Ұйқы безі


Ұйқы безі
Ұйқы безі (поджелудочная железа) (лат. pancreas - үйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақ¬ша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді. Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.
ЖІТІ ПАНКРЕАТИТ - ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАУІПТІ СЫРҚАТЫ
Жіті панкреатит - ұйқы безінің ұлғаюымен, ісінуімен қатар жүретін ауыр қабыну сырқаты. Кейде ұйқы безінің белгілі бөліктері зақымданып, сол жерлерде жұқпа пайда болып, кейін ол ағзадан тыс жерлерге де жайылуы мүмкін. Сырқат ауырсынумен, тәнді улайтын заттардың қанға бөлінумен өтеді. 80-жылдардың басында жіті панкреатитке шалдыққандардың 20 пайызы қаза болатын, 90-жылдардың соңына қарай бұл көрсеткіш 10 пайыз болды.
Ұйқы безі ауруларына соқтыратын себептер. Дертті дамытатын негізгі себептер - алкогольдік ішімдікке үйірлік және өттасы ауруы. Ішімдіктен болған панкреатит аурулардың 25-60%-да, негізінен ер адамдарда кездеседі. Өт қабы ауруларынан туындаған панкреатиттер 25-40% жағдайда, көбіне әйелдерде ұшырасады. Аталған екі топқа тағы үшінші топ - ұлтабардың аурулары қосылады, ал төртінші топқа бұдан басқа әртүрлі себептер жатады. Соңғы топқа жарақаттар, уытты дәрі-дәрмектер қабылдау, В және С гепатиттерін, паротитті қосқанда түрлі жұқпалар, қанда майдың шамадан тыс көп болуы жатады. Созылмалы панкреатит қантты диабет кезінде пайда болуы мүмкін. Кей адамдарда панкреатитке тектік бейімдік болады.
Ұйқы безінің зақымдануы және жіті панкреатиттің туындауы. Майлы және ақуызы мол тағамды біршама алкогольді ішімдікпен бірге қабылдау ұйқы безінің ферменттерді шамадан артық өндіруіне алып келеді. Бұл ферменттер ұйқы безі жолдары арқылы ішекке түсіп, ас қорытуға қатысуы тиіс. Егер ұйқы безінің жұмысы жеткіліксіз болса, оның жолдары ақуыз тығындарымен бітелуі мүмкін, осыдан келе ферменттер без тініне еніп, оны зақымдайды да ағзаның қабынуына алып келеді. Безге ішімдік, әсіресе оның ыдырауынан пайда болған ацетальдегид, үлкен нұқсан келтіреді. Осылайша жіті алкогольдік панкреатит дамиды.
Ауру белгілері және нақтамалануы. Іштің жоғарғы бөлігінің арқа жаққа беріле отырып, үдемелі ауыруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, іштің кебуі. Құсу адамға еш жеңілдік әкелмейді, одан кейін ауырсыну тоқтамайды. Жалпы әлсіздік, жүректің қағуы, дененің ысуы мүмкін.
Жіті панкреатиттің қауіптілігі. Ағзаның бүліну ошақтары - некроздар дамуы немесе бездің көп бөлігінің еруі (панкреанекроз) мүмкін. Осылармен бірге жіті жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі, тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігі жиі дамиды. Бұл аталған белгілердің салдарынан адам аурудың алғашқы күндерінде өліп кетуі мүмкін. Жіті панкреатит басталғаннан бір аптадан соң сырқаттың қаза болуына ұйқы безінде және оны қоршаған ағзаларда жұқпаның дамуы себеп. Бұл аурудан болатын өлім-жітім 30%. Асқынған сырқатпен қатар асқазан мен ішекте көбіне ойық жаралар пайда болып, олардан қан кетеді.
Жіті панкреатит белгілері байқалса, не істеу керек? Шұғыл дәрігерге барыңыз. Сізді міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Ол жерде ауырсыздандыру шаралары жасалып, ағзаны тазартатын қарқынды ем жүргізіледі. Егер ұйқы безінде бүліну ошақтары болса, оталау қажет.
Егер жіті панкреатитті бастан өткерсеңіз. Бұл аурумен сырқаттанған адамдар бір жыл бойы гастроэнтерологтың бақылуында болуы тиіс. Бұл кезеңде ащы, майлы, қуырылған тағамнан және спиртті ішімдіктерден мүлде бас тарту керек. Бұл жіті панкреатит қайталанбау үшін қажет.
Панкреатитті емдеуде міндетті шарт - дәрігердің кәсіби деңгейінің жоғарылығы және біліктілігі, сондай-ақ емделушімен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс жүргізу.
Ұйқы безі адам денсаулығында, әсіресе, ас қорытуда маңызды рөл атқарады
Ұйқы безін анатомия құрылысына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без клеткаларының өндіретін ферменті түтік жолымен ұлтабарға құйылады. Сөйтіп, ас қорыту процесіне белсене қатысады. Без ісінгенде немесе ол жараланып, ішіне қан құйылғанда оның кейбір жерлері жидіп өле бастағанда (некроз) ұйқы безі қабынып қатты ауырады.
Ауру безді тұтастай немесе оның кейбір жерлерін ғана (басын, денесін, құйрығын) қамтуы мүмкін. Қатал панкреатитті көбінесе микробтар қоздырады, бірақ ауру кейде онсыз да басталады. Қабыну күші және аурудың барысы сол қоздырғыш факторына байланысты.
Ұйқы безінің қабынуы әрқашан шыдатпай, қатты ауырып басталады. Ауыру іштің жоғарғы (ұйқы безінің тұсы) бөлігінде болады. Қатты ауырғандығы сонша, кейде адам дөңбекшіп, есінен де танады. Өңі қашып, қол-аяқтары көгере бастайды. Артериялық қан қысымы төмендейді. Тамыр соғуы нашарлайды. Ауырғаны басылмай, адамның жотасына таралады. Арқасын белбеудей орайды. Ұйқы безі қабынған адамның ұстамасы келгенде құса бастайды. Рас, дене ыстығы нормадан аспауы мүмкін, бірақ адамның жалпы халі нашарлайды. Кейде жата да алмай, тек қисайып қана отырады.
Ұйқы безінің қабынуына өт жолының қабынуы қосылса, адамның денесі сарғаюы мүмкін. Бірқатар аурулардың дем алуы бұзылады, кейбіреулердің ішектері қызметін дұрыс атқара алмайды, үлкен дәреті жүрмей қалады. Сондықтан, осындай халге кездескен адамды кешіктірмей ауруханаға жеткізген немесе жедел жәрдем көмегін шақырған жөн.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz