Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
1. 1. Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
1. 2. Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
1. 3. Неологизмдерді аудару әдістері
1. 4. Фразеологизмдерді аудару мәселелері
ІІ Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ағылшын тілінен аударма барысында өз ана тілімізден ағылшын тіліндегі сөзге мағынасы жағынан жақын болатын сөзді тауып алуымыз керек. . :аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселісін;
Ағылшын және орыс тілдеріндегі сөз мағынасы бір біріне толықтай сәйкес келеді. Контекстентыс, (эквивалентпен ) беріледі. , сын есімдер, жер - су аттары, күн, апта, ай атаулары, . Мысалы: Canada, twelve, Tuesday, inflation, т. б. (варианттық) сәйкестікпенкезігеміз. . , сондықтанаудармашы контекст рөлін, . Мысалы, изменчивость (өзгеріс), вариативность (түрлілік), неустойчивость (тұрақсыздық) . Мысалы:
Variability of temper - көңілөкүйдіңөзгеруі
Data variability - мәліметтүрлілігі
Variability of prices - бағатұрақсыздығы
Ағылшын - бар, де . Мысалы: I 7 мағынасынанішінде тек ғана вовлекать (қызықтыру, тарту) сөзісәйкескеледі. Егер оны мен . Сондықтан да мағынанытолық беру үшін оны былайаударғанжөнболар: Мен . де , бірақмағыналарбір-біріненерекшеленеді . табу контексте . 14 мағынасы бар. бар, ал олардыңөздері де . Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. . бар. Мысалы:
Open - (кітапты, терезені)
Discover - (жаңажерлерді)
Reveal - ( құпияны)
І. Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
1. 1. Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
Ағылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру, префикстік және суффикстікәдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы - біріктіру (сomposition) . Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О. Д. Мешков [9] . Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын сөзжасамының қыр-сырын жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды төмендегідей санамалап шығады:
- Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
- Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы.
- Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы.
- Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы.
- Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы.
- Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен байланысы проблемасы.
- Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы.
- Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы.
- Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы.
Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді:
І. Сөз таптарына қарай :
- Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-box;
- Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-headed;
- Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to blackmail;
- Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;
- Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;
- Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight, ninety-one.
ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:
Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general public, space age, iron-clad;
Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер «o» немесе «i» дауысты яки «s» дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman, tradesfolk, Anglo-Saxon;
Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады, мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley, bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades, good-for-nothing.
ІІІ. Құрылымына қарай :
Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt, hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross, chatter-box, whitewash;
Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked beans, runner-up, horn - rimmed, factory-packed, science-based, chain-smoker;
Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы, cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse effect, one-parent family;
Қысқарған күрделі сөздер, мысалы . VJ-day, motocross, intervision, Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man.
ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай:
Бағыныңқы күрделі сөздер. Мұнда компоненттердің бірі семантикалық жағынан негізгі және басыңқы болады да, екіншісі бағыныңқы болады, бұл бағыныңқылық қатынас түрліше болуы мүмкін: салыстырмалы қатынаста, мысалы, honey-sweet, eggshell-thin, шектеу қатынасында, мысалы, breast-high, knee-deep, екпіндік қатынаста, мысалы, dog-cheap, обьектілік қатынаста, мысалы, gold-rich, себептік қатынаста, мысалы, love-sick, кеңістік қатынаста, мысалы, top-heavy, мезгілдік қатынаста, мысалы, spring-fresh, субьектілік қатынаста, мысалы, foot-sore т. б.
Екі компоненті де семантикалық жағынан тең дәрежедегі салаласқан күрделі сөздер . Бұл топқа бір кісі атқаратын екі қызметті білдіретін secretary-stenographer, woman-doctor т. б. күрделі сөздер жатады. Аталған топқа редупликация арқылы жасалған күрделі сөздер де жатады: fifty-fifty, no-no, pooh-pooh, pretty-pretty, blah-blah және өзара дыбыстық алмасуға ұшыраған редупликация арқылы жасалған күрделі сөздерді де жатқызуға болады: criss-cross, walkie-talkie, razzle-dazzle, bibble-babble, chit-chat.
V. Күрделі сөздер компоненттерінің орналасу тәртібіне қарай тура тәртіпті күрделі сөздер, мысалы, kill-joy және жанама тәртіпті күрделі сөздер болып бөлінеді, мысалы, nuclear-free, rope-ripe т. б.
Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады: екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.
Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.
Күрделі сөздер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді. Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына, формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Мысалы, ағылшын тілінде foot сөзінің қатысы арқылы foot way (жүргінші жолы, бір аяқ жол) foot wear (аяқ киім) foot ball (футбол добы), football (футбол), footballer (футболшы), footmark (із), footpad (жүргінші жолы, бір аяқ жол), footstool (аяққа арналған шағын орындық), foot-warmer (аяқ жылытқыш), footnote ( сілтеме), footstep (із), footprint (аяқ алынған таңба (із) ), foot-race (жүгіруден жарыс), footpath (бір аяқ жол), footmark (із), footfall (басылған аяқ дыбысы), т. б. күрделі зат есімдер жасалынған. Мұнда күрделі зат есімдердің компоненттерінің бірігуі, қосарлануы немесе тіркесуінің өзі мағына өзгертетіні көңіл аудартады. Бұл мысалдарда foot және ball сөздерінің тіркесе байланысуы, басқаша айтқанда бөлек жазылуы аяқпен ойнауға арналған ойын құралы деген мағынаны білдірсе, олардың бірігіп келуі, яғни бірге жазылуы доппен ойналатын ойын деген мағынаны беріп тұр. Олай болса, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің компоненттерінің бірігуі мен тіркесуі мағына ажыратушылық қызмет атқарады.
Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:
- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;
- A+N+Suf-ed моделі - сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;
- Num. car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year, two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей -s қосымшасы жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-corner, four-square;
Num. car+N моделінен a) Num. car+N=N, яғниесептік сан есім түбірі +екі зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;
- Num. ord+N моделі - реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-night;
Num. ord+ шағын моделіжасалады:
a) Num. ord+N=Nреттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен байланысқаншағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-year goods, first-hand newspaper;
- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі:world-wide, blood-thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;
- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі: panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-powdered, jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built, paper-made, science-based, war-damaged, country-bred;
- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue, deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good, light-green, Anglo-French, socioeconomic, physicotechnical;
- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-spreading, far-reaching;
- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house, handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad house, greybeard, light-skirts;
- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі:cut-throat, pickpocket, punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton, selectman;
- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің ІI формасының түбірі:soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-shaven;
- N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-forming, acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting, fur-bearing;
- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve ;
-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі:humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping boy, mocking bird;
- V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy;
- D+N моделі-үстеу + зат есім түбірі: output, after-life, after crop, aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product, downtown, overcoat, undershirt, uproad;
-D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-helpful;
Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары құрамындағы компоненттердің негізгі тура мағынасына байланысты алынуы да көп кездесетін жайт. Мысалы, handbag күрделі зат есімі hand (қол) және bag (сөмке) сөздерінен бірігу арқылы жасалған да, қол сөмке деген мағынада қолданылады. Екі компонент те өз тура мағыналарында қолданылған. Осы жағдайларды назарға алғанда, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің құрамындағы компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасына міндетті түрде әсері болады деген қорытынды жасауға болады. Алайда компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасында дараланып көрініп тұруы керек деген пікірді ұстанбаймыз, басқаша айтқанда, күрделі сөз екі сөзден құралса сол екі сөздің аражігі ажырап тұрады деген пікірді қолдап отырған жоқпыз. Керісінше, екі түрлі мағына білдеретін сөздер күрделі сөз жасау үшін біріккенде олардың мағынасы біртұтастық сипатқа ие болады. Өйткені күрделі сөздердің мағыналарының тұтастығына қарсы келу ағылшын тілінде қолданылатын “грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған екі немесе бірнеше түбірдің бір лексикалық бірлікке бірігуін күрделі сөз деп атаймыз” [10] деген ережеге де қарсы келу болып шығады. Күрделі сөздегі жаңа лексикалық тұтастық жаңа бір мағынаны білдіреді. Сол біртұтас мағынаны күрделі сөздің мағынасы деп есептейміз. “Біртұтастық” терминінА. И. [10, 56 б. ] .
Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән. Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді. Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer (шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген мағыналарды білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess - шахмат және player-ойыншы сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса), chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж) мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі black сөзі жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар) blackmail күрделі сөзін бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай жасалған күрделі сөздер қатарына жатады. Сонда біртұтас мағына дегенде күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.
1. 2. Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
Кірме сөздер дегеніміз - өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер əрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен əр түрлі қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Əрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз немесе көптігі тарихи жəне психологиялық жағдайлармен де байланысты болып келеді. Парсы тілінің лексикасында араб тілінен енген көптеген сөздер бар. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп . [13-139б]
Тілдерге кірме сөздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады.
Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді: мысалы, темір, алтын, орамал, сандық, т. б. Мұнымен қатар олардың ішінде мəдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады: əдебиет, ғылым, мəдениет, кітап, т. б.
Ауызша кірме сөздерге өте-мөте тəн ерекшелік сол - олар қабылдаушы тілдің дыбыстық (фонетикалық) заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сəйкестендірілген. Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер, көбінесе ғылыми-техникалық əдебиет пен өнер, т. б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласында бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобының білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болады да, олардың тілден тілге ауысуы, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Сөздердің интернационализм тобының ішінде, əсіресе, грек, латын тілдерінің элементтері, кейде осы екеуінің қосындысымен жасалған сөздер жиі ұшырасады. Ғылыми-техникалық терминдерді жасауда: телефон (грек тілінен tele - алыс, phone - дыбыс, демек алысқа естілетін дыбыс), автомобиль (грек тілінен autos - өзі, латын тілінен mobilis - қозғалушы, жүруші), т. б. жасалғанда, оларды атау үшін, сол кездегі дəстүр бойынша, ежелгі классикалық тілдердің сөздері халықаралық ғылыми терминдердің жасалып келген негізі ретінде пайдаланған. Жазбаша түрде енген сөздерге тəн қасиеттің бірі сол - олардың басым көпшілігі өзінің дыбысталу түрін, жазылу қалпын сақтайды. Шет тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Дегенмен де уақыт озған сайын басқа тілден енген сөздер əбден кірігіп, фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жақтан игеріліп, сіңісіп кетеді. Басқа тілдік сөздердің қабылдаушы тілдің фонетикалық ерекшеліктеріне икемделіп игерілуі құбылысын шет тілдік бір сөздің əрбір тілдің дыбыс заңдарына сəйкес əр түрлі болып өзгеруінен айқын аңғаруға болады. Мысалы, орыс тілінің дуга, сумма деген сөздері қазақ тілінде доға, сома болып өзгеріледі.
Шет тілден сөз қабылданғанда, сөздің (оның) ішкі формасы, дəлелдемесі ұмытылады. Мысалы: “бидің бір түрін” білдіретін фокстрот шығу тегі жағынан ағылшынның foxtrat сөзі, сөзбе-сөз аударғанда “түлкінің қадамы” (лисий шаг) деген сөз. Орыс тілі мен қазақ тілінде, сондай-ақ басқа тілдерде де бұл сөздің арғы төркіні, шығу тегі мүлдем ескерілмейді, ол жағы бізге тіптен белгісіз, оған мəн беріп жатқан ешкім де жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz