Салық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде



1. Салықтардың экономикалық мазмұны және оның функциялары.
2. Салық салу элементтері мен оның сипаты және принциптері.
3. ҚР салық саясатының, оның түрлері мен міндеттері, бағыттары. Салық механизмі жне оның құрылымы.
4. Салық жүйесінің түсінігі, салық классификациясы.
5. Салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттеудің құраушы бөлігі ретінде.
6. Мемлекеттік салық қызметі: құрылымы, құқығы мен міндеттері.
1. Салықтардың экономикалық мазмұны және оның функциялары
Салықтар – белгілі бір көлемде, қайтарылмайтын негізде төленуге міндетті мемлекет заң жүзінде бекіткен бюджетке төленетін төлемдер. Салықтың экономикалық мазмұны мемлекет өзінің функциясы мен міндеттерін орындау мақсатында салықтарды жинауы айтамыз және ол ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтың негізгі функциялары мынадай:
1. фискалды (бюджеттік, жинақтаушылық);
2. бақылаушылық;
3. қайта бөлушілік (әлеуметтік);
4. реттеушілік, ол үшке бөлінеді: ынталандырушы, тежеуші, ұдайыөндірістік бағытта.
Фискалды функцияның көмегімен мемлекеттің ақшалай қоры құрылып, оның қызмет етуіне материалдық жағдай туғызады. Өндірістік қатынастар жетілген сайын бұл функцияның маңызы арта түседі.
Салық функцияларының жүйесі











Бақылаушылық функциясы мемлекеттің қаржылық базасының қалыптасуына бақылау жасауын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Қайта бөлуші (әлеуметтік) функция нарықтық экономиканы әлеуметтік бағытқа қарай меңзейді. Ол прогрессивті салық ставкасын бегілеу арқылы белгіленеді және әлеуметтік салаға бағытталады.
Реттеушілік функция ұдайыөндіріс процестерінің масштабы мен динамикасына әсер ету арқылы белгілі болады. Салықтың өзгеруі төлемқабілетті сұраныс пен ұсынысты, жұмыс пен қызмет көрсетуді қысу немесе кеңейтуге және жинақ пен инвестицияны азайтуға немесе ұлғайтуға қабілетті.

2. Салық салу элементтері мен оның сипаты және принциптері
Салық элементтері:
• салық субъектісі;
• салық объектісі;
• салық ставкасы;
• салық жеңілдіктері;
• салық төлеу тәсілі мен тәртібі;
• салық мерзімі.
Салық субъектісі –салық төлеуге заңды түрде міндетті тұлға. ҚР-да салық субъектілері: заңды, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, резиденттер емес. Салық объектісі – салық салынатын зат, іс-әрекет, құбылыс (табыс, мүлік, іс-әрекет түрлері, ақша операциялары, тауарлық-материалдық құндылықтар). Салық ставкасы –салық салу бірлігіне салықтың мөлшері. Салық ставкасының мынадай түрлері бар:
• тепе-тең ставкалар - әрбір салық төлеушіге тепе-тең салық сумасы белгіленеді;
• қатаң ставкалар - әрбір салық салу бірлігіне тіркелген мөлшерде салық белгіленеді (жер салығы);
• проценттік ставкалар.
Өзгеру дәрежесіне байланысты проценттік ставканың мынадай түрлері бар:

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1. Салықтардың экономикалық мазмұны және оның функциялары
Салықтар - белгілі бір көлемде, қайтарылмайтын негізде төленуге міндетті мемлекет заң жүзінде бекіткен бюджетке төленетін төлемдер. Салықтың экономикалық мазмұны мемлекет өзінің функциясы мен міндеттерін орындау мақсатында салықтарды жинауы айтамыз және ол ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтың негізгі функциялары мынадай:
1. фискалды (бюджеттік, жинақтаушылық);
2. бақылаушылық;
3. қайта бөлушілік (әлеуметтік);
4. реттеушілік, ол үшке бөлінеді: ынталандырушы, тежеуші, ұдайыөндірістік бағытта.
Фискалды функцияның көмегімен мемлекеттің ақшалай қоры құрылып, оның қызмет етуіне материалдық жағдай туғызады. Өндірістік қатынастар жетілген сайын бұл функцияның маңызы арта түседі.
Салық функцияларының жүйесі
Салықтың функциялары
фискалды
бақылаушылық
реттеушілік
Қайта бөлуші (әлеуметтік)
ынталандырушы
ұдайыөндірістік
тежеуші

Бақылаушылық функциясы мемлекеттің қаржылық базасының қалыптасуына бақылау жасауын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Қайта бөлуші (әлеуметтік) функция нарықтық экономиканы әлеуметтік бағытқа қарай меңзейді. Ол прогрессивті салық ставкасын бегілеу арқылы белгіленеді және әлеуметтік салаға бағытталады.
Реттеушілік функция ұдайыөндіріс процестерінің масштабы мен динамикасына әсер ету арқылы белгілі болады. Салықтың өзгеруі төлемқабілетті сұраныс пен ұсынысты, жұмыс пен қызмет көрсетуді қысу немесе кеңейтуге және жинақ пен инвестицияны азайтуға немесе ұлғайтуға қабілетті.

2. Салық салу элементтері мен оның сипаты және принциптері
Салық элементтері:
* салық субъектісі;
* салық объектісі;
* салық ставкасы;
* салық жеңілдіктері;
* салық төлеу тәсілі мен тәртібі;
* салық мерзімі.
Салық субъектісі - салық төлеуге заңды түрде міндетті тұлға. ҚР-да салық субъектілері: заңды, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, резиденттер емес. Салық объектісі - салық салынатын зат, іс-әрекет, құбылыс (табыс, мүлік, іс-әрекет түрлері, ақша операциялары, тауарлық-материалдық құндылықтар). Салық ставкасы - салық салу бірлігіне салықтың мөлшері. Салық ставкасының мынадай түрлері бар:
* тепе-тең ставкалар - әрбір салық төлеушіге тепе-тең салық сумасы белгіленеді;
* қатаң ставкалар - әрбір салық салу бірлігіне тіркелген мөлшерде салық белгіленеді (жер салығы);
* проценттік ставкалар.
Өзгеру дәрежесіне байланысты проценттік ставканың мынадай түрлері бар:
* пропорционалды - салық объектісінің мөлшеріне тәуелсіз бірыңғай процентте юелгіленеді (корпоративті табыс салығы);
* прогрессивті - табыстың және мүліктің өсуіне байланысты процент шкала түрінде өседі (жер қойнауын пайдаланушылардың жоғары табысына салынатын салық, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық);
* регрессивті - салық салу объектісі ұлғайған сайын төмендейді (әлеуметтік салық).
Салық жеңілдіктерінің үш түрі бар: алу (шегеру), жеңілдіктер, салықтық кредиттер.
* Алу - бұл кейбір салық салу объектілерін босатуға бағытталған салық жеңілдігі (білім беру ұйымдарын корпоративті табыс салығынан босату);
* Жеңілдіктер - салық салу базасын қысқартуға бағытталған жеңілдіктер, олар жалпылама және арнайы болуы мүмкін;
* Салық кредиттері - салық ставкасын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер.
Салық салу принциптері (классикалық және қазіргі). Салық салу жүйесінің классикалық принциптерін А.Смит "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегінде қалыптастырған:
1. Мемлекет үкімет шығындарын жабуға қатысуға міндетті.
2. Төленетін салық нақты анықталған болуы тиіс.
3. Салық төлеушіге икемді болуы керек (ол қалай, қашан төлей алады, соған икемді болуы керек).
4. Салық кәсіпкердің табысынан аз алынуы керек.
А. Смит қалыптастырған принциптерді Д.Рикардо, Л,Вагнер, Л.Соколов, П.Самуэльсондер қолдап, соның ішінде А.Вагнер 9 принцип ұсынған және оларды 4 топқа біріктірген. Қалыптасқан принциптердің негізін классикалық және қаржылық-шаруашылық бағыттар құраған. Бірінші топты салық салуды ұйымдастыру, екінші топты халық шаруашылығы, үшінші топты этикалық, төртінші топты әкімшілік - техникалық принциптер құрайды. Аталған негізгі принциптерді біріктіріп казақстандық салық жүйесінің келесідей жиынтығын ұсынуға болады:
* Классикалық - әділеттілік, тепе-теңдік, ыңғайлылық, үнемдеушілік;
* Экономикалық-функционалды - тұрақтылық, салық заңдарының кері күшіне тиым салу;
* Табысты қайта бөлудің салықтық формасын енгізу - бір ретқана салық салу, нейтральность, анықтылық.
ҚР-ның Салық Кодексінде мынадай принциптер бекітілген:
oo міндеттілік;
oo анықтылық;
oo әділеттілік;
oo бірыңғайлылық;
oo жарияланушылық.

3. ҚР салық саясаты, оның түрлері мен міндеттері, бағыттары. Салық механизмі жне оның құрылымы
Салық саясаты - мемлекеттің қоғамды әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешу үшін салық салу арқылы мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін қалыптастыру бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында кәсіпорын салық толеуші ретінде
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСАТЫ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Экономикалық өсудің қарқыны
Экономиканы реттеу құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері
Пәндер