Сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының ерекшелігі



Кіріспе

І. Негізгі бөлім

І . Сынып жетекшінің ата. аналармен жұмысы

1.1. Сынып жетекші және оның қызметі
1.2. Сынып жетекшіге қойылатын талаптар
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау
1.4. Сынып жетекшінің ата. аналармен жұмыс мазмұны
1.5. Сынып жетекшінің ата. аналармен жұмыс формасы

ІІ. Практикалық бөлім

2.1.
2.2. Әдістемелік нұсқау

ІІІ. Зерттеу жұмыстары

3.1. Сынып жееткшінің ата. аналармен жұмысын анықтау үшін сауалнама алу.
3.2. Оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алу.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім — оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды.
1. Болдырев Н. И. Класс жетекшісі. – А.: Мектеп, 1980.
2. Ақназаров Б. Класс жетекшісі. – А.: Мектеп, 1973.
3. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. /Редакциясын бсқарған И. С. Маренько. Аударған З. Бейсенбаев/. –А.: Мектеп, 1978.
4. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы. – А.: ҚазССР оқу министрлігінің мектептер басқармасы, 1957.
5. Мектептегі тәрбие жұмысы. /Документтер жинағы. В. М. Коротов/. - А.: Мектеп , 1978.
6. Ілясова А. Н. Класс жетекшінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. – А., 1991.
7. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. – А., 1983.
8. Ушинский К. Д. “Адам - тәрбие нысанасы”. Таңдамалы шығармалар.(Орыс тілінде, 8т. 283 - бет).
9. Қожахметова К. Ж. Сынып жетекшісі. – А.,2000.
10. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы.”Қазақстан мектебі”, №10, 1988. 29 – 30 беттер.
11. Егамбердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау.Методикалық ұсыныстар. – А.: Мектеп, 1975.
12. 1977Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. /Құрастырған: Киркалов В. П., Шпитальник П. Э../. – А.: Мектеп,1998.
13. Нұрмағанбетов С. Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. – А.: Мектеп, 1969.
14. Саңғысбаев Н. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. – А.: Мектеп, 1972.
15. Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершілігі. – А., 1977.
16. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – А., 1990.
17. Макаренко А.С. Ата – аналар кітабы. – А., 1985.
18. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – А., 1978.
19. Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника. – М., 1982.
20. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. – М., 1993.
21. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – А., 1976.
22. Омарғазина Б. Өнер тәрбиелейді. – А., 1988.
23. Назаров И. Ф. Уметь быть с детми. – А., 1976.
24. Көпбаев О. Жастар және провалық тәрбие. – А., 1988

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

І. Негізгі бөлім

І . Сынып жетекшінің ата- аналармен жұмысы

1.1. Сынып жетекші және оның қызметі
1.2. Сынып жетекшіге қойылатын талаптар
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау
1.4. Сынып жетекшінің ата- аналармен жұмыс мазмұны
1.5. Сынып жетекшінің ата- аналармен жұмыс формасы

ІІ. Практикалық бөлім

2.1.
2.2. Әдістемелік нұсқау

ІІІ. Зерттеу жұмыстары

3.1. Сынып жееткшінің ата- аналармен жұмысын анықтау үшін сауалнама алу.
3.2. Оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алу.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс
істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата – аналармен бірге жалпы
күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты
беруі мүмкін, — дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік
ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда
педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне
қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай
көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай
мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы
сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін
оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті
басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық
әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім — оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа
демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты
реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің
маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен
университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс
орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мектеп оқушыларының
бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға
, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі , мектеп оқушыларының тәрбие ісін
бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі. Бірақ, соңғы
уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі
қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр.Алайда сынып жетекшісінің оқу –
тәрбие жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының
ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан
көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол
мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет
атқарады. Сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл
күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын
орнықтыру
Курстық жұмыстың міндеті. Курстық жұмыс міндеті негізінен, сынып
жетекшісінің ата- аналармен жұмысын қамтиды.
Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның
мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа
ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес
беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық
нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске
ұйымдастыру.
Нәтижесі. Сынып жетекшісінің басты назарында - оқушы – Адам, оқушы – тұлға
, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту міндеттері.Тәрбие
ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса , ол жұмыстың
нәтижелі болуы сөзсіз.
Тәрбие ісінің негізгі мақсатын , міндеттерін маңызын біліп, түсіну,
өзекті мәселелерін көре білу.Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік
міндеттерді анықтауы.

І ТАРАУ. Сынып жетекшіның ата- аналармен жұмысы
1.1.Сынып жетекші және оның қызметі.

Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы
ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да
ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі
бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал
басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде
қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын
болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең
негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары
қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының
демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған
сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне
жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде
нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға
тырысады.[1]
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра
отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін,
оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын
біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп
оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша
ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние
танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген
сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды
дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік
шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда
тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие
міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты
қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол
жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі
әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және
олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,
оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға
ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің
және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын
үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың
бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз
қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,
отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын
жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың
бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып
жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.
Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа
балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа
кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген
оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта
қарастыруға болады.
Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға
барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай
тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге
араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге
бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен
тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық
мәдениетін қалыптастыру.[2]
Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды
талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да
белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,
еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым –
қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық
(целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать),
бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға
болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру
үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын
анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және
жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы
келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері
мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің
педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни
зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын
қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл
процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу
дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару
міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық
қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу –
тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды
буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген
тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді
көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны
жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет
әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған.Сол секілді
В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда
ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка –
балгерлікке айналар еді’’ – дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін
алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны
болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие
процесінің өзі де болмаған болар еді. [3]
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау
жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға
мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың
нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда
балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету
енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие
процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән
мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық
әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым
ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы
жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда, көптеген
мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері
әсерін тигізуде.

1.2. Сынып жетекшіге қойылатын талаптар

Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде
қосымша өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық жоғары
талаптар қойылады. Сол талаптарды орындаған сынып жетекшісі ғана тәрбие
сапасын арттыра алады.
- Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшілерінің
педагогикалық теорияның терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты
тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін айқын ажыратып, тәрбие қызметінің
міндеттерін, мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда
педагогикалық принциптілікті басшылыққа алулары қажет.
- Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның
моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек.
Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы
қажет. [5]
- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол
бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау).
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру).
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы
педагогикалық талаптардан туындайды. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі
кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен
танысу; білім және ғылым министірлігінің оқу - әдістемелік жұрналдарымен
танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті
мәселесіне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерді оқу.
Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер
ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін
ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның
стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: Мақсат: “Мәдениет құндылықтарын
меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру”.
Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық – танымдық (интелектуалдық) әрекеттерін
ұйымдастыру.
2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым – қатынас жасауға
ынталандыру.
4.Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос
уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай
әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және
пән
үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен
танысу, алдағы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып,
пән мұғалімдері және ата – аналармен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп,
тану.
Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау,
солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
Жоспарлау.Оқушыларды немесе олаодың белсенділерін жоспарлауға, оны
талқылауға тарту.Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және
бекіту.[6]
Мектептің сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша
әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында
жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы
мүмкін.

1.3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің тәрбие
жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның
орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің
тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің
жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген
комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі
түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-
идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру
қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін,
қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі
көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал
бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте
көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн.
Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары
да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие
жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында
сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі
жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты
жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді
директор оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс
тарбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң
онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру
үшін сынып активін тартады.[9]
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді
құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол
бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-
әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие
берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз
ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық
жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды
жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек.
Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз
ету керек.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің
әртүрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі
формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты
етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары
мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды
қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлер, саяси
хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін
қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың
жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді.
Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда
көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып
жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін
баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында
күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші
тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі
жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды
тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті
қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің
мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып
жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді
белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-
аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.[10]
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің
жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ
беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің
жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы.
Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір
талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол
шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар
болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше
құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары
бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп
жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай
жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі
мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы
керек. [11]
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары
әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне
тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің
педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді).
Тәрбие жоспарының үлгісі

АйыКешенді бағдарламаның Іс-шара тақырыбы Өткізу Уа-қы-
бағыты әдіс-тәсілі ты
ҚырІ бағыт. Рәміздерім – мақтанышым Аралас сабақ
күйАзаматтық-патриоттық,
ек құқықтық және
полимәдениеттік тәрбие
Тіл – ұлттың тірегі Әдеби-музыка
лық кеш
Құқық – әділет пен парасат Білім сайысы
жолы
ІІ. Бағыт. Білім көзі – кітапта Ойбөлісу
Рухани-адамгершілік
тәрбиесі
Қаз Кең болсаң – кем болмайсың Өнеге сағаты
ан
Батаменен ел көгерер Жарыс сабақ
ІІІ бағыт. Отбасы тәрбиесіҰрпақ тәрбиесі – ұлт Пікірталас
болашағы
Алдымен сүй, ардақта Өнеге сағаты
ата-анаңды
Бақытыңды балаңнан ізде
Қар Бәрі де, ана, бір өзіңнен Сахналық
аша басталады қойылым
ІҮ бағыт. Өзін-өзі тану Тылсымдүниеғажаптары Конференция
мен өзін-өзі дамыту
қажеттілігін қалыптастыру
Уақыт – мезгілпернесі Ойбөлісу
Жұлдызым менің жоғары Ойтолғау
Айналамдағылар менің қандай
қасиетімді бағалайды?
ЖелІХ бағыт. Дене тәрбиесі Дұрыс тамақтану – Ауызша
тоқжәне салауатты өмір салтынденсаулықтың басты кепілі журнал
санқалыптастыру
Жеке бас гигиенасы туралы Сауалнама
не білеміз?
Дені сау ұрпақ – жарқын Дөңгелек
болашақ үстел
Ү бағыт. Коммуникативті Қарым – қатынас мәдениеті Пікір алмасу
мәдениетті қалыптастыру дегеніміз не?
Қаң Адами қарым-қатынастар Тәрбие
тар ізгіліктері сағаты
Сыныбыңдағы оқушылармен Сауалнама
қарым-қатынасың қандай?
ҮІ бағыт. Экологиялық Жер тағдыры – ел тағдыры Шығарма
тәрбие
Мен табиғатты сүйемін Сурет
көрмесі
Ақп Жасыл желек жайқалып... Ой бөлісу
ан
ҮІІ бағыт. Эстетикалық Пайдалы кеңес Ойбөлісу
тәрбие
Дәстүрді дәріптейік Өнеге сағаты
Қыз қандай болу керек? Пікір алмасу
НауҮІІІ. Бағыт. Әлеуметтік Үлкенге құрмет, кішіге ізетТәрбие
рызмәнді және жеке сағаты
қасиеттерін қалыптастыру
Көмектесе білейік! Сайыс
Сыйласаң сыйлы боласың Дөңгелек
үстел
ХІІ бағыт. Интеллектуалды Тапқыр достар Топтық жұмыс
мәдениетті дамыту
Сәу Білім биржасы Жарыс сабақ
ір
Көне кебеже Білім сайысы
Х бағыт. Кәсіби Мәңгі лаулап жану үшін Кездесу кеші
шығармашылық тәрбие ғаламда, Үлкен арман керек
екен адамға
Ақын болу ғажайып Ойталқы
Мам Мен сүйетін мамандық Ойтолғау
ыр
ХІ бағыт. Еңбек және Еңбек бәрін де жеңбек Тәрбие
экономикалық тәрбие сағаты
Кәсіпкерлік және бизнес Дөңгелек
үстел
Ақша қайдан шығады? Өз бетінше
жұмыс

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір
ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша
сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша
талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін
анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының
нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру:(формасы – сынып сағаты),тақырыптық әңгімелер,
саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ –
жауап, кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН),еңбекке
қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық
шаралар жатады.
2.Бұл бағытта сыныпқа қстысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру
формасы – сынып жиналысы).Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық
пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру
жұмыстары көрсетіледі.Оқушылардың өзін - өзі басқару басқару ұйымдарына
қатысты сынып жиналысының тақырыбын , олардың күн тәртібін белгілейді,
сонымен қатар, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының
тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл – кеңес беру т.с.с.
олрға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің
жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу – тәрбие
жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері
анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі.Мектеп жоспары бойынша
сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата – аналарымен байланыс
орнату, ата – аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата –
аналар комитетінің жоспарынан: ата – аналар жиналыстарының тақырыбын,
мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете
отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар
белгіленеді.
5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ
үлгнріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың
түрлері кіреді. [15]

1.4. сынып жетекшінің ата- аналармен жұмыс мазмұны

Сынып жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері. В. А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің
маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш –
жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі
мүмкін ” , - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның
тұтастай негізгі ықпал ету фактроларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық
әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан,
ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің
құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың
көзқарастары,олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары
мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас,
сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп
демократиялық бағытты ұстануда.Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш –
мұғалім – оқушы – ата–анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым
– қатынысқа ие болуда.Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын
әкімшілік – командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің
маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен
университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс
орындарымен байланыс, баланың отбасына ьару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс
емес еді.Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен
оқушылар, ата – аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып
отыр.Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата – аналармен ынтымақтастық
қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.Бүгінде бала тәрбиесінде олардың
бір – біріне айтар ақыл – кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым –
қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс,
өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп
ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты.Бұл жағдай оқу –
тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы
мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың
байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең
алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.Ол мектеппен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.Мектептің баланы
тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына
байланысты.Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы
тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн.Сондықтан да сынып
жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата – аналар және
балалардың өзара қарым – қатынасы мен әрекетінде біріке, ынтымақтастыққа
қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күй мен жағдай
жасау.Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол
ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады.Ол үшін өзара сенім
мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету
ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.[17]
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет
етеді.Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол.Оны оқушылардың
ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар
жүргізуге болады.Сол үшін де ата – аналар өз тарапынан мектепке тұрақты
көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты
түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.Ол үшін, отбасыны және оның
отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі
зерттеуді қажет етеді.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі
міндеттері.
1.Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның
мүшелерінің өзара қарым – қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа
ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап,
кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі – бір мінез – құлық
нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын
қамтамасыз ету.Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата –
аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3.Ата – аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды
міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау,
оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау
жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4.Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру.Ол үшін ата – аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын
ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы,
педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда,
семинарларда, ғылыми – практикалық конференцияларда, ата – аналар
жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Ата – аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі. Сынып
жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай
5 қызметті атқарады.
1. Ата – аналарды сыныптағы оқу – тәрбие процесінің мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру.Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші
отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық
көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің
әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады.Ата –
аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Осындай отырысқа
сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де
шақыру мүмкіншілігі қарастырылады.Мұғалімдер өздері жүргізетінпәндердің
ерекшеліктері,мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын
орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата – аналарды таныстырады.
2. Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын
ұйымдатыру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Ата-аналармен бірлескен жұмыс мазмұны
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Ата-аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстары
Ата - аналармен атқаратын жұмыстарда сынып жетекшісінің қызметі
Пәндер