Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері



I Кіріспе
Қан кету туралы түсінік
II Негізгі бөлім
а) Қан кету түрлері.
в) Қанды уақытша тоқтату әдістері
с) Қанды тұрақты тоқтату әдістері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қан кету (лат. Haemorrhagia compensatio — қан кету, ағу) — қан кету. Қан кету деп қанның тканьдерде жиналуын айтады. Оның түрлері гематома, геморрагиялық сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар. Қан тканьдерде жиналады деген ұғым бойынша қанның іге құйылуы, қанның кілегей қабықтарға құйылуы деп айтады. Дұрысында қан кілегей қабықтың астында, эпидермис астында жиналады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, төс жөне бас сүйегі ішіне жеңіл кеткен жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.
Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал. Қан ағу екіге бөлінеді: сыртқа және ішке қан кету. Сыртқа қан ағу кезінде қан сыртқы ортаға ағып шығады, ал ішке қан ағуда – ұлпаға және ішкі ағзаларға жайылады. Ішке қан ағу жасырын қалыптасады және оның белгілері болмайды, бұл қанның қуыстарға ағуымен сипатталады. Мысалы: іш қуысына, плевра қуысына және т.б. қуыстарға. Анық қан ағу кезінде қан ағза ішіне құйылады, олар қанды құсықпен болып немесе ішектен қан ағумен қара нәжіс (деготь, смола) немесе бүйрек және қуық ісігі, жарақаты кезінде зәрде қанның пайда болуымен (гематурия) белгілі болады.
1. Қ.Д.Дұрманова «Жалпы хирургия» Алматы 2006ж
2.А.Рақышев «Адам анатомиясы І» Алматы 2004ж
3.А.Рақышев «Адам анатомиясы ІІ» Алматы 2004ж
4.Р.І.Есімбекова, Т.Ә.Ізмұхамбетов, С.Ш.Сахишева, М.Қ.Мұсажанова «Атлас. Анатомия және физиология» Қарағанды 2013ж.
5.Денсаулық журналы. Алматы 2007ж.12-15 бет.
6.Интернет желілері: google.kz, google.ru

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және
тұрақты тоқтату әдістері.

Орындаған:Манап Ә.

Тобы:102-А ҚДС

Қабылдаған: Сисабеков.Қ.Е

Шымкент 2016 ж

Жоспар

I Кіріспе

Қан кету туралы түсінік

II Негізгі бөлім

а) Қан кету түрлері.

в) Қанды уақытша тоқтату әдістері

с) Қанды тұрақты тоқтату әдістері

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қан кету туралы түсінік

Қан кету (лат. Haemorrhagia compensatio — қан кету, ағу) — қан кету. Қан
кету деп қанның тканьдерде жиналуын айтады. Оның түрлері гематома,
геморрагиялық сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар. Қан тканьдерде
жиналады деген ұғым бойынша қанның іге құйылуы, қанның кілегей қабықтарға
құйылуы деп айтады. Дұрысында қан кілегей қабықтың астында, эпидермис
астында жиналады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең
(тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы
мүмкін Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, төс жөне бас сүйегі ішіне
жеңіл кеткен жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені бұл кезде белгілі
бір ішкі орган закымдануы мүмкін.
Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның
салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі
зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз
және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде,
ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың
күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал
денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап,
адамның өліп кетуі де ықтимал. Қан ағу екіге бөлінеді: сыртқа және ішке қан
кету. Сыртқа қан ағу кезінде қан сыртқы ортаға ағып шығады, ал ішке қан
ағуда – ұлпаға және ішкі ағзаларға жайылады. Ішке қан ағу жасырын
қалыптасады және оның белгілері болмайды, бұл қанның қуыстарға ағуымен
сипатталады. Мысалы: іш қуысына, плевра қуысына және т.б. қуыстарға. Анық
қан ағу кезінде қан ағза ішіне құйылады, олар қанды құсықпен болып немесе
ішектен қан ағумен қара нәжіс (деготь, смола) немесе бүйрек және қуық
ісігі, жарақаты кезінде зәрде қанның пайда болуымен (гематурия) белгілі
болады.
Негізгі бөлім

Қан кету түрлері:

Қан кетуде қан айналысы мен тыныс алудағы өзгерістермен қоса қанның қасиеті
де өзгереді. Ең алғашқы өзгерістердің бірі – қанның сұйылуы (гидремия). Ол
тамыр қабырғасының өткізгіштігінің өзгеруіне байланысты қанға ұлпадағы
сұйықтардың ағып келуінен болады. Қан аққан кезде қанға хлорлы натриймен
бірге ұлпа сұйықтығының барлық құрама бөліктері, сонымен бірге ақуызда
түседі. Қан тамыры өзінің ақуызына толады. Қанға ұлпа сұйықтығының ағып
келуі үшін айналыстағы қанның көлемін қалпына келтіретін қажетті
толықтырушы тетік керек.

Қан ағу қанның морфологиялық құрамына әсер етеді. Қан ағудан кейін біраз
уақыттан соң қанда эритроциттердің-эритробластар, нормобластар және
лейкоциттердің жас пішіндері кездеседі. Әрқашанда солға жылжыған
нейтрофильді лейкоцитоз (8-10 сағ. кейін таяқша тәріздес, миелоциттер 15-20
мың) байқалады
Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық),
веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып
бөлінеді.

Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі
тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған
жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен
тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Қан
тамырының диаметрі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым қан қатты ағады және
бірнеше минутта өлімге алып келуі мүмкін. Маңызды рөлді зақымдалған тамыр
қабырғасының сипаты (бүйірлік, толық, т.б.) атқарады. Тамыр қабырғасының
бүйірлік жарақатында жиырылмайды, нәтижесінде қан кету тоқтамайды. Толық
зақымдалу кезінде керісінше болады-саңылау жиырылып, интима ішке қарай
табиғи жарғақ түзіп, қансырауды тоқатады.

Веналық қан кету-қошқыл қызыл түсті қан шығады, қан ағу жылдамдығы
артериялық қан кетуге қарағанда баяу. Ірі вена тамыры зақымдалғанда қан
сарқырап ағады, жылдамдығы сәйкесінше жоғарылайды, аз уақыт ішінде өлімге
алып келуі мүмкін. Қанның ағуы венаның анатомиялық орналасуына байланысты
өзгеруі мүмкін. Егер тамыр ірі артерияның жаныныда орналасатын болса, онда
қанның ағуы тамыр соғысының әсерінен үздік-үздік болады. Веналық қысымның
жоғары болуы да, қанның көп ағуына алып келіп.

Қылтамырлық қан кету-ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен
тоқтайды, аралас сипат алады. Себебі капиллярлар, артериолалар, венулалар
бірге зақымдалады. Оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады.
Қылтамырлық қансыраудың бірнеше түрі бар: паренхиматозды, сыртқы, ішкі,
жасырын, біріншілік, рецидивті.

Қан тоқтату әдістері:

Егер қансырау өздігінен тоқтамайтын болса, онда жасанды қан тоқтату
әдістерін қолданадыы. Бұл әдістер уақытша және біржолата болуы мүмкін.

Қанды уақытша тоқтату әдістері

Бұл әдіс қансырауды тоқтатуда алғашқы көмек ретінде қаралып, қанды
біржолата тоқтатуға дейінгі мерзімде қолданылады.

Бұрау салу. Бұл әдіс қарапайым және сенімді болып саналады, көбінесе аяқ-
қолдан артериялды және массивті қан кетулерде қолданылады.

Қан тоқтататын бұраудың ұзындығы 1,5 метр, екі ұшында ілмегі бар. Оны
зақымдалған жерден проксимальді орналастырады. Бұраудың астына міндетті
түрде мата (орамал, киім, дәке) қою керек. Тартып тұрып 2-3 рет орайды.
Бірақ байламдар бірінің үстіне бірі жатпауы тиіс. Міндетті түрде бұраудың
салынған уақытын көрсету керек, себебі оны екі сағаттан, ал қолға 1,5
сағкаттан артық салуға болмайды. Бұраудың дұрыс салынғандығының
көрсеткіштері мыналыр: жарадан қан ағудың тоқтауы, шеткі тамыр соғуының
жоғалуы, аяқ-қолдардың бозғылт, әрі суық болуы. Егер науқасты 1,5-2 сағат
тасмалдайтын болса, белгілі уақыт сайын бұрауды 10-15 минутқа шешіп отыру
қажет. Осы кезде зақымдалған тамырды саусақпен басып отыру керек. Ары
қарай, қажет болса, бұрауды шешу рәсімін қайталайды: қыста-30 минуттан
кейін, жазда 50-60 минуттан кейін, тасымалдау құрсауларымен бекіту керек.

Бұрауды шап, қолтық асты және мойын аймақтарына салуғада болады. Бұл
жағдайда Крамер құрсауын қаңқа тәрізді етіп, мойынның сау жағына
орналастыру керек. Оның үстіне қан тамырларын мойынның екінші жағынан
басып, қысып тұратындай етіп, бұрау салады. Құрсау болмағна жағдайда, қолды
мойынның сау жағына орналастырып, дәке орағышымен таңып тастайды.

Бұраумен механикалық қысу невтер мен нервтер мен тіндердің жарақаты мен
ишемиясын шақырады. Нәтижесінде, аяқ-қолдың парезі мен салдануы пайда
болады, анаэробты инфекция дамуы мүмкін (оттегісіз өмір сүретін
бактериялар). Қансырауды уақытша тоқтатқанда пневматикалық манжетканы
қолданған жөн. Себебі оның көмегімен ауыр асқынулардан құтылуға болады.
Өйткені манжеткадағы қысымды бақылап отыруға және артериялық қысымнан сәл
ғана жоғары ұстауға болады.

Артерияны саусақпен басу. Бұл әдіс әлдеқайда оңай, әрі тез орындалады.
Қансырауды қысқа мерзімге тоқтатуға қолданылады (тамырды 15-20 минуттан
артық басу мүмкін емес). Содан кейін, басқа гемостаз әдісін қолдану керек
(бұрауды салу немесе айырбастау). Қансырауды саусақпен басып тоқтату әдісін
артерия беткей және сүйек қасында орналасқан кезде ғана қолданады. Басу
нүктелері мен сүйек құрылымдары мыналар: ұйқы артериясы-VI мойын
омыртқасының бүйір өсіндісі; бұғана асты артериясы-І қабырға; иық артериясы-
тоқпан жіліктің ішкі беті; сан артериясы-қасаға сүйегі. Қан тамырын 2
қолдың бас бармақтарынбірінің үсіне бірін қою арқылы немесе алақан және
жұдырықпен қысуға болады. Бұғана асты артериясын қысу қиынға түсетіндіктен,
қолды артқа қатты тарту арқылы тоқтатуға болады. Осы жерде бұғана асты
артериясы бұғана мен І қабырға аралығында қысылады.

Аяқ-қолды буында бүгу. Өте қолайлы әдіс. Қан ая-қолдан кеткенде, буынды
қатты бүгіп, осы қалыпта бекіту керек. Білек төңірегіндегі қан тамырлары
жарақаттанғанда, қолды шынтақ буынында, ал сирақ тамырларынан қан кеткенде-
тізе буынында қатты бүгу керек.

Шынтақ немесе тізе асты шұңқырына алдын-ала бума орналасыру керек. Сан
артериясын қысу үшін, санды ішке қатты жақындату керек. Қолтық асты
артериясынан немесе бұғана асты артериясының шеткі бөлімдерінен қан
кеткенде, екі иық артқа қатты тартып, бір-біріне шынтақ буындары деңгейінде
бекітеді.

Қысып тұратын таңғыш ұсақ қан тамырлық, веналық және капллярлық қансырауда
қолданылады. Жараның үстіне бірнеше залалсыз дәкелерді орналастырып,
тығыздап, қатты таңып тастайды. Таңуды орындамас бұрын, қолды немесе аяқты
жоғары көтеру керек. Таңуды шетінен ортаға қарай орындайды.

Көрсетілген аяқтың варикозды кеңейген веналарынан қан кеткенде қолданады.
Қысып таңу флебэктормия, сүт безінің секторальді резекциясы, мастэктомия,
т.б. операциядан кейінгі ерте кезеңде қансыраудың алдын алу үшін қолданады.

Жараны тығындау. Жара түбінен аз мөлшерде қан кеткенде, қансырауды уақытша
тоқтату үшін, дәке тығынын қолдананды. Жараның қуысы дәкемен тығындалып,
таңғышпен бекітіледі. Тізе асты аймағындағы жарның тығындалуына зор мән
беру керек, себебі аяқтың ишемичсы мен өліеттенуі дамуы мүмкін.

Қансырап жатқан тамырға қысқыш қою операцияда жиі қолданылады. Хирург
жараны қаннан тазартып, құрғатып, қансырап тұрған тамырды қысып, көбінесе
тамырды тігу арқылы біржолата тоқтады. Бұны өте байқап жасау керек. Себебі
қысқаша зақымдалған тамырмен бірге магистральді тамыр немес нерв кіріп
кеитіп, асқынулар тууы мүмкін.

Уақытша шунт салу. Ірі магистральді тамырлар зақымдалғанда, негізгі
артериядағы қан айналымын қалпына келтіру үшін қолданылады. Өйткені,
олардың ішіндегі қан ағысының тоқтауы ауыр нәтижелерге алып келіп, науқас
өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Зақымдалған артерияның екі ұшына да тығыз
эластикалық түтікше енгізіп, тамыр ұштарын түтікшеге лигатуралармен
байлайды. Бірнеше сағаттан, бірнеше тәулікке дейін қан ағуды біржолата
тоқтатуға жағдай туғанша қызмет атқара алады.

Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі

Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен)
үстіне жгут салу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарақаттың түрлері
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
Қан кету және оны тоқтату
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Электр мен сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Жарақаттар туралы
Пәндер