Жеке құрам бойынша құжаттар


ЖОСПАР:
І. Кіріспе бөлім
« Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары»
ІІ. Негізгі бөлім
- Өмірбаян
- Түйіндеме
- Мінездеме
- Өтініш
- Еңбек келісімі
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Жеке құрам бойынша негізгі құжаттар
Қазақстан Республикасының бүкіл ұйымдастырушысы құқықтық формалары мен меншіктің барлық формалы ұйымдастырудың қызметінде түзілетін құжаттардың ерекше тобы қызметкерлердің құқықтық, еңбек және қызмет әрекеттерін көрсететін жеке құрам бойынша құжаттардан тұрады.
Жеке құрам бойынша құжаттар өз алдына дербес бір топты құрайды. Олар қызметкерлер мен сырт мекемелердің қызмет фактілерін, жұмыс стажын, еңбекақы мөлшерін, зейнетақы көлемін, оқу орындарына қатыстылықты т. б. куәландыру туралы жеке сұраныстарын орындау үшін қажет. Бұл құжаттардың қамтитын уақыты шамамен бір ұрпақтың өмірі ұзақтылығыменпара-пар болады.
Ұйымдарда кадрлық құжаттамаларды міндетті жүргізу: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бойынша уәкілеттті мемлекеттік органының заңға сәйкес нормативті құқықтық актілерінде және нұсқауларында көзделген.
Жеке құрам бойынша құжаттар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 - ІІІ заңы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ» негізінде жүргізіледі.
Жеке құрам бойынша құжаттар, әдетте, ұзақ мерзімге сақталады және сақталуы үшін айрықша шарттар талап етіледі:
- Ұйымның (лауазымды тұлғасының) құрылымдық бөлімшесінде жедел сақтау сатысында құжаттауды және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерімен;
- Ұйымның ведомствалық жеке меншік мұрағатына сақтау сатысында ведомствалық мұрағаттар жұмыстарының негізгі ережелерімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі №2679 24-қаңтар 2012 жыл, әрі қарай негізгі ережелер айқындалады.
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам қзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың «Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптиары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар -А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мұқанов - «Аққан жұлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- Құжаттың аты (өмірбаян)
- Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
- Ұлты
- Білімі, оқыған оқу орындары
- Қоғамдық - саяси қызметі
- Ата - анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
- Қазіргі жұмысы, мекен - жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Үлгі
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983жылы, 14 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, «Орбита-3» ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.
Негізгі сөздік
Өмірбаян - автобиаграфия
Ұлт - национальность
Білім - образование
Жоғары білім - высшее образование
Орта білім - среднее образование
Ата-ана - родители
Мұғалім - учитель
Үйленгенмін - женат
Отбасы - семья
Жұбай - супруг (супруга)
Үйленбегенмін - не женат
Ажырасканмын - разведен
Әскери қызметке
міндеттімін - обязан к воинской службе
Әскери қызмет - воинская служба
Қосымша мәліметтер - дополнительные сведения
Мекен - жай - адрес
Туу - родиться
Оқу - учиться
Қызмет - должность
Қызметкер - служащий
Маман - специалист
Мамандық - специальность
Бөлім - отдел
Беттеу - верстка
Бірлестік - объединение
Әкімшілік - администрация
Тіркелім - прописка
Тұрғылықты жер - место жительства
Оқу орны - учебное заведение
Арнайы орта - среднее-специальный
Акционерлік - акционерный
Коммерциялық - коммерческий
Ұйымдастыру ісінің
техникасы - организационная техника
Дүниеге келу, туу - родиться
Түсу - поступать
Бітіру - закончить
Бару - посещать, поити, ходить
Үйлену - жениться
Тұрмысқа шығу - выходить замуж
Жұмыс істеу - работать
Ауысу - перейти
Міндетті - обязан
Грамматикалық көрсеткіштер:
Жіктеу есімдігі: «Мен»
Жалқы есімдер: Жер-су атаулары оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары;
Сан есімдер: реттік сан есім;
Етістіктің өткен шағы: (жедел өткен шақ, ауыспалы осы шақ ) ;
-ты, -ті; -ды, -ді
-қан, -кен
-ған, -ген
Үстеу (қазір)
Модуль сөздер (бар, жоқ)
Тәуелдік жалғау - ата - анам
Жіктік жалғау - үйленбегенмін
Септік жалғау - отбаснда дүниеге келдім
Мүмкіндік модальдігі - жұмыс істей аламын
Енді осы өмірбаянның жазылуына практикалық тұрғыдан
тоқталсақ:
1. Өмірбаян өткен шақта І жақта, ауыспалы осы шақта жазылатындығын
ұмытпау керек.
2. Өмірбаянда әр айтылған ой жаңа аза жолдан басталады.
Өмірбаян мәтінінде кездесетін қазақтілінің көрсеткіштеріне
тоқталып өткім келеді:
- «Мен» жіктеу есімдігінен кейін міндетті түрде үтір қойылуы керек.
- Жалқы есімдер бас әріпен толық түрде жазылады.
- Мекеме, кәсіпорын, ұйым атаулары тырнақшаға алынады.
- Сан есім күн, ай, жыл атауымен келгенде сызықша қойылмайды.
- Бірнеше реттік сан есімдер қатар келсе арасына сызықша қойылады.
- Ойға орай өмірбаянда етістіктер жедел өткен шақ, ауыспалы осы шақ түрінде
қолданылады.
- Өмірбаянның бірінші азат жолында өзі туралы;
- Екінші азат жолында оқу орны, мамандығы, алған біліктілігі туралы жазылса;
- Үшінші азат жолында отбасы жағдайы туралы мәліметтер көрсетілсе;
- Мәтін аяғы қазіргі кездегі жұмыс жағдайы және қосымша мәліметтермен аяқталады.
Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздіңкең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.
Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл білгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым - қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі:
- Аты-жөні;
- Туған жылы, күні, айы, туған жері;
- Ұлты;
- Жынысы;
- Мекен-жайы, телефоны;
- Отбасы жағдайы;
- Азаматтығы;
- Білімі;
- Бітірген оқу орындары;
- Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
- Тілдік дағдылары;
- Компьютерлік сауаттылығы;
- Жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығаршашылық көзқарас т. б. )
- Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б. ) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар ( мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патент) .
Түйіндемеде не туралы жазған жөн?
Түйіндеме мынадай келесі блоктардан тұрады:
- Сіздің атыңыз, мекен-жайыңыз, телефон нөміріңіз ( қала кодымен бірге) ;
- Мақсат (міндетті емес, бірақ көрсеткен жөн) ;
- Сіз қандай лауазымды алуға және неге үміт артып отырғандығыңыз туралы қысқаша сипаттама (6 қатардан көп емес, ең дұрысы 2-3 қатар) ;
- Жұмыс тәжірибесі - кері хронологиялық ретпен (ең бірінші соңғы жұмыс орнын көрсетіңіз) . Бұл негізгі бөлім.
- Жұмысты бастау және аяқтау күндерін, ұйым атауын, лауазым атауын (егерде Сіздің карьераңыз табысты түрде дамыған болса, онда олар бірнеше болуы мүмкін) көрсетіңіз;
- Қысқаша түрде лауазымдық міндеттеріңіз бен өндірісьік жетістіктеріңізді, егерде Сізде бар болса, сипаттаңыз;
- Жетістіктеріңізді сипаттау барысында іс-қимыл етістіктерін пайдаланыңыз, мысалы: дамыттым, үнемдедім, арттырдым немесе қысқарттым.
Білім (оқу орнын бітіргеннен кейін қаншалықты көп уақыт өткен сайын, түйіндемеде бұл тармақ соншалықты аз орын алуы керек; бітірушілер мен студенттер бұл бөлімді алдыңғы бөлімнің алдына қойғандары жөн, себебі олардың жұмыс тәжірибесі болсадағы, ол айтарлықтай маңызды емес.
Марапаттаулар туралы хабарлап, Сіздің мақсатыңызға сәйкес келетін оқыған дисциплиналарыңызды бас жазыңыз) .
Қосымша ақпарат: шет тілдері мен компьютерді игеру, жүргізуші куәлігінің болуы, кәсіби ұйымдардың мүшесі болу және т. с. с. «әуесіңіз туралы тек ол қалаған жұмысыңызға қатысты болса ғана айту керек) . Рекомендация ұсыну мүмкіндігін көрсету.
Түйіндеме қандай болу керек?
Түйіндемені жазу стильіне қойылатын негізгі талаптар:
- Қысқалық; нақтылық; (ешқашанда қатыстым, көмек көрсеттім және т. с. с. деп жазбаңыз. Бұл сөз бір реттік қызмет көрсеткен деп ойлауға мүмкіндік береді) ; шындық;
- «Мен» деген есімдікті қолданудан сақтаныңыз.
- Тұжырымдама таңдау кезінде барынша нақты болу керек:оқыттым, игердім, тиімді пайдаландым, жауап бердім, клиенттерге көмектестім, өнімнің нарықтағы потенциалын арттырдым, лауазымына өстім, лауазымда жоғарлап, жалақым екі есе артты, жұмысты дәл мерзімінде орындадым - деп жазған жөн.
- Көп сөзді болмаңыз, пассивті формадан аулақ болыңыз. Теріс ақпараттан гөрі оң ақпаратты таңдаңыз;
Ескерту:
- Түйіндеме қай тілде жазылса, сол тілді жақсы меңгерген біреуге тексертіңіз;
- Қазіргі жұмысты сипаттаған кезде осы шақ етістігін қолданыңыз, мысалы, істеп жатырмын, жобасын жасап жатырмын; сәйкесінше, өткен жұмыс орындарыңыз туралы жазған кезде етістіктерді өткен шақта қолданыңыз;
- Жүйелі болыңыз: егерде Сіз бір рет қысқарту пайдалансаңыз, оны түйіндеменің барлығында қолданыңыз (ең жақсысы барлық атауды толығымен жазу) ;
- Ұзын сөйлем мен күрделі сөздерден аулақ болыңыз; қажетті тақырыпшаларды нақты бөліп көрсетіңіз;
- Түйіндемеңіздің бір стильге рәсімделуін қадағалаңыз; Оңай оқылатын стильді таңдаңыз (орташа шрифт, жолдар арасындағы аралық жеткілікті деңгейде сақтаңыз) ;
- Ақ түсті және жақсы сапалы қағазды пайдаланыңыз;
- Түйіндемеңізді бір, ары кеткенде екі бетке сыйдыру өте маңызды;
- Сіз түйіндемеңізді көрсеткен ақпараттарды растай алатындығыңызға сенімді болыңыз;
Үлгі
Қазақстан Республикасы Әуезов к-сі, 29-үй, 65-пәтер
Алматы қаласы телефон:83004256384
E-mail: sholpan @mail. ru
Мұқанова Шолпан Тобылжанқызы
Туған жылы: 15. 02. 1969
Ұлты: қазақ
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: тұрмыста
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: жоғары
1991-1995жж Әлемдік Халықаралық шет тілдері
университеті, ағылшын тілі факультеті
1984-1991жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң
факультеті
Кәсіби тәжірибесі: 1996-2001жж. «Саяхат» туристік фирмасы,
кеңесші-заңгер /Алматы қаласы/.
1994-1996жж. »Сенім» нотариалдық кеңсесі,
кеңесші заңгер /Алматы қаласы/.
Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі,
орыс тілі - еркін,
ағылшын тілі - өте жақсы
компьютерлік
сауаттылығы: Windows 98, Word. Excel, internet
жеке қасиеттері: ұстамдылық, жауапкершілік,
ұйымдастырушылық және
басқарушылық қабілеті
Қосымша ақпараттар: «Life» адвокаттық кеңсесінің
сертификаты (Лондон қ. 1998)
Түйіндеменің мәтінінде қазақ тіліне қатысты көрсеткіштер:
- Берілген мәліметтер мысалы: туған жылы; ұлты; жынысы тек тәуелдік жалғауында көрсетіледі және ІІІ жақта жазылуы тиіс.
- Білімі туралы мәлімет мысалы: жоғары; орта; арнаулы орта кіші әріппен жазылады. Атау септігінде тұрады.
- Оқу орны, жұмыс орны, біліктілікті жоғарылату орталықтары атаулары бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады. Атау септігінде тұрады.
- Сан есімдер жылдарға қатысты сызықша арқылы жазылып, жылдар аралығын: ж. ж қысқарту түрінде жазса болады.
- Марапаттаула, атақ, белгі атаулары құжатта көрсетілгендей атау тұлғасында жазылу керек.
- Компьютерлік сауаттылығына қатысты мәліметтер бағдарламалардың атымен, жылымен сызықшасыз ағылшынша жазылады.
- Қызығушылығы бойынша етістіктер тұйық етістік /-у; жұрнағы арқылы/ формасында жазылады. Мысалы: кітап оқу, шахмат ойнау.
Синоним мен антоним сөздерді қарастырайық:
Синонимдер
Белгілі атақты әйгілі танымал
Жұмыс іс қызмет ұйым ұжым мекеме
Білікті білімді
Кәсіби кәсіптік кәсіпкорлық
Игеру меңгеру
Антонимдер
Жауапкершілікті жауапкершіліксіз
Алды арты
Кіру шығу
Астыңғы үстіңгі
Оң жақ сол жақ
Грамматикалық минимум:
Тұйық етістік - жетістіктерге жету, тауға шығу
Тәуелдік жалғау - туған жылы
Жіктік жалғау - студенті
Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықша - Орыс тілі - еркін
Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме - мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ауысу мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына қарай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» немесе «атқарып отырған қызмет орнына лайық емес» деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т. б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логотипі, фирмалық белгісі арнайы бланкілерге де жазылады. Әр данасы есепте тұратынарнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті) .
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- Тақырыбы;
- Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
- Негізгі мәтін;
- Қорытынды;
- Мінездемені талап етуші ұйымның аты;
- Мінездеме берілген күн, ай, жыл;
- Мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
- Қосымша (егер болса) .
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Үлгі
МІНЕЗДЕМЕ
Болат Сыздықов Бақытұлы, 1967 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы- 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы қазіргі Ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жоьалау институтының аға ғылыми металлургия өнеркәсібі факультетінің аға мұғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б. Б. Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б. Б. Сыздықовтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б. Б. Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі., ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жұмыс істей алады. Б. Б. Сыздықов - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми - техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы айы, күні, жылы
/аты-жөні, қолы/
Қазақ-Британ техникалық университетінің
Ассистент-профессоры
ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ
Көбегенова Жанат Әкімжанқызы
11. 02. 1973 ж. т. ұлты - қазақ
Білімі - арнайы жоғары, заңгер, 2002жылы
ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген
Полиция капитаны Көбегенова Жанат Әкімжанқызы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылдың наурыз айынан бастаған. 2011 жылдың сәуірінен Еңбекшіқазақ АІІБ - сы жедел криминалистикалық тобының аға криминалисті лауазымында қыхметін атқарады.
Ж. Көбегенова ішкі істер органында қызмет атқарған уақыт аралығында өзін қабілетті, жауапты қызметкер екенін көрсетіп, жұмыстарын ұйымдастыруда білікті қызметкер ретінде танылды. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулықтармен басқа да нормативтік актілерді күнделікті жұмыста дұрыс қолдана біледі. Уақытпен санаспай өз қызметін абыроймен атқарады. Әскери - қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермейді.
Мінезі ұстамды, ізеттілік пен сыпайылықты сақтай біледі. Қызметкерлер арасында беделі жоғары.
АІІБ-ның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Денсаулығына шағымы жоқ. Әскери және қызметтік дайындықтар жүйесінде ұдайы қатысады.
Еңбекшіқазақ АІІб-сы бастығы
Полиция полковнигі Б. Қасқаров
2012ж
НЕГІЗГІ СӨЗДІК
Авториетный -беделді
Коллега -әріптес
Образцовый -үлгілі
Среди -арасында
Организация -мекеме
Руководитель -басшы
Туу
Оқу
Бітіру
Жұмыс істеу
Мінездеменің жазылуы
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен аты, логотипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті) .
Мінездемеге қатысты қазақ тілінің көрсеткіштері:
- Мінездеме мәтіні адамға қатысты мәліметтерден басталады.
- Адамның аты-жөнінен кейін не үтір, не сызықша қойылады.
- Жылға қатыстысан есімдерсызықшасыз жазылады, текреттік сан есімжылдар аралығына қатысты болса сызықша қойылады.
- Қысқарған сөздер, адамның аты-жөнінің иницалдары тасымалданбайды. Адамға қатысты мінездемелы/лі/ды/ді/ты/ті; атын/етін/итын/итінтүріндегіқатыстық сын есімдерменкеледі.
- Бастауыш пен баяндауышзат есім, сын есім, сан есімнен, есімдіктен болса арасына сызықша қоямыз.
- Мінездемедегі етістіктер ІІІ жақта өткен шақта көрсетіледі. Мінездеме мәтіні «үшін»көмекші сөзіментіркескенашық райлы«беріледі» етістігімен аяқталады.
Грамматикалық көрсеткіштер:
Жалқы емідердің жазылу емлесі;
Реттік сан емсдердің жазылу емлесі;
Сын есімдердің жазылуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz