Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды шешуге үйрету



Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды
шешуге үйрету

1.1. Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап алу
1.2. Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену жұмысын жоспарлау
1.3. Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
1. Бантова М.А. Математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканыоқытуметодикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілікарқылыойлауқабілетінарттыру / Қ. Дарменова // Бастауышмектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Балалардыңқызығушылығынарттырудағыкөрнекіліктіңрөлі / Г.Корпешова // Қазақстанмектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Балалардыңойлауқабілетіндамыту / Г.Қаниева // Қазақстанмектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды
шешуге үйрету

1.1. Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап алу
1.2. Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену жұмысын жоспарлау
1.3. Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес, - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын, - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.
Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, мектепке дейінгі мекемелерде сондай-ақ даярлық тобында математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Объектісі: балабақшадағы балаларға арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: Мектеп жасына дейінгі балаларды
арифметикалық амалдарды шешуге үйрету.

І. Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды
шешуге үйрету

1.1. Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап алу

Есептеуді оқытып үйретуді неден бастау керектігі: сан мысалдан ба әлде арифметикалық есептерден бе деген мәселе мұғалімдер мен методистер арасында ертеден талқыланып келген. Біреулері оқытуды есептеу әдістерін көрсету оңай болатын сан мысалдан, ал басқалары -- арифметикалық есептерден бастау қажеттігін дәлелдеді.
Қазіргі кезде мектеп есептер мен сан мысалдарды бір мезгілде береді де соған сүйеніп қарапайым есептер құрастырылады. Мысалы, баладардың санды бірлікке арттыра және кеміте білу шеберліктеріне сүйеніп ұзындығы 5 см(5 клетка емес) кесінді сызу, сонан сон, оның ұзындығын 1смарттыру тапсырылады. Бұл тапсырма кейін есепке айналады -- мынадай сұрақ қойылады: Кесіндінің ұзындығы қандай болды? Балалар тапсырманы орындайды да, оларды қалай орындағанын түсіндіріп, есептің сұрағына жауап береді.
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс практикасында балаларды арнфметикалық амалдармен және есептеу әдістерімен балалардың өз іс-әрекеттері бейнеленетін қарапайым есептер негізінде таныстыру қабылданған. Балаларға есеп, мысалы, екі қосылғыш бойынша қосындыны табудың мағынасын түсінуге көмектеседі. Қосумен азайтуға берілген есептердің алуан түрлілігі үнемі қолданылатын: қосу, азайту, болады, қалады. деген терминдердің мағынасын бірте-бірте ұғынуға, яғни арифметикалық амалдардың мағынасын ұғынуға мүмкіндік береді.

Арифметикалық есептің мәнісін балалардың түсіну ерекшеліктері

Ең оңай есепті түсіндірудің өзі оның мазмұнын талдауды, оның сан мағлұматтарын бөліп алуды, оларды арасындағы қатынастарды демек, орындауға,тиісамалдарды ұғынуды талап етеді.
Есеп шығарғанда бала айналадағы заттардың саны мен құбылыстарды жай ажыратып айырудан олардың арасындағы күрделі сандық қатынастарды ұғынуға дейін жетуі тиіс.
Зерттеулер көрсеткендей, есептің құрылысының өзін де балалар бірден ұғынып алмайды. Бұған үйрету арқылы мүмкіндік жасалады. Әңгіме мен жұмбақтан өзгеше есеп шартын түсініп алысымен, балалар сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынулары керек.
Есептің сұрағын қою балаларға ерекше қиындық келтіреді. Бұл қиындықтың себебі неде? Сұрақ есептің мәнін анықтайды, ойды сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынуға бағыттайды. Эмпирикалык, әсер сипатын ұғынуға және орындауға тиісті сәйкес арифметикалық амалды табуға көмектеседі. Бірақ сұрақтың екі: тұрмыстық-әлеуметтік және арифметикалық жағы бар. Бала оларды дифференцияламайды және есептің сұрағын өзіне қаратылып қойылған сұрақ ретінде қабылдайды. Ол өзіне қойылған сұрақты қайталамай оған жауап беріп үйренген. Сондықтан есепті қайталағанда, балалар, әдеттегідей сұрақты қайталамастан бірден жауабын есепке енгізіп жібереді; олар жауап беруге асығады. Сұрақтың басқа қызметін олар әлі білмейді. Балалар үшін сұрақтың жаңа арифметикалық жағын ашып беру үшін ең алдымен балаларға белгілі жағына сүйену керек, олардың әрқайсысын есепті ойлап табушының жағдайына келтіріп, оны шығаруды тыңдаушыларына тапсыру керек. Мұндай- жағдайда есепті беріп отырған балаға сұрақ қою қажеттілігі айқын болады. Арифметикалық есептегі сұрақтың мәнін ұғынуға, сондай-ақ сұрақтардың әрі түрлі сипаты да көмектеседі. Сұрақ сан мағлұматтар арасындағы қатынастармен есепте нені білу талап етілетінін түсінуге бағыттайтынын балалар бірте-бірте ұғынулары тиіс.
Әр түрлі есептерді шешу балаларды арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге, сандарға қолданылған ол амалдарда адамдардың жиындармен жасайтын көптеген практикалық іс-әрекеті жинақталады. Ол қосу, азайту, болады, теңт. б. сияқты жинақталған ұғымдарда бейнеленген, мұнда сандардың өздері жиындардың қуаттылығының көрсеткіштері болып табылады. Осы математикалық терминдердің бәрін ұғып алу балалардың ақыл-ойын эмпирикалық практикалық амалдарға жинақтауға дейін жеткізеді.
Қосындының мәнін де балалар бірден ұғынып алмайды. Ең алғаш жиындарды практика жүзінде біріктіру ретінде түсініледі. Алайда қосынды - ол тек сандарды ойша қосу ғана. Сондықтан әр түрлі жиындарды біртұтас жиын етіп біріктіру жөнінен, жиынның дұрыс бөлігін бөліп ал т. с. с. жөнінен алдын ала істелетін жұмыстың балаларды арифметикалық амалдарды ұғып алуға дайындауда елеулі мәні бар.
Есептеудің элементар әдістерін (бірліктерді қосып және шегеріп санау) балалардын ұғып алуына сандар тізбегі және натурал қатарын тетелес сандар арасындағы өзара-кері қатынастарды, санның бірлікке қатынастарын (санның бірліктерден сандыққұрамын) түсінуге мүмкіндік береді. Балаларды санауға үйретуде осы мәселелерге көп уақыт бөлінетіндігі де осыдан. Міне, сондықтан ба бұл қатынастарды түсінбеген балалар, әдетте, әр уақытта санаудың практикалық деңгейінде болып есептеу іс-әрекетінің әдістерін ұғып алуға шамасы келмейді (балалар екі қосылғышты санап шығады немесе қалдықты санайды). Көз алдына елестету бойынша есеп шығаруға, бұл балалардың шамасы келмейді, өйткен олүшін санды бірліктерге ойша ажырата білуді, тетелес сандар арасындағы қатынасты тура және кері ретпен айқын түрде түсінуді талап етеді.
Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағлұматтарға негізделуі тиісекенін анықтап алу қажет.
Балалар бақшасында арифметикалық қосу амалы үлкен санға кіші санды қосу, ал азайту амалы -- азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі Тәрбие программасында ескеріліп көрсетілген.
Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таблицасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет.
Қосу таблицасын шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлігі -- қосынды бестіктен аспайтын жағдайлар. Екінші бөлік -- үлкен санға кіші санды қосқанда немесе бірінші санға тең сан қосылатынжағдай (3 + 3, 4+4, 5 + 5). Үшінші бөлік -- кіші санға үлкен сан қосылатын жағдай.
Бірінші ондыққа қосуда неше жағдай болса, азайтудьщ да сонша жағдайы енеді: қосындыдан екінші қосылғыш азайтылады: 5 + 2=7; 7 -- 2=5; 5+3=8; 8-3=5 т. с. с.
Таблицаның бірінші бөлігіне бірінші бестік көлемінде қосу және азайту жағдайлары енген. Бірақ әдетте қосудың бұл бес жағдайы мен қосуға кері амалдар ретіндегі азайтуға берілген төрт жағдайды балалар естеріне оңай сақтайды да, оны бір-бірден кемітіп шегеру жолымен шығармайды. Ал егер балалар ол әдісті пайдаланса да екі мен үш сандарын бірліктерге жіктеу мен оларды бір-бірлеп қосу және бір-бірлеп азайту қиындық келтірмейді.
Сондықтан қосу таблицасы мен қосуға кері азайту жағдайларының алғашқы үш жолы балаларды естептеу іс-әрекетіне үйрету үшін таңдапалынады.
Балалар бақшасында негізінен есептеудін, бір ғана әдісі -- бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі -- берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш (5+4, 6+4, 9 -- 4, 10 -- 4) бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір-бірден қосылып, бір-бірден азайтылады.
Мектепте өтілетін және үлкен сан кіші санға қосылатын қосу таблицасының үшінші бөлігін алсақ, оқушыларды қосылғыштардың орнын ауыстыру әдісімен таныстыру бұл жағдайларды шығаруда да ықшамдауға мүмкіндік береді: қосылғыштардың орнын ауыстырғанда олардың бәрі таблицаның екінші және бірінші бөлігіне енетін жағдайлар болады (2+6, 6+2, 3+7, 7 + 3 т. с. с.). Міне, сондықтан таблицанын, бірінші және екінші бөлігін оқып үйренудің ерекше мәні бар және балалар бақшасында үшінші бөлігін оқып үйренуге асығудың қажеттілігі жоқ.

2.1.Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену
жұмысын жоспарлау.
Балалардың есептеу іс-әрекетін меңгеру ерекшеліктерін зерттеу программалық материалды белгілі мөлшерде кіргізе отырып балалармен жүргізілетін жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Есеп шығаруға ретімен екі кезең белгіленеді.
І кезең. Балаларға есеп дегеннің не екені айтылады, оның қалай құрастырылатыны көрсетіледі, оның қандай компоненттерден тұратыны түсіндіріледі, яғни оның құрылымымен (есептегі сан мағлұматтардың арасындағы қатынастар айқындалатын шартымен және сұрағымен) таныстырады. Есепті түгелдей және негізгі бөліктері бойынша қайталап шығуға, өздігінен оның сұрағын қоюға, есепті шығарып, оған дұрыс жауап беруге балаларды үйретеді. Балаларды есепті шығару әдістері мен шешуін табу үшін орындау қажетті болатын арнфметикалық амалдармен таныстырады, ол амалдарды (қосу мен азайту) тұжырымдауға үйретеді. Балалар осы амалдардың компоненттерін іс жүзінде айыра білуге үйренеді: қосу амалында қосылғыштарды (бірінші және екінші), азайту амалында -азайғыш пен азайтқышты. Балалардың назарын осы мәселелерге баса аудару үшін осы кезеңде балаларға қиындық келтірмейтін қарапайым сан мағлұматтармен шектелген дұрыс (бір санын бірінші ондықтың барлық сандарына қосу және кері азайту амалы).
Балалар бұл есептерді оңай шығарады, өйткені олар натурал қатар, сандары тізбегі және натурал сандардың кемімелі тізбегі жөніндегі білімдеріне сүйенеді.
II кезеңде есептерге екінші қосылғыш пен азайтқыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін неғұрлым күрделі сан мағлұматтар негізделеді. Бұл кезендегі басты міндет -- бір-бірден қосу және азайту жолымен есептеу әдістеріне балаларды үйрету. Балалар екінші қосылғышты бірліктерге бөлшектеп бөліп, бірінші қосылғышты қайта санамастан (сан оларға есептен белгілі), оған екінші қосылғышты бір-бірден қо-сып санайды. Осыған ұқсас азайтуда олар азайғыштан азайтқышты бір-бірден шегереді (алтыдан екіні шегеру керек: біреуі кем алты-бес, біреуі кем бес-төрт. Демек, алтыдан екіні азайтқанда төрт болады).
Санау және қосып санау деген сөздерді синоним деп қабылдап, тәрбиешілердің өздері де кейде қателеседі. Жиынның барлық элементтерін анықтауға арналған іс-әрекет ретіндегі санау әрқашан бір санынан басталады. Ал қосып санау болса, ол қандай да бір белгілі санға, оған толыктауыш ретінде, екінші бір сан қосылады, сондықтан бірінші қосылғыш алдын ала белгілі болғандықтан, оған екінші қосылғышты беліп-бөліп (бұл жағдайда бір-бірден) қосып санау керек. Есептің шешу санын иллюстрациялау, санауды емес, қосып санау (шегере отырып санау) әдісін меңгеруге мүмкіндік туғызуы керек. Бірінші қосылғышты (азайғышты) бейнелейтін заттар жиынын көрсеткеннен кейін бұл заттарды жасырып (саңырауқұлақтарды кәрзеңкеге, қарындаштарды қорапқа) немесе бірінші қосылғышты (азайғышты), Г. В. Бельтюкова бірінші класс үшін ұсынғандай, бет орамалмен жауып қою немесе бірінші қосылғышты ашық қойып, оны айналдыра көрсетіп, атау ұсынылады. Бұл жағдайда берілген жиынды сан жағынан есте сақтап, оған екінші қосылғышты бір-бірлеп қосу қажеттігі көрсетіледі.
Екінші кезең ішінде, сондай-ақ жүйелілікті сақтау қажет: алдымен екі санын қосуға және шегеруге үйрету керек, яғни косу таблицасының екінші жолы мен оған кері азайту жағдайларын біліп алу, сонан сон, үш санын бір-бірден қосу мен азайтуға көшу, яғни таблицаның үшінші жолын үйреніп алу. Дайындық тобында осымен қанағаттануға болады. Әрине, таблицаныңтөртінші жолын -- төрт санын -- қосу және азайтуды да ең алдымен бір-бірден қосу және шегеру жолымен үйреніп алу да артық болмайды. Мұнда балаларға басқа әдісті де көрсетуге болады, бірден топ-тап екі-екіден қосу және шегеруді, өйткені қосу таблицасының екінші жолын біліп және бұған дейін көп нәтижелерді есте сақтайды. Дегенмен, бұған асығыстық жасаудың қажеті жоқ, балаларда екінші қосылғышты бір-бірлеп қосу мен шегерудің берік саналы түрде игерген дағдыларының қалыптасуы әлдеқайда маңыздырақ.
Есептеу іс-әрекетін оқып үйренуде белгіленген жүйелілік пен реттілік мақсатқа сәйкес болып табылады -- қандай да бір мөлшерден артықтығы жоқ жаңа білімдерді меңгеріп алуда жүйелілік қамтамасыз етіледі. Жаңа білімдер алу және өзінің табысына байланысты балалардың қуанышы оларды санауға арналған сабақтарға көбірек қызықтырады.
Даярлық тобының программалық материалын меңгеріп алған балалар 1класта арифметиканы оқып үйренуге әбден дайын, өйткені балалар бақшасында оқыту процесі балалардың белгілі бір білімдер мен шеберліктерді меңгеруіне ғана емес, олардың жалпы дамуына санауға деген ынтасы қалыптасуына және арифметиканы оқып үйренуге эмоционалдық дұрыс қарым-қатынасының болуына ақыл-ой іс-әрекетінің (анализ-талдау, синтез, нақтылай отырып жинақтау, элементар ұғымдарды, абстракцияларды емін-еркін қолдана білудамуына мүмкіндік туғызады.
Есеп жай және күрделі болып белінетіні белгілі. Жай есепте бір амал, күрделі есепте бірнеше амал қолданылады.
Кейбір жай арифметикалық есептерде қандай амал жасау керектігі оның мазмұнынан бірден байқалады.
Балалардың ауызша есепті өздігінен құрастыруына да асығудың қажеті жоқ: ең бастысы, балалар есеп дегеннің не екенін түсініп, онын құрылымын талдай алса болғаны.

2.3.Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері

Пайдаланылатын материалдың сипатына қарай есептерді шартты түрде драмаланған-есептер, сурет-есептер, иллюстрация-есептерге бөлуте болады. Бұл есептердің әрбір түрінің өз ерекшеліктері бар және балаларға есептің әр жағын айқындап береді (тақырыптың сюжетінің ролін, сан мағлұматтар арасындағы қатынастар сипатын т. б.), сондай-ақ өмірден қажетті материалды тандапала білу шеберлігінің дамуына мүмкіндік жасайды, логикалық тұрғыданойлай білуге үйретеді.
Драмаланған-есептердің ерекшелігі олардың мазмұны балалардың сол кезде не істегенін, не істеп жатқанын немесе олардың өмірін тікелей бейнелейтіндігінде. Мысалы, тәрбиешінің тапсырмасы бонынша Саша төрт жалауша алып келеді де, стақанға салады, ал Лена бір жалауша алып келеді де, қолына ұстап тұрады. Саша мен Лена жөнінде не әңгімелеп беруге болады? Балалар әңгіме-шарт құрастырады. Ал осы әңгімеден не білуге болады? - Сашаның қандай түсті, Ленаның қандай түсті жалаушалар алып келгенін, олардың жалаушаларды қайдан алғанын білуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Мектепалды дайындық топтарындағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйрету
Бастауышта арифметикалық амалдарды үйрету әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Балаларда жиын, сан және санау туралы алғашқы математикалық білімдерді дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Балабақшадағы оқытудың қазіргі теориясы мен практикасын зерттеу
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Пәндер