Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру


Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. 1. Ғарыш дегеніміз не?
1. 2. Күн- жарық пен жылудың көзі
1. 3. Жерге, күнге қатысты қызықты деректер
1. 4. Жер- шар тәрізді дене. Глобус- жердің дәл үлгісі.
1. 5. Жердің Күнді айнала қозғалуы.
Жыл мезгілдерінің ауысуы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі- Жер- ғарыш денесі. ҒАРЫШ- Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т. б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром - ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады.
Мақсаты: Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасығыш (РТ) пен ғарыштык аппаратты (ҒА) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. Техникалық позиция жалпы техника арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен ҒА-ны тасымаддап әкелуге арналған жолы бар алаңнан, оларды қабылдауға, сақтауға, құрастыруға, сынауға арналған кешеннен түрады. Сонымен қатар қүрастыру-сынау корпусы, қосалқы трансформатор стансасы, қызмет үйлері, т. б. болады. Старттық кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату, сынау, жанар май қүю, үшатын бағытқа бағдарлау және үшыру процестерін іске асыратын арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтар орналасқан кешеннен және алаңнан қүралады. Старттық кешендегі арнайы технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді. Орнықты старттық кешен қүрамында үшыру қүрылыстары, жайқайтарғыш жүйе, жылжымалы мүнара қозғалатын рельстік жол, командалық пункт, РТ-ға жанар май қүю жабдықтары, трансформатор стансасы., тоңазытқыш қондырғысы, градирня және бүркуіш бассейн, өрт сөндіруге арналған су резервуары, әкімшілік және қызмет үйлері, т. б. болады. Командалық өлшеу кешені РТ-ның траекториясын аныктау, ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бүйрыкгарын беру, телеметриялык. ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс жасау, теледидарлық кескін кабылдау және оны теледидарлық жүйемен тарату жұмыстарын орындайды. Сонымен катар ол траекториялық өлшеулерді үйлестіру-есептеу орталығына беріп отырады. Командалық өлшеу кешенінің күрамында радио-телеметриялық стансасы, радиоқабылдағыш және таратқыш кұрылғылар, антенналык. қондырғылар, кабыдданған ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін компьютерлер, уақыт қызметі, байланыс қүралдары, т. б. болады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазақстанда (Байқоңыр) және АҚШ-та (Шығыс сынақ полигоны, Флорида штаты) орналасқан. Байқоңыр Ғарыштардың ең алғашқысы. Оның жасанды серігі (4. 10. 1957) және дүние жүзіндегі түнғыш ғарышкер Ю. А. Гагарин (12. 4. 1961) ғарышқа үшты. Ғарыштық аппараттар, сондай-ақ Капустин Яр, Плесецк (Ресей), Батыс сы-нақ полигоны, Уоллопс, Атлантис (АҚШ), Куру (Франция), Утиноура, Танегасима (Жапония), Чанчэнцзе (ҚХР), Сан-Марко (Италия), Шри-харикота (Үндістан) Ғ. а-тарынан да үшырылады. С. Сүйменбаев ғарышкер, астронавт, космонавт ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан еткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы Ғарышкелер әскери үшкыштар мен ұшқыш-сынактар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға кажетті қасиеттер (үшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа үшырау жағдайында жылдам шешім кдбылдауы, шу, діріл, үдеу, т. б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жүмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т. б. ) осындай мамандықка лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АК-та да ғарыштык кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі КСРО-да 1960 ж., АКДІ-та "Меркурий" ғарыштық кемесінде үшуға арналып 1959 ж., ал "Джемини" мен "Аполло" ғарыштык, кемелеріне арналып 1962 ж. жүргізіле басталды. Түңғыш ғарышкер Ю. А. Гагариннен (1961) бастап ға-рышқа 300-ден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ, Ғарышкерлері де Т. О. Әубәкіров (1991), Т. А. Мұсабаев та бар (1994, 1998, 2001) .
- Ғарыш дегеніміз не?
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар . Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион . Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады.
Планеталар - өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады.
Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай.
Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп миллиондап саналады.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол жерге айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.
Ғарыш құрамдас бөліктеріне :жұлдыздық жүйелер галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.
Жер де Әлем денесі. Оның Әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады.
Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Адам ерте кезден ақ Әлем денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Ол әзірге Жер төңіреігндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты.
Ғарышқа жол 1957 ЖЫЛЫ 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағындағы Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю Гагарин ғарыш кемесімен
Жер шарын айнала ұшты. 1 2 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станциялар да бар.
Ғарыш құрал жабдықтары Жердің табиғи серігі Ай ды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, Жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам айға тікелей барып та қайтты.
Автомат станциялар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан
(сұрапыл дауыл құрғақшылық) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.
Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл геграфилық карталар жасауға пайдалы қазбалар іздеуге егіннің шығынын өлшеуге тағы көптеген жұмысқа кеңінен пайдаланды.
Ғарыш негізін салушы
Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.
К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.
Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.
Циолковскийлердіц отбасы үлкен болды. Олар мейлінше жұпыны тұрды. К. Э. Циолковскийдің Калугадағы музей үйіне барған кісілер оның карапайым ғана жұмыс бөлмесімен, ғалымның өзіне қажетті толып жатқан моделдер мен құрал-саймандар әзірлеген шеберханасымен танысады. Үй шатырын ол обсерватория етіп пайдаланды. Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға, жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, тендесі жоқ ұлы жаңалықтар ашканына таңданбау мүмкін емес.
Тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдін тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті. Атағы кеңінен таныла бастайды. Ғылымдағы табыстары жоғары бағаланған Циолковский “Кызыл Ту” орденімен марапатталады.
К. Э. Циолковскийдін ең басты ғылыми еңбектері ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа ұшуына арналған. 1903 ж. ұлы ғалым өзінің “ Әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен зерттеу» деген мақаласында планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета емес, планетааралық кеме болатынын дәлелдеді. Ғарышқа ұшатын ракеталарға отын үшін ол айрықша сұйық химиялық отын: сұйытылған оттегі мен сутегін ұсынды.
Ғалым басқа еңбектерінде:ракетаны қажетті ғарыштық жылдамдыққа жеткізу үшін ракеталық поездар» керек деп жазды. Қазір біз оларды көп сатылы ракеталар деп жүрміз. Отын жанып біткеннен кейін ракетаның бірінші сатысы одан бөлінеді де, Жерге құлайды. Екінші сатының қозғалтқышы іске қосылып, ракетаны одан әрі ілгері жүйткітеді.
К. Э. Циолковский адам ғарышта ұзақ уакыт тұрып жұмыс істейтін орбиталык ірі станциялар жасауды ұсынды.
Ғалым техника жетіле келе, сөзсіз игеріледі деп есептеді. Ол әлем кеңістігінде саналы тіршілік иелері мекендеген планеталар көп деген сенімде болды. Жерден шалғайда жаткан тіршілік иелерінің даму деңгейі адамзат ақыл-ойынан әлде- қайда озық болуы да мүмкін. Циолковский адамзаттың Күн жүйесіне барып қоныс тебуіне болатын техникалық мүмкіндіктер жолын ұсынды.
Циолковский адамдар ғарыш кеңістігін игере отырып, өз планетасының табиғатына ерекше қамқорлык жасауды қажет деп білді. Оның шөл далаларды суландыратын аппараттардың тамаша жобаларын жасағаны, ауа көпшігін транспорт есебінде пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.
К. Э. Циолковскийдің есімі кашанда адамзаттың ұлы данышпандарының есімдерімен катар аталатын болады. Ол ғылым болашағын асқан көрегендікпен болжай білді. Циолковскийдің ракеталық техника мен планетааралық саяхаттар теориясына арналған зерттеулерін конструктарлар мен ғалымдар қазір де басшылыққа алады. Оның данышпандық идеялары зор табыспен жүзеге асуда.
Ғарыштың жүрегі мен жаны
Американдық NASA ғарыш агенттігінің WISE (Wide-field Infrared Survey Explorer) атты орбиталық инфра-қызыл телескопы ғарыш кеңістігіндегі жаңа ашылулар жасады. Бұл жайлы 24-мамырда NASA ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғарыш телескопы ғарышқа шыққалы бергі 6 айдың ішінде аспан әлеміндегі инфра-қызыл диапазонға кіретін аймақтардың 3/4 бөлігін сканерлеген, 1 500 000 кадр шамасындай фотолар түсіріп үлгерген. Соңғы түсіргендерінің арасында “Ғарыштың жүрегі” және “Ғарыштың жаны” деген жаңа объектілер бар. Екеуін сканерлеу кезінде жасалған фото-кадрлардың саны 1 100 екен. Сканерлеу ұзақтығы 3, 5 сағат уақытқа созылған.
“Ғарыштың жүрегі” мен “Ғарыштың жаны”
Бұл атаулар ғылымға жаңадан енгізілді. Екеуі де Кассиопея жұлдыздар шоғырында (тобында) орналасқан тұман тектес аймақтар. Ғарыш жүрегі адамның жүрегіне ұқсас бейнедегі алып кескінге ие. Ал ғарыштың жаны болса, сол жүректі айнала қоршап тұрған тұманды үлкен аймақ. Соңғысы жанның символы іспеттес болғандықтан оны “Ғарыштың жаны” деп поэтикалық атаумен атады.
Ғарыштың жүрегі мен жаны жерден 6 000 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Бұл дегеніміз, шамамен, 9×1012 шақырым алыс.
“Ғарыштың жүрегі” мен “Ғарыштың жаны” жұлдырдар жасайтын фабрика сияқты. Өйткені осы арада жаңа жұлдыздар мен олардың арасындағы жарқырауық газдар пайда болады.
Жобаның жетекші маманы Нед Райттың (Ned Wright) айтуынша WISE телескопы арқылы аспан әлемінің картасы жасалады екен. Қазіргі кезде сол мақсатқа жету жолында еңбектенуде.
WISE орбиталық инфра-қызыл телескопы
WISE (Wide-field Infrared Survey Explorer) орбиталық инфра-қызыл телескопын NASA мамандары жасап, 2009 жылы 14-желтоқсанда ұшырды. WISE ғарыш телескопы аспан әлеміндегі көзге көрінбейтін, тек қана көзге емес, сондай-ақ, оптикалық телескоптарға көрінбейтін аспан денелерін үздіксіз (әрбір 11 секунд сайын) сканерлеп отыру үшін ұшырылды. WISE ғарыш телескопы инфра-қызыл диапазондағы аспан денелерін бақылайды. Жобаның ұзақтығы он ай болмақ.
Жер тобының планеталары
Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді - жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста - екі кішкене серік, Жерде - біреу) . Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.
Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы) . Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күнне ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтыруы -1m-ге тең. Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің диаметрі Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5, 43 г/см3) . Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие. Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде планетаның бетіне құлаған болуы керек.
Шолпан планетасы . Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0, 815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3, 24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0, 0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект» байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін қос тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды. 50-100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар, вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда, бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір тегістеу планета.
Жер планетасы . Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ.
Марс планетасы . «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.
Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz