Омоним сөздер туралы оқушыларға түсіндіру
І. Кіріспе
1.1.Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің мағыналық дамуы
ІІ. Негізгі бөлім
І. Қазақ тіліндегі омонимдер
1.1 Омонимдердің жасалу жолдары
1.2 Омонимдік құбылыстарға сипаттама
ІІ. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары
2.1 Омонимдер мен полисемияның ерекшелік тұстары
2.2 Омонимдік сөздердің өзгеру, түрлену жүйелеріне байланысты
топтастырылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы – негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар – ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мәселен, Қанат алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген.
1 Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» А., 1997 ж.
2 К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» А., 1993 ж.
3 Т.Қордабаев «Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары» А., 1987ж.
4 Н.Р.Сауранбаев «Диалекты в современном казахском языке, Вопросы языкознания» А., 1955 ж.
5 С.Аманжолов «Қазақтың әдеби тілі» А., 1979 ж.
6 І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» /Лексика, фонетика/ А., 1975 ж.
7 Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1966 ж.
8 А.Ысқақов, К.Аханов «Қазақ тілі» А., 1971 ж.

Жоспар
І. Кіріспе
1.1.Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің мағыналық дамуы
ІІ. Негізгі бөлім
І. Қазақ тіліндегі омонимдер
1.1 Омонимдердің жасалу жолдары
1.2 Омонимдік құбылыстарға сипаттама
ІІ. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары
2.1 Омонимдер мен полисемияның ерекшелік тұстары
2.2 Омонимдік сөздердің өзгеру, түрлену жүйелеріне байланысты
топтастырылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1.Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің мағыналық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Негізгі бөлім
І. Қазақ тіліндегі омонимдер
1.1 Омонимдердің жасалу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Омонимдік құбылыстарға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

2.1 Омонимдер мен полисемияның ерекшелік тұстары ... ... ... ... .
2.2 Омонимдік сөздердің өзгеру, түрлену жүйелеріне
байланысты
топтастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
Курстық жұмыстың мақсаты:
Омоним сөздер туралы оқушыларға түсіндіру, омоним туралы тереңірек мәлімет
беру, көп мағыналы сөздер мен омонимдерді бір-бірінен
ажыратудың жолдарын түсіндіру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Сөз мағыналары туралы түсінік беру;
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары;
- Қазіргі таңдағы жаңа заманауи сабақ өту технологиялары;
- Омонимдерді оқытудағы инновациялық әдістер
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Омоним сөздер-айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас
келеді.Омонимдер мен мағыналы сөздердің айырмашылығы: көп мағыналы сөздер
бір мағынадан тарағандықтан, түпкі мағынаның бірлігі сақталады,бір сөз
табына қатысты болады, омоним сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ
болады әрі бір сөз табына жататын сөздер ғана кірмейді, олар әр сөз табынан
құрала береді.
Курстық жұмыстың нәтижелігі:
Қазақ тілі сабағында омонимдерді басқа сөз мағыналарынан ажырата оқытуда
тілдік материалдарды дұрыс таңдай білуіне, тілдің теориясы мен
практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу, тест жұмыстары
арқылы іске асырылады.
І. Кіріспе
1.1.Омонимдер мен көп мағыналы сөздер
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны
көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы
сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда,
тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді.
Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп
мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп
мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы – негізінде сөздік
қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар – ұзақ жылдар бойы өмір
сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан
байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан
да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан.
Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең
алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай
заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір
я бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мәселен, Қанат алғашында
құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан
кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда),
арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз
сияды), Кеңес үкіметі тұсында ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің
орналасқан шегі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т.б.)
мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды.
Сөзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды.
Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетімен,
түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін затын, құбылысын,
барлық қасиетімен толық бірден қамтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз
өзінің білдіретін ұғымын барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден
көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз
ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп мағыналы сөздердің
кездеспеуі мүмкін. Адам өмір шындығын уақыт озған сайын біртіндеп тани
берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгіледі біліп болғаннан кейін
барып, ұғым дерексізденеді. Оларды білмей, меңгермей тұрып, белгілі сөздер
ауыспалы мағынада қолданылмайды. Адам бір затты алғаш көргенде, ең алдымен,
оның сыртқы қасиеттерімен танысады. Сол қасиеттер кісінің сезім мүшелеріне
әсер етіп өзінің ізін қалдырады. Адамның санасындағы белгілі бір зат туралы
түсінік басқа бір затпен де ұқсасып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде
екі заттың не сапасында, я болмаса атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық
пайда болады. сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі я бірнеше
затты бір атаумен атайтын болған.
Мәселен, судың асты мағынасындағы түп сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай
мағыналары бар: 1.Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі);
2.Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (тамырдың түбін қопардық); 3.Өсіп тұрған
немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық); 4.Түкпірдегі, шеткі (түп
бөлмеде отыр); 5.Адамның шыққан тегі, арғы заты (мен сол керей ішінде
сіңген Аз атаның баласы едім, түбім Қызай); 6.Бір нәрсенің жаны, қасы
(Мәскеу түбінде фашистер талқан болды).
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи
практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды, қосымша мағыналары тілдік
фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады.
Өмірдегі танылған әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашқыда
бір сөз бір мағына я құбылысты білдіру үшін жұмсалған болса, кейіннен ол
әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Бұған біріншіден, адам баласының
өмір заңдылығын терең тануы, білуі, сезінуі әсер еткен болса, екіншіден,
оның мағына жағынан қорланып дамуына, оның алғашқы тура мағынасы негіз
болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардың көру мүшесін көз деп атаймыз.
Сонымен қатар, иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, күннің көзі,
бұлақтың көзі деп те қолданамыз.
І. Қазақ тіліндегі омонимдер
1.1.Омонимдердің жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының бірнеше амал-тәсілдерін
Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фрзеологиясы атты еңбегінде мынадай топтарға жіктеп көрсетеді:
1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы
арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл.
Мағыналарының бір-бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан,
омонимнің мұндай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер
дейміз. Мысалы,
Жал 1.Жан-жануардың желкесіне шыққан қыл. 2.Ұзыннан-ұзақ созылып жатқан
белес, қырқа.
Көк 1.Көгерген түс. 2.Аспан, әуе. 3.Көгеріп шыққан өсімдік.
Жылы 1.Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қам жылым. 2.Жылы қалыпқа келу,
жылыну.
Ық 1.Жауын-шашынның өтінен қаға беріс жер, ықтасын. 2.Жауын-шашынға қарсы
беттемеу, соның ағынымен жүру.
Құндақ 1.Жаңа туған жас балаға арналған төсек-жабдық. 2.Мылтықтың ұңғысын
орнататын іші қуысталған арнаулы ағаш. Көз көрмей көздегенмен не ғып тисін?
Болғанмен қыран мылтық, түзу құндақ.
Сөздің осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы
тілдегі сөз тудырудың бір тәсіліне жатады.
2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан
бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер. Тілдегі сөздер мен оның
грамматикалық құрылысының ертедегі қалпы мен қазіргі күйі нақ бірдей болған
деуге келмейді. Дәл бүгінге дейін олар не қилы даму процестерін бастан
кешірген. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең
йуелгі дыбыстық тұлғасын жаңартып, басқадай сөздермен дыбысталуы жағынан
үйлесіп келгенде, омонимге айналған.
Тілдің даму барысында осындай өзгерістерге ұшыраған әрбір омоним сыңарларын
айқындай отырып, солардың өзгеруіндегі заңдылықтардың сырын ашу қажет.
Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталу қалпы егер
болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының
сусып түсіп қалу салдарынан, егер сөзі ер формасында ауысқан. Осылайша
сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғымында
жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып, омоним жасалғандығы
белгілі. Сол сияқты бала табу деген мағынадағы ту етістігінің көне
тұлғасы тоғ, доғ болған, матадан істелген байрақ, жалау мағынасындағы ту
зат есімнің көне тұлғасы тұқ, тұғ екендігі, ал тумаған, төлдемеген,
балаламаған деген ұғымдағы ту сын есімнің көне тұлғасы түн, тұл –
болғандығы зерттеушілер сөз етіп жүр. Сонда бір замандағы дыбысталуы үш
түрлі сөз өзгере, дами келе, кейінгі уақытта біркелкі дыбысталып, омонимге
айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен қабат туу деген одағайда ту болып
қысқарған. Ту баста, ту сонадан дегендегі ту сөзі де омонимдік қатарға
қосылып тұр.
Қазақ тіліндегі ас, қыс, бас, құс деген зат есім мағынасындағы сөздер өзге
туыстас түрік тілдерінің көпшілігінде аш, қыш, баш, құш болып айтылады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, түрік тілдеріндегі тіл алды ш дыбысына аяқталған
сөздердің варианты бұрын шыққан да, тіс дауыссызы с дыбысына аяқталған
сөздердің варианты конвергенсия құбылысының нәтижесінде кейін пайда болған.
Қазақ тілінде ш дыбысының с дыбысына айналуы бірқыдыру жаңа омонимдік
қатардың тууына негіз болғандығын көреміз. Мәселен, жоғарыдағы ас, қыс,
бас, құс деген заттық ұғымдағы сөздер өздеріне ұқсас, дыбысталуы бірдей
етістік сөздермен әрдайым омоним болып жұмсалады. Қазақ тілінде екі адам
бір есімге ортақ болып келсе, екеуі адас болады. Адас деген сөз аттас деген
сөздің конвергенсиялық өзгеріске ұшырауынан пайда болғандығы сөзсіз. Бұл
сөз Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас (мақал) дегедегі адас
деген етістікпен омонимдік топ құрап тұр. Демек, фонетикалық өзгерістің
негізінде жасалған омонимдер тілімізде аз емес екендігі аңғарылады.
3. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Түбір сөзге әр түрлі
қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер
делінеді. Туынды омонимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай. Бұлар мына сияқты
өнімді жұрнақтар арқылы келіп шыққан: а) Омонимдер -ма, -ме, -па, -пе, -ба,
-бе жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы, Айналма 1.Көшенің бұрылатын жері,
бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыға келді. Көңілі тасығандай алып-ұшып
(И.Байзақов). 2.Мал ауруы, делбе. Айналмамен ауырған малдың басын итке
тастамай, жағып жіберу керек (Ә.Әбішев).
Баспа 1.Газет-журнал, кітап басып шығаратын орын, мекеме. Республикада
баспасөз бен баспа ісін жақсартуға бағытталған едәуір жұмыс істелді
(Социалистік Қазақстан). 2.Тамақ ауруы. Тамағы баспа болып ауырған адам
суық тамақ ішпеуі керек (ауызекі тіл).
ә) Омонимдер –ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалған. Атыс 1.Ұрыс, соғыс.
Би-болыс арыздасып, безді мөрден, баспашы атаман атыста өлген
(Д.Еркінбеков). 2.Жанжал салып, төбелесу, қырқысу, соғысу. Он сан ноғай
бүлгенде, Орманбет хан өлгенде, Қырық жылдай атысқан, Қызыл қанға батысқан
(Жамбыл).
Тігіс 1.Жіппен тігілген, жіп жүргізген жер. Етіктің тігісін сыртына
қаратып, былғарыдан тікті. 2.Тігуге қатысу, араласу. Көрші ауылдың қыз-
келіншектері келіп, үй тігісті (ауызекі тіл).
б) Омонимдер –ық, -ік, -қ, -к жұрнақтары арқылы жасалған. Қорық 1.Мал
жайылатын шөбі мол жер. Қорыққа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ
(С.Бегалин). 2.Үрейлену, зәресі ұшу. Су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа,
Бақалар қорқып, тарбақтап, Қашып шықты әр жаққа (Абай).
Ашық 1.Аузы жабылмаған, төбесі жоқ. Қабылдау залының төбесі ашық
(М.әуезов). 2.Қарны ашу, тамақтан тарығу. Алыңдар, күні бойы егісті аралап,
ашығып қалдыңдар ғой! (С.Бақберген).
Желік 1.Көңіл көтерушілік, есірушілік. Көңілге желік кіргеннен кейін
мен Ғаббасқа тіпті соқтығымпаз болып кеттім (С.Мұқанов). 2.Дене бөрітіп
шыққан ұсақ-ұсақ бөріткен. Денеме желік шығып, түнімен қышып, ұйықтатпайды
(ауызекі тіл).
4. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен
дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер.
Қазақ тілінде араб, парсы және орыс тілдерінен ауысып келген қыруар
кірме сөздер бар. Солардың кейбіреулері өздерінің түпнұсқадағы дыбысталу
қалпын өзгертіп, ана тіліміздегі бұрыннан келе жатқан қайсыбір сөздермен
дыбысталу жағынан бірдейлесіп, омонимдер жасалған:
а) Араб және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: Арабтың күш-жігер
мағынасындағы қайрат (ғайрад) сөзі қазақ тіліндегі қайрат етістігімен түр-
тұлғасы бірдей келу нәтижесінде омоним жасалған. Қырықтың бірі Қыдыр
дегендегі Қыдыр (Қызыр) – араб сөзі. Бұл сөз қазақтың ел қыдыру дегендегі
қыдыр етістігі мен дыбысталуы бірдей келу салдарынан омоним пайда болған.
Меккеге барып, пірге қол тапсырып келген адамдарды қажы дейміз. Қажы –
арабтың хажи деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз Қар тепкенге қажымас,
қайран жылқы (Абай) дегендегі қажы етістігі мен түр-тұрпаты бірдейлесіп,
омнимге айналған.
ә) Парсы және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: Біреуге деп көр
қазба, өзің түссің (мақал) дегендегі көр парсының гөр деген сөзінің
өзгерген түрі. Бұл сөз Қалқамның нұсқасын, көр көзім, бір кенел (Абай)
дегендегі көр етістігі мен дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Сол
сияқты парсының әуен, ырғақ мағынасындағы саз деген сөзі қазақ тіліне
енген. Әнге кейде сазбен, кейде сөзбен қосылып отыр ел (Ә.Сәрсенбаев). Бұл
сөз қазақтың батпақ, лай, балшық мағынасындағы саз деген сөзбен тұлғалас
келіп, омоним жасаған. Сондай-ақ, мекен, орын мағынасындағы жай сөзі парсы
тіліндегі джай деген сөзден алынған. Ұлықтар жататын жай үш үйден құралған
(М.Әуезов). бұл сөз қонақтарға дастархан жайды, қол жайды дегендегі жай
етістігі мен дыбысталу жағынан омонимге айналып кеткен.
б) Орыс және қазақ сөздерінен жасалынған омонимдер. Мысалы: Өгіздің мойнына
салатын мойынтұрық, мойын ағаш деген мағынадағы жарма орыстың ярмо деген
сөзінің өзгерген түрі. Шу-шумен жармадағы өгіздерін алдырды. Анда-санда
өгіз демін (Д.Әбілов). Бұл сөз қазақтың жармалаған бидай, арпа дегендегі
жарма сөзімен дыбысталу жағынан бірдей келіп, омоним жасалған. Сол сияқты
ат айдаушы, атшы деген мағынадағы көшір сөзі орыстың кучер деген сөзінен
алынған. Сенсең тондарына оранып, шана ішінде қалғып отырған бірен-саран
көшірлер де байқалады (М. Әуезов). Бұл сөз Орыс шаруаларын Қазақстан жеріне
көшіре бастады (С. Көбеев). Дегендегі көшір етістігімен тұлғалас келіп,
омонимге айналып кеткен. Сондай-ақ, орыстың волость деген сөзі қазақ
тілінде болыс болып өзгерген. Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға. (Абай). Бұл сөз Ерден апасына
болысып, үйдің керегесін жайысты (С. Бегалин) дегендегі болыс етістігімен
дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Су ағызатын жыраны орыстар арык
дейді. Бұл сөз қазақ тілінде арық болып, к дыбысы қ дыбысына айналып
өзгерген. Колхозшылар суды Шу өзенінен тартқан арықтан ішеді (С. Мұқанов).
Сол өзгерістің нәтижесінде Арық атқа қамшы жау (мақал) дегендегі арық деген
сын есімнен бұл екеуі омонимдік топ құрған.
Тілде екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омонимдер де кездеседі.
Мәселен, кемеңгер, данышпан мағынасындағы дана сөзі мен орысша экземпляр
деген ұғымдағы дана екеуі де парсы тілінен ауысқан. Бау-бақша өсіретін бақ
пен бақыт ұғымындағы бақ деген сөздер араб тілінен келген. Орыс тілінен
ауысқан салтанатты ойын-сауық ұғымындағы бал мен арабтан енген бал (бал ашу
дегендегі) бір-біріне омоним болып тұр.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі омонимдер сөздің мағыналық дамуы арқылы, сонымен
қатар кірме сөздердің қазақтың төл сөздерімен үндесіп жақындасуы
нәтижесінде жасала беретіндігін көрдік. Қазақ тіліндегі омонимдер
мағыналары мен формаларына қарай: лексикалық омонимдер, лексика-
грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер болып үшке жіктеледі.
Лексикалық омонимдер тобындағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болады
да, барлық жағдайда бірыңғай тұлғаға ие болыр тұрады. Мысалы:
Кеден 1. Зат есім. Шет елге апара жатқан немесе шетелден әкеле жатқан
тауарларды тексеретеін орын.
Кеден 2. Зат есім. Ұрыс-керіс, қақтығыс, қияындық. Кеден-кеден болды,
кедергі неден болды (мақал).
Бауыр 1. Зат есім. Адамзат, жан-жануардың ас қорыту, қан тарату қызметін
атқаратын ішкі мүшесі.
Бауыр 2. Зат есім. Бірге туған қандас, ағайындас адамдар.
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев та мынадай негізгі жолдарды ұсынған:
Лексикамыздағы сөздердің мағыналық дамуы нәтижесінде омонимдер жасалады.
Мұны лексикалық тәсіл дейді. Мысалы, бақыр сөзін алып көрелік. Мұның екі
түрлі мағынасы бар: бірі ақша, келесі бірі шелек.
Апар да мыс бақырды алдына сал.
Қу тамызық тез жаңқаланып, қи жағылды да... бақыр да асылды.
Әр түрлі дыбыстардың сыртқы дыбысталуы . Мұндай әдісті морфологиялық әдіс
деп қарастырады. Мысалы, қыстау деген сөзді алайық. Бірінші мағынасында
қыс, екінші мағынасында қысу, адамды қыспаққа алу дегенді ұғындырады.
Етістіктен есім жасайтын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы
есімдер етістіктің болымсыз түрімен омоним сияқты болып келеді.
Көрме (етістіктің болымсыз түрі),көрме (зат есім);
Алма (жемістің атауы), алма (етістік);
Мағынасы, жасалу жолы басқа кейбір сөздерге бірқатар сөздер сыртқы
дыбыстарының өзгеруі, алмасуы арқылы ұқсас болып келеді. Бұл тәсілдің
фонетикалық түрін жатады. Мысалы, Жар- биік құз, қабақ деген ұғымды
білдіретін сөз болса, жар- жолдас, жұбай мағынасында келеді.
Омонимдердің жасалуы жөнінде К.Ахановтың жүйелеуі мынадай болып келеді:
Омонимдер қалай пайда болған деген сұрақ туады. Олардың пайда болуының
бірнеше жолы бар.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі арқылы пайда
болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының арасындағы
семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа екі сөз –
омонимдес сөздер жасалуы мүмкін. Көп мағыналы сөздердің мағыналарының
арасындағы семантикалық байланыстың жойылуы нәтижесінде әр басқа сөздердің
(омонимдес сөздердің) жасалу тәсілі сөз тудырудың лексика-семантикалық
тәсілі деп аталады. Мысалы, Жабағы 1.Алты айдан асып, бір жылға толмсаған
құлын (мысалы, Мынау бір көп сауылған биенің жабағысы еді. Ғ.Мүсірепов),
жабағы 2.Қыстан қалған ескі жүн (Мысалы, Жабағыға тырнағы шықпастай болып
ілінді. (Абай). Осы мысалдардағы жабағы деген екі сөздің шығу тегі бір.
Екеуі де бір сөздің мағыналық жақтан дамып, ол мағыналардың бір-бірінен
алшақтауы нәтижесінде жасалған.
2) Тіл-тілдегі бірспыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық
өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келеуі нәтижесінде пайда
болған.
Фонетикалық өзгерістің нәтижесінде пайда болған омонимдер айқындау үшін,
сол омонимдік қатардың құрамындағы жеке сыңарлардың (сөздердің) ертерек
кездегі дыбысталу түрі қандай болғанын, тілдің даму барысында оның
дыбысталу жағынан қалай өзгергендігін, өзгеріске түсуге қандай заңдылықтар
себеп болғанын ашып айқындау қажет.
3) Омонимдер сөздердің түбіріне (немесе негізіне) момнимдес аффикстердің
жалғануы арқылы жасалады. Түбір сөздерден жасалған омонимдер түбір
омонимдер деп аталса, түбірге (немесе негізге) омонимдес аффикстердің
жалғануынан жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталды. Қазақ тілінде
омонимдер тудыратын аффикстер мыналар:
а) есімдердің –с (-ыс, -іс) аффиксі мен етістіктердің (ортақ етістің) –с (-
ыс, -іс) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбір сөзге
жалғануынан омонимдес, туынды екі сөз – зат есім мен етістік (ортақ етіс)
жасалады. Мысалы: Айтыс 1 (зат есім). Садақ бен баланың айтысы дейтін
арқаға мәлім айтыс (М.Әуезов), айтыс 2 (етістік). Біздің Садекеңмен айтысар
шамамыз қайсы. Әншейін бір жалғыз ауыз сөздің тұсында болымсыз тосқауыл
айтқаным ғой. Айтысты, жеңді дейтін сөз емес (М.Әуезов).
Аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған туынды омонимдер әр
басқа сөз табына (есім мен етістікке) қатысты болып, сөздіктерде олар басқа
да омонимдес сөздер тәрізді, әр басқа лексикалық единицалар (сөздер)
ретінде талданады. Ортақ етістің жұрнағының (-с, -ыс, -іс) жалғауынан
жасалған етістікте ортақ етіс мағынасының болуы әрқашан шарт емес. Мысалы,
-іс жұрнағының кір деген түбір етістікке жалғануынан жасалған кіріс
(жұмысқа кіріс) деген туынды етістік ортақ етіс мағынасын білдірмей-ақ,
аталған түбір етістікке (кір) зат есімнің –іс жұрнағының жалғануынан
жасалған кіріс деген туынды зат есіммен омонимдес бола алады.
ә) есімдердің –қ, (-к, -ық, -к) аффиксі мен етістіктердің –қ, (-к, -ық, -к)
аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбірге жалғануынан әр басқа
екі сөз (есім және етістік), яғгни туынды омонимдер жасалады. Мысалы; қыз
деген түбір етістікке аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан әрі сын
есім сөз (мыс., Адам пішіні бұған бір тамаша, өзгеше, қызық сурет
тәрізденетін. М.Әуезов), әрі етістік сөз (мыс., Осы жайында өзі таңырқай
түсіп, қызығып та қарайды. М.Әуезов) жасалған.
4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан
сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Мұндайда, әдетте, кірсе сөз дыбыстық
өзгерістерге ұшырап, қабылдаушы тілдегі төл сөзбен дыбысталуы жағынан
бірдей келеді. Мысалы, орыс тілінен енген гиря деген сөз қазақша айтылуында
кір болып өзгеріп, лас деген мағынаны білдіретін кір деген төл сөзбен бір
омонимдік қатар құрайды. Орыс тілінің волость деген сөзі қазақша болыс
болып өзгеріп, көмектес деген мағынадағы болыс деген сөзбен дыбысталуы
жағынан сәйкес келсе, ат айдаушы деген мағынадағы кучер деген сөзі көшір
түрінде айтылып, 1. бір жерден екінші жерге ауыстыру, 2.Жазылғанды
қайталап жазу деген мағынадағы көшір деген төл сөзбен дыбысталуы жағынан
сәйкес келіп, омонимдер жасалған.
1.2 Омонимдік құбылыстарға сипаттама.
Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстар. Солардың
бірі – омофондар (грекше homos - бідей, phone - дыбыс, дауыс). Омофон
дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Егер омонимдер
айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер болып кеблсе,
ал омофондар тек айтылуы бірдей болғанмен, шын мәнінде омоним емес сөздер,
сондықтан олар жазуда әр түрлі таңбаланады. Тіл білімінде омофондардың шын
мәнінде омонимдер еместігі ескеріліп, олар кейде жалған омонимдер, кейде
сөздердің айтылуындағы ұқсастығына қарап фонетикалық омонимдер деп аталады.
Мысалы: көнбе және көмбе сөздерінің омофондық сипатына тоқталық. Біреудің
ыңғайына көшпеу мәніндегі болымсыз етістік көнбе сөзінің түбіріндегі н
дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі нәтижесінде
көнбе сөзі көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол меже, мәре мәніндегі көнбе
сөзіне айтылуы жағынан ұқсап, омофон болып тұр. Сол сияқты болады сөзі ауыз
екі тілде болат болып, тұзшы, асшы сөздері ащы, тұщы болып айтылып, болат
(қатты асыл металл), дәмді білдіретін ащы, тұщы сөздерімен омофон жасап
тұр.
Омофондар тек жеке сөздердің айтылуындағы ұқсастықтан басқа жеке сөздер мен
сөз тіркестерінің айтылуындағы ұқсастықтан да туады. Мысалы:
Ол үлкен театрда отырғандай,
Үнінен найзағайдың оты ұрғандай (Х. Ерғалиев)
Жайлаған күйге жомарт, сараң жақты,
Кім білмес Адай, Серпер, Сарынжапты.
Алты хат Арабстан ферузасын
Айқара осынау бір сарын жапты (сонікі)
Науқас жан айтты мұны ентігіп-ақ,
Ойда жоқ ендігі сор, ендігі бақ (сонікі)
Омонимге ұқсас құбылыстардың еді бір түрі – омографтар (гр. Homos – бірдей,
qrapho – жазу). Омограф дегеніміз жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей
емес сөздер. Олардың айтылуындағы айырмашылық негізінде екпінге
байланысты. Мысалы: зат есім алма мен болымсыз етістік алма-ның жазылуы
бірдей болғанмен, алғашқысын айтқанда екпін екінші буынға түсіп, олардың
айтылуы бірдей болмай тұр. Ср. зат есімдер салма, көрме, көрші сөздері мен
етістіктер салма, көрме, көрші сөздерінің арақатынасы да осындай.
Омонимдер және оларға ұқсас омофондар, омографтар белгілі бір контексте,
әсіресе өлең сөздерде ой ойнақтылығын туғызады. Ақын – жазушылар оларды
әзіл-қалжың, каламбур жасауға пайдаланады. Мысалы: текстердегі асты
сызылған омонимдік қатарды салыстырамыз.
Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз. (Бұхар жырау).
Менің атым қой,
Қойшыңды таңдап қой,
Қойшыңды таңдап қоймасаң,
Қой жинауыңды қой (ауыз әдебиетінен).
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым (С.Торайғыров).
Дәмді аспен қарным тойса деген арман,
Мұшам жоқ ой ойлауға онан арман (сонікі)
Бірақ Құрымбай тұқымынан болыстық кетпей, елге бостандық бола қояр ма екен.
Соған қарағанда, осылардың хурияты (арабша азат, бостандық, еркіндік)
құр ұят бола ма деп қорқам (С.Мұқанов).
Тіл-тілдің лексикасында дыбысталу бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер бар.
Мысал, Біз 1. Мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі (Мысалы, Той
тойласақ, біз тойласақ, біз тойлайық аясында алтын таңның); Біз 2. Бір
нәрсені тесіп, жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жасалған үшкір құрал
(Мысалы, Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас (Абай)).
Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп
аталады.
II тарау. Омонимдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz