Ұйымдық құжаттар туралы түсінік



І. Кіріспе
. Ұйымдық құжаттар туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қаулы, жарлықтардың мазмұны мен құрылымы
2.2. Қаулы жарлықтардың өзіндік ерекшеліктері әкімдік аппаратының қаулылары, олардың өзіндік ерекшеліктері
2.3. Қаулы, жарлықтардың іс .қағаздармен байланысы

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты ¬– ұйымды құру, құрылымын, штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-қатынас жасау тәртібін, кәсіпорын қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібін анықтау.
Ұйымдық-құқықтық құжаттарды қолданысқа енгізу құжаттарды тиісті басшы (жоғары тұрған органның басшысы немесе құжаттың санатына байланысты құрылымдық бөлімшенің басшысы) бекіткеннен кейін іске асырылады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың қолданылу мерзімі шектеусіз болады және ресми түрде күшін жойғанға дейін (ескіргенінің орнына жаңасын енгізгенге дейін) заңдық күшін сақтайды. Тәжірибе көрсеткендей, әдетте кәсіпорын қалыпты жұмыс істеген жағдайда ұйымдық-құқықтық құжаттар шамамен төрт-бес жылда бір рет қайта жасалады не өзгеріске ұшырайды. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кәсіпорын басшысының бұйрығы (өкімі) арқылы жасалады.
Іскерлік қызметтегі ең бір тиімді құрылым – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (мұнан былай – ЖШС) екенін өмір көрсетіп отыр.
1. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
Ұйымдық құжаттар туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қаулы, жарлықтардың мазмұны мен құрылымы
2.2. Қаулы жарлықтардың өзіндік ерекшеліктері әкімдік аппаратының қаулылары, олардың өзіндік ерекшеліктері
2.3. Қаулы, жарлықтардың іс - қағаздармен байланысы

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе бөлім

Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты - - ұйымды құру, құрылымын, штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-қатынас жасау тәртібін, кәсіпорын қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібін анықтау.
Ұйымдық-құқықтық құжаттарды қолданысқа енгізу құжаттарды тиісті басшы (жоғары тұрған органның басшысы немесе құжаттың санатына байланысты құрылымдық бөлімшенің басшысы) бекіткеннен кейін іске асырылады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың қолданылу мерзімі шектеусіз болады және ресми түрде күшін жойғанға дейін (ескіргенінің орнына жаңасын енгізгенге дейін) заңдық күшін сақтайды. Тәжірибе көрсеткендей, әдетте кәсіпорын қалыпты жұмыс істеген жағдайда ұйымдық-құқықтық құжаттар шамамен төрт-бес жылда бір рет қайта жасалады не өзгеріске ұшырайды. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кәсіпорын басшысының бұйрығы (өкімі) арқылы жасалады.
Іскерлік қызметтегі ең бір тиімді құрылым - жауапкершілігі шектеулі серіктестік (мұнан былай - ЖШС) екенін өмір көрсетіп отыр.
Ол жұмыс істей бастағаннан-ақ үлкен көлемдегі ұйымдық-өкімдік, қаржылық және басқа да іскерлік құжаттардың легін қабылдау, қарау, жөнелту, бақылау және сақтау қажеттілігі пайда болады. ЖШС жетекшісі осындай құжаттар легіне әлдебір себептермен жете көңіл бөлмеген жағдайда, ол қағаздың астында қалады. Нәтижесінде оның іскер әріптестері өздері күткен құжатты дер кезінде ала алмай, жүйкелерін жұқартса, оның өзі қай құжатты кімге және қашан орындауға тапсырғанын есіне түсіргісі келіп қиналады.
Мұндай жағдайға түспес үшін ЖШС жетекшісі іс қағаздарын жүргізуді тиянақты ұйымдастыруы керек. Енді осы жұмысты қалай тиімді шешуге болатынына тоқталайық.
Әрбір ЖШС-де болуы тиіс құжаттарды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттар:
Құрылтай шарты және жарғы;
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Статистикалық карта;
Салық төлеушінің куәлігі;
Жер теліміне меншік құқы немесе жалға алу жағдайындағы жерді уақытша пайдалану құқы туралы куәлік;
Жылжымайтын мүлікке меншігі туралы немесе осы мүлікті жалға алғаны жөніндегі шарт туралы куәлік;
Лицензиялауды қажет ететін, яғни, жарғылық қызмет түрлерін іске асыру құқына лицензия.
2. Ұйымдастырушылық құжаттар:
ЖШС-тің құрылымы және штат кестесі;
ЖШС-тің басшыларының (егер олар бірнешеу болса) қызметтік (лауазымдық) өкілдіктерін бөлу туралы бұйрық;
Ұжымдық шарт;
ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, қоғамдық ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
ЖШС қызметкерлерінің (жалдамалы персонал, құрам) лауазымдық нұсқаулығы;
Ішкі айналымдағы басқа құжаттар (нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар және т.б.).
3. Басқару қызметінің құжаттары:
ЖШС-те өткен жалпы жиналыстардың хаттамалары;
ЖШС-тің басқа органдары мәжілістерінің (басқарма, бақылау кеңесі, тексеру комиссиясы) хаттамалары;
Шаруашылық-қаржылық қызметінің негізгі мәселелері бойынша ЖШС жетекшісінің бұйрықтары;
Мемлекеттік органдардың ЖШС қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқылық актілері.
4. Бухгалтерияның қаржылық және есеп беру құжаттары.
5. ЖШС қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес құрылымдармен арадағы қатынас қағаздары.
6. Кадрлық құжаттар:
Қызметкерлермен жеке еңбек шарттары;
Қызметкерлердің жеке істері (жеке карточкалары);
Жеке құрам және кадрлар бойынша бұйрықтар;
Қызметкерлердің еңбек кітапшалары;
Еңбек дауларын, қызметкерлердің шағымдарын (арыздарын) қарау, сондай-ақ, еңбек тәртібін бұзу және өндірістегі бақытсыздық жағдайлары фактілерін тексеру бойынша құжаттар (материалдар).
7. Еңбек шарты бойынша құжаттар:
Шаруашылық шарттары (келісімдері) және іскер әріптестермен солар бойынша хат жазысулар;
Сот органдарына жазылған талап арыздар және олардың шешімдері, сондай-ақ, олардың орындалуы бойынша хат жазысулар;
Еңбек шартына қатысты нормативтік актілер.
8. Өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау бойынша құжаттар:
күнтізбелік мерзімге (ай, тоқсан, жыл) жұмыс жоспарлары мен олардың орындалуы туралы анықтамалар;
өндірістік жоспарларды орындау және басқа да мәселелер бойынша өткізілген қызметтік жиналыстардың құжаттары (материалдары).
9. Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ЖШС-тің қызметін тексеру құжаттары мен осы мәселелер бойынша хат жазысулар.
10. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар.
Мұндай құжаттарды жүйелеу (әрине, ол ЖШС-тің жарғылық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып реттеліп отырады) ЖШС жетекшісінің бұйрығымен номенклатура түрінде ресімделіп, әр іске тиісті есеп (индекстеу) нөмірі берілуі тиіс.
Номенклатуралық істі қалыптастыру барысында ЖШС жетекшісі оның мынадай талаптарға жауап беруі керектігін ескеруі қажет:
1) ЖШС қызметі барысында жинақталатын құжаттар легін түгел қамтуы;
2) номенклатуралық істің тақырыбы ондағы құжаттардың мазмұнын қысқа, дәл және анық көрсетуі жөн;
3) істегі құжаттарды нөмірлеу олардың маңызы және өзара байланысы бойынша жүргізіледі. Алдымен нормативтік құқықтық құжаттар орналастырылады. Мұндайда жоғары тұрған органдардың қаулылары мен бұйрықтары ұйымның бұйрықтарының алдында тұрады. Мұнан ары қарай жоспарлы және есептік құжаттар ретімен келеді. Бұл жөнінде кітаптың тиісті бөлігінде толығырақ баяндалады.
Номенклатуралық істер ашылған күннен бастап ұйымның мұрағатына жіберілгенше немесе жойылғанша ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелерінде, яғни орындаушыларда (жауапты адамдарда) сақталады.

2.1. Қаулы, жарлықтардың мазмұны мен құрылымы

Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие болады. Енді акционерлік қоғам жарғысының үлгісін қарастырып көрелік.

Кәсіпорын жарғысының үлгісі

Мұқаба беті

АкционерлердіңЖалпыжиналысының
2007 жылғы20 маусымдағы № 1 хаттамасымен
БЕКІТІЛГЕН

АРНА
акционерлікқоғамының
ЖАРҒЫСЫ

Алматықаласы

Жарғы --
1) заңдытұлғалардыңқызметінреттейтінно рмативтікқұжат. ЗаңдытұлғалардыңЖарғысынқұрылтайшыб елгілейді. БелгіленгенЖарғыміндеттітүрдеӘділет министірініңтиістібасқармаларындаті ркеліп, заңдытұлғаныңқызметістеуінерұқсатет ілгендігітуралыкуәлікберіледі. Жарғызаңдытұлғаныңқұқықтықжағдайын, ішкібасқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымдытұлғалардыңөкілеттіктерінж әнеөзгезаңдытұлғалармен, мемлекеттікоргандарменқарым-қатынас ынайқындайды. Жарғыдамекеменіңнақтыатауы, тұрғанорны, атқаратынқызметініңтүрлері, т.б. қажеттімәліметтеркөрсетіледі;
2) заңменжәнебасқадайқұқықтықактіменбе лгіленгенережелержинағы. Олбелгілібір сала бойыншамемл. басқаруоргандары мен шаруашылықсаласындағызаңдытұлғалард ыңміндеттері мен құқықтарынбелгілейді (мысалы, белгілібір сала қызметкерлерініңтәртібітуралыЖарғы;
3) мемлекеттіңҚарулыКүштеріқұрамалары мен бөлімдеріндегіішкітәртіпережелері мен әскериіс-қимылжүргізуретінайқындайт ынқұжаттардыңжалпыламаатауы (қ. Әскерижарғы);
4) Ресейимпериясыныңқазақдаласынәкімш. тұрғыданбасқаруғаарналғанқұқықтықер ежелерініңжалпыламаатауы. Мысалы, "Сібірқазақтарытуралыжарғы" (1822) Орта жүздехандықбиліктіжойып, әкімшілікбасқаружүйесінРесейүкіметі ніңбасқаруынатікелейкөшірді.

Жарғылық қор

Жарғылық қор -- заңды тұлғаның жарғысында көрсетілетін қаражат көлемі. Оның ең төмемгі мөлшері тиісті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық қордың сомасына үлес қосушы жеке және заңды тұлғалар акцияға жазылған кезде жарғылық капиталдың жалпы сомасын бірден төлей алмауы да мүмкін. Мысалы, құнды қағаздардың белгілі бір көлемі тиісті заңға сай біртіндеп төленеді. Нарықтық экономикада Жарғылық қорды акционерлік капитал деп те атайды. Жарғылық қор -- кәсіпорын жарғысымен анықталатын және, негізінен, акцияларды сату түсімдерінен (акционерлік қоғамдарда) немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымдарынан (шаруашылық серіктестіктерінің барлық түрлерінде) қалыптасатын кәсіпорын капиталының бастапқы мөлшері. Жарғылық қорға аударылған қаржы мөлшері жаңадан құрылған кәсіпорын қызметінің бастамасын қамтамасыз етуі тиіс. Жарғылық қорды қалыптастыру үшін өз үлесін қосқан заңды не жеке тұлға салынған қаражатқа сәйкес акция қағазын алуы керек. Жарғылық қорға үлес қосушы барлық тұлғалар жаңадан құрылған компанияның меншігіне өздерінің қосқан үлестерінің көлеміне қарай иелік ете алады. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның Жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрініс табады. Жарғылық қорға салымдар есебінде ақша қаржылары, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, жерді пайдалану құқығы және басқа да активтер қабылданады. Құрылтайшылар (қатысушылар) осы салымдар ауқымында кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жарғылық қордың шамасы реттелініп отырады. Жарғылық қор шаруашылық жүргізуші субъектілер балансында оқшау есептеледі.

Жарғы тарихы

Жарғы -- дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі "иар" ("жар") сөзінен шыққан. Мағынасы -- әмір, әмір беру, билік айту. Ал "Кодекс Куманикусте" бұл сөз -- jar түрінде жазылған, мәні -- шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында ұлы билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы -- "Жеті жарғы" құрастырылды. Жарғы, негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиіс болды. " Жарғы " термині қазіргі кезде "устав" сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.

Жарғы, жарлық

Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады (9, 172). Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Жарлығына сәйкес, түрлі қуқықтық ө ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тірлеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:
Тіркеу туралы арыз;
Құрылтайшылар бекіткен жарғы;
Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса);
Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама ( ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады);
Санақ карточкасы;
Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;
Заңды тұлғаның мекен - жайын растайтын құжат;
Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі (19).
Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.
Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарпынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді. Жарғының деректемелері: 1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; 2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі; 3. Мәтіннің атауы; 4. Жарғының мәтіні; 5. Фирманың атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі - мәтін - ол саны мен рет тәртібі қатан белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс: жалпы ережелер: ұйымдық - құқықтық нысаны, атауы,мекен - жайы; қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет т.б.); серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; мүлкі, қорлары,табысы; басқару және бақылау органдары; жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер; есепке алу және есеп беру; дауларды шешу қызметін тоқтату. Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса,жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, Келісілді деген арнайы белгі қойылады .
Құжат жобасын дайындау үшін алдымен мәселенің мәнін зерттеп алу керек, сол мәселе бойынша бұрынғы құжаттарды қарап шығу да қажет, сонан соң әр түрлері пікірлерді есепке ала отырып, жоба жасауға кірісу шарт. Жоба алқалы органда талқыланып, қабылданады немесе ұйым басшысымен келісіліп, қол қойылады. Дайындалған құжат мүдделі тараптарға жеткізіліп, таныстырылады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мына мәселелер бойынша өкімдік құжаттар
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
шығарылып отыруы міндетті:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұйымдық, жоспарлау, өндіріс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және өткізу, қаржы мен несие, еңбек пен жалақы.

Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атқарушылық-басқарушылық қызметінің бір нысаны - өкімдік құжаттар шығару. Осы құжаттардың негізінде басқарудың маңызды міндеттері шешіледі. Қолданыстағы заңдарға сәйкес басқару органдары өз құзыретіне қарай бұйрықтар, шешімдер, өкімдер секілді өкімдік құжаттар шығарады.
Ұйым құзыреті шегінде негізгі мәселелер бойынша нормативтік немесе жеке акті қабылдау қажет болған барлық жағдайларда шешімдер мен бұйрықтар үнемі шығарылады. Өкімдер мен нұсқаулар жекелеген мәселелер бойынша және қаулыларды, шешімдер мен бұйрықтарды орындауды ұйымдастыру үшін шығарылады.
Шешім - ұйым алқалы органының өкімдік құжаты.
Шешімді сонымен қатар ұйымның консультативтік- кеңестік органдары мен қоғамдық бірлестіктері де шығарады.
Шешім мәтіні констатациялық және өкімдік бөлімдерден тұрады. Констатациялық бөлімінде шешім шығарудың себептері, оны орындау арқылы қол жеткізілетін мақсаттар көрсетіледі. Егер шешім жоғары тұрған органның өкімдік құжаты негізінде шығарылатын болса, констатациялық бөлімде сол құжаттың нөмірі, датасы, тақырыбы көрсетіледі. Констатациялық бөлім шешім қабылдаушы органның атауын көрсетіп, жеке жолға бас әріптермен ШЕШТІ деген сөзді жазу арқылы тұжырымдалады.
Өкімдік бөлімді орындаушылар (ұйым, құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға) жасалатын әрекеттер, орындау мерзімі көрсетілетін тармақтарға (пункттерге) бөлуге болады.
Шешімге консультативтік кеңестік орган төрағасы мен хатшысы қол қояды. Бұл орайда төрағаның да, хатшының да шешім мәтіні мәнін өзгертуге құқылары жоқ.
Шешім А4 пішімді жалпы бланкіге ресімделеді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шешім реквизиттері мыналар болып табылады:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі немесе эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.ұйымның- құжат авторының атауы;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.құжат түрінің атауы- ШЕШІМ;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4.датасы (консультативтік- кеңестік орган мәжілісінде шешім қабылданған дата) нөмірі;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5. жасалған немесе шығарылған орны;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6.мәтін;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7.Қол қою (төраға, хатшы қолдары);
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8.келісілгендігі (шешімге жобалық ұсыныс ендірген құрастырушылар, бөлімше жетекшілері, шешімді жүзеге асыруға жауапты орындаушылар, заң кеңесшілері, лауазымды тұлғалар келісімі алынғандығы) туралы белгі;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
9.Құжаттың орындалғандығы және іске тігуге жіберілгендігі туралы белгі.

Шешім немесе қаулы - алқалы органның (директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы және т.б.) құжаты. Өндірістік мәселелелер бойынша дайындалады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына сәйкес Мәслихаттар (7-бап) және Әкімдер (37-баптың 3-тармағы) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер қабылдайды. Шешім ШЕШТІ, ШЕШІЛДІ, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ деген сөздерді пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары секілді ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалы органның төрағасы және оның мүшелері немесе Төраға мен хатшы қол қояды.

Шешімнің үлгі нысаны

Ведомоствоның, мекеменің, ұйымның атауы
(қазақ тілінде)

ШЕШІМ
Мемлекеттік елтаңбаның немесе диаметрі 20 мм-ден аспайтын фирмалық белгінің орны
Ведомоствоның, мекеменің, ұйымның атауы
(орыс тілінде)

РЕШЕНИЕ

00.00.00. № ___________
__________қаласы

_________ №__________
г. ________________
Шығарылатынорны
(қазақтілінде)

Шығарылатынорны
(орыстілінде)

___________________
не туралыекендігі

___________________________________ ________шешім қабылдады:

1. ___________________________________ _____________________.

2. ___________________________________ _____________________.

3. ___________________________________ _____________________.

4. ___________________________________ _____________________.

5. ___________________________________ _____________________.

Мекеменің басшысы __________ _____________
(қолы) (аты-жөні

2.2. Қаулы жарлықтардың өзіндік ерекшеліктері әкімдік аппаратының
қаулылары, олардың өзіндік ерекшеліктері

Қаулылар, шешімдер. Қ Р Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті - қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары - жарлықтар; министрліктер - министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар - қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар - шешімдер; қоғамдық ұйымдар - қаулылар, жарлықтар.
Үлесі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары бірлескен шешім түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.
Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары ( күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б.) негізінде толтырылады.
Қаулы - алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерді шешідерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдан ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді.
Қаулы - жоғарғы мемлекеттік басқару органдары, басқару органдары құрамындағы комитеттер мен комиссиялар шығаратын құжат.

Қаулы - ұйымдық түрдегі және басқа органдар орындауға арналған қаулы болып ажыратылады.
Біріншісі: комитеттерде, комиссияларда қызмет сұрақтарын шешуге (орган құруға арналған сұрақтар, орган мүшелерінің арасында қызмет міндеттемелерін бөлуге, жоспарды бекітуге). Екіншісі: қызметкерлерге, мекемелерге, ұйымдарға орындауға арналған.
Билік өкілеттігі бар комиссиялар (әкімшілік, бақылау орталығы, жасөспірімдер ісі жөніндегі) орындауға тиісті қаулыларды қабылдайды.
Билік өкілеттігі жоқ комиссиялар жарнамалау түрдегі қаулыларды (Жарнамалау, Ұсыныс жасау) қабылдайды.
Қаулыларда: тұрмыстық, саясаттық, ұйымдық сұрақтарды талқылайды. Қаулылардың көмегімен жиі-жиі әртүрлі нормативтік (жинақтық) құжаттарды бекітеді.
Қаулылардың мәтіні екі: белгілеуші және жарлық бөліктен тұрады. Қаулыға коллегиялық (әріптестік) органның басшысы және хатшы қол қояды.
Қаулының жобасын заң кеңесшісі әзірлейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
Басқару қызметінің құжаттары
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Ұйымдық-басқару құжаттамасының жалпы сипаттамасы
Құжаттаманы басқару тәртібі
Басқарудағы диагностикалық әдіс
Жеке құрам бойынша ереже
Стандарттау жүйесі
Ұйымдардағы өзара қарым - қатынас және оларды басқару
Пәндер