Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кіріспе:
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Негізгі бөлім:
І тарау.
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымыдастыру туралы тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктеріне қарай зерттеу жұмыстарын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ тарау.
2.1. Балбөбек бағдарламасындағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Балабақшада ересек балалар тобында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда да жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік – құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Үкімет әкімдерімен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында- ақ балаларды мектеп жасына дейіегі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын» делінген.
Білім беру және ғылым саласында елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басын дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқанпарасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Сондықтанда балаларды дамуына үлкен көңіл бөлінеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асырылатын кзп қырлы тәрбиелік үдеріс балаларға дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрьие беруге бағытталған. Балабақшаның ең маңызды міндеттерінің бірі – балаларды мектепке даярлау. Бұл міндет баланы жан-жақты , жарасымды дамытуды қажет етеді.
Қазіргі кезеңде қоғамдық өзгерістер мен жаңа білім беру кеңістігінде жаңартуларға қатысу маңызды жауапкершілік жүктейді. барлық ТМД елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге асыру бүгінгі күннің үлесінде.

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2007ж
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан №7-8 2010ж
3. Н. Назарбаев «Еркін елдің ертеңі – кемелді білім мен кенен ғылымда» Астана 2007ж
4. Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педегогика» Астана 2008ж
5. З.Бйжанова «Жалпы педагогика» Алматы 2008ж
6. Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б, Құдиярова А.М «Педегогика» Алматы 2004ж
7. Д.Қ.Пошаев «Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері» Шымкент 2003ж 8.Р.М.Қоянбаев,Қ.Т. Ыбырайымжанов «Жалпы бастауыш білім беру педегогикасы» Түркістан 2005ж
9. Р.Т. Игенбаева «Жоғары мектеп педагогикасы» Алматы 2005ж
10. А.П. Усова «Бала бақшадағы оқыту» Алматы 1987ж
11.Ғ. Дүкенбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» Алматы 1992ж
12.Қуанышкүл Меңдаяхова «Балабақшадағы тіл дамытудың педагогикалық негіздері»// Ұлағат №3 2008ж
13.Балбөбек бағдарламасы Алматы 2006ж
14.Байжұманова Бибіхан «Ақыл-ой және таным әрекеті //Қазақыстан мектебі №7-8 2007ж
15. Сисенбердиева Ақтолған «Алты жасар балалның танымдық белсенділігі және даму ортасы //Қазақстан мектебі №5 2009ж
16. Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартуда мемлекеттік стандартты жетілдіру жолдары//Отбасы және балабақша №5 2007ж
17. Р.Қоянбаев «Педегогика» Алматы 2002ж
18.З. Е;денбаева «Мектепалды балалардыдың отбасында және балабақшада байланыстырып сөйлеу тілін дамыту //Білім журналы №2 2001ж
19.М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы 1997ж
20. Х. Ахметова Құстар – біздің досымыз // Отбасы және балабақша №3 2007ж

Ф-ОБ-001032
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
ерекшеліктері
Орындаған: Айтенова Д
Ғылыми
жетекшісі: Әуелбеков Е
2010 ж
Жоспар:
Кіріспе:
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
Негізгі бөлім:
І тарау.
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымыдастыру
туралы
тұжырымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктеріне қарай зерттеу
жұмыстарын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ тарау.
2.1. Балбөбек бағдарламасындағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Балабақшада ересек балалар тобында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23
Кіріспе:
Зерттеу көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясаттың
негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға
конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Білім туралы Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда да жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың
үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік –
құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында: Үкімет әкімдерімен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші
жартысында- ақ балаларды мектеп жасына дейіегі оқытумен және тәрбиемен
қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын
әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын делінген.
Білім беру және ғылым саласында елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан
қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басын дамыту, білім
беру мазмұнын жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру
міндеті тұр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық
сана мен психология қалыптасқанпарасатты азамат тәрбиелеп өсіру –
отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Сондықтанда балаларды
дамуына үлкен көңіл бөлінеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асырылатын кзп қырлы тәрбиелік
үдеріс балаларға дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрьие
беруге бағытталған. Балабақшаның ең маңызды міндеттерінің бірі – балаларды
мектепке даярлау. Бұл міндет баланы жан-жақты , жарасымды дамытуды қажет
етеді.
Қазіргі кезеңде қоғамдық өзгерістер мен жаңа білім беру кеңістігінде
жаңартуларға қатысу маңызды жауапкершілік жүктейді. барлық ТМД
елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден
өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге асыру
бүгінгі күннің үлесінде.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу және
әдістерін көрсету.
Зерттеу жұмысының нысаны: Мектепке дейінгі мекемеде оқу- тәрбие
үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының әдістері: Ғылыми – педагогикалық еңбектерді талдау,
әдебиеттерді сараптау, әңгімелеу, бақылау, проблемаларды баяндау әдісі,
кітаптармен жұмыс жасау.
Зерттеу жұмысының көздері: Елбасының жолдаулары, білім заңы,
білімберуді дамыту тұжырымдамасы, әдебиеттер, оқулықтар, журналдар.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, төрт параграфтан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы
тұжырымдар.

халқына жолдауында айтылғандай 2020 жылғы қарай қалалық, сол секілді
ауылдық жерлердегі барлық балалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің
зор әлеуеті бар.Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар –
бұл мемлекеттік мекемелерге балама болып отыр.[1]
Ғылымның диалектикалық дамуы, фактілерді жинақтау, оларды оқып
үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке зандылықтарын ашу, белгісіз
фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалың
жүйесін анықтаудан тұрады.[7]
Мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуын айқындауда балабақшалардың
ашылуы және дамуын, оқу-тәрбие процесін ғылыми педагогикалық тұрғыдан
ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі
балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтарын
айқындауға көңілбөлу қажет.[4]
Балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толыққанды мектепке
дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу қажет.Әзірше, мұндай мүмкіндік
бар жерде мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту.[2]
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме,
мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Зерттеу әдістерінің түрлері.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі
қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда
педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау
арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен
міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-
тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы
дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар
зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді.[лыми бақылау зерттелетін
педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.
Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне,
қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.[6]
Педагогикалық бақылау - бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың
таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті
және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір
оқушылардың кітаппен, картамен істеу жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын
бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері
дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды,
әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б.
кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға
жазылады.[8]
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама
мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата-
аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қортынды
жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады.
Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында
болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға
болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі
іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады.
Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.[9]
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен
материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар
жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың
әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып
жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті
адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес
ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің
сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып,
өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме
зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз
жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі
эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже
береді.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті
мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен
тыс тәрбие мекемелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп
құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие
жұмысының жоспары, үйірме жұмысының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің
баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің
баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады. Педагогика тарихының
проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.[5]
Құжаттармен жан-жақты және терең танысу зерттеушіні шынайы
мәліметтермен қаруландырады, оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктер мен
кемшіліктерді ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және
графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі
тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында
жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы
жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасы мен
қатынасын, олардың теориялық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де
іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ
барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және
дербес орындайтын жұмыстарын жүргізуді және осы сияқты дидактикалық
проблемаларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Сұрау әдістері де педагогикалық практикадан ақпараттар жинауға
көмектеседі. Сұрау әдістеріне кіретіндер: әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
сұхбат алу т.с.с.
Сұхбат- зерттеу әдісі ретінде әңгімелесуге жеқын әдіс болып табылады.
Сұхбаттасуда зерттелуші зерттелетін мәселеге қатысты сұрақтар алдын ала
дайындалып, ретімен бере отырып, зерттелушінің сол мәселеге қатысты
көзқарасын, пікірін біледі. Сұхбат алудың жалпы ережесі бойынша
зерттелушінің ойын ашық айтуына жағдай қажет. Сонымен бірге зерттелушінің
ойын ашық білдірумен қатар, жасырып қалуы да мүмкін екенін естен шығармау
керек.
Сауалнама – жазбаша түрдегі сұрау әдісі ретінде ақпараттар алу мен
өңдеуді құжат негізінде (зерттеу парағы) және нәтижелірек жүргізуге
мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
сауалнама жүргізуде сауалнама құрылымын алдын ала мұқият дайындап
алып, сынап көру мақсатында аздаған топпен өткізіледі де, сонан соң
сауалнама ипі, жүргізілу әдістемесі анықталады.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық
процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық
эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді
тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті
зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық
жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін
екі объекті алынады. Олардың бірі - экспериментті, екіншісі - бақылау
объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент
зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде —
әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулыктарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп
жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс
жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал
екінші бір топ оқушылардың, немесе толық сынып ұжымын, сол сияқты
өндірістік звеноны немесе бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментгі және бақылау
топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа
жағынан теңдестіріліп алынған жөн. Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің,
білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді
эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам
жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері
қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл сыныпта, бүкіл
ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін
әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған
болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы,
педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың
немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру
эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын,
принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент
жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау
мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен
тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық
құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп
алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай
түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен
мазмұнына, ал мерзімі — мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже
береді. Бірақ, эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып
жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттармен танысу сияқты зерттеу әдістері
де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да
кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде математикалық және
кибернетикалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады.
Бұл әдістерді қолданудың кейбір тәсілдері Ительсонның кітабында
көрсетілген. Математикалық және кибернетикалық әдістер техника мен
жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге
сүйеніп, кибернетиканың, математикалық статистиканың, ықтималдықтар
теориясының жетістіктерін педагогикалық зерттеулерде пайдалануға болады,
бірақ педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері өз дәрежесінде
шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық құбылыстардың сапалық өзгерістері мен
өзара сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өте күрделі
проблемалардың бірі. Мысалы, оқушылардың сабақ процесіндегі қабілетін,
белсенділігін немесе құлықтық сапасы (патриотизм мен интернационализм,
адалдық пен шындық) сияқты педагогикалық құбылыстарды өлшеуге болар ма еді?
Әрине, бұл сұраққа бірден болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі,
баланың іс-әрекеті, мінез-құлқы, оның әлі де толық танылмағаны психикасына
байланысты.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі
болмай, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында
зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология
ғылымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа
мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.
Даму – жеке адамды жетілдіру өте күрделі және диалектикалық
үрдісі. Балада туа біткен белгілі түсініктер сонымен қатар өте
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Олардың адамгершілік
белсенділік және батылдылық сияқты даму үрдісінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие
әсер етеді.
Даму және тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады.
Баланың организмі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық
арқылы дамиды. Оларға огрганизмнің өсіп жетілуі, ақыл ойының дамуы,
және мінез-құлқының қалыптасуы жатады.
Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты.
И.П.Павловтың ілімі бойынша даму ішкі жүйке жүйесі қызметінің
және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың
адамға ықпал етуі.
Дамуға ықпал ететін сыртқы әсерлерге баланы қоршаған әлеуметтік
табиғи ортасы, өзгелермен қарым-қатынасы оларды тәрбиелеу мақсатында
ересектерді ң жасаған қызметі жатады. Бала сыртқы әсерлерді бірден
қабылдай бермейді, оған өзінің бейімділігін, болмаса
қарсылығын білдіреді яғни, жүйке жүйесінің көмегіменсыртқы әсерлерге
іштей елең етіп қажетіне қарай жауап береді. Міне сондықтан
тәрбиенің біртекті жағдайының өзінде дле мектепте әртүрлі балалар
дамиды.
Баланың өз қажетіне қарай сыртқы ықпалдарға қарсы жауап беруі
түрлі сипаттағы қайшылықтарға байланысты болады. Айталық баланың
күнделікті қажеттілігі баланың түсінігі мен шындықтың мектептің оқу
талабы мен оқушы мүмкіндігінің ата-ана мен бала арасындағы т.б.
қайшылықтар. Баланың өмірінде кездесетін делектикалық материализм
тұрғысынан бала дамуының басты қозғаушы күші болып саналады.
Даму үрдісі психикалық денелік және жалпы деп бөледі. Баланың
интеллектісінде, бейімділігімен қабілетінде еркі мен сезімінде
танымында жіне мінез-құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға,
ал дене көлемінің қымил-қозғалысының, күші мен қызметінің өсуі
денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік дамумен
қатар, ақыл-ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады.
Ақыл-ойдағы өзгеріс баланың өз бетінше іс-әрекетке, ұғымдар мен
түсініктерге, түрлі оқиғалармен жағдайларға талдау жасауына сәйкес
салыстыруынан, нақтылануынан, жалпылануынан және қорытуынан көрінеді.
Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс баланың жақсы мен жаманды
ажыратып, оған лайықты жауап беруі бойындағы имандылық белгілерін
дамытуы.
Тәрбие үрдісінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды
пайдалануы тиіс. Осыған орай тәрбиеші тәрбие арқылы баланы түрлі
іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдасытрады, оның дамып жетілуіне
қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көз-қарасын дамытады.
Тәрбие жұмысының сара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-
өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік
сапасы қалыптасады.
Қазіргі таңда еіліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты
болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды
міндеттейді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәселесінің бірі - өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық-
адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған өзге
тілдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі
терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күн әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында
ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері –
балалардың белсенді өмірлік, саналық көзқарасын, сөз бен істің
бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді
қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса
маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын
айқындайды.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиетерін дамытып
қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан
ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-
әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту
мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, тәрбиеші білімі мен білігін
тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды
дұрыс ұйымдастыру керек. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ең
алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті
сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-
қатынасында қалыптасады.
Ақын балалар достығының
ерекшеліктері туралы да айтқан. Ол былай деген: балаларда нақыз
достық болмайды, олардың достасуы да бұзылысуы да оңай. Сондықтан,
көбінесе болатынындай, балалардың ұрыс-қағысына араласу, есесі
кеткеніне болысу дұрыс емес. Балалар ауыр ой мен қайғыдан аулақ.
Олар кіммен болса да достаса кетеді. Балалықта қиял жақын болып
көрінеді, қуаныш та, қызық та, құмарлық тәшектен тыс мол болады.
Жалпы адамды ізгілікке тәрбиелеудің ерекше белгілерінің бірі
кішіпейілдік деп білді Абай.
М. Жұмабаев өзінің Педагогика оқулығында ұлттық тәрбиені жоғары
бағалай отырып, әр тәрбиеші баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбиені негізге алуы
керек деп санаған. Алғаш қазақ мектебін ашқан ұлы педагог Ы. Алтынсарин да
өзінің Христоматиясында баланы адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке,
еңбекке, білімге шақыратын, баулитын шығармаларды әдейі таңдап берген.[12]
Даму ортасында негізгі тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке
дейінгі білім беру мекемесі баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік
мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай
шешімдерді жүзеге асыруы шарт:
- баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер
жасау;
- әр балаға оның жеке дара қасиеттері мен құабілеттерін ашып, өмір
сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік туғызу;
- әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз
ететін қарым-қатынасты орнату. Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін
ашып көрсетуде және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды
іздестіру. Тұлға әсер ететін белсенді әдістерге бағдар жасау.[15]
Жалпы ақыл – ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің
бұл түрі – балалардың оқып білім алуға, дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыруға және т.б. деген көңіл –күй қатынасы. Баланың шындықты
тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану
баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән жайын жан-жақты танып,
оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін
тудырады.[14]
Жас ұрпаққа адамгершілік – эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында
былай делінген: Балабақшадан бастап жан-жақты және толық жетілген
тұлғалы адам тәрбиелеуге жәрдемдаесетін эстетикалық мұраттар, талғам мен
талап –тілектер қалыптастыру, түптеп келгенде тәрбиенің барлық қыры мен
сырынөз бойына сіңіреді, сөйтіп, жас адамның тұлғасын сомдайды.[11]
1.2.Мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктеріне қарай зерттеу
жұмыстарын таңдау.
Балабақшадағы оқытудың қазіргі теориясы мен практикасын зерттеу
мектепке дейінгі педагогиканың негізгі дидактикалық бағыттарын қарастыруды
талап етеді.
Оқыту мен тәрбие берудің неғұрлым толық жасалған жүйелерінде мектепке
дейінгі тәрбиенің дидактикалық проблемалары баланың одан кейінгі дамуымен
тығыз байланысты сөз болады. Бұл мәселелерге Я. Коменский, И. Пецталоцци,
Ф. Фребаль ерекше назар аударған.
Коменский үшін тәрбие мен оқыту дегеніміз – бала дамуының ең алғашқы
сатысынан – ақ бір-біріменбайланысты процесс. Коменский дидактика жүйесінде
балаларды тәрбиелеу мен білім берудің бастамасы ретінде ана тәрбиесінің
программасын бөліп айтады.
Коменский көзқарастарын зерттеушілер оның діни дүние танымын
дидактикада мейілінше аз көрінетінін атап көрсетеді.
Дидактикалық мәселелерді шешуде ол көбінесе өмір талаптарын, барлық
жас сатылаындағы ана тәрбиесінен өткен балалардың жасын қоса есептегенде,
рационалдық білімдер мен іскерліктердің пайдалылығын ескерді.
Коменский пікірінше, мектеп жасына дейіегі балаларды тәрбиелеу
кезіндегі дидактикалық міндеттер баланың тікелей тәжіриебесін кеңейтуден,
оның заттар мен табиғат туралы таза эмперикалық білімін молайтудан, ұқсас
заттар мен құбылыстарды ажыратып, оларды дұрыс айта білуге үйретуден
тұрады.
Коменский мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ата-ананың балалармен
әңгімелесуі түрінде жүргізілуге тиіс деп есептеді. Мұндай әңгімелесулер
кезінде ересектер айналадағы өмір құбылыстарымен оларға ұғымды формада
түсіндіреді. Ол былай деді: Бұл істе олармен әкесі, анасы не болмаса
күтушісі шұғылдана алдады; олар әр нәрсені көрсетіп, балаларды тартады,
сұрақтарына жауап береді. Оларды сонымен бірге уақытты ажырата білуге,
атап айтқанда: күн қайсы, түн қайсы екенін үйрету керек... Балалардың
тілін ұстартуды да Коменский ата-аналрдың міндеті деп біледі.
Ана тәрбиесінде Коменский балаларға білім беретін ойын-сауықтар және
сонымен бірге балалармен әңгімелер өткізуді, жаттығулар жасатуды ұсынады.
Демек Коменский балаларға ьілім беру мақсатымен жүргізілетін
жұмыстарды балалар ойынына толық қоса бермейді. Ойындарды ол программаны
балалардың өте жақсы меңгеруінің шарты ретінде ғана пайдаланады.
Мектепке дейінгі тәрбие дидактикасынының әрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz