Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

  • Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет

ІІ. Негізгі бөлім

І. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беру маңыздылығы

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту

1. 4 . Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары

ІІІ. Практикалық бөлім

  • Сабақ жоспарлары
  • Зерттеу жұмысы
  • Әдістемелік нұсқау

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер

Мазмұны

І. Кіріспе

  • Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет

ІІ. Негізгі бөлім

І. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беру маңыздылығы

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту

1. 4 . Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары

ІІІ. Практикалық бөлім

  • Сабақ жоспарлары
  • Зерттеу жұмысы
  • Әдістемелік нұсқау

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер

Курстық жұмыстың мақсаты:

Қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
  • Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын сезімталдық қабілетін дамыту;
  • Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу:

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Эстетикалық тәрбие дегеніміз- қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілеті дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эмстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. Алайда өнерді танып-білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады

Кіріспе

  1. Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет

Эстетикалық тәрбие дегеніміз- қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілеті дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эмстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. Алайда өнерді танып-білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық жауап беруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беруге қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс. Эстетикалық даму-баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педогогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.

Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол- адам табиғатына ғана тән жоғары сезім. Мектепке дейінгі балалардың қолынан көркем өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, ән айту, сурет салу, жапсыру сияқты іс-әрекеттің бәрі келеді. Олардың орасан мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігіне, ғаламат шынайлығында, бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тындаушылар жөнінде қам жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың, көркем -шығармашылық қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезім мен ойын білдірген кездегі ғаламат шынайылығынан көрінеді. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді. Эстетикалық талғам кең ұғым, ол өнердің терең мағыналы, тамаша шығармаларды түсінуді, содан ләзат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөл атқарады. Мектепке дейінгі жаста балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің, музыканың, сурет өнерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, суюді үйренеді.

І. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие.

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беру маңыздылығы

Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.

Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету- ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.

Эстетикалық тәрбиенің құралдары : қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрлі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның орны ерекше. Дегенмен де отбасының да рөлі зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады. Балалардың әрқайысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін, бірақ әр бір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің негізі қаланады.

Эстетикалық тәрбиенің әдістері : бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнердегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау.

Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикалық көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатынталап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады.

Олардың ішіндегі ең бастылары:

  1. Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтарының тәжірибелік тұрғыдан қажеттілігі.
  2. Ық, қарапайымдылық, әдемілік.
  3. Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы.
  4. Безендірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль құрайтын болуға тиіс.

Эстетикалық тәрбиенің мәні міндеттері айқындалады. Сондай-ақ, эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары, көркемөнер құралдары, көркемөнер шығармалары, бейнелеу өнері, эстетикалық тәрбиенің әдістері қарастырылады. Эстетикалық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы жүйелі жүргізілуіне көніл бөліп және оны ұйымдастырудың жолдарын меңгереді.
Әдістемелік нұсқау. Дәрісте ұсынылған материалдарды оқушы-студенттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көніл бөлуі керек:

  • Эстетикалық тәрбиеге байланысты негізгі тірек түсініктердің мәнін ашып, мағынасын түсіне білуі;
  • Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін нақты білу;
  • Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен құралдарын айқындай білу;
  • Эстетикалық тәрбиенің шарттары мен принциптерін және құралдарын жете түсінуі;
  • Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына, әдіс-тәсілдеріне талдау жасай білу, тәжірибелік жұмыстар жүргізуге жаттвғуы қажет.

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу - біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.

Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.

Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады.
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.

Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау - «жақсы, әдемі, алмынау - жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын, қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Балабақша тәрбиешілері эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т. б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбие жайлы көптеген ғалымдар өз ойларын, пікірлерін қалдырып кеткен болатын, солардың бірі: В. Н. Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы балаалрға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған:
- көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу;
- құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту;
- баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру.

А. И. Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады:
1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы.
2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай білу.
3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.

Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.

Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т. б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы

жан - дүниесін дамыту.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй », - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В. А. Сухомлинскийдің: «Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.

Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл-ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды-эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгімемлекеттік стандартқа сай, «Балбөбек» бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп өткізуге тырысады.

Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауық кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйрету мен жүзеге асады.

Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі.

Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

Сазды ққозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.

Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама-шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.

Ән айта білу-бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын, тынысалу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды-танымдық, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.

Саз жетекшілер ән-күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.

Ән-күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби-музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын-сауықтар, өткізіледі. Мысалы: «Абай мен Пушкин», «Күй сүйемін!», «Әнш балапан», «Айтыс», «Қыз маржаны, жігіт сұлтаны» т. б. Саз сабақтарында өткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.

Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдармен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.

Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын анықтау. Сазға икемділік диагностикасы-саз жетекшісінің ең маңызды және жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы -жеке баланың және бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.

Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі - бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс-әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы саздық шығармашылықтың әртүрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.

Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, сабақтарды жәнет үрлі іс-әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.

Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы шығармашылық даму қарқыны, деңгейі де соған сәйкес болады. [9. 15]

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу - бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымдар басшылыққа алу ұсынылады:

а. балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

ә. балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.

Бұдан балалардың ізгілікті - адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда экологиялық тәрбие берудің құқықтық үлгісіне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершілік, эстетикалық және халықтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргізу қажеттілігі байқалады. Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі де балаларды туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, оны қадірлеп - қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол - ұлттық тіл көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы саналатын аң - құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай білген. Бұған ақын Сырбай Мәуленовтің мына жолдары мысал бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмысын жоспарлау
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен түрлері
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Киім үлгілерін модельдеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz