Жеке кәсіпкерлік


Жеке кәсіпкерлік
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.
Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.
Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.
Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.
Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз.
Мемлекеттік тіркеуден кейін жеке кәсіпкер ретінде мөр мен белгінің дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге төлейсіз. Егер сіз банкке есеп аштырамын десеңіз банктік карточкаларға қол қою үшін жасалатын нотариалды қызмет үшін де ақы төлейсіз (87 теңге, 4 карточкаға дейін), сонымен қатар егер сіз барған банкте ақылы болса, есеп аштырғаныңыз үшін де төлейсіз.
Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы қаңтардың 31-інде “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңға қол қойды.
Бұған дейінгі “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” 1992 жылғы 4 шілдеде, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 19 маусымда, “Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған заңдардың күші жойылып, мүлдем жаңа тұрпатты заң өмірге келді.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” жаңа Заң не үшін қажет? Әуелі осы туралы ойлану керек. Осыған дейін қабылданған заңдар Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің қанат жаюына жағдай жасады: нарық экономикасына өтудің қиын да күрделі соқпағында тыңнан табылған жол секілді түпкі мақсатқа сүріндірмей алып жетті; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде, орта және шағын бизнесті өркен жайдыру тұсында бұл заңның қай-қайсысы да қолайлы қызмет етті, соның арқасында жеке меншік сектор серпінді дами түсті.
Қазақ сауда-саттықты меңгере алмайды, оған оның табиғаты келмейді деген қасаң түсінік қанша жыл бойы біздің ұлтымыздың алдынан қабағын түкситіп тұрды. Егер 1992 жылы жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң шықпағанда, біз “қой, бұл расында біздің қолымыздан келмейтін шаруа екен” деп әлдеқашан қолымызды бір-ақ сілтеп, бәрін де қоя салар ма едік? Нарық экономикасына бағдар ұсталған, одақтық экономиканың омыртқасы үзіліп, жұлыны зақымдалған кезеңде жеке меншік ұғымын кіргізу, жеке кәсіпкерліктің пайдалы екендігін азаматтарға ұғындыру жұмыстарының өзі қаншама қара шашқа ақ қырау түсірген еді. Өйткені, бұған дейін ортақ өгізді ғана жегіп, өгіз де өлмесін, арба да сынбасын деген түсінікте келе жатқан жалпақ жұртқа “ортақ өгізден оңаша бұзау артық” деген ұғым қанша сөз болса да, шақшадай басқа сыйдыру қиын нәрсе еді. Бай-бағландарының алды атылып, арты айдалып, кішкене дәулет біткен адам басына таудай пәле тілеп алып отырған кеңестік кезеңде артық тұяқ қимылдату ешқандай опа бермейтін. Нарық заманы соның бәрін өзгертті. Қимылдасаң, өзің үшін. Еңбек етсең, өзің үшін. Өзің жақсы болсаң, қоғам да жақсы болады. Кәсібің - нәсібің. Міне, осындай үгіт-насихатты өрістету арқылы ғана елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайды. Орта таптың ортасы тола бастады. Мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өту, сол арқылы жеке кәсіпкерлікті дөңгелетіп әкету азаматтарға басты құндылықты тарту етті. Ол не?
Кез келген кәсіпкердің белгісі неден көрінеді?
Ең басты нәрсе - еркіндік. Іс-қимыл, әрекет жасау, тірлік ету еркіндігі. Кәсіпкер өз жұмыс кестесін өзі дербес белгілейді: қайда барады, не істейді, қандай шара жасайды, мұның бәрі кәсіпкердің өз құзырындағы шаруа. Кәсіпкер - тірлік иесі. Ол өз шаруасының тез жүруіне, ісінің жедел бітуіне, ойға алған нәрселерін ойдағыдай орындауға тікелей мүдделі болғандықтан, өз тірлігін өзі жасайды. Кәсіпкер мемлекетке телміріп, дәрменсіз қарап отырмауы керек. Әрекет ету еркіндігі адамды көп мәселеге тәуелді болудан құтқарады. Қоғамда еркін адамдар қатары көп болған сайын мемлекеттің ішкі қуаты арта түседі. Мемлекеттің тұрақты дамуы, өмір сүрудің қолайлы сатыларға көтерілуі көбіне соған байланысты.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекет қолдап, қорғап отырғанда, оның өрістеуіне барынша жағдай жасағанда бай мен кедей ұғымдарының арасы қысқа пішілген қамзолдай жақындай түседі. Орта және шағын бизнес кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының кілті десе де болады.
Кез келген кәсіпкер бірінші кезекте пайда табуға ұмтылады. Ол кіріс көзін келтіре алмаса, істеген ісінен пайда таппаса, әрекет еркіндігі, өз бетінше тірлік жасауы ешқандай нәтиже бермейді. Бір тиыннан екі тиын құрау арқылы, кішігірім кәсіптен үлкен өндіріске дейінгі тіршілік тізбесінде жойдасыз бәсекеге төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан да пайда табудың жолы оңайға соқпайды.
Кәсіпкердің өмірі тәуекелден тұрады. “Тәуекел - ердің жолдасы” деген қазақ. Тәуекелге бас тікпеген, оған ерік-күші жетпеген адам кәсіпкер бола алмайды. Не бүк, не шік! Өмір заңы солай: бәрі адамның дегенімен бола бермейді, бірде жолың болады, бірде жолың болмайды; жолың болса - дандайсуға, жолың болмаса - салың суға кетіп, өмірден түңілуге тағы болмайды. “Тәуекел түбі - желқайық, өтесің де кетесің, тәуекелсіз - сары уайым, батасың да кетесің” деп дана халқымыз тегін айтпаған.
Осы үш ұстын кәсіпкерліктің негізгі тірегі.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” жаңа Заң не үшін, қандай мақсатпен қабылданып отыр? Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылу ниетінде. Жақсы бастама. Жақсы бастаманы баянды ету оңай тірлік емес. Бұл жолда не бел кетеді, не белбеу кетеді. Ұлттың ұйыса тірлік етіп, жұмыла көтерісетін жүгі жеңіл болмағалы тұр. Осындай жағдайда мемлекет өз азаматтарының ішкі қуатына сүйенетіні айдай анық. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заң осы мақсатта өмірге келіп отыр деуге де болады. Адамға тыныс алу үшін таза ауа қандай керек болса, өз тірлігін тез дөңгелентіп жүргізіп әкету үшін де сондай жағдай, қолайлы орта қажет. Мемлекет соны жасауға міндетті. Тиісті заң қабылдау арқылы іс-қимыл кеңістігі қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау тетіктері іске қосылды. Азаматтардың шаруашылық жүргізу еркіндігі толық қамтамасыз етілген жағдайда, оған салықтық жеңілдіктер беріліп, қолайлы ахуал орнағанда қанат жайған шаруаның қайтарымы зор болады.
Біз ежелден бәсекеге бейім елміз. Біреудің бәйгеде аты озып келсе, күресте балуаны жықса, біреудің өнерімен жақсы аты шықса, дереу соны үлгі етіп, сондай болмаққа ұмтылып, барын салатын жұрттың ұрпағымыз.
Ендігі бәсеке - елдік бәсеке. Қазақ енді сыртқы жұртпен, озған, ілгері кеткен, мақсатқа жеткен елдермен бәсекеге түспек. Бұл біле білгенге ақыл-ойдың жарысы. Алға кеткен елдердің қай қайсысы болсын өздігінен ығысып орын бере қойсын ба? Жұлқынып алға шығу үшін де бір күш ішімізден жұлқып тұруы керек. Ол күш - таза бәсеке. Ендігі таңда қазақтың аты озсын, көш-керуені көлікті, жұмысы мен тірлігі өнікті болсын десек, осы мақсатқа тастүйін болып жұмылуымыз керек-ақ. Абай атамыз өсиет еткен “бірлік керек, онда да ақылға бірлік” деген сөз әр қазақ азаматының көкірек көзінде тұрғаны жөн.
Жарыссақ - озғанға құмар, күрессек жеңгенге құмар елміз.
Бәсекелестік біздің бойымызда, қанымызда бар. Қазақтың аты бәйгеден келсе қуанбайтын қазақ жоқ. Ендеше, белдессек - мықтылармен белдесейік. Көк өскін жеміс берсін. Кәсіпкерлік өрістесін. Артта қалғандарға қарап жағдайымыз жақсы деп салыстырмайық, алға кеткендермен жарысып, жағдайды солармен салыстыра ілгері басайық.
Үлкен-кішіміз қалмай ұлт жұмысына жегілгенде ғана бірдеңе шығады. Көтере алатын болғасын ғана шоқпарды белге қыстырып отырмыз. Жиырма бірінші ғасырда ұлттың бұрын кеткен есесін ел болып толтырып, етек-жеңді жиып, есті тірлік қылудың тарихи мүмкіндігі туып тұр.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен принциптерi:
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке әкімшілік етуді енгізу жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
-жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
-жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
-Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
-жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.
2006. 01. 07. бастап қолданысқа енгізілген.
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға;
2) дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
5) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
6) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемдерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;
8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;
9) келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабы - мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру (бақылау) жүргізу фактісі туралы лауазымын, тегін және тексеру нысанасын көрсете отырып, міндетті түрде белгі қою үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгідегі журнал;
10) коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны;
12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
14) мемлекеттік бақылау - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік органдардың өздерінің құзыреті шегінде бақылауы жөніндегі қызметі;
15) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Кәсіпкерлікті қолдау.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерiнің бірі - жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.
Қарқаралы аудандық прокуратурасы 2008 жылы кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, қадағалауға жататын аумақта елеулі жұмыс атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz