Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Аударма туралы мәлімет
1.1. Ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма
теориясының негіздері»
1.2.Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
1.3. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері
мен трансформациялық модельдері»
1.4. Сөзбе.сөз аудару тәсілінің қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.
Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз.

1 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. – Алматы: Арыс, 1999. – 215 б.
2 Бархударов Л.С. Уровни языковой иерархий и перевод. Тетради переводчика. – М., 1969. – 112 c.
3 Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – М.: Высшая школа, 1983. – 303 с.
4 Бреус Е.В. Основы теорий и практики перевода с русского на английский язык: учеб. пос. – М.: Изд УРАО, 2006. – 208 с.
5 Комиссаров В.Н. Слово о переводе: очерки лингвистических учений о переводе. – М.: Международные отношения, 1973. – 214 с.
6 Гарбовский И.Н. Теория перевода. – М.: Изд. МУ, 2004. – 544 с.
7 Федоров А.В. Введение в теорию перевода. – М., 1953. – 336 с.
8 Попович А. Проблемы художественного перевода. – М.: Высшая школа, 1980. – 199 с.
9 Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука, 1976. – 245 с.
10 Смирницкий А.И. Лексикология английского языка / Изд. Литературы на иностранных языках. Второе издание. – М., 1956. – 260 с.
11 Agatha Christie Selected stories. – M.: Progress Publishers, 1976. –
334 p.
12 Ахметов Ә. Ғайып болған миллион / Кристи Агата. Әңгімелер. – Алматы: Жалын, 2003. – 160 б.
13 Миньяр-Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод – М.: Воениздательство, 1980. – 237 с.
14 Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. – М.: Воениздательство, 1973.
– 280 c.
15 Ермагамбетова А.С. Сущность и значения национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода: дисс. ... канд. фил. наук. – Алматы, 1972. – 185 c.
16 Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Аударма туралы мәлімет
1.1. Ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма
теориясының негіздері
1.2.Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
1.3. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері
мен трансформациялық модельдері
1.4. Сөзбе-сөз аудару тәсілінің қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-
салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің
негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік
беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың
жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау
және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын
нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз.
Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі
әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер
алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың
қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған
күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда
түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып
табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.
Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып,
соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі
саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және
жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне
аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында
қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді
молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз.
Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі
трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да,
осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. Бұған
дейінгі еңбектерді саралап, озық тәжірибелерінен үлгі алу еліміз бен өзге
халықтар әдебиеті мен мәдениеті арасындағы байланыстарды нығайтуға,
өркендетуге айтарлықтай септігін тигізерін ескерсек, шет тіліндегі, соның
ішінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің сипаты, олардың қазақ тіліне
аударылу жолдары туралы ғылыми зерттеулер зәрулігі мен қажеттілігі анық
сезіледі.
Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді құрылымдық және
семантикалық тұрғыдан салыстыра-салғастыра зерттеу негізінде оларды қазақ
тіліне берудің трансформациялық модельдерін екі халықтың ойлау
ерекшеліктерін және ұлттық құндылықтарын зерттеп ұсыну. Соның негізінде
төмендегі міндеттер қойылды:
– жалпы аударма теориясының негізгі бағыттарын ағылшын тілін
қазақ тіліне аударма жасаудағы негізгі бағыттарын айқындап
жүйелеу және зерттеу жұмысына теориялық негіз дайындау;
– ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне
трансформациялауда аударманың тиімді түрлерін теориялық және
практикалық тұрғыдан айқындау;
- ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және
олардың семантикалық мағыналарын талдау;
– қазақ тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және

– ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің құрылымдық
және мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
– ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі
баламаларын табу барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне
және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы
трансформациялық модельдерін ұсыну;
– ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің іштей трансформациялануын
когнитивтік лингвистика ілімі тұрғысынан айқындау.
Зерттеудің негізгі дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздері
ретінде ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша аударма сөздіктер, ағылшын
тіліндегі классикалық әдебиеттердің аударма материалдарынан алынған екі
мыңнан астам кеспе қағаздар қолданылды.
Теориялық құндылығы. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде
берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау арқылы, онда
қолданылатын жалпы ұстанымдар мен ұғымдарды талдап көрсету негізінде тек
ағылшын тіліндегі немесе қазақ тіліндегі трансформациялық модельдерге
қатысты теорияның ғана емес, жалпы аударма теориясы саласының сипатын
жүйелеуге мүмкіндік пайда болады. Зерттеу барысында алынған ғылыми
нәтижелер мен тұжырымдар жалпы аударма теориясы, этнолингвистика, ағылшын
және қазақ тіл білімі, лингвомәдениеттану мәселелерін жан-жақты сұрыптауға,
олардың теориялық принциптерін негіздеуге көмектесе отырып, жаңа ғылыми
бағыттардың өзек ала бастауына әсер етеді.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармалардан
жинақталған тілдік деректер қазақ тілінің сөздік құрамын байытып, сол
арқылы жалпы тіл білімінің де сұранысын өтей алатындықтан, соңғы жылдарда
іргесі қаланып жатқан лингвоконцептология ілімін де дамытар маңызды
арналар қатарына жатқызуға болады.
Диссертацияда ұсынылған қағидалар мен ғылыми талдаулар аударматанудың
теориялық мәселелерін дамыта келе, қазіргі кездегі терминдерге қатысты
көкейтесті проблемаларды шешуге де ат салысып, жалпы аударматану ғылымының
теориялық тұжырымдарын дамытуға өз үлесін қосады.
Практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын
тіліндегі сөздердің аударылу тәртібін қазақ тіліне аудару жұмыстарында,
шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады.
Курстық жұмыста ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл
ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен,
жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ
тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы және салғастырмалы
грамматика пәндерін оқытуда, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі біріккен
сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.
І. Аударма туралы мәлімет
1.1.Ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма
теориясының негіздері
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер,
А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды
жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов,
С.И.Кауфман, Т.Н.Михельсон, Э.Ф.Скороходько т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда
аударматанудың іргесін бекіте түскені нақты деректермен дәйектеле
түсіндірілген. Ал кейінгі жылдарда орыс және қазақ тілдерінің аударма
мәселесі жөнінде отандық ғалымдардан Ө.Айтбаев, А.М.Алдашева қалам тартса,
герман тілдері мен қазақ тілі аудармасының кейбір мәселелері М.Ш.Құрманов,
Р.Нұрғалиев еңбектерінде сарапталды. Ағылшын, қазақ аударма теориясы
бойынша ұлттық-мәдени реңдегі сөздерді беру мәселелері
А.С.Ермағамбетованың, А.Исламның еңбектерінде қарастырылады.
Аударма саласында еңбек еткен ғалымдардың әрқайсысы оны әр қырынан
қарастырған. Мәселен, А.М.Алдашева аударматану ғылымының негізгі міндеттері
мен “аударма”, “баламалылық” ұғымдарының мәнін ашып, аударма мәтінге
қойылатын талаптарды анықтап, аударма сапасының көрсеткіштерін белгілеп
берді [1, 74 б.].
Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа
таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады. Демек
аударманың мақсаты-түпнұсқа тілді білмейтін оқырманды аударма арқылы өзге
елдің әдет-ғұрпымен, мәдениетімен етене таныстыру. Л.С.Бархударов аударма
ұғымына “белгілі бір мәтіннің мағынасын сақтай отырып қайта құрылуы” [2, 3
б.] деп, А.В.Федоров: “аударма дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен
баяндалған тексті екінші тілдің құралдарымен барынша толық, әрі дәл
жеткізу” [3, 15 б.] деп анықтама берген. Олай болса, аударма – түпнұсқаның
басқа тілде қайта өңделіп жасалуы, тіларалық және мәдениетаралық қарым-
қатынас процесі, тіларалық трансформация, сөз жасау өнері.
Ғалымдар аудармаға өзіне тән ерекше талаптар қойып, оның қыры мен сырын
аша түсу бағытында еңбек еткен. Мәселен, көркем аударманың өз мәтініне сөз
қосып, негізгі ойдан ауытқып кетуге, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп
ұғымсыз сірестіріп қоюға болмайтындығына ғалымдар бірауыздан келіседі.
Бастапқы шығармадағы тілдік, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып, оның
көркемдік, идеялық қасиеттерін толық жеткізу аудармаға қойылар талаптардың
бірі. Осыдан келіп, аудармашыға қойылатын түпнұсқаның мағынасы мен
көркемдігін қатар беру талабы туындайды.
Е.В.Бреус аударманы тек екі тілдің байланысы ғана емес, сонымен
бірге екі мәдениеттің арасындағы байланыс та көрініс табатын тіларалық
қатынас әрекеті деп санайды [4, 19 б.].
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды.
Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол
аудармаға төрт анықтама береді: денотативті теория бойынша, “перевод есть
процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке
оригинала” деген анықтама берген [5, 32 б.]. Трансформациялық теория
бойынша, “перевод есть нечто иное, как преобразование единиц и структур
языка оригинала в единицы и структуры языка перевода” деген анықтама берген
[5, 38 б.]. Семантикалық теория бойынша, “перевод “заключается в раскрытий
сущности эквивалентных отношений между содержанием оригинала и перевода”
деген анықтама берген. Баламалық деңгейлері теориясы тұрғысынан: “модель
переводческой деятельности, основанную на предположений, что отношения
эквивалентности устанавливаются между анологичными уровнями содержания
текстов оригинала и перевода” деген анықтама ұсынған болатын [5, 62 б.].
И.Н.Гарбовский былай деп анықтама береді: “Аударма дегеніміз-
түпнұсқаның басқа тілде қайта өңдеп жасалуы; тіларалық және мәдениетаралық
коммуникация процесі; тіларалық трансформация; сөз жасау өнері” [6, 9 б.].
А.И.Федоров аударма барысында мынадай жағдайларға баса көңіл бөлу керек
деп есептейді:
1 Түпнұсқа тілде кездесетін сөздердің барлығы дерлік аударма тілдің
сөздік қорында кездесе бермейді;
2 Түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі сөздердің мағынасы тек жартылай ғана
сәйкес келуі мүмкін;
3 Түпнұсқа тілдегі көп мағыналы сөздің берер мағынасы аударма тілде әр
түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін [7, 133 б.].
А.Поповичтің анықтамасына сүйенсек: “В переводе существует “мера”,
которую нельзя нарушать. Нарушение этой “меры” ведет к тому, что перевод
становится адаптацией” [8, 143 б.].
Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған.
Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық
үлгілер жатады. Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы
басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын
бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде
жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі
әрқашан болады деген заңдылыққа саяды. Семантикалық үлгі аударма үдерісінде
сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып
жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру,
сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз
қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге
болады. Аударма теориясының зерттеу нысанының бірі болып табылатын
грамматикалық трансформация жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Аударма
процесі осы трансформация кезіндегі орын алар өзгерістер негізінде
қаралады.

Ағылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру,
префикстік және суффикстік әдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде
біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе
одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы –
біріктіру (сomposition). Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің
лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды
байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда
лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз
туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде
біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын
сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде
қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз
шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О.Д.Мешков [9]. Ағылшын
тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын сөзжасамының қыр-сырын
жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды
төмендегідей санамалап шығады:
1. Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
2. Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы.
3. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы.
4. Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы.
5. Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы.
6. Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен
байланысы проблемасы.
7. Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы.
8. Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы.
9. Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы.
Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді:
І. Сөз таптарына қарай:
1. Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-
box;
2. Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-
headed;
3. Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to
blackmail;
4. Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;
5. Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;
6. Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight,
ninety-one.
ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:
1. Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз
бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general
public, space age, iron-clad;
2. Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер o
немесе i дауысты яки s дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы
байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman,
tradesfolk, Anglo-Saxon;
3. Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар
мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады,
мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-
the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley,
bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades,
good-for-nothing.
ІІІ. Құрылымына қарай:
1. Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt,
hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross,
chatter-box, whitewash;
2. Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі
сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked
beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based,
chain-smoker;
3. Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы,
cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse
effect, one-parent family;
4. Қысқарған күрделі сөздер, мысалы. VJ-day, motocross, intervision,
Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man.
ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай:
1. Бағыныңқы күрделі сөздер. Мұнда компоненттердің бірі
семантикалық жағынан негізгі және басыңқы болады да,
екіншісі бағыныңқы болады, бұл бағыныңқылық қатынас түрліше
болуы мүмкін: салыстырмалы қатынаста, мысалы, honey-sweet,
eggshell-thin, шектеу қатынасында, мысалы, breast-high, knee-
deep, екпіндік қатынаста, мысалы, dog-cheap, обьектілік
қатынаста, мысалы, gold-rich, себептік қатынаста, мысалы,
love-sick, кеңістік қатынаста, мысалы, top-heavy, мезгілдік
қатынаста, мысалы, spring-fresh, субьектілік қатынаста,
мысалы, foot-sore т.б.
2. Екі компоненті де семантикалық жағынан тең дәрежедегі
салаласқан күрделі сөздер. Бұл топқа бір кісі атқаратын екі
қызметті білдіретін secretary-stenographer, woman-doctor
т.б. күрделі сөздер жатады. Аталған топқа редупликация
арқылы жасалған күрделі сөздер де жатады: fifty-fifty, no-
no, pooh-pooh, pretty-pretty, blah-blah және өзара дыбыстық
алмасуға ұшыраған редупликация арқылы жасалған күрделі
сөздерді де жатқызуға болады: criss-cross, walkie-talkie,
razzle-dazzle, bibble-babble, chit-chat.
V. Күрделі сөздер компоненттерінің орналасу тәртібіне қарай тура
тәртіпті күрделі сөздер, мысалы, kill-joy және жанама тәртіпті күрделі
сөздер болып бөлінеді, мысалы, nuclear-free, rope-ripe т.б.
Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады:
екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық
тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.
Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән
белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке
сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.
Күрделі сөздер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде
қызмет етеді. Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына,
формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Мысалы, ағылшын тілінде foot
сөзінің қатысы арқылы foot way (жүргінші жолы, бір аяқ жол) foot wear (аяқ
киім) foot ball (футбол добы), football (футбол), footballer (футболшы),
footmark (із), footpad (жүргінші жолы, бір аяқ жол), footstool (аяққа
арналған шағын орындық), foot-warmer (аяқ жылытқыш), footnote (сілтеме),
footstep (із), footprint (аяқ алынған таңба (із)), foot-race (жүгіруден
жарыс), footpath (бір аяқ жол), footmark (із), footfall (басылған аяқ
дыбысы), т.б. күрделі зат есімдер жасалынған. Мұнда күрделі зат есімдердің
компоненттерінің бірігуі, қосарлануы немесе тіркесуінің өзі мағына
өзгертетіні көңіл аудартады. Бұл мысалдарда foot және ball сөздерінің
тіркесе байланысуы, басқаша айтқанда бөлек жазылуы аяқпен ойнауға арналған
ойын құралы деген мағынаны білдірсе, олардың бірігіп келуі, яғни бірге
жазылуы доппен ойналатын ойын деген мағынаны беріп тұр. Олай болса, ағылшын
тіліндегі күрделі сөздердің компоненттерінің бірігуі мен тіркесуі мағына
ажыратушылық қызмет атқарады.
Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің
төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:
- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear
gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather,
oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark,
cane sugar;
- A+N+Suf-ed моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім
суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;
- Num.car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year,
two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей –s қосымшасы
жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-
corner, four-square;
Num.car+N моделінен a) Num.car+N=N, яғни есептік сан есім түбірі +екі
зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five
man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;
- Num.ord+N моделі- реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-
hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-
night;
Num.ord+N моделінен төмендегідей шағын моделі жасалады:
a) Num.ord+N=N реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен
байланысқан шағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-
year goods, first-hand newspaper;
- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі: world-wide, blood-
thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-
wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;
- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі:
panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-
powdered, jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built,
paper-made, science-based, war-damaged, country-bred;
- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue,
deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good,
light-green, Anglo-French, socioeconomic,
physicotechnical;
- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі:
good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-
spreading, far-reaching;
- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house,
handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad
house, greybeard, light-skirts;
- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі: cut-throat, pickpocket,
punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton,
selectman;
- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің ІI формасының түбірі:
soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-
shaven;
- N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-
lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-
forming, acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting,
fur-bearing;
- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve;
-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі:
humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping
boy, mocking bird;
- V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy;
- D+N моделі-үстеу+зат есім түбірі: output, after-life, after crop,
aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product,
downtown, overcoat, undershirt, uproad;
- D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-
helpful;
Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары құрамындағы
компоненттердің негізгі тура мағынасына байланысты алынуы да көп кездесетін
жайт. Мысалы, handbag күрделі зат есімі hand (қол) және bag (сөмке)
сөздерінен бірігу арқылы жасалған да, қол сөмке деген мағынада қолданылады.
Екі компонент те өз тура мағыналарында қолданылған. Осы жағдайларды назарға
алғанда, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің құрамындағы компоненттердің
мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасына міндетті түрде әсері болады деген
қорытынды жасауға болады. Алайда компоненттердің мағынасы күрделі сөздің
жалпы мағынасында дараланып көрініп тұруы керек деген пікірді ұстанбаймыз,
басқаша айтқанда, күрделі сөз екі сөзден құралса сол екі сөздің аражігі
ажырап тұрады деген пікірді қолдап отырған жоқпыз. Керісінше, екі түрлі
мағына білдеретін сөздер күрделі сөз жасау үшін біріккенде олардың мағынасы
біртұтастық сипатқа ие болады. Өйткені күрделі сөздердің мағыналарының
тұтастығына қарсы келу ағылшын тілінде қолданылатын “грамматикалық тәсілдер
арқылы жасалған екі немесе бірнеше түбірдің бір лексикалық бірлікке
бірігуін күрделі сөз деп атаймыз” [10] деген ережеге де қарсы келу болып
шығады. Күрделі сөздегі жаңа лексикалық тұтастық жаңа бір мағынаны
білдіреді. Сол біртұтас мағынаны күрделі сөздің мағынасы деп есептейміз.
“Біртұтастық” терминін А.И.Смирницкий енгізген болатын [10, 56 б.].
Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән.
Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді.
Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы
компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады. Бұл
тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие
болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің
мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және
компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас
мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі
сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі
сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп
топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer
(шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің
мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген
мағыналарды білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам
деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess – шахмат және player-ойыншы
сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса),
chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы
бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black
қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж)
мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан
тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері
болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол
мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі
зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ
тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ
куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем
сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі
black сөзі жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол
үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар) blackmail күрделі сөзін
бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman
(басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз
компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының
семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman
күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам
мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай
жасалған күрделі сөздер қатарына жатады. Сонда біртұтас мағына дегенде
күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын
ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары тараушасында
қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен олардың ағылшын тіліндегі
күрделі сөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.
Вен диаграммасы
Ағылшын тілінде Біріккен сөздер Қазақ
тілінде
Вен диаграммасы
1.3. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу
тәсілдері
мен трансформациялық модельдері
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері мен
трансформациялық модельдері ағылшын тілі материалдарының негізінде
аударманың негізгі әдістері мен трансформациялық модельдеріне арналған.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдеріне
қолданылатын аударма теориясының негізгі әдістер атты тараушасында
аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және
трансформациялық модельдер талданады. Мұнда трансформация,
трансформациялық әдіс, трансформациялық модель, когнитивтік
трансформация, семантикалық немесе грамматикалық трансформация сынды
бірқатар ұғымдар туралы В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров,
А.Д.Швейцер, Л.К.Латышев, Н.Хомский, В.Г.Гак т.б. ғалымдардың пікірлері
сарапталды. Мысалы, В.Г.Гак, И.Н.Гарбовский аудармалық трансформацияны
“екі тілде де бар изоморфты тәсілдерді пайдаланудан ауытқу” деп көрсетеді
[6].
Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады.
Яғни, бір мазмұнның бірнеше түрлі формада тұлғаланып берілуі де
трансформацияның бір түріне жатады. Мысалы, ағылшын тілінде grey head
біріккен сөзі қазақ тілінде шашына ақ кіре бастаған кәрі кісі деген
мағынаны білдіреді. Дәл осы мазмұн ағылшын тілінің өзінде old man деген
қолданыспен де берілуі мүмкін. Бұл құбылыс кейде когнитивтік трансформация
деп те аталып жүр. Когнитивтік болатын себебі, мұнда тілдің тұрпат межесіне
қарағанда, мазмұн өрісі басымырақ көрініс тапқан. Ал мазмұн өрісі адамның
ішкі жан-дүниесімен, ой- санасымен тікелей байланысты. Тіл табиғатын адам
болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл
мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын
ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс,
өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе
пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда
сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі
және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп,
құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға
ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейе түспек. Бұл күні ағылшын тіл білімінің
танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық
ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма
негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп
келеді. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен
ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер
және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика тіл
ғылымы дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің
формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің
Синтаксистік құрылымдар (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың
негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі
орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың алғашқы бастаулары
синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде
фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер
қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің
трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық
модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл
модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің
мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында
бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма шығарады. Мұнда
ядролық синтаксистік құрылымдарды ауыстырудың ең басты операцияларының
қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның
ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы
құрылымдардың жиынтығы ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz