Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері



1.Экология қалыптасуының қысқаша тарихы.
2. «Тұрақты даму» және оның концепциясы мен принципінің іске асыруда экологиялық рөлі.
3.Ағзалар экологиясы Аутэкология.
4.Биосфералық процестерде адамның орны.Өсу , даму мәселелері.
5.Негізгі тіршілік орталары және олардың бейімделулері.
7.Тірі ағзаға экологиялық фактордың әсері.
8.Популяциялар экологиясы Демэкология.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялықүрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалықәдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалықәдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райыныңәсерін баяндады.

1.Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері.Экология қалыптасуының қысқаша тарихы.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. Экология (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos -- ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам - қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті -- популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялықүрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалықәдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалықәдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707 - 1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924 - 1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980 - 2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель Жануарлар тарихы деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райыныңәсерін баяндады.
2. Тұрақты даму және оның концепциясы мен принципінің іске асыруда экологиялық рөлі.
Орнықты даму деп келер ұрпақ қажеттігін қанағаттандыру мүмкіншілігіне қауіп төндіріп, кедергі болмайтындай, әрі бүгінгі қажеттікке толық сай келетіндей дамуды айтады.Бұл тұжырымдаманың негізі ретінде қоршаған орта мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын өзара ешбір байланыссыз, бір-біріне ықпал-әсерсіз сала түрінде бөліп-жарып қарауға келмейтіндігі алынып қарастырылған. Бұл дүниедегі тек-қана дені сау әлеуметтік - экономикалық жағдай қалыптасқан жерде ғана қоршаған орта да сауыққан таза бола алады.Орнықты даму тұжырымдамасы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Дүниежүзілік конференциясында қабылданған болатын. Бұл құжатта тапшылығы мол, әрі қоршаған ортасы нашар дүниеде дені сау қоғам мен экономика болмайды делінген.Осы құжатта біздің республикадағы мемлекеттік экология саясатын іске асырудың басты бағыттары айқын көрсетіліп белгіленген. Бұл құжатта келтірілген іс шаралар қатарында:
:: экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
:: тіршілік ортасын қорғау;
:: бүлінген экожүйелерді сауықтыру;
:: жер жүзін қамтыған экологиялық проблемаларды шешуге ат салысу секілді ең негізгі бағыттар толық қарастырылған.
1.Ағзалар экологиясы Аутэкология.
аутэкология (гректің аутос - өзі, бір өзі) - ағзаның қоршаған ортамен ара қатынасы туралы ғылым.Экологияның бұл бөлігінде жекелеген ағза мен популяцияға сыртқы ортадан келетін әртүрлі факторлардың ықпалын зерттейді. Кез келген ағза мәңгі емес, сондықтан ерте ме, кеш пе әйтеубір өледі, бірақ 4 млрд. жылдан бері келе жатқан өмір жалғаса береді. Тіршілік ұйымының бірінші деңгейі осы ағзаларды қамтыйды, яғни ағзадан тысқары жерде тіршілік те болмайды.Аутэкологияның мақсаты - дарақ-тардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін жөне физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен тандап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының өсеріне ағзалардың реакция-сын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге төн физиологиялық, сондай-ақ морфологаялық өзгерістерді шы-ғаруға мүмкіндік береді.Келесі деңгейлерді бөліп қарастырады:
Молекулалық(мол.-генетикалық). Бұл деңгейде тіршіліктің келесі процестері жүреді: зат алмасу, энергияның ауысуы, тұқымдық ақпараттың берілуі.
Жасушалық. Жасуша тіршіліктің элементарлы, құрылымдық және функционалды бірлігі болып табылады.Бұл деңгейде тіршілікке тән барлық процестер байқалады: өсу, қоректену, көбею, даму.
Ұлпалық. Ұлпа - құрылымы ұқсас, шығу тегі бір жасушалар және жасушаралық заттар жиыны. Ол жасушалар тобы белгілі бір қызмет атқаруға негізделген.
Мүшелік.Мүше- көпжасушалы ағзаның бөлігі болып табылады. Ол белгілі бір қызмет немесе қызметтер атқарады. Мысалы, көру, есту, ас қорыту және т.б.
Ағзалық. Ағза тіршіліктің барлық қасиеттерін сипаттайтын өмірдің негізгі таратушысы қорабы. Қазіргі таңда бірыңғай онтогенетикалық деңгейді бөліп қарастырады. Ол келесі деңгейлерді құрамына біріктіреді:жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық.
Популяционды - түрлік. Популяция - бір түрге жататын, жекеленген генетикалық жүйе құрайтын бірыңғай абиотикалық факторлары бар кеңістікте тіршілік ететін даралар жиынтығы.
Биоценотикалық. Биоценоз - белгілі бір территорияда тіршілік ететін әр қилы ұйымдасу деңгейлері бар әр түрге жататын даралар, популяциялар жиынтығы.
Биосфералық. Биосфера - Жер қабаты, оның құрылымы және қасиеттері тірі ағзаның өткендегі немесе қазіргі таңдағы тіршілік әрекетімен сипатталады.

2.Биосфералық процестерде адамның орны.Өсу ,даму мәселелері.
Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы,өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл қазіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі.
Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман - тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу - бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері,компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.
1.Негізгі тіршілік орталары және олардың бейімделулері.
Тіршілік ортасы - тірі затты қоршап, онымен жанама немесе тура байланыста болатын табиғаттың өлі және тірі компоненттерінің нақты жағдайлар жиынын атайды.
Жер планетасындағы тірі ағзалар эволюция барысында 4 тіршілік орталарын игерген. Олар:
v Су ортасы;
v Құрлық-ауа;
v Топырақ;
v Тірі ағза.
Су ортасы. Бұл ортада алғаш тіршілік пайда болды. Гидросфера Жер шарының 71%-ын алып жатыр. Су ортасында жануарлардың 150 000 түрі (жер шарындағы жалпы жануарлар түрінің 7%.) және 10 000 (8%) өсімдік түрі кездеседі.
Су ортасының қасиеттері:
v Жоғары тығыздық;
v Қысымның әр алуан ауытқушылықтары;
v Оттегінің салыстырмалы аз мөлшері;
v Күн сәулелерін жақсы сіңіруі;
v Тұзды режимінің бар боллуы;
v Горизонтальды ағыстарының жылдамдығы;
v Қалқымалы заттардың құрамы және сапасы және т.б.
Құрлық-ауа ортасы. Құрлық-ауа ортасында тіршілік ететін жануарлар газтәрізді орта - ауамен қоршалған. Осы ортадағы жануарларды аэробионттар деп атайды, олар қатты субстрат үстінде (топырақ) жүреді нмесе сонда бекіп өседі.
Құрлық - ауа ортасының қасиеттері:
v Жарықтың жоғары интенсивтілігі;
v Температураның үлкен ауытқұлары;
v Географиялық жағдай, маусым, тәулікке байланысты ылғалдылықтың ауытқулары;
v Ауа массаларының қозғалуы - желдің болуы.
Топырақ. Топырақ - құрлықтың жұқа, борпылдақ, құнарлы беткі қабаты, ол ауа қабатымен жанасып жатады. Топырақ күрделі 3 фазалы жүйе болып табылады. Ондағы қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Топрықта көп ретте ұсақ микроорганизмдер мен бактериялар шоғырланған.
Топырақ ортасының қасиеттері:
v Температуралық ауытқулар әлдеқайда реттелген;
v Грунт сулары мен жауын-шашын сулары топырақтың ылғалдылығын қамтамысыз етеді;
v Топырақта органикалық және минералды заттар жинақталады;
v Тығыздығы ауа ортасымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Ағза ортасы. Бұл - түрлер арасындағы паразиттік немесе симбиозды қатынасты қарастыратын арнайы тіршілік ортасы болып келеді. Қазіргі таңда анықталған барлық көпжасушалы ағзалардың ішінде міндетті түрде өзге ағзалар тіршілік ететіндігі дәлелденген.
Ағзалардың қоршаған ортаға байланысты бейімделушілігінің 3 типі:
Морфологиялық бейімделу - иесінің морфологиялық-құрылымдық ерекшеліктеріне негізделіп, ағзалар өзінің құрылымын өзгертеді;
Физиологиялық бейімделу - әрбір мүшелердің функциясын алмастыруы;
Этологиялық бейімделу - жүріс- тұрысының фомаларын өзгерту.
2.Жердің табиғи экожүйесі.Экологиялық сукцессия.
Зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы - экологиялық жүйе немесе экожүйе деп аталады.
Табиғи экожүйелер әртүрлі көлемде және кеңістікте орналасады: организмдер тіршілік ететін кішкене шалшық, мұхит, шалғын, тоғай, тайга, дала- бұлардың барлығы әртүрлі масштабтағы экожүйенің мысалдары. Кез келген экожүйе тірі бөлігі биоценоздан және оны қоршаған тірі емес табиғаттан тұрады. Ұсақ экожүйелер жалпы Жер экожүйесіне дейінгі ірі экожүйенің құрамына енеді. Біздің планетамыздағы жалпы биологиялық зат айналым көптеген жеке заттардың қарым қатынасынан құралады.
Экожүйелердің жіктелуі. Экологиядлық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.
1. Құрлық экожүйелер - тундра, тайпа, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.
2. Тұщы су - ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері.
3. Теңіз экожүйелері - теңіздер мен ашық мұхит.
Экологиялық сукцессия. Биоценоздағы тәуліктік, маусымдық ауытқулар бірте-бірте бірлестіктерді толық болдыруі мүмкін Осылайша биоценоздың ауысуын экологиялық сукцессия процесі дейді.
Сукцессия кезінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлі құрамы үздіксіз өзгереді .
1. Сукцессия барысына органикалық заттардың биомассасы ұлғайып отырады.
2. Сукцессия барысында ағзалардың әр түрлілігі көбейе түседі, оның себебі биоценоздар жіктеліп, ұсақтанып кетуінің нәтижесінде ағзаларға қолайлы экологиялық ортаның тууы болса керек.
3. Сукцессия кезінде таза биологиялық өнімділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Дүниетану пәні
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Экология – организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін іргелі жаратылыстану пәні
Есіл қалалық экологиясы
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер