Түркістан қаласы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің өндірістік іс тәжірибе практикасының есебі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті

Заң факультеті

«Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы

«05» 03. 2012ж - «28» 04. 2012ж аралығында Түркістан қаласы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің өндірістік істәжірибе практикасының

Есебі

Практика жетекшісі: Ниязов Н.

«05» 03. 2012ж.

Практика жетекшісі: Досжан Е.

«28» 04. 2012ж.

Орындаған: Казакбаева Г.

«28» 04. 2012ж.

Түркістан - 2012

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Маманнан алған өнеге - азығың болар ертеңгі
  2. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер қоғамдық пікірді анықтаудың бірден бір тәсілі ретінде

ІІІ. Қорытынды

КІРІСПЕ

Теориялық білім - барлық білімдердің бастауы, негізгі фундаменті болып табылады. Қай кезеңде, қай қызмет орнында болмасын білікті маман болу үшін теориялық білімді жетік меңгерген болуың шарт. Яғни, әрбір маман үшін жетекші, базалық білімнің алар орны ерекше болып табылады. Бірақ сол білікті маман атану үшін бір ғана теориялық білім базасымен шектеліп қалу жеткіліксіз. Университет қабырғасында оқытушылар, профессорлардан алған білімді практикада іс-жүзіне асыра білу - өмірлік қажеттілік. Теория мен практика бір бірімен тығыз байланыста жұмыс жасаса ғана маманның маман ретіндегі абыройы асқақ, беделі биік болмақ.

Осы мақсатта, мен, Казакбаева Гульжазира, Заң факультеті, әлеуметтану мамандығының 4-курс студенті, Университет қабырғасында алған білімді практикада жетілдіру мақсатында Түркістан қаласы, Ішкі саясат бөлімінді өндірістік іс-тәжірибеден өттім.

Практиканың басты мақсаты: арнайы педогогикалық талқылаудың методологиясын меңгеріп, оқу процесі барысында жинақтаған теоретикалық білімдерді практика уақытында жетілдіру.

Ұйымдастыру, ақыл парасатты дағды ету, ой қорыту және әлеуметтанулық талдау жасау тақырып төңірегінде қоғамдағы актуалды мәселелерді дұрыс қаратыра білу.

Әлеуметтанулық ізденістердің нәтижесіне қарай қорытынды жасау тапсырмалар мен сұрауларды болашақ маман ретінде тақырыптар негізіне сай құра білу. Студенттердің әлеуметтанулық зерттеулер саласының барысымен танысу және зерттеулер жүргізу дағдысын игеру.

Практиканы даярлау және басқару: Практиканы әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру және басқаруға даярлық «Әлеуметтану» кафедрасына жүктеледі. Практика басталмас бұрын кафедрада практика жетекшісі барлық студент практиканттар қатысуымен әдістемелік кеңес ұйымдастыру.

Студентпрактиканттың құқықтары мен міндеттері: Практикадан өту барысында студент кафедрамен деканат жасаған бағдарламасын орындауға міндетті. Практика бағдарламасына сай материалдар жүйелі және жоспарлы жинақталу үшін студент күнделікті өз жұмысы жөнінде күнделігіне жазып отыру керек және практика аяқталғаннан кейін күнделікпен бірге есеп беруі тиіс. Ұйым әкімшілігіне бағынуға және қатаң еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Ұйым көлемінде ұйымдастырылған барлық ісшараларға толық қатысуы керек. Осы талаптар орындалмаған жағдайда кафедра шешімімен студент практикадан босатылады және ол кейін есепке алынбайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мен өндірістік іс-тәжірибемді Түркістан қалалық әкімшілігі, ішкі саясат бөлімінде өттім. Бөлімге келген алғашқы күні бөлім басшысы Бақытжан Букебаевтың қабылдауында болдым. Бөлім басшысы бізді бас маман Е. Досжанның жетекшілігіне тапсырды. Іс-тәжірибемнің бастапқы кезеңінде бас маманның штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалып, өз қызметіме кірістім. Сонымен қатар, бөлімде қызмет атқаратын басқа да мамандар мен таныстым. Оның ішінде Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар Орталығы КММ - ң басшысы А. Байжанов пен бөлім инспекторлары, бөлімде қызмет атқарушы Қ. Тасыбаев, М. Абуоват. б. мамандармен жұмыс жасадым. Іс тәжірибемнің алғашқы күнінен ақ жетекшім Е. Досжан мен бөлім басшысы Б. Букебаевтан негізгі тапсырмалар алдым. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған Халыққа Жолдауына (2012 жыл 27 қаңтар) қоғамдық пікірді анықтау мақсатында сауалнама жүргізу маған берілген негізгі тапсырма болды. Ішкі саясат бөлімінің негізгі жоспарына сәйкес, аталған сауалнама наурыз айында жүргізілуі тиіс болатын. Осыған сәйкес жетекшіммен бірге сауалнама сұрақтарын дайындадым. Келесі кезекте Түркістан қаласындағы жоғарғы және орта, арнаулы білім беретін оқу орындарына тараттым.

Одан ары жетекшім, бөлім мамандары мен инспекторларының жұмысына көмектесу мақсатымен олар берген тапсырмаларды орындадым.

Оның ішінде іс-шараларды өткізуге атсалысу, сол іс-шаралардың хаттамаларын жазып жетекшіме өткізу, әртүрлі мекмелерге факстар жіберу, компьютерде мәтін теру т. б. жұмыстар атқардым.

Компьютерлік білімімді іс тәжірибемде тиімді пайдалана алдым.

Наурыз айының соңында жастарға таратылған сауалнамаларды жинақтап қорытындысын шығардым. Өзіме жүктелген сауалнама жұмысын аяқтағаннан кейін осы тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Елбасының халыққа жолдауы туралы өз ойымды және жүргізілген сауалнама қорытындысын пайдаландым. Мақалам жергілікті «Түркістан» газетінде жарық көрді. Бұл тапсырмаларды аяқтаған соң өндірістік істәжірибе жетекшіміз Е. Досжан өткізілген ісшаралар бойынша хаттама жазуды тапсырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практикасының міндеттері
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мекемесі қызметі
ДАЙЫНДАУ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫ
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Мемлекеттік дума
Достық қонақ үйінің персоналы
Ұлттық элитаның қалыптасуы
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Хикмет Тревел
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz