Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
2. Қартаюдың негізгі теориялары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қартаю — жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады.
Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.
Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
1. С.Ж. Стамбеков «Жалпы генетика» Алматы «Ана тілі» 1993 жыл
2. Е.Ө. Қуандықов., С.А. Әбілаев., «Медициналық биология және генетика» (Медициналық жоғары және орта кәсіби оқу орындарына арналған оқулық) Алматы 2006 жыл
3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
4. Интернет www.asik.kz
5. Радиация .Дозы,эффекты,риск.1988ж
6. Стамбеков С.Ж. Генетика
7. Молекулалық биологияға кіріспе М.А.Пальцева

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы

Биохимия,биология және микробиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі

Орыдаған: Манап Әлібек
Тобы: 102 А ҚДС
Қабылдаған: Жолдасов К.Т.

ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
2. Қартаюдың негізгі теориялары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қартаю — жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю
құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-
бірте қысқартады.
Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде
байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық
деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене
пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі;
терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру
және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.
Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде
айтарлықтай өзгерістер байқалады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер,
сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты
май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның
иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы Ac қорыту жүйесінде мынадай
өзгерістер байқалады — тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту
сөлдерінің бөлінуі азаяды.
40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар
қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып, оның иілімділігі төмендейді.
Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды.
40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды.
Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам
тез шаршайтын болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер
байқалады - кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде
бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі
т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз.
Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық
және жасушалық иммунитет төмендейді.
Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын
олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100
жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген.
Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері
төмендейді.
Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысында да,
қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері
азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды
ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген
гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды.
Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық механизмдері - транскрипция,
трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады.
Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада
судың азаюын, оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға
болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді.
Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсенділігі азаяды,
цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынан ассимиляция
диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды.
Ұзақ уақыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю
кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.
Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шыныңда да осы пікірді
растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңіңде шұғыл
түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір
мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі
керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай
өзгермейді. Мысалы, бірінші типке жүректің жиырылуын, гормондардың
белсенділігін, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, жыныс бездері)
қызметін, көру, есту т.б.; екінші типке гипофиз қызметін, қандағы
холестерин деңгейін, жасушалардың гумораль-дық және химиялық факторларға
сезімталдығын т.б.; үшінші типке қандағы қант деңгейін, эритроциттер мен
лейкоциттер санын, гемоглобин мөлшерін т.б. жатқызуға болады.
Ағзаның әр түрлі мүшелері мен мүшелер жүйесінде жастық өзгерістер
онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде бір мезгілде бай: қалмайды — оны
гетерохронияльщ қабілеті деп атайды. Мысалы тимустың семуі 13-15 жаста
басталса, аналық бездің қызметінің тоқталуы 48-52 жаста байқалады.
Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей
бола бермейді, мысалы мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей
болмайды - оны гетеротопия құбылысы деп атайды.
Жастық өзгерістер бір жүйеде ерте пайда болып, жай дамыса (мысалы
сүйек ұлпасы), екінші біреулерінде кештеу байқалып, тез дамып кейінірек
алға шығады (мысалы орталық жүйке жүйесі). Жастық өзгерістердің пайда болуы
тек күнтізбелік жасқа ғана байланысты емес, ол бірқатар факторларға, оның
ішінде әлеуметтік факторларға да байланысты. Биологиялық жасты анықтау үшін
әр түрлі тесттік жүйелер пайдаланылады: артерия қысымы, қан холестеринінің
мөлшері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші т.б.
Ерте кездердегі герантологтердің пікірінше (Пархон) қартаю - емдеуге
болатын ауру. Бірақ қартаю - ауру емес, ол онтогенездің занды нәтижесі
екенін естен шығармауымыз қажет.
Ғылымның негізгі мақсаты биологиялық құбылыстарды кері қайтару емес,
ол мүмкін де емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі мақсаты - ерте
қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға дейін
толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.
Қартаюдың негізгі теориялары Адам ағзасының қартаю себептері туралы
300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана
маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю
теориясын" атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры
болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те
баяулап, дүние са-луға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің
сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды каншалықты
көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсеңді түрде болып, оның қоры тез
таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене
салмағына карағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың
тіршілік ұзақтығы қысқа болады (мысалы, егеу құйрық 2-3 жыл, ит 20 жыл, піл
80 жыл өмір сүреді). Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана
беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік ұзақтығы бұл тұжырымға қайшы
келеді. Мысалы, егеу құйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да,
дене бетінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып
15—20 жыл тіршілік етеді, яғни егеу-құйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді.
Белсенді қозғалып тірішілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда
екі есе артық өмір сүреді.
И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю
құбылысы тек қана биологиялық факторға - физиологиялық, патологиялық т.с.с.
тәуелді болмай, сол сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері. Қартаю процессі.
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмі
Қартаю процесі
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Теломер функциялары
Теломера
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Қартаю теориясы
Ағзаның қартаю құбылысы
Пәндер