык – бақытты
қала деп атапты. К.М. Байпақов мұны қоштап әл–Макдиси тізімінде Зерах,
кейде Турар–Зерах деп аталатын қала кездеседі дейді [14, с. 86]. Зернұқ
тұсында Сырдариядан өтетін өткел болған. 1295 ж. Сырдария бойымен жүріп
өткен армян патшасы Хетум алдымен Отырарға келіп, кейін Зернұққа өтіп,
Дизах–Жызақ арқылы Самарқанға жеткен. ХІХ ғ. екінші жартысындағы
географиялық карталарды негізге ала отырып, Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич
Оқсызға қарама – қарсы жерде өткел болған деп көрсетеді [2, с.124]. Н.В.
Рудневтың 1903 ж. картасында Оқсыздың тұсында Ақынтоғай тұсында переправа
белгіленген. Әмір Темір әскері де осы тұста Сырдариядан өткен. Зафар-наме
дерегі бойынша Сырдариядан Отырарға дейін 2 фарсах жол екен, яғни 12-14 км.

Қисса–и Рабғузи немесе Қиссас-ұл әнбия деген аттармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Отырар қаласының пайда болуы
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қазақстанның ежелгi қалалары жайлы
Ұлы Жібек жолы.Монғол мемлекетінің саяси тарихы.
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Пәндер