«Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
ІІ.Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту
2.1Түйсік туралы жалпы түсінік ... ... ... 5
2.2Түйсіктің физиологиялық негіздері ... ... ...7
2.3. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ..11
2.4.Оқушыларда түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы ... ... .14
2.5.Түйсікті дамытуға арналған ойын.жаттығулар, тапсырмалар ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... .23
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі
Пайдаланылған әдебиеттер

Түйсік – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. Түйсік туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Сеченов пен И. П. Павлов инстинкттіңрефлекторлықсипатынанықтады. Биологиялықмаңызынақарай инстинкт: қоректік (олжасыныңізінетүсу, азықжинау, т.б.), қорғаныстықнемесесақтық (қатертөнгендеайбатшегу, тырнау, қозғалмайқатыпқалу, т.б.), жыныстық (уылдырығыншашуүшінбалықтардыңағынғақарсынемесеағынығыменауажүзуі), т.б. түрлергебөлінеді. Барлықбейімделуфакторларысияқты инстинкт орта жағдайыныңөзгеруінебайланыстыөзініңмәнділігінжоғалтуымүмкін.
Түйсіктің физиологиялық негізін И.П. Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз.

1. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995
2. Алдамұратов А. Жалпы психология. - Алматы,1996.
3. Бабаев С. Психология танымы, Түркістан, 2000. – 346 б.
4. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология Алматы, 2003
5. Выготский Л. С. «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы» Алматы , 1999 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. - Алматы , 2002.- 335 б.
7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004
8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқулық.- Алматы - 2005.-405
9. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982
10. Темірбеков А., Балаубаев С, Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 545 б.
11. Тілеубекова А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, А.., 1991 – 196б
12. Мухина В.С Мектепжасынадейінгібалаларпсихологиясы – Алматы: Мектеп, 1986 – 232б

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Психология
Тақырыбы: Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту
Мамандығы:0111000- Негізгі орта білім беру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
ІІ.Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту
2.1Түйсік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 2.2Түйсіктің физиологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ...11
2.4.Оқушыларда түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы ... ... .14 2.5.Түйсікті дамытуға арналған ойын-жаттығулар, тапсырмалар ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты - оқушылардың түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеу.
Міндеттері:
- Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу жасау.
- оқушылардың түйсік сезгіштігіне талдау жасау.
Зерттеу объектісі - Мектеп жасындағы оқушылар
Зерттеу болжамы - оқушылардың психологиялық ерекшеліктері терең зерттеуден өтсе бұл жастарды көптеген әлеуметтік психологиялық қалыптасу проблемаларын табысты шешуге мүмкіндік туғызады.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе" деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
ІІ Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту
2.1.Түйсік туралы жалпы түсінік
Түйсік - дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. Түйсік туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 - 208205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт -- жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Сеченов пен И. П. Павлов инстинкттіңрефлекторлықсипатынанықт ады. Биологиялықмаңызынақарай инстинкт: қоректік (олжасыныңізінетүсу, азықжинау, т.б.), қорғаныстықнемесесақтық (қатертөнгендеайбатшегу, тырнау, қозғалмайқатыпқалу, т.б.), жыныстық (уылдырығыншашуүшінбалықтардыңағынғ ақарсынемесеағынығыменауажүзуі), т.б. түрлергебөлінеді. Барлықбейімделуфакторларысияқты инстинкт орта жағдайыныңөзгеруінебайланыстыөзінің мәнділігінжоғалтуымүмкін.
Түйсіктің физиологиялық негізін И.П. Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп - сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады:
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар.
2)Орталыққа баратын нервтер.
3)Мидағы нервтер.
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып дамиды.
Түйсіктің топтары.
Түйсік 3 топқа бөлінеді:
1)Экстероцептивтік.
2)Интотоцептивтік.
3)Пропраоцептивтік.
1. Экстероцептивтік түйсіктер - бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.
2. Интотоцептивтік түйсіктер - бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)
3. Пропраоцептивтік түйсінулер - бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік.
Ерекшеліктері.
1.Адоптация - бейімделу
Адоптация дегеніміз - сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері.
2.Синезтезия - гректің қосарласқан түйсік. Синезтезия деп - бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз.
3.Сенсибилизация латынның сезгіштік деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп - бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз.
2.2.Түйсіктің физиологиялық негіздері
Түйсіктің табиғи- физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі- талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымның анықтауынша, адам өзін- өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі фукцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтір жатқан әрекеттң барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады:
а) шеткі орган- бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады;
б) өткізгіш бөлім- рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;
в) мидағы орталықтар
Бірінші бөлік-рецепторлар- түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру.
Екінші бөлік- өткізгіш - бөлім- сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқының екінші жолмен әр түрлі- органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. :шіеші бөлік- мидағы орталықтар. Бұл талдағыштардың негізгі бөлімі.
Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше- мидағы осы орталықтар.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.

Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 110 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi -- миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) -- мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.
2.3. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы заңдылықтары
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның кұлақ түтігі суға толы болады да ештеңені естітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жұрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзініңсезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Адамның жан-жағында толып жатқан заттар бар, үнемі түрлі құбылыстар болып тұрады. Олардың жеке қасиеттерін бейнелендіретін қарапайым психикалық процесті мамандар түйсік, кейде түйсіну деп атайды.
Иә, біз өзіміздің түйсігіміз арқылы айналамыздағы заттардың қасиеттерін, қатты, жұмсақтығын, олардың бетінің тегіс немесе кедір-бұдыр екенін, салмағын, температурасын, иісін, дәмін, түсін, дыбыс шығаратынын, шығармайтынын, қозғалатын, қозғалмайтынын біле аламыз. Мұның сыртында түйсік арқылы өз денеміздегі өзгерістерді, оның мүшелерінің қозғалысын, қалпын, ішкі мүшелеріміздің жұмысын, оның бұзылуын, тағы да басқа жағдайларды біліп, қабылдаймыз. Сол себепті психолог-мамандар Түйсік - әлем жайындағы біздің барлық біліміміздің бұлағы, қабылдау, елестеу, еске түсіру, ойлау секілді күрделі тану процестері үшін материал осы түйсік арқылы беріледі..., - дейді.
Сезгіштік арқылы түйсіну
Адамның түйсіне алу қабілеті - сезгіштік болса, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы - оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштік те, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгеру лер үш себептен:
1. Сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке бейімделуіне қарай.
2. Бір мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай.
3. Адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай. Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы - адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы - сексибилизация.
Түйсіктердің өзара байланысы
Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлері жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мұшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ,қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-3минут бойынга қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
С.В.Кравков, К,Х.Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада алуы, жеңіл дене қимлын жасауы, беті-қолын салықн сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен ббайланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезі, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сұр тік бұрыш айналаын қара түске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу қөрінеді. Ал осы сұр бұоыштың айналасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсетілген мысалдарда түйсіктердің қарама-қарсылығы жүйке процестерінің өзара индукция заңдылығымен түсіндіріледі.
В.Синестезия
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері-көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосрланып жүруін синтестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия- түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
Г.Бірізді бейнелер
Тітіркендіргіштер әсерінің тоқталғанна қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын көздерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз көз алмай шаға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін айқын көре алады. Бірізді образдың бұл түрі оң бірізді образдар деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылып қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін осы қызыл қағаздан көз алмай 20-30 секундтай қарап отырып көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ оның бетінен көгілдір түсті көруге болады.
Бұл теріс бірізді образдардың мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаошының теріс бірізді образы. Кина ленталарындағы жеке кадрлардың арасындағы үзілістерді байқамай осындай оң бір ізді образдардың қызметі болып табылады. Өйткені мұндайда бір тітіркендіргіш екіншісімен жалғасып отырады. Бір ізді образдар көбінесе адамға байқалмайды. Өйткені көздің тор қабығы үнемі қозғалып тұрады да, осыдан адамның көзіталмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде түрлі қозғаулардан қалған іздер - бір ізді образдардың физиологиялық негізі болып есептелінеді.
Бірізді образдарға ұқсас бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың бірі- эйдетикалық құбылыс. Бұл- эйдоне деген грек сөзінен алынған, мағынасы көру, сурет, бейне, идея деген мағынаны білдіреді. Кейбір адамдарда бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды сол объектілер көзден таса болған жағдайда да көоір тұратын қабілет болады. Осы жағдайға байланысты шыққан қисынды психологияда эйдетизм деп атайды да, осындай қабілеті бар адамдарды эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естің елестеріне сондай-ақ түйсікте, ілесте, бірізді образдар естің елестері мен ілеспе бейнелерден бір ерекшелігі, мұнда адам жоқ заттарды ұсақ-түйектеріне дейін нақтылы тәптіштеп түсіне алады. Яғнм алдында жоқ нәрсені бүгншегесіне дейін жақсы "көре алады" бірінен екіншісіне көзін оңай жүгіртеді.

Түйсіктің түрлері.
Психолог - мамандар көбінесе түйсікті үш топқа бөліп қарастырады. Біз енді соған тоқталсақ:
1. Өзімізден тысқары заттардың, құбылыстардың қасиеттерін сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінудің мүшелері дененің бетінде, оған жақын жерде.
2. Денеміздің, ішкі мүшелеріміздің күйін (жағдайын) сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінулердің мүшелері ұлпалардың ішінде (бұлшық еттерінде), яғни, ішкі мүшелердің бетінде (қарынның, тыныс жолдарының қабырғаларында) орналасқан.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты жағдайын білдіретін түйсінулер.
Бірінші топтағы түйсінулер:
Оған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсінулері жатады. Біз енді оған жеке-жеке талдау жасалық.
Көру түйсінулері. Біздің көз алдымыздағы нәрсенің қай-қайсының де белгілі түсі бар. Түссіз зат - мөлдір, көзге көрінбейді. Біздің түстерді түйсінуіміз - көру түйсінуі болып табылады. Негізінен, көру мүшесін жарық тітіркендіреді, өмірде ұзындығы 390-800 миллимикронға дейінгі (миллимикрон ми-лиметрдің миллиондық үлесі, М.С.) электромагнит толқындары болады, бұл ғылым дәлелдеген ақиқат.
Барлық түстер екі үл кен топқа бөлінеді: ахроматикалық түстер, хроматикалық түстер. Ахроматикалық түстер: ақ, қара, сұр түстер. Айналамыздағы түстердің қалғандарының бәрі де - хроматикалық түстер. Олар: қызыл, сары, жасыл және көк түстердің барлық реңктері.
Есту түйсінулері. Дыбыс шығатын орыннан жан-жаққа ауа бөлшектерінің бойлық тербелістері тарайды да, дыбыс толқындары адамның есту мүшесін тітіркендіреді. Осы құбылыс - есту түйсінулері болып саналады. Мамандардың пайымдауынша, дыбыс толқындарын айыру тербелудің жиілігіне, оның амплитудасына, яғни, тербелудің түріне қарай жүзеге асырылады. Сол себепті, есту түйсінуінің мынандай үш жағы бар: дыбыстың жоғарылауы, бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі; дыбыстың қаттылығы, бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі; дыбыс тембірі, бұл тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздегі деректер бойынша, адам баласының құлағы бір секунд ішінде 16 тербелістен 20000 тербеліс шегіндегі тербелістерді сезеді. Тек адам құлағы жиілігі бір секундта 20000-нан асатын тербелістерді шала алмайды. Мұндай тербеліс мамандардың тілінде ультра дыбыс деп аталады. Әрбір дыбыс әр қилы түйсіну туғызады. Соған сәйкес оларды музыкалық дыбыстар (ән-музыка аспаптарының үні), айқай - шулар, сан алуан сықырлар, тықыр, дүрсіл, тарсыл, гүрілдеу деп жіктейді.
Тері түйсінулері. Мамандар тері және ауыз бен мұрының кілегей қабығының төрт түрлі түй сінулерді білдіруі мүмкін екендігін айтады. Олар: 1. Тигенді түйсіну - тактиль түйсінулері; 2. Салқынды білдіретін түйсінулер; 3. Жылыны білдіретін түйсінулер; 4. Ауырғанды білдіретін түйсінулер. Терінің нүктелері мынандай:
Тию нүктелері - тек тактиль түйсінулерді, салқын нүктелері - салқынды, жылу нүктелері - тек жылыны, ауыру нүктелері - тек ауырғанды білдіретін нүк телер.
Терінің түрлі алаптарының түйсінудің осы айтылған төрт түрін түрліше сезетінін біз жақсы білеміз. Бір нәрсе тигенде оны тілдің ұшы, саусақтардың ұшы, яғни ең қозғалғыш мүшелер жақсы айырады. Ал адамның арқа тұстары аз сезеді. Тек ауырғанды арқа мен бет терілері тез сезеді де, оны (ауырғанды) бәсең сезетін адам мүшелері - саусақ ұштары, алақан терілері. Бір қызығы, адамның өн бойын сыйпауға қатысатын мүшелері онша ауыра бермейді, олар ауруға бәрінен де жақсы шыныққан. Ыстық, суықты де ненің киім жауып тұратын жерлері тез сезіп, түйсінеді. Олар: белдің, құрсақтың, көкіректің терілері.
Екінші топтағы түйсінулер:
Оған қозғалыс, денені тең басу, органикалық түйсінулер жатады. Қалғаны үшінші топтағылар.
Қозғалыс түйсінулері. Бұлардың рецепторлары етте, сіңірлерде және буындардың беттерінде болады, - дейді, Б.М.Теплов. Қозғалыс түйсінулері - еттердің жиырылып тартылуын, мүшелердің орналасып, жайласып тұрған күйін, мәселен, қол иықтан, шынтақтан немесе білезіктен қаншалықты бүгіліп тұрғанын білдіретін түйсінуі. Тері түйсінулері мен қозғалыс түйсінулері ұш тасып келсе, қол бір нәрсеге тигенін немесе бір нәрсенің батқанын сезеді, мұны сыйпау сезімі дейді.
Сипай сезу түйсігі. Ол жөнінде таным процесіне байланысты ең алғаш ой айтқан орыс физиологі И.М.Сеченов. Оның тұжырымдамасы бойынша, мынандай ортақ пікір айтылады: Сипай сезу түйсігі пассив (бүткіл денедегі терілер), актив (саусақ, ала қан), тікелей және аспаптық (құрал-аспаптар арқылы сезу) болып бірнеше түрге бөлінеді. Осы түйсіктер арқылы адам көзбен көрмей-ақ айналасындағы заттың формасын (қалпын), үлкен кішілігін, кедір-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын, ыссы-суықтығын ажырата алады. Мұндай түйсік терді әрекеттің ықпалы-мен таң қаларлықтай дәрежеде дамытуға болады. Мәселен, тәжірибелі диірменші ұнды алақанына уқалап көріп, оның сортын, сапасын, саласын айырады, тіпті оның қай жердің бидайынан тар тылғанына дейін айна-қатесіз айтып бере алады.
Сипай сезу түйсіктерінің күрделі еңбек процестерін ұсақ-түйек деталдарын меңгеруде, музыка аспаптарында ойнауда, шәкірттердің спортпен қол еңбегіне қажетті дағдыларға машықтануын да, сондай-ақ, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде алатын орны ерекше.
Иіс түйсіктерінде. Қазақ психологы Қ.Жарықбаевтың айтуынша, Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың тал шықтарына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш талшықтары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш талшықтарын тітіркендіріп отырады.
Дәм түйсіктері. Тіліміздегі дәм бүршіктері дәмді айыратын мүше болып табылады. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға еритін әр түрлі химиялық заттар екені белгілі. Дәмді - ащы, тәтті, тұщы (тұзды), қышқыл деп, төртке бөліп жатады. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер естетін қасиеттер. Бұл жөнінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев былай дейді: Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп отырады. Мәселен, дәмді тағамдар - адамның тәбетін арттырады. Тәбет - дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу, ыдыс-аяқ пен стол жапқыштардың эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай келуі - адамның жан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz