Тәпсірдің ерекшеліктері


Тақырыбы: Тәпсірдің ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Кіріспе
1. 1. Тәпсір жайлы жалпы түсінік
1. 2. Тәпсірдің ерекшеліктері.
2. Негізгі бөлім
2. 1. Атақты тәпсіршілер
2. 2. Құран Кәрімнің аудармасы және тәпсірі.
3. Қорытынды бөлім
Құран Кәрімді қате тәпсірлеу.
1. 1. Тәпсір жайлы жалпы түсінік.
Тәпсір - Құранды түсінудегі бұлыңғыр жайттарды шешетін қиын сөз турасында немесе түсініктемені қажет ететін қысқаша баяндалған жайттарға қатысты. Тәпсір құдайшылық нұсқауларды толығымен тануға себеп болады. Құран Кәрімде наным-сенім мәселелері, саяси, әлеуметтік және ахлақтық тақырыптар бойынша қамтылған. Сивәти Құранға түсінік беру қажеттілігі жайында былай деп жазды:
Құран аяттарын қысқаша баяндау және оның мән жайын білу мағынасындағы тәпсір Құранға қатысты маңызды исламдық ілімдерге жатады. Сонымен бірге мұсылман ғұламаларың назарын өзіне аударып отырған ең көне ғылыми жұмыстардың бірі болып табылады.
Құран араб сөзінің ең жатық кезінде түсірілді. Құран түсірілген замандағы халық ондағы үкімдер мен оның сыртқы мағынасын ұғатын, бірақ сөзінің астарлы мағынасы олар үшін түсінікті болмайтын. Тек жарықтық пайғамбармен пікірталас өткізіп сұрағаннан кейін оны ұғатын. Осы пікірталас немесе тәпсірдің тарихы Құран түсірілген заманнан басталып, Алла елшісінің пайғамбарлық қызметінің бас кезенен бастау алады. Құранды ерекшеліктері мен халық үшін тәпсірлеп баяндап берген алғашқы кісі Алла елшісінің өзі болды. Ол хазіреттің көзі тірісінде сахабалары мен жора-жолдастары бұл іске килікпейтін. Пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін бір топ сахабалар оның ішінде Ибн Әббас, Әбдолла Ибн Әмро, тағы басқалар осы іспен айналысты. Сол күндері Құран турасындағы пікірталас, аяттардың әдеби сипаты, түсірілуі себебі және азғана дәлелдемеден аспайтұғын. Солардан кейін сахабаларды көзі тірісінде көргендер, басқаша айтқанда Табеғйн, атап айтқанда Мұжаһед, Қетаде, Шуби деген кісілер және қоныс аударудың алғашқы екі ғасырында өмір сүрген тағы басқалар бұл істі сол күйінде жалғастырды. Олар да өздерінен бұрынғы тәпсіршілердің айтқандарына еш нәрсені алып-қосқан жоқ. Тек өз тәпсірлерінде бұрынғылардан көбірек рауаятты пайдаланды. Ең үлкен Құран тәпсіршілері пайғамбардың отбасы мүшелері болады. Олар уәхи мектебінде тәрбиеленіп, содан нәр алғандар. Құран тәпсірінде түрлі әдіс-тәсілдер бар. Солардың бірі-хадистерге иек артып тәпсірлеу. Яғни, аяттың мақсат- мұратын түсінуде имамдардан нақыл етілген рауаяттарға сенім арту. Ендігі бір әдіс - Құранды Құранмен тәпсірлеу, яғни ұқсас аяттарды бір-біріне қатар қойып, ерекше бір саладағы аяттарды қорытындылау аяттың мағынасын мәлім етеді. Кейбір маңызды аяттарға сүйене отырып, Құранды түсінуде өзге аяттардың мақсат - мұратына қол жеткізіледі. Ұлы философ және тәпсірші марқұм Әлламе Табатабай осы топқа кіреді. Оның “Әлмизан” деп аталатын аса бағалы тәпсірі Құранды Құранмен тәпсірлеу әдісімен жазылған. Хадиске сүйенген тәпсірлер арасынан “Бурхан” тәпсірін және “Нұр-Ур-Сәқлийн” тәпсірін атап айтуға болады.
Тәпсірдегі маңызды нәрсе өз ойынша тәпсірлеуден бас тарту болып табылады. Көптеген рауаяттар өз ойынша тәпсірлеуден тиылған және өз пікірінше тәпсірлеушіге тозақ оты уәде етілген.
Өз ойынша тәпсірлеу дегеніміз, адам Құранды өзінің жеке ойы бойынша, қалай қаласа солай тәпсірлеп, түсіндіруді айтады. Мұндай кісі Құранды өзінің жеке ойымен сәйкестендіріп өзінің жеке наным-сенімін Құранға тықпалайды. Яғни Құранның шәкірті болып, оның үндеуіне құлақ асудың орнына, өзі ғана бір мағынаны Құранға таңғысы келеді және Құраннан осындай мағына ұғындыруды қалайды. Әлламе Табатабайдың пікірінше мұндай адам өз ойындағысын және алдын ала төрелік жасауды аяттардың мағынасын ұғуға киліктіреді. Құранның соңына ерімейді. Құранға деген осындай қатынас көрсету науқас жүректер мен таза емес ойлардың тәсілі. Бұл әдіс адасушылыққа соқтырады. Сондықтан харам және оған тыйым салынған.
Тәфсир әл-Құран (немесе ат-тафсир) - Құранды талдау, оған түсініктеме беру. Құранды түсіну мен талдау туралы ғылыммен байланысты туған шығармалар, мұсылмандардың діни доктринасының қалыптасуында аса маңызды рөл атқарды. Олар араб-мұсылман қоғамындағы идеол. және саяси күрестің басты кезеңдеріне айналды. Мұхаммедтің (с. а. у. ) жиырма жылдық Пайғамбарлық қызметінде оның Құран сөздерінен құралған уағыздарының мазмұны сол кездің өзінде-ақ үлкен өзгерістерге ұшырады; бұрынғы айтылып жүрген кейбір аяттар өзгеріп, жаңа мәнге ие болды. Көптеген аяттардың мазмұны жаңа тыңдаушыларға түсініксіз еді. Міне, осының бәрі Мұхаммедтен (с. а. у. ) бұрынғы өзі айтқан «жаңалықтарын» қайта талдауын қажет етті. Мұхаммедтің (с. а. у. ) қай аятты қандай жағдайда талдағанын Пайғамбарлық өз қарсыластарымен таласқа түсу себебін тыңдаушылар естерінде сақтады, ойсыз Құранның көптеген сөздері әркімге түсінікті бола бермейтін еді. Бұл - әртүрлі қалыпта Тәфсир әл-Құранға кірген ең үлкен көне бөлім, мұнда Құранның шығуының шынайы тарихы баяндалған. Пайғамбар дэуірінен бері уақыт аралығы алшақтаған сайын және Исламның мәдени-әлеум. жаңа ортала таралуына байланысты бұл тарихтың маңызы арта түсуде. Алғашқы кезде Тәфсир әл-Құран, негізінен, ауызша қолданылып жүр ді. Мешіттегі жұма намазынан кейін жеке аяттар мен сүрелерге имамдар жиі-жиі түсініктемелер беріп отырды. Жиһангер жыршылар мен уағызшылар базарлардағы, к. көшелеріндегі талдаулары арқылы Құран текстерін кеңейтіп, оларды діни, мәдени ортала туған қосалқы материалдармен байытты. Құранда баяндалған сөздердің ішінде, әсіресе, ғажайыптарға, Пайғамбарларға, көне халықтар туралы айтылған қағидаларға ерекше назар аударылды. Тәфсир әл-Құранның дамуы мүсілімнің шығарылуымен байланысты еді. Мұхаммедтің өмір жолын баяндауының көпшілік бөлімі Құранды талдауға арналған: олардағы аяттар оқиғалы контексте орналасып, [[[Құран] ] терминдері көбінесе өлеңмен берілген. Пайғамбар (с. а. у. ) рұқсат еткен еріктік өлшеммен байланысты аяттар тобы мұсылман заңгерлерінің өз шығармаларында мұқият зерттеліп, олардың талдауларына негіз болды. Арабтардың алғашқы лексикогра. және грамматик. шығармалары да көбінесе Құранды талдау қажеттілігімен байланысты болды. Ілім әл-Құранның қалыптасуы Құранның «оқулар» туралы ілімінің дамуымен тығыз қарым-қатынаста болды. Ол Исламның жалпы догматикалық жүйесі шеңберінде жүрді, онда Құран ең басты «ғажайып», «Құдайға құлшылық етудің ең басты құбылысы, Ислам діни жүйесі артықшылығының ең басты дәлелі, Мұхаммедтің нағыз Пайғамбарлығының көрінісі болып табылады». Алғашында тарауларға бөлінбеген осы жиынтық пәннің ішінде Құранды талдауға арналған арнайы шығармалар бой көрсете бастады. Бұл идеол. тартыс қауымның Құран текстерін сөзбе-сөз қабылдап, талдаушыларға және Құраннан «Жасырын», «құпия» мағынаны іздеушілер болып екіге бөлінуіне себепкер болды. Олардың арасындағы пікірталас Тәфсир - тауил үғымының төңірегінде жүрді. Көптеген пікірлер айтылды. Мукатил Б. Сулеймен (767 ж. ө. ) ибн Аббасқа сілтеме жасап, Тәфсир дегеніміз - ғұламаға белгілі нәрсе, тауилды - бір Аллаһтың өзі ғана біледі деп тұжырымдады. Әл-Матуриди (944 ж. ө. ) Тәфсир әл-Құранды Мұхаммедтің (с. а. у. ) серіктеріне басыбайлы, тауил-факихтерге тән деп санады. Кейінірек ас-Суйути (1505 ж. ө. ) басқа пікірлерді былай жинақтады: Тәфсир әл-Құран Исламның бұрынғы беделділерінің данышпандығының таралуы, тауил - тексті үйренудің жемісі. Басқаша алып қарағанда, мынадай айырмашылықтар бой көрсетті. Тәфсир әл-Құран - бір-ақ жерін түсіндіруді, тауил - бірнеше жерін түсіндіру қажет ететін тұстарын талдау. Құранды талдауды құптамайтын, тіпті тыйым салатын жағдайлар да пайда бола бастады. Бұл қасиетті сөздердің еркін талдануы қаупін алдын алгансып, Құранға түсініктемелер беруге үзілді-кесілді қарсы шыққан бірінші Омар халифаның беделіне сүйенді. Өзінен бұрынғы әріптестерінің көптеген шығармаларын қоса пайдаланған көп томдық түсініктемелердің авторы ат- Табари (838 - 923) біршама келісімпаздық жасады. Ол Құран текстерін үш дәрежеге белді:
1) жұрттың ұғымы жетпейтіндері:
оның шын мағынасы бір Аллаһқа ғана аян.
2) Пайғамбарлық өзінен ғана тараған
дәстүрлі түсіндірулерге сүйеніп қана мағынасын ұғуға болатындары.
3) Лингвистик сипаттаулардың күрделілігі, филологтар
білімдерінің көмектері арқылы шешілетіндері. Аббасшылар билік құрып, соңынан әлишілердің қудалануға түсулері Құранды талдаудың әлилік үлгілерін басып тастауға әкеліп соқты. Оның қайта өрлеуі әлилік саясат жүргізген әл-Мамунның (813-33) билік жүргізген кезеңіне сай келді. Тәфсир әл-Құран- тауил ұғымы айналасындағы пікірталас мутазилашылардың өз қарсыластарымен күресте әсерін тигізді. Мутазилашылар «раңионалистік» тауилге жүгінді, аллегор. талдау арқылы Құранда келтірілген Құдайды адам бейнесінде елестетті. Өздерінің теорияларының дәлелі ретінде Құранды жеке талдауға ұмтылды. Мұндай тәжірибені олардың қарсыластары жөнсіз деп таныды. Әсіресе, Құранды мұсылман дәстүрімен талдауды жақтайтын ханбалиттер бұған бірінші болып қарсылық білдірді. Осы кезеңдегі Тәфсир әл-Құранның «шығарылғандығы» және «шығарылмағандығы» туралы идеол. өткір айтыстың құралына айналып, Халифаттағы үлкен саяси жанжалдың тууына себеп болды. Аз-Замахшаридің (1074 - 1144) шығармалары мутазилашылдық Тәфсирдің ерекше маңыздысы болып саналды. Кейін ол түзетулермен, мүсілімдермен толықтырылды. Соттардың Құранды талдауына қарсы айтыста Тәфсир - тауил категориясы шеңберінде өрбіді. Мұсылман әлемінің діни-саяси тарихының көрінісі Құранды талдаудың кейінгі кезеңдеріне де әсерін тигізді. Мыс., ең соңғы имам Мұхаммед б. әл-Хасанның (873 - 74 ж. ө. ) «жоғалып кетуіне» орай шииттік ортада аяттарды эсхатоло. (ақырзамандық) мазмұнда талдауға арналған біраз шығармалардың туғандығымен байланыстырады. Исмаилшылардың іс-әрекеттері де Құранды талдаулардан өз көрінісін тапты. Ибн Таймийа мен оның жақтастарының Исламға ең бастапқы «тазалығы») қайтару жолындағы күрестері де талдаулардан көрініс тапты. Мыс., ибн Таймийа яһуди-христиандық ортаға тән материалдарды Тәфсир әл-Қ-дан алып тастауды талап етті. Идеолог. жағдайлардың күрделілігі, көптеген діни- саяси қозғалыстар мен бағыттардың қатар өмір сүруі өздерін осылардың бірнешеуіне бірдей ортақпыз деуіне мүмкіндік берді. Кейбір авторлар Тәфсир әл-Құранға әртүрлі көзқарас танытты. Мыс., атақты Т. Фахр әд-Дин ар- Рази (1209 ж. ө. ) мутазилашылар мен захириттерге қарсы бағыт ұстады. Ілім әл - Құран әлеміне кіретін шығармалардың бәрінде бірдей Құранның барша текстеріне, әр сөзден, әр аяттан кейін түсініктемелер берілген жоқ. Мәселен, Китаб ма нузила фи Әли мин әл-Құран деп аталатын шығармалар тобы шиит авторларына жатады. Аяттардың қандай жағдайда айтылуы туралы шығармалар өз алдына бір топ құрады, бұл олардың жазылу мерзімі жайында сұрақтар туғызды. Бұл салала әл-Уахидидің (1075 ж. ө. ), әл-Иракидің (1175 ж. ө. ) және ас- Суйутидің еңбектері ерекшеленді. Бұл еңбектерде мынадай шииттік бағыттар көзделді. Әлидің маңызын контексте Кұранның «Жібергені» деп айту, әрі сунниттік бағыттар: мууафакат деп аталған - бірінші Омардың еңбегін ерекше дәріптейтін шығармалар. Көбінесе ұйқаспен келетін сүрелердің жылнамалық тізімдері ілім-әл- Құранның жеке жанрын құрайды. Құранның жеке сүрелері мен аяттарының «артықшылықтары» мен ізгі қасиеттеріне арналған еңбектер де бар. Құранның жеке әңгімелеріне, ұғымдарына, образдарына да түсініктемелер жасалған: құпия әріптер, Аллаһты баяндаулар, жазалау мен сый тарту, т. б. Тәфсир әл-Құраннан басқа да мұсылман халыктарының тілдерінде жасалды. Құранның аудармасы ұзақ уақыт бойы рұқсат етілмегендіктен, Құран текстерін сөзге айналдырған түсініктемелермен қосарлана берілген Тәфсирдің шындығында, Құранның басқа тілге аудармасы еді, олар араб тілін білмейтін мұсылмандар үшін Құранмен танысу жолында маңызды рөл атқарды. Кейінірек арабтардан сырт жерлерде де Тәфсир әл-Құранның түпнұсқасы шықты. XIX - ХХ-ғасырлар аралығында дамудың ерекше сатысына көтерілген мұсылмандық реформистік экзегетика мұсылмандар қауымымен еуропалық философия және ғыл. ойдың арасындағы қақтығысты бейнеледі. Құранға жасаған түсініктемелерінің көмегімен экзегеттер, бір жағынан, Құранның көмегі арқылы болжау жасалған жаңа ғыл. жетістіктер мен қоғамдық ұсыныстарын уағыздауға тырысып, сол арқылы қасиетті кітап беделінің артуына жол ашуды ойласа, екінші жағынан, мұсылман оқырмандарының қалың көпшілігіне қазіргі ғыл. ұғымдарды енгізді. Жаңа экзегеттер өздерінің талдауларында классикалық түсініктемелерге сүйенді. Атақты ар-Рази дәуірдің жаратылыстану ғылымдарының мазмұндарынан табиғи түрде бірлестік тапты. Амин әл-Хули (1965 ж. ө. ), әл-Ғазали беделін үлгі етіп, оның шығармаларынан «ғылыми түсініктемелердің» болашақ үлгісін табуға болады деп тұжырымдады. [[Әл- Қауакиби] ] (1849 - 1903), Тантауи Жаухари (1862 - 1940) және сол сияқтылардың Т-лерінен көп салалы материалдарды кездестіруге болады: отаршылдық немесе материалистікке қарсы пікірталастан бастап, клеткалар мен Күн жүйесі құрылысты ң ғыл. сипаттамасына дейін бар. Бүгінгі таңда Құранды осындай жолмен талдаушылардың арасында бірінші болып Мұстафа Махмуд пен Аиш Абд ар-Рахман бинт аш-Шати аталады. Жаңа тәпсірлерде мұсылман елдері саяси қоғамдық өмірінің негізгі үлгілері көрініс тапты. Олардан қоғамдық инс-тарды, мәдениет пен білімді батысқа бейімдеме үмтылудан бастап, мұсылмандардың қол жеткен ежелгі жетістіктеріне қайта оралуға шақыру туралы деректерді табуға болады. М. Абдо мен Р. Рида әл-Манардың (1898 - 1935) Тәпсірден қайта жаңарған мұсылман қоғамының ұйымдастыру жүйелерін либералдыреформистік рухта тұжырымдауға тырысты. Тәпсір идеол. күрестерде кеңінен қолданылып келе жатыр, соның ішінде, Иранның шиит бастаушыларының, ахмадийа қозғалысында қолдау тапты. Қазіргі заман тәпсірі үгіттеу мақсатымен Батыс тілдеріне жиі аударылады. Тәпсірді қазақ тіліне алғаш тэржімалаған Х. Алтай болды. Одан кейінгі нұсқалары Н. Осерұлы, Р. Нысанбайұлы, У. Қыдырханұлының ерен еңбектерін айтуға болады. Сондай-ақ, қазақ тілінде ескі төте жазумен тәржімасы Қытайда жарық көрді. Тәржімалағандар ағайынды Ғ. Ақытұлы мен М. Ақытұлы. Ортағасырлық Тәпсірдің маңызы күні бүгінге дейін жоғалған жоқ.
Құран аяттарын қысқаша баяндау және оның мән жайын білу мағынасындағы тәпсір Құранға қатысты маңызды исламдық ілімдерге жатады. Сонымен бірге мұсылман ғұламаларың назарын өзіне аударып отырған ең көне ғылыми жұмыстардың бірі болып табылады.
1. 2. Тәпсірдің ерекшеліктері.
Тәпсір - Құранды түсінудегі бұлыңғыр жайттарды шешетін қиын сөз турасында немесе түсініктемені қажет ететін қысқаша баяндалған жайттарға қатысты. Тәпсір құдайшылық нұсқауларды толығымен тануға себеп болады. Құран Кәрімде наным-сенім мәселелері, саяси, әлеуметтік және ахлақтық тақырыптар бойынша қамтылған. Сивәти Құранға түсінік беру қажеттілігі жайында былай деп жазды:
Құран араб сөзінің ең жатық кезінде түсірілді. Құран түсірілген замандағы халық ондағы үкімдер мен оның сыртқы мағынасын ұғатын, бірақ сөзінің астарлы мағынасы олар үшін түсінікті болмайтын. Тек жарықтық пайғамбармен пікірталас өткізіп сұрағаннан кейін оны ұғатын. Осы пікірталас немесе тәпсірдің тарихы Құран түсірілген заманнан басталып, Алла елшісінің пайғамбарлық қызметінің бас кезенен бастау алады. Құранды ерекшеліктері мен халық үшін тәпсірлеп баяндап берген алғашқы кісі Алла елшісінің өзі болды. Ол хазіреттің көзі тірісінде сахабалары мен жора-жолдастары бұл іске килікпейтін. Пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін бір топ сахабалар оның ішінде Ибн Әббас, Әбдолла Ибн Әмро, тағы басқалар осы іспен айналысты. Сол күндері Құран турасындағы пікірталас, аяттардың әдеби сипаты, түсірілуі себебі және азғана дәлелдемеден аспайтұғын. Солардан кейін сахабаларды көзі тірісінде көргендер, басқаша айтқанда Табеғйн, атап айтқанда Мұжаһед, Қетаде, Шуби деген кісілер және қоныс аударудың алғашқы екі ғасырында өмір сүрген тағы басқалар бұл істі сол күйінде жалғастырды. Олар да өздерінен бұрынғы тәпсіршілердің айтқандарына еш нәрсені алып-қосқан жоқ. Тек өз тәпсірлерінде бұрынғылардан көбірек рауаятты пайдаланды. Ең үлкен Құран тәпсіршілері пайғамбардың отбасы мүшелері болады. Олар уәхи мектебінде тәрбиеленіп, содан нәр алғандар. Құран тәпсірінде түрлі әдіс-тәсілдер бар. Солардың бірі-хадистерге иек артып тәпсірлеу. Яғни, аяттың мақсат- мұратын түсінуде имамдардан нақыл етілген рауаяттарға сенім арту. Ендігі бір әдіс - Құранды Құранмен тәпсірлеу, яғни ұқсас аяттарды бір-біріне қатар қойып, ерекше бір саладағы аяттарды қорытындылау аяттың мағынасын мәлім етеді. Кейбір маңызды аяттарға сүйене отырып, Құранды түсінуде өзге аяттардың мақсат - мұратына қол жеткізіледі. Ұлы философ және тәпсірші марқұм Әлламе Табатабай осы топқа кіреді. Оның “Әлмизан” деп аталатын аса бағалы тәпсірі Құранды Құранмен тәпсірлеу әдісімен жазылған. Хадиске сүйенген тәпсірлер арасынан “Бурхан” тәпсірін және “Нұр-Ур-Сәқлийн” тәпсірін атап айтуға болады.
Тәпсірдегі маңызды нәрсе өз ойынша тәпсірлеуден бас тарту болып табылады. Көптеген рауаяттар өз ойынша тәпсірлеуден тиылған және өз пікірінше тәпсірлеушіге тозақ оты уәде етілген.
Өз ойынша тәпсірлеу дегеніміз, адам Құранды өзінің жеке ойы бойынша, қалай қаласа солай тәпсірлеп, түсіндіруді айтады. Мұндай кісі Құранды өзінің жеке ойымен сәйкестендіріп өзінің жеке наным-сенімін Құранға тықпалайды. Яғни Құранның шәкірті болып, оның үндеуіне құлақ асудың орнына, өзі ғана бір мағынаны Құранға таңғысы келеді және Құраннан осындай мағына ұғындыруды қалайды. Әлламе Табатабайдың пікірінше мұндай адам өз ойындағысын және алдын ала төрелік жасауды аяттардың мағынасын ұғуға киліктіреді. Құранның соңына ерімейді. Құранға деген осындай қатынас көрсету науқас жүректер мен таза емес ойлардың тәсілі. Бұл әдіс адасушылыққа соқтырады. Сондықтан харам және оған тыйым салынған.
Тәпсір - өз алдына жеке бір ауқымды сала. Сол теңіздің бір тамшысы болған кешегі Әли, Ибн Аббастар (р. а. ), одан ары Мұжаһид және Сейіт ибн Жүбейірлер (р. а. ), одан ары Ибн Жәрир, Фаһруддин әр-Рази, Ибн Кәсирлер болса, оларға бертіндегі, яғни қазіргі замандағы тәпсіршілерді де қосыңыз. Бәрі де кемеңгерлер. Пайғамбарымыздың адамзаттың ұлысы болғандығына басқа дәлел болмаған жағдайда, осы кісілердің оның ізін басып, ілім алғандары толықтай айғақ бола алады.
Мәселен, Ибн Жәрир - өз алдына бір таңғажайып жан. Оның аят пен хадис негізінде жазған тәпсірінде көктің жеті қабаттан тұратындығы хақында пікір айтылады. Ғалым әу баста жер мен көктің біртұтас болып, кейіннен бөлінгендігіне назар аударады. Жауын мен желдің жаратылуының негізгі қағидалары тәрізді мың жылдан кейін ғана ұға алатын жаңалықтарды сол кезде білдірген осы тәпсірші, әлбетте, өз алдына дара бір ғұлама. Ғұламаның шығармашылығын зерттегенде оның өмірінің әрбір күнінде он бес беттен еңбек жазғандығы белгілі болған.
Ибн Жәрирден Фахруддин әр-Разиға, жүздеген тәпсірлерді зерттеп том-том кітап жазған Имам Суюти мен бүгінгі заманның тәпсіршілеріне дейін хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) медресесінде тәпсір саласында ілімін жетілдірген көптеген ғұламалар бар. Егер осылардың біреуі ғана Еуропалық нәсілден шығатын болса, онда оны заманның асқан ғұламасы ретінде танытып, жаһанға жар салар еді . . .
Сонымен қатар біздің ғылымның бірқатар саласында оның теңдесі жоқ Имам Ғазали секілді алыбымыз бар. Ол туралы еуропалықтар аздап та болса шынайы айта білген. Көңіл көзі нұрланған бір сәтінде Гибб те Имам Ғазалиді қолына сиқырлы таяғын ұстаған күйінде адамдарды өзіне баурап алушы таңғажайып рухты адам ретінде бейнелеген. Бұдан басқа да Имам Ғазалиден Имам Раббани мен Бәдиуззаманға дейінгі Аллаһ елшісінің жүздеген ғұлама шәкірттерін атап өтуге болады.
2. 1. Атақты тәпсіршілер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz