Акт туралы түсінік


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

1. Акт туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Актінің (кесім) құрылымы мен мазмұны, деректемелері, мұрағаттағы акт түрлері.

2. 2. Мұрағат ұйымында актіні дайындау мен ресімдеудің өзіндік ерекшеліктері.

2. 3. Мұрағаттық актілердегі қазақ тілінің көрсеткіштері.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

ІV. Пайдаланған әдебиет .

Кіріспе

1. Акт туралы түсінік

Ұйымда жасалатын құжаттардың көпшілігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Олар: хаттар, жеделхаттар, телефонхаттар, түсініктеме хаттар, мәлімхаттар, актілер, анықтамалар, арыздар және тағы басқа қызметтік хаттар. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады және ұйымдық басқаруды қандай да бір іс- әрекетпен ұштастырады, кейде белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс- әрекетті белгілейді, баяндайды. Хат, жеделхаттар арқылы мекемелер арсында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын- ала келісімдер жасалады, мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды. Ақпараттық - анықтамалық құжаттар басқару құжаттарының 80%- ын құрайды.

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.

Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі - олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.

Ақпараттық- анықтамалық құжаттардың бірі- акт . Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен құрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу т. б. Актіде акт жазушылардың ұсыныстары мен көзқарастары көрсетілмейді.

Акт - анықталған деректерді немесе оқиғаларды, іс- әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат. Актіні жеке адам (тексеруші- ревизор, срапшы -аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.

Акт жасаушылар (бақылау, тексеру, ревизия, сынау және т. б актілер) актіде өз қорытындыларын, ұсынымдарын, ұсыныстарын білдіруі мүмкін. Мұндай актілерді олардың өкілеттілігін растайтын құжаты көрсетілген бір лауазымды тұлға немесе уәкілетті тұлғалар, уақытша және тұрақты комиссиялар жасайды. Кейбір актілер бекітуге жатады. Олар:

-бақылау- ревизия сипатындағы;

-ұсынымдар мен ұсыныстар берілген;

-құжаттарды, тауар- материалдық құндылықтарды жоюға бөлу туралы.

Акт реттеуші құжат шығару жолымен немесе актінің бірінші парағына құжатты жасауға нұсқау берген басшының бекіту белгісін қою арқылы бекітіледі. Бірінші жағдайда реттеуші құжатқа қосымша ретінде ресімделеді, екінші жағдайда жалпы бланкіге ресімделеді. Актіде келісім туралы белгі болуы мүмкін. Акт жасауға қатысқан тұлғалардың барлығы актіге қол қояды, актіде олардың лауазымдары емес, комиссия құрамындағы функциялары (төраға, хатшы, комиссия мүшесі) көрсетіледі. Ревизия және иексеру актілерімен қызметтері қатысты болған барлық тұлғалар таныстырылады. Сонымен қатар "Актімен таныстырылды: қолы, толық аты- жөні, датасы" көрсетілген келісу белгісі қойылады. Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады. Акт жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталған адамдарды қолхат алып таныстырады.

Негізгі бөлім

2. 1. Актінің (кесім) құрылымы мен мазмұны, деректемелері,

мұрағаттағы акт түрлері

Акт ортақ бланк негізінде актінің үлгісіне сәйкес (10- қосымша) сәйкес ресімделеді. Акт кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау - өткізу, объектіні немесе тауар- ақщалық бағалы заттарды абылдау кезінде жасалады. Актіге төраға және комиссия мүшелері қол қояды. Қолтаңбаны ресімдеу кезінде қол қоюшы тұлғалардың лауазымдары көрсетілмейді.

Акт мәтіні екі бөліктен: кіріспе және белгілеуші бөліктен тұрады.

Кіріспеде акт жасау үшін негіз болған құжат түрі оның нөмірі, күні, көрсетіледі. Одан кейін лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай- ақ тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады, оған қатысушылар санамаланып көрсетіледі:

- төраға;

- комиссия мүшелері;

- қатысушылар.

Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат- міндеттері, мәні баяндалып, айқындалған фактілер ресімделеді, жасалған жұмыстарға (маңызы, сипаты, әдістері, мерзімі) сипаттама беріледі, деректер белгіленеді, акт жасаушылардың тұжырымдары, ұсыныстары, қорытындылары мазмұндалады. Мәтін тармақтарға бөлінуі немесе кесте пішінінде жасалуы мүмкін.

Қосымша берілетін болса, қосымша туралы белгі мәтіннің соңында белгіленеді. Мұндай жағдайда қосымша "Құжаттау мен құжаттаманы басқарудың " Үлгілік ережелерінің 36- тармағына сәйкес ресімделеді.

Мәтіннің соңында (қосымша туралы белгінің астына), егер қажет болса акт даналарының саны, нормативті ережелерге сәйкес әр дананың немесе олар жіберілген адресаттың тұрғылықты орны көрсетіледі.

Жалпы бланкіге ресімделген АКТІНІҢ деректемелері төмендегілер болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының немесе эмблема, логотиптің, тауарлық қызметтің белгісі;

2. ұйымның атауы - құдат авторы, жоғарғы орган;

3. құжат түрінің атауы - АКТ;

4. датасы;

5. нөмірі;

6. құжаттың тақырыбы;

7. басып шығарылған орны;

8. мәтіні;

9. қосымша (егер бар болса)

10. бекіту белгісі;

11. келісілгені туралы белгі;

12. қолы (актінің кіріспе бөлімінде немесе комиссия құру туралы реттеуші құжатта көрсетілген тұлғалардың аты- жөні көрсетілген, фамилиялары толық жазылады, лауазымдары көрсетілмейді)

13. құжаттың орындалғаны және іске жөнелтілгені туралы белгі.

Мұрағат қызметі қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Құжаттар құндылығына сараптама жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрі - Ұлттық мұрағат қоры) құрамына жатқызылған құжаттарды іріктеу, оларды мемлекеттік мұрағаттың тұрақты сақтауына тапсыруға дайындау және Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылмаған құжаттардың сақталу мерзімдерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Құжаттарды өңдеу жыл сайын ведомстволық мұрағаттың жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оның барысында құжаттар құндылығына сараптама жасалып, тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы істердің және жеке құрам бойынша істер жиынтық тізімдемелерінің жекелеген бөлімдері мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті жасалады, ресімделеді.

2. 2. Мұрағат ұйымында актіні дайындау мен ресімдеудің

өзіндік ерекшеліктері.

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер

Бұл актілер әрбір мұрағаттық қор бойынша жеке жасалады, оларға сол қор шегінде дербес реттік нөмір беріледі. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті (6-қосымша) істер тізімдемесімен қатар жасалады. Актіге сақтау мерзімдері өтіп кеткен істер мен құжаттардың тақырыптары енгізіледі.

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті 2 дана етіп жасалып, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарға беріледі.

Сақталу мерзімдері өтіп кеткен құжаттар тиісті кезеңнің істер тізімдемесі мен жоюға бөлу туралы актісі бекітілгеннен кейін ғана жоюға бөлінеді.

"Қызметте пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттік төрағасының "Таратылуы шектелген құжаттарды, істерді және басылымдарды есепке алудың, пайдаланудың және сақтаудың Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 29 тамыздағы N 8 бұйрығында(тіркеу N 1248) белгіленген тәртіп бойынша жойылады.

Ведомстволық мұрағаттар

қызметінің Негізгі ережелеріне

6-қосымша

Сақтауға жатпайтын құжаттарды

жоюға бөлу туралы актінің үлгісі

Жоғары тұрған органның Бекітемін

ресми атауы Ұйым басшысы

Ұйымның ресми атауы лауазымының атауы

ТАӘ

(қолы) Уақыты

№__АКТ

Жасалған жері

Сақтауға жатпайтын құжаттарды

жоюға бөлу туралы

( құжаттардың сақталу мерзімі көрсетіліп жасалған тізімдеме аты; оның жарыққа шыққан уақыты және баспаның атауы) негізінде

(мұрағат қорының нөмірі мен аты) мұрағат қорының мына төмендегі істері мен құжаттары ғылыми- тарихи құндылығы жоқ және практикалық мәнін жоғалтқан деп танылып, жоюға бөлініп алынды:

р/с

Іс тақырыбы немесе істердің топтама тақырыбы
Іс датасы немесе істердің уақыт аралығы
Істің номенклатуралық индексі немесе істің тізімдемелік нөмірі
Істердің (томдар, бөлімдер) саны
Істің сақталу мерзімдері және тізбе бойынша баптардың нөмірлері
Ескертпе
№р/с: 1
Іс тақырыбы немесе істердің топтама тақырыбы: 2
Іс датасы немесе істердің уақыт аралығы: 3
Істің номенклатуралық индексі немесе істің тізімдемелік нөмірі: 4
Істердің (томдар, бөлімдер) саны: 5
Істің сақталу мерзімдері және тізбе бойынша баптардың нөмірлері: 6
Ескертпе: 7

Барлығы іс және құжат, жылдар

(цифрмен және жазбаша)

жылдарға арналған тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам бойынша істердің жиынтық тізімдемелері бөлімдері сараптау - тексеру

(уәкілетті органның ресми атауы)

комиссиясының хаттамасымен бекітілді.

Құжаттарды өңдеу жұмыстарын

жүргізген тұлға лауазымының

атауы (толық аты-жөні)

( қолы)

Келісілді Мақұлданды

Уәкілетті орган СТК-ның

жылғы «__» № ___ жылғы « » № ___

хаттамасы бойынша хаттамасы бойынша

Формат А4 (210х297)

Істерді мұрағатқа тұрақты сақтауға қабылдау актісі

Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттары ұйым күші мен қаражаты есебінен мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырылуы тиіс. Орындалған құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытынды кезеңі болып табылады. Құжаттарды мұрағатқа сақтауға іріктеу іс қағаздарын жүргізу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын жүргізіледі.

Тапсыру мерзімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарында уақытша сақтау тәртібі мен мерзімдері туралы Нұсқауын бекіту туралы" N 83 бұйрығы (тіркеу N 1355) бойынша реттеледі.

Істерді тапсыру тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесі негізінде мемлекеттік мұрағатпен келісе отырып, ұйым басшысы бекіткен уақыт кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Тізімдеменің қорытынды жазбасында көрсетілген іс саны мен нақты іс саны арасында айырмашылықтар шықса, тізімдемеге жаңа қорытынды жазба жасалып, онда тапсырылған нақты істердің көлемі мен жоқ істердің нөмірлері көрсетіледі.

Істерді тапсыру істерді қабылдап алу актісімен ресімделеді. Актіге тіркелетін анықтамаға жоқ істердің нөмірлері, олардың жоқ болу себептері жазылып, іздестіру шаралары көрсетіледі. Тұрақты және уақытша сақталатын істер кәсіпорынның мұрағатына олар аяқталғаннан кейін бір жылдан кейін беріледі. Егер ұйым құқықтық мұрагерлік құқынсыз таратылған болса, оның істері жеке құрам бойынша құжаттарымен бірге мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырылуы тиіс.

Ведомстволық мұрағаттар

қызметінің Негізгі ережелеріне

15-қосымша

Істерді мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға

қабылдап алу актісінің үлгісі

Бекітемін Бекітемін

Ұйым басшысы Мемлекеттік мұрағат

лауазымының атауы басшысы лауазымының

атауы

толық

(қолы) аты-жөні

толық аты-

(қолы) жөні

Уақыты

№__АКТІ

Жасалған жері

Істерді мемлекеттік мұрағатқа

тұрақты сақтауға қабылдап алу

(актіге негіз болған жәйттер: құжаттарды уақытша сақтау мерзімінің өтуі, ұйымның таратылуы т. б) байланысты тапсырады,

(ұйымның ресми атауы)

ал мынадай істер мен

(мемлекеттік мұрағаттың ресми атауы)

жылдар істерінің сақиық көшірмелерін және оларға арналған ғылыми- анықтамалық аппараты тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдайды:

№ р/с
Істер жиынтық тізімдемесі аты мен нөмірі
Істер жиынтық тізімдемесі саны
Қабылданған істердің аса құнды істердің саны
Құжаттардың сақтық көшірмелері саны
Ескертпе
№ р/с: 1
Істер жиынтық тізімдемесі аты мен нөмірі: 2
Істер жиынтық тізімдемесі саны: 3
Қабылданған істердің аса құнды істердің саны: 4
Құжаттардың сақтық көшірмелері саны: 5
Ескертпе: 6

сақтық көшірмелері қабылданды.

(цифрмен және жазбаша)

Тапсырғандар: Қабылдағандар:

Тапсырушылардың Қабылдаушылардың

лауазымдық атаулары лауазымдық атаулары

Қолдары және толық Қолдары және толық

аты- жөндері аты- жөндері

Уақыты Уақыты

Формат А4 (210х297)

Электрондық құжаттарды мұрағатқа тұрақты

сақтауға қабылдау актісі

Электрондық құжаттың ақпараттық табиғатына тән бір ерекшелік - ол қағаз құжаттарға қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады. Электрондық құжаттар мұрағаты - бұл іс қағаздарын жүргізу қызметі мен құжат айналымын автоматтандыруды арнайы бағдарламалармен жабдықтаушылар ойлайтындай жай ғана дербес сервер, компьютер немесе ақпаратты дерек көздерін сақтайтын орын ғана емес; бұл және пайдаланушыға керекті электрондық ақпаратты тауып беруге арналған іздестіру жүйесі де ғана емес. Жалпы, мақсат, міндеті жағынан электронды құжаттар мұрағаты (соның ішінде әсіресе мемлекеттік мұрағат) кәдімгі дәстүрлі мұрағаттан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл, ең әуелі, құжаттардың құндылығын сараптаудан бастап, оларды пайдалануға дейінгі мұрағаттық сақтау ісінің бүкіл циклін қамтамасыз ететін технологиялар мен өндірістік процестер болып табылады. Ол құжаттардың есебін алу, сипаттау, сақталуын қамтамасыз ету және ғылыми-анықтамалық аппараттарын жетілдіру секілді іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік өлшемдерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық негіздегі құжаттар жарық тікелей түспейтін жағдайда сақталады және ауа құрамындағы қауіпті қоспалардан (күкіртті газдан, күкіртті сутегінен, сынап буларынан, азот тотығынан, аммиактан) және электромагниттік-ионизациялық (радиациялық) әсерлерден қосымша қорғалуы тиіс.

Электрондық негіздегі құжаттарды есепке алу бірлігі ретінде бірыңғай бағдарламалық-ақпаратты нысананы құрайтын бір файл немесе бірнеше файл жазбалары бар сақтау бірліктері және оған ілеспе құжаттама алынады.

Ведомстволық мұрағаттар

қызметінің Негізгі ережелеріне

16-қосымша

Электрондық негіздегі істерді мемлекеттік мұрағатқа

тұрақты сақтауға қабылдап алу актісінің үлгісі

Бекітемін Бекітемін

Ұйым басшысы Мемлекеттік мұрағат

лауазымының атауы басшысы лауазымының

атауы

толық

(қолы) аты-жөні

толық аты-

(қолы) жөні

Уақыты

№__АКТІ

Жасалған орны

Электрондық негіздегі істерді мемлекеттік мұрағатқа

тұрақты сақтауға қабылдап алу

(актіге негіз болған жәйттер: құжаттарды уақытша сақтау мерзімінің өтуі, ұйымның таратылуы т. б) байланысты тапсырады,

(ұйымның ресми атауы)

ал мынадай электрондық істер мен

(мемлекеттік мұрағаттың ресми атауы)

жылдардың электрондық негіздегі аса құнды істері сақтық көшірмелерін және оларға арналған ғылыми- анықтамалық аппаратты тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдайды.

№ р/с
Істер жиынтық тізімдеме-сінің аты мен нөмірі
Істер тізімдеме-сі даналала-рының саны
Қабыл-данған істердің саны
Істер- дің көлемі
Аса құнды істердің саны
Аса құнды істердің көлемі
Ілеспелі құжатта-маның мәтіндік құрамы
Ескерт-пе
№ р/с: 1
Істер жиынтық тізімдеме-сінің аты мен нөмірі: 2
Істер тізімдеме-сі даналала-рының саны: 3
Қабыл-данған істердің саны: 4
Істер- дің көлемі: 5
Аса құнды істердің саны: 6
Аса құнды істердің көлемі: 7
Ілеспелі құжатта-маның мәтіндік құрамы: 8
Ескерт-пе: 9

іс, соның ішінде Мбайт

(цифрмен және жазбаша) (цифрмен және жазбаша)

көлеміндегі аса құнды қабылданды.

(цифрмен және жазбаша)

Тапсырғандар: Қабылдағандар:

Тапсырушылардың Қабылдаушылардың

лауазымдық атаулары лауазымдық атаулары

Қолдары және толық Қолдары және толық

аты- жөндері аты- жөндері

Уақыты Уақыты

Формат А4 (210х297)

Істердің бүлінуі туралы актілер

Мәтінінде немесе негізінде анықталған физикалық ақауы бар істердің жай-күйі есепке алу журналында тіркеледі және оларды арнайы өңдеудің (қалпына келтіру, залалсыздандыру, дәрілеу, шағын фильм жасау, көшірмелеу, электрондық пішінге аудару, орнын ауыстыру) түрлері жазылып, физикалық-химиялық жағдайын жақсарту жөнінде қолданылатын нақты шаралар көрсетіледі. Істер пайдалану үшін және арнайы өңдеуден өткізу үшін мұрағат қоймаларынан алынып беріледі. Бұл тапсырыстармен ресімделіп, істерді беру кітабында (8-қосымша) тіркеледі. Құжаттарды сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік өлшемдерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер немесе боялған әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы жарық түсіруге рұқсат етіледі. Ауа райы реттелмейтін мұрағат қоймаларында ғимаратты тиімді тәсілдермен жылыту, желдету және ауаны ылғалдату (құрғату) жүзеге асырылады. Iстер уақытша пайдалануға ұйым қызметкерлері үшін он күннен аспайтын мерзімге, ал басқа ұйымдар үшін - бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Істер сот, тергеу, прокуратура органдарына Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

Iсті берген кезде оның орнына мұрағат қорының, тізімдеменің, істің нөмірлері, пайдаланушының фамилиясы, берілген және қайтарылған уақыты көрсетіліп орынбасар-карта қойылады. Іс мұрағат қоймасына қайтарылғаннан кейін орынбасар-карта алынады.

Iсті бергенде және қайтарғанда пайдаланушының қатысуымен іс құжаттарының парақтар нөмірлері және жай-күйі тексеріледі.

Істердің бүлінуі, жекелеген парақтардың жетіспеушілігі орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес шаралар қабылдау үшін ұйым басшысына тапсырылатын акті жасалады.

Ведомстволық мұрағаттар

қызметінің Негізгі ережелеріне

18-қосымша

Істердің қайта қалпына келместей бүлінуі

туралы актінің үлгісі

Жоғары тұрған органның Бекітемін

ресми атауы Ұйым басшысы

Ұйымның ресми атауы лауазымының атауы

ТАӘ

(қолы) Уақыты

№__АКТІ

Жасалған жері

Істердің қайта қалпына келместей бүлінуі

туралы

нәтижесінде № мұрағат

(жүргізілген шараның аты)

қорындағы істердің арасында қайта қалпына келместей бүлінгендері бар екені анықталды.

№ р/с
Істер жиынтық тізбесінің №
Іс нөмірі
Парақтар саны
Бүлінген істер тақырыбы
Уақыт аралығы
Ескертпе
№ р/с: 1
Істер жиынтық тізбесінің №: 2
Іс нөмірі: 3
Парақтар саны: 4
Бүлінген істер тақырыбы: 5
Уақыт аралығы: 6
Ескертпе: 7

Барлығы іс анықталды.

(цифрмен және жазбаша)

Ведомстволық мұрағат басшысы толық аты- жөні

(қолы)

Уақыты

Келісілді Мақұлданды

Уәкілетті орган СТК-ның Ұйым ОСК-ның

жылғы « ___» № ___ жылғы « ___» № ___

хаттамасы хаттамасы

Мемлекеттік және мемлекеттік

емес ұйымдарда құжаттау

мен құжаттаманы басқарудың

Үлгілік ережелеріне

26- қосымша

Мемлекеттік органның атауы(мемлекеттік ұйымның)

АКТ

№ (уақыты)

Басылған жері Басылған жері

(мемлекеттік тілде) (орыс немесе басқа тілде)

Құжаттарды қорғау құралын Бекітемін

жоюға бөлу туралы Мемлекеттік орган

басшысының

лауазым атауы

(мемлекеттік ұйымның)

қолтаңбаның

толық мәні

Уақыт

Негіз ұйым басшысының (уақыты) № « . . . тексеру жүргізу туралы» бұйрығы (немесе басқа құжат: жұмыс жоспары, жоғары тұрған ұйымның тапсырмасы т. б )

Құрамында төмендегідей комиссиялармен құрылды:

Комиссия төрағасы

қызметі, тегі, бас әріптері

Комиссия мүшелері: 1.

қызметі, тегі, бас әріптері

2.

қызметі, тегі, бас әріптері

Келесі құжаттарды қорғау құралдарының түрі жоюға алынды:

№ р/с
Атауы
Саны
Ескертпе
№ р/с: 1
Атауы: 2
Саны: 3
Ескертпе: 4

данада(ларда) дайындалды:

данада(ларда) дайындалды:

1-ші дана:№ . . . істе

2-ші дана:(адресат)

Комиссия төрағасы: (өз қолы) Қолтаңбаның толық мәні

Комиссия мүшелері: (өз қолы) Қолтаңбаның толық мәні

Сақтауға жататын мөр-бланкалі өнімді тіркеу және беру журналына белгі енгізілді, зақымданған түрлері көлемде жойылды.

(сан және цифрмен) (жоюдың түрі)

Қызметінің атауы (өз қолы) Қолтаңбаның толық мәні

Табылмаған істер туралы актілер

Мұрағаттық қор аясындағы істердің нақтылығы мен жай-күйін тексеру барысында олардың нақты саны мен физикалық-химиялық жай-күйі анықталады, есепке алудағы кемшіліктері реттеледі, жоқ істерді іздестіру ұйымдастырылады.

Тұрақты сақтаудағы істерді тексеру кем дегенде 5 жылда бір рет, уақытша сақтаудағы (10 жылдан жоғары) және жеке құрам бойынша істерді тексеру - 10 жылда бір рет, электрондық негіздегі құжаттарды тексеру - 3 жылда бір рет жүргізіледі. Кезектен тыс тексеру істерді басқа мұрағат қоймасына ауыстыруға дейін және одан кейін; оларды ауыстыруға (эвакуациялауға) мәжбүр еткен төтенше жағдайлардан немесе мұрағат қоймасына бөтен тұлғаның еніп кетуінен кейін; ведомстволық мұрағат басшысы ауыстырылған кезде; ұйым қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде жүргізіледі. Тексеру кезінде тізімдемеге енгізілген мәліметтер іс мұқабасындағы мәліметтермен салыстырылады. Iстер тізімдемесіне және басқа да есепке алу құжаттарына қандай да болмасын белгілер немесе жазбалар жасауға рұқсат етілмейді.

Iстердің жетіспейтіні анықталған кезде оларды іздестіру ұйымдастырылады, істерді беру жөніндегі есепке алу құжаттары зерттеледі, жанында тұрған мұрағаттық қорлар, сақталуға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер, бұрын жасалған тексерудің актілері тексеріледі. Iздестіру тексеріс аяқталғаннан кейін жыл бойына жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жүйелеу және оның түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТҮСІНІК БЕРУ ТУРАЛЫ
АКТ - ның тиімді тәжірибесі
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Ақпарат тарихы және анықтамасы
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz