Радиобиология. Радиобиологияның физикалық негіздері.Радиосезгіштік. Сәулеленудің салдары



І Кіріспе
1) Радиобиологияның даму тарихы
ІІ Негізгі бөлім
1) Радиобиологияның физикалық негіздері
2) Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлері
3) Ағзаның радиосезгіштігі. Сәуле аурулары
ІІІ Қорытынды
1) Сәулелерден қорғанудың биологиялық әсерлері
Радиобиология(лат. radio – сәуле шығарамын және ''биология'') – иондаушы сәулелердiң барлық түрiнiң тiрi организмдер мен оның қауымдастығына тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым.Иондаушы сәуленiң биологиялық әсерiн зерттеу ''В.К.Рентген''нiң (1895), француз ғалымы ''А.Беккерель''дiң (1896) жұмыстарынан, ''П.Кюри'' мен ''М.Складовская-Кюри''дiң радийдi ашуынан (1898) басталады. Р. саласындағы зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың басындаРесейде орыс радиобиологы Е.С.Лондон жүргiздi. Ол 1911 ж. «Биология мен медицинадағы радий» атты монография жазды.
1904 ж. ГерманиядаГ.Петерс сәуле әсерiнен тіндердің бөлiну процесiндегi ауытқуды тапты, ал П.Линзер мен Э.Хельбер1905 ж. сәуле әсерiне ұшыраған жануарлар қанында уытты заттар пайда болатынын ашты.20 ғасырдың 20-жылдары рентген және гамма сәулелерiнiң әр түрлi биология нысандарға тигiзетiн әсерлерi туралы көптеген жеке-жеке деректер жиналды. 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филлипов рентген сәулесiнiң әсерiнен саңырауқұлақтарда болатын мутагендi құбылыстарды ашқан. Радиац. мутагенез туралы ғылыми басылымдар АҚШ-та (Г.Меллер, 1927; Л.Стедлер, 1928) жарық көрдi. Бұл ашылған жаңалықтар радиац. генетиканың негiзiн салуға ықпал еттi.
1950–60 ж. Радиобиологияда биофизика және биохимия әдiстердi қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргiзу басталды. Ядролық қаруларды жаппай сынау және жер бетiнiң радионуклидтермен (мысалы, егер қоршаған ортаға түссе, ұзақ жылдар бойы ыдырамайтын – Sr және Cs) ластануы Радиобиологияның алдына радиациялық сәулеге ұшыраған тiндерде болатын өзгерiстердi зерттеу, радионуклидтердiң әсер ету ұзақтығы және олардың организмнен шығу мерзiмiн анықтау сияқты жаңа мiндеттер қойды. Адамның ғарыш кеңiстiгiне шығуына және оны игеруiне байланысты радиацияның ғарыш жағдайында адамның жоғары жүйке жүйесiне тигiзетiн әсерiн зерттеуге көп көңiл бөлiнуден Радиобиологияның жаңа саласы – ғарыш Радиобиологиясы пайда болды. Ал Радиобиологиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстары микроорганизмдермен тiкелей байланысты болғандықтан, оның жеке бiр саласы – радиациялық микробиология қалыптасты және Радиобиологияның жаңа салалары (радиациялық медицина, радиациялық экология, радиациялық генетика, т.б.) дамуда.
1) Медициналық биология және генетика, Әбилаев С.А. 2-ші бас. 2010 ж
2) Қазымбет П.К. Аманжолова Л.Нуртаева Қ. Медициналық биология. Алматы,2002 ж
3) Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006
4) Стамбеков С.Ж. Петухов В.Л. Молекулалық биология
5) Гинтер Е.К. Мединциская генетика. М., Медицина,2003 ж.
6) Генетика. Учебник для ВУЗов. Под ред. Академика. Алматы 2005 ж.
7) Биология. Под ред. В.Н. Ярыгина Кн.1,2.М.,Высшая школа, 2004 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Радиобиология. Радиобиологияның физикалық негіздері.Радиосезгіштік. Сәулеленудің салдары.

Орындаған: Құрманиязова Ұ.
Тобы: 102 А МПД
Қабылдаған: Есиркепов М.

Шымкент 2015 жыл

Жоспар
І Кіріспе
1) Радиобиологияның даму тарихы
ІІ Негізгі бөлім
1) Радиобиологияның физикалық негіздері
2) Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлері
3) Ағзаның радиосезгіштігі. Сәуле аурулары
ІІІ Қорытынды
1) Сәулелерден қорғанудың биологиялық әсерлері

Радиобиология(лат. radio - сәуле шығарамын және ''биология'') - иондаушы сәулелердiң барлық түрiнiң тiрi организмдер мен оның қауымдастығына тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым.Иондаушы сәуленiң биологиялық әсерiн зерттеу ''В.К.Рентген''нiң (1895), француз ғалымы ''А.Беккерель''дiң (1896) жұмыстарынан, ''П.Кюри'' мен ''М.Складовская-Кюри''дiң радийдi ашуынан (1898) басталады. Р. саласындағы зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың басындаРесейде орыс радиобиологы Е.С.Лондон жүргiздi. Ол 1911 ж. Биология мен медицинадағы радий атты монография жазды.
1904 ж. ГерманиядаГ.Петерс сәуле әсерiнен тіндердің бөлiну процесiндегi ауытқуды тапты, ал П.Линзер мен Э.Хельбер1905 ж. сәуле әсерiне ұшыраған жануарлар қанында уытты заттар пайда болатынын ашты.20 ғасырдың 20-жылдары рентген және гамма сәулелерiнiң әр түрлi биология нысандарға тигiзетiн әсерлерi туралы көптеген жеке-жеке деректер жиналды. 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филлипов рентген сәулесiнiң әсерiнен саңырауқұлақтарда болатын мутагендi құбылыстарды ашқан. Радиац. мутагенез туралы ғылыми басылымдар АҚШ-та (Г.Меллер, 1927; Л.Стедлер, 1928) жарық көрдi. Бұл ашылған жаңалықтар радиац. генетиканың негiзiн салуға ықпал еттi.
1950 - 60 ж. Радиобиологияда биофизика және биохимия әдiстердi қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргiзу басталды. Ядролық қаруларды жаппай сынау және жер бетiнiң радионуклидтермен (мысалы, егер қоршаған ортаға түссе, ұзақ жылдар бойы ыдырамайтын - Sr және Cs) ластануы Радиобиологияның алдына радиациялық сәулеге ұшыраған тiндерде болатын өзгерiстердi зерттеу, радионуклидтердiң әсер ету ұзақтығы және олардың организмнен шығу мерзiмiн анықтау сияқты жаңа мiндеттер қойды. Адамның ғарыш кеңiстiгiне шығуына және оны игеруiне байланысты радиацияның ғарыш жағдайында адамның жоғары жүйке жүйесiне тигiзетiн әсерiн зерттеуге көп көңiл бөлiнуден Радиобиологияның жаңа саласы - ғарыш Радиобиологиясы пайда болды. Ал Радиобиологиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстары микроорганизмдермен тiкелей байланысты болғандықтан, оның жеке бiр саласы - радиациялық микробиология қалыптасты және

Радиобиологияның жаңа салалары (радиациялық медицина, радиациялық экология, радиациялық генетика, т.б.) дамуда.
Радиобиология ғылымының мақсаты - тірі ағзалардың иондаушы сәулелер әсерлеріне қайтаратын реакцияларының жалпы заңдылықтарын анықтау, оларды басқару мүмкіншіліктерін қарастыру,иондаушы сәулелерді медицина практикасында ауруларды анықтау және емдеу мақсаттарында пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру болып табылады.
Радиобиологияның ең өзекті мәселелерінің бірі - радиосезгіштік. Радиосезгіштік дегеніміз - жасушалар мен ұлпаларда сәулемен зақымданудың байқалуы және сәулеленуден кейін қалпына келу қабілеті болып табылады.
Радиобиология ғылымының дамуын 3 кезеңге бөлуге болады.
І - кезең - радиобиологияның сандық принциптерінің қалыптасуы.(ХХ ғ. 20-30 жылдары). Бұл кезеңде негізінен радиобиологиялық құбылыстарды сипаттап жазу әдісі басым болды. Дегенмен, бұл кезеңде кейбір теориялық тұжырымдар да қалыптасты, айталық сәулеленудің жасуша бөлінуін тежейтіндігі, жасушалардың радиосезгіштігі оның көбею қабілетімен жіктелу деңгейіне байланысты болатындығы. Бұл құбылысты ең алғаш француз ғалымдары Бергоньс және Трибондо байқаған. Бергоньс және Трибондо ұлпалардың радиосезгіштігі жасушаның бөліну белсенділігіне тура пропорциональ, ал жіктелуіне кері пропорциональ болады деп көрсеткен. Мұны Бергоньс және Трибондо ережесі деп атайды.
ІІ - кезең - Иондаушы сәулелердің мутагендік әсерінің ашылуы (ХХғ. 30 жылдары), радиациялық генетиканың (30-50 жылдары), жасушалық радиобиологияның дамуы (40-60 жылдары). Бұл кезеңде радиобиологияның дамуы радиациялық құбылыстарды сипаттап жазудан оларды сандық және сапалық тұрғыдан талдауға көшуге байланысты.
ІІІ - кезең - адамдар мен жануарлар ағзасын сәулелер әсерлерінен қорғау және емдеу шараларын қалыптастыру (40-60 жылдары)

Радиобиология ғылымының 100 жылдан астам даму тарихында мынадай жетістіктерге қол жетті:
1) Фундаментальды зерттеулер саласында - иондаушы сәулешашудың биологиялық әсерлерінің молекулалық тетіктері анықталды;
2) Сәулелерге қарсы биологиялық қорғаныс саласында - иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерлерін айтарлықтай төмендететін физикалық, биологиялық және фармакологиялық заттар - радиопротекторлар жасалынды;
3) Сәуле зақымдауларын емдеу саласында - сәуле ауруларын тиімді емдеудің кешенді жүйесі құрастырылды, оның ішінде сүйек кемігін қондыру;
4) Иондаушы сәулелерді медицинада, яғни ауруларды емдеу және анықтау мақсатында пайдалану саласында - радиацияның көптеген түрлерін ісік ауруларын емдеу және анықтау мақсатында барынша кең қолданудың ғылыми негіздері қалыптастырылды;
5) Иондаушы сәулелердің адам ағзасына тигізетін әсерлерін гигиеналық нормалау саласында - халықаралық және ұлттық радиациядан қорғау комиссиялары атом және ядро энергетикасында жұмыс істейтін кәсіби қызметкерлер мен жай тұрғындар үшін қауіпті радиация дозасын нормалау принциптерін қалыптастырды;
6) Радиациялық техника мен технологиялар саласында - тұрліше және кез-келген иондаушы сәулелерді бөліп шығаратын қауіпсіз қондырғылар жасап шығарылды.
Радиоактивтік дегеніміз - тұрақсыз химиялық элементтер ядросының радиоактивті сәулешығару арқылы өздігінен ыдырауы болып табылады. 1895 ж мария мен Пьер Кюри ашты. Заттармен әректтесіп түрліше таңбалы электр зарядтарын пайда ететін сәулелешығаруды иондаушы сәулешығару деп атаймыз. Оларға рентген, альфа, бета, гамма сәулері және зарядталған түйіршіктердің - нейтрондардың, электрондардың, протондардың, дейтрондардың корпускулды сәулешығаруы жатады.

Рентген сәулелерін 1895 ж Вильгельм Конрад Рентген ашқан. Бұл сәулелер қысқа толқынды, электромагнитті болып келеді.Олар электрондардың заттар атомымен әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Бұл кезде 2 түрлі сәулелер түзіледі: 1) тежеуші - электрондар жылдамдығы өзгерген кезде пайда болатын және спекторлары дискретті болады.
Медицинада қолдануға мімкіндік беретін рентген сәулелерінің қасиеті олардың ұлпалар мен мүшелер арқылы өтіп, сіңіріліп белгілі бір өзгерістерді пайда етуі болып табылады.
Корпускулдық сәулешашулар. Корпускулдық сәулешығаруларға тез қозғалатын қарапайым түйіршіктер - альфа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның гендік аурулары. адамның тұқым қуалайтын ауруларына диагноз қоюдың және алдын-алудың қазіргі кездегі әдістері
Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі
Популяциялық генетика негіздері. Экогенетика негіздері
Радиациялық мутагенез
Адамның тұқым қуалайтын аурулары. Адамның хромосомалық аурулары
Адамның хромосомалық аурулары
ИОНИЗАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДЕН ҚОРҒАНУ
Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
Прокариот және эукариот гендерінің белсенділігінің реттелуі»
Радиоактивтілік бірліктері
Пәндер