Психикалық даму негіздері


Жоспар
Кіріспе
Психикалық даму негіздері.
Негізгі бөлім
1. Даму туралы түсінік.
2. Психикалық дамудың жағдайы мен қозғаушы күші - жас дамуның түбегейлі мәселесі.
3. Даму психологиясының пәні мен міндеттері.
4. Даму психологиясының салалары.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Отандық психологияда Л. С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу жетекші рөл ойнайды. «Оқытудамудатек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қанадамудыңсоңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, олдамудыңалдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
1. Даму туралы түсінік
Даму психологиясы - бұл негізгі академиялық ғылым. Бұл ғылым бірнеше бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлігі бір қызмет атқарады. Даму психологиясы адамдардың психикасының дамуын зерттейді. Даму психологиясын негізгі 4 түрге бөліп көрсетуге болады:
1) Даму психологиясы- әртүрлі жастағы адамдардың концепциясы. Бірақ басқа адамдар қатысты болып келеді.
2) Даму психологиясы- әртүрлі жастағы адамдардың арасындағы қарым-қатынас болып табылады.
3) Даму психологиясы- бұл жеке адамның психикасының дамуына әсер етеді.
Даму психологиясының пәні: жалып заңдылықтардың онтогенездегі психикалық өсуін, мәнін ашып, кең мағынада түсіну, жекешеліктің, себеп салдарының, сананың 1 кезеңнен 2-ші кезеңге өтуі. Бұл адамның индивидуалдық өсу, тарихи-мәдени, этникалық, әлеуметтік-экономикалық шарттардың әсерінсіз болмайды.
Даму психологиясының пәні мыналардан тұрады.
1) Өзгерістер- бұл адамның психикасында, өзін-өзі ұстау мәнерінде жас ұлғайған сайын, яғни жастан 2-ші жасқа өткен сайын кезде болатын өзгерістер.
-көп көлемділіктен тұрады- ол яғни сөздік қорының көбеюі, есте сақтау қабілетінің көлемі.
-эволюциялылығы-бұл ақырын, жайымен, ретімен жинақталады.
-сапалығы-сөйлеу мәнеріндегі грамматикалық қиындықтары.
-революциялығы-өте терең, әр кезеңдерде тез әрі жылдам пайда болады.
-ситуациялығы-әлеуметтік орта мен оның балаға әсерімен тығыз байланысты ұстамсыз.
2) Даму психологиясының түсінігі- адамның өзін-өзі ұстауындағы және психикасындағы спецификалық қосындысы сияқты анықталады.
Жас немесе жастық кезең- бұл баланың өсуінің циклі, оның өзіндік құрылымы мент динамикасы бар.
Психологиялық жас -психикалық жас баланың хранологиялық жасы мен яғни оның куәлігінде жеке паспортындағы жасқа сәйкес келмеуі мүмкін.
Жас -бұл психологияда индивидтің жүріс-тұрысының жалып спецификалық негізі болып табылады. Әрбір жаста адамның белгілі өзіне тән мінез-құлқы болады. Осы мінез-құлық өзіні психологиямен және жүріс-тұрысымен байланысы деп қарастырады және бұл басқа жастарда қайталанбайды.
Жастық шақ -өзіне тән белгілі бір уақытпен шектеледі. Бірақ бұл хранологиялық шектеулердің жылжуыда мүмкін. Бір бала жастық шаққа басқа балаға қарағанда тез кіруі мүмкін. Бұл балалардың жыныстық жетілуімен байланысты.
3) Заңдылықтар-психологияның дамуына механизм және күш әсер етеді. Олар психологиялық дамуға да әсер етеді.
2. Психикалық дамудың жағдайы мен қозғаушы күші - жас дамуның түбегейлі мәселесі
Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында:а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев) ; б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. факторлар ретінде В. С. Мухина оның алғышарттарын, дамудыңшарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамныңпсихикалықжәне жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді.
Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудыңсыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз».
Отандық психологияда Л. С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу жетекші рөл ойнайды. «Оқытудамудатек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қанадамудыңсоңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, олдамудыңалдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Бұл ереже тек қана отандық психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей, « . . . ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды.
Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады». Л. С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі . Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды. Дамудыңкарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардьщ жауабы болып отыр: жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудыңәлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасын дамытуға, оныңпсихикалықдамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.
3. Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Бала психологиясы -жасерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Оладамөміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Балапсихологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.
В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) - Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау.
Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психологияғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:1) биогенетикалық; 2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, , балаң жас психологиясы) .
Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы:бақылауменэксперимент(лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т. б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым - педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Б. М. Бехтерев, А. П. Негаев, Г. И. Россолимо, т. б. ) . 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов.
4. Даму психологиясының салалары.
1. Еңбек психологиясы. Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz