Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдар есебі


Жоспар
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдар есебінің теориялық негізі
1. 1. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың мәні, жіктелуі
1. 2. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың аудитінің ерекшелігі
1. 3. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
2. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың есебі және ішкі бақылау
2. 1. «Казполиграф» ЖШС экономикалық жағдайы
2. 2. «Казполиграф» ЖШС негізгі құралдар есебін жүргізу
2. 3. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдарды түгендеу
2. 4. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың пайдалану деңгейін талдау
3. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың есебін жетілдіру
3. 1. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдарды ҰҚЕС-на сәйкес есепке алу
3. 2. Кәсіпорынның қаржылық амортизациялық саясат және негізгі құралдар есебінің мәселелерін шешу жолдары.
3. 3. Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдардың тиімділігін жоғарлату
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік құрал - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алды. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру қағидаларына негізделуі тиіс.
Нарықтық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жасалған Бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар мен ережелерге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және олардық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орындардың бірін алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бекітілген номативтік - құқықтық актілердің жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімділігін жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар ерекше орын алады. Олардың балансында мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс. Негізгі құралдар әр уақытта кез - келген кәсіпорынның негізі болып табылғандықтан және онысыз ешбір кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыра алмайтындықтан, олардың есебін жүргізу де әрқашан көкейкесті мәселелердің бірі болып қала береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - негізгі құралдардың есебін жүргізуді ашып көрсету.
Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады:
- негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру;
- негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау;
- негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу;
- негізгі құралдардың пайдалану деңгейін талдау;
- амортизацияны есептеу әдісі;
- негізгі құралдардың есебін жетілдіру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және негізгі құралдар есебі бойынша қосымша құжаттардан тұрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында: Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар. 2006 ж; Бухгалтер бюллетені /№45/ қараша 2007ж; В. К. Родостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родостовец, О. И. Шмидт “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” Алматы 2004 ж.
1. Негізгі құралдардың есебі және аудитінің теориялық негізі.
- Негізгі құралдардың мәні және жіктелуі.
Әрқилы меншік фомасындағағы және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.
Кез-келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын пайдаланса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралды (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалы: автокөлік сатумен айналысатын фирма үшін жеңіл автокөлік - ТМҚ, ал оны сатып алып, мақсатты пайдаланушы үшін осы автокөлік - еңбек құралы болып саналады. Сол сияқты жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын фирма үшін жер - ТМҚ қатарына, ал құрылыс салынған жер - негізгі құралдар қатарына енеді. Егер де сатып алынған жер учаскелері мен ғимараттарды шаруашылық субъект өзі пайдаланбай, ұзақ мерзімдік қаржылық салым ретінде салса, ол қаржылық инвестиция болып есептеледі.
Бухгалтерлік есепте негізгі ќұралдар деп - өндірістік үдерісінде үзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп аударып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар:
- өндірістік
- өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарға жататын еңбек құралдары өндірістік процестерге тікелей қатысады, болмаса оның жүзеге асуына мүмкіндік туғызады (өндірістік ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары, құрал-жабдықтар және басқалары) .
Негізгі құралдарың өндірістік емес түрлеріне өндіріс процесіне қатыспайтын және өндірістік емес тұтыну мақсаттарына арналған қорлар жатады. Мысалы, тұрғын үйлер, амбулаториялар, демалыс үйлері.
Иелігіне қарай негізгі құралдар:
- Меншікті;
- Жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар-жалға алынған құралдар болып саналады.
Пайдалану сатысында қарай негізгі құралдар:
- жұмыс істеп тұрған;
- жұмыс істемей түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады.
Жұмыс істемей тұрғандар бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланасты уақытша пайдаланатын негізгі құралдар.
Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар:
- Мүліктік;
- Мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жолға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Негізгі құралдардың жіктелуі.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі олардың есебін дұрыс жүргізудің маңызды шарты болып табылады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік болып саналады;
үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сатуға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтері орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұнғысы, мұндай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
өткізгіш тетіктер (қондырылған) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құрбылар) . Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынаң және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғандар мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектісінің бөлшігі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топтан тұрады:
күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электірлік двигательдер)
жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесіне еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) .
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабороториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерде реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабараторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, кондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;
басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құрамдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
құрал-сайман - қол еңбегінің механикалындырылған немесе механикалындырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы жән басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті болалады.
шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объекті - мүліктік объект бола алады.
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар, өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдерің көп жылдық түрлері, роза плантацялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Жіктемелік топтарға өндірістік - техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі құралдар енгізіледі.
1. 2. Негізгі құралдардың аудитінің ерекшелігі.
Аудиторға негізгі құралдарға жатқызылғандардың дұрыстығына көңіл аудару керек. ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар есебіне» сәйкес негізгі құралдарға бір жылдан артық қолданылатын материалдар шығаратын салада, сонымен қатар
өнеркәсіптік емес салада да қолданылатын еңбек құралдары жатады.
Аудитор бастапқы құжатттар бойынша, олардың алынғаны туралы, объектінің мінездемелік жазулары арқылы негізгі құралдар карточкасынан төмендегілерді анықтап алуы керек:
Негізгі құралдардың классификациясының дұрыстығына көз жеткізу керек, себебі ол дұрыс бөлінбегенде өнімнің өзіндік құнын анықтауда пайда болады.
- Негізгі құралдардың қолдануымен дұрыс бөлінуіне көз жеткізу керек, себебі дұрыс бөлінбеген жағдайда арендалық төлем немесе тозу төлемдері дұрыс болмайды; - Өнеркәсіптегі негізгі құралдардың қатысуын дұрыс есептеу, ол дұрыс болмаса амортизация дұрыс болмайды.
Кәсіпорынның іс-әрекетін жоғарлатудағы негізгі мәселенің бірі негізгі құралдарды сақтау және оларды тиімді пайдалану болып табылады. Кәсіпорында негізгі қорлардың жай-күйін білу үшін жылына 1 рет негізгі қорларды инвентаризациялау жүргізеді. Сондай-ақ жылдық қаржылық есепті құрастыруда және бухгалтерлік баланста құрағанда инвентаризация жасалынады.
Инвентаризация кезіндегі негізгі мақсат негізгі құралдардың жай-күйі туралы толық мәлімет алу және бухгалтерлік есеппен салыстыру болып табылады. Инвентаризациялық тізімде объектінің толық аты, техникалық мінездемесі, заводтық номері, шығару жылы, бастапқы бағасы көрсетіледі. Негізгі қорларды инвентаризациялау олардың инвентарлық карточкаларын, инвентарлық тізімдемесін, техпаспортының жай-күйін, арендаға берілген немесе арендаға алынған негізгі құралдың құжаттарын тексеруден басталады. Инвентаризациялық тізімдеменің жазулары «Негізгі құралдарды инвентризациялаудың салыстырмалы ведомасына» кіргізіледі.
1. 3. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №16 “Негізгі құралдардың есебі” деп аталатын ХҚЕС- на сәйкес жүргізіледі. Негізгі құралдардың есебінің міндеттері:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есептеу ақтылы және дұрыс көрсетілуің қамтамасыз ету.
- Негізгі құралдарың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
- Негізгі құралдарға ағымдағы және қүрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепке дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
- Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректерін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұймдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша негізгі құралдар төмендегідей түрде бағаланады:
- Бастапқы құн;
- Ағымдағы құн;
- Баланстық құн;
- Сату құны;
- Жойылу құны.
Бастапқы құн - негізгі құралдардың сатып алған мезгіліндегі немесе іске қосылған кездегі нақты жұмсалған шығындардың құны, оған сонымен қатар салықтар және жинаулар, жеткізу және монтаждау шығыны және басқа шығындар қосылады.
Ағымдағы құн - белгілі бір мерзімдегі нарық бағасы бойынша есептелетін құн.
Баланстық құн - бастапқы немесе ағымдағы құннан жинақталған тозуын, амортизациясын шығарып тасталған құны,
Сату құны - өзара келісілген баға.
Жойылу құны - негізгі құралдардың жойылуынан пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер, женіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж) .
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскісінің бастапқы құнына мыналар жатады:
- Шотта көрсетілген сату бағасы;
- Жылжымайтын мүлік жөніндегі агентерге комиссиялық сыйықы.
- Сатып алу - сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;
- Салықтар және алымдар.
- Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар (үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу) .
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
- Сатып алу бағасы;
- Тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытындағы сақтандыру) ;
- Монтаждау;
- Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнына құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
- Материалдар.
- Еңбекақы төлеу:
- Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
- Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
- Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары.
- Ќұрылыс кезеңіне берілген нееиелер бойынша проценттер.
- Құрылыс жұргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.
№16 ХҚЕС сәйкес негізгі ќұралдардың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң, ол есепте және есеп беруде көрініс табады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралға түгендеме номері беріледі және ол тұрақты болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілік қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттың мәні ашылуы тиіс.
- Негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша бастапќы құны;
- Пайдалануға берілген және есептен шыққан кезі;
- Бастапқы құнының өзгеру себептері;
- Амортизацияны есептеу үшін пайдаланылатын тәсілі.
- Есептік кезеңдерінің басына және соңына жинақталған амортизация сомасы;
- Егер де қайтадан бағалау жүргізілсе: әрбір негізгі құралдардың ағымдылық құны;
- Бағалауды жүргізудің кезеңі және қүні, әдісі, сондай - ақ экспертизалық бағалаудың кімдердің жүргізгені, т. б.
Сондай - ақ қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін уақытша пайдаланбай тұрған негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін кепілдікке берілген негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыстың есептік кезең соңына қалған құны, т. б көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz