Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі пайда мен залалдарды есепке алудың ерекшелігі


мамандығының студенттері
Астана қаласы
Ғылым жетекшісі:.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПАЙДА МЕН ЗАЛАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр‑түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс‑әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал. ХҚЕС (IAS) №18 «Түсім» Сатудан алынған табыс стандарты мынадай операциялар және жағдайлардан пайда болатын түсімді есептеуде қолданылуы керек:
(а) тауарларды сатудан;
(b) қызметтерді көрсетулерден;
(с) пайыз, лицензияланған төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін басқа жақтарымен пайдаланудан.
Түсім алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Операциядан пайда болатын түсім сомасы, әдетте, компания және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол компаниямен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша бағаланады.
Компаниялар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:
(а) түсімді тану үшін қабылданған есеп саясатын, соның ішінде, қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді;
(b) кезең ішінде танылған түсімнің әрбір маңызды санаты сомасын, соның ішінде, мыналардан:
- тауарларды сатудан;
- қызмет көрсетуден;
- пайыздардан;
- лицензиялық төлемдерден;
- дивидендтерден келетін түсімдерді; және
- түсімнің әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан келетін түсім сомасын.
Табыстар -бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар - бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар - бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т. б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:
- нақты орындау;
- пропорциональді орындау;
- аяқталған орындау;
- инкассация.
« Пайда мен залалдар» туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздеріне кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі - оның қаржылық - шаруашылық жағдайын белгілейтін негізгі ақпарат көзі. Бухгалтерлік есептілікті жан - жақты, әрі толығымен зерттеу кәсіпорынның шаруашылық қызметінің оң нәтижелерінің, кемшіліктерінің себебін анықтауға, шаруашылық қызметін жетілдіру жолдарын анықтауға көмектеседі. Қаржылық есептілікке негізделген қолданушылардың шешім қабылдауға белгілі бір дәрежеде әсер ететін болса, онда ақпараттың ролі зор. Сол себептен «Пайда мен залалдар» есептілігін ұйымдастыру кезінде арнайы әдістемелік нұсқаулардың болуы есептілікті ұйымдастыруды нақтылайды және де мәліметтердің сенімділігін арттырады. Қаржылық есептілікті жыл сайын тапсыру жалпы қабылданған ереже болып табылады. Халықаралық стандарттар бойынша қаржылық есеп беру мерзімі түрлі болуы мүмкін, бірақ компания ұзақ, не қысқа есептілік мерзімін қабылдауын негіздеуі тиіс.
Компания өзінің қаржылық есептілігіндегі «Пайда мен залалдар» есептілігін есептік әдіске сәйкес дайындауы қажет. Есептік әдіс бойынша операциялар мен оқиғалар іске асқан кезінен бастап (ақша қаражаттары мен эквиваленттері түскен, төленген кезінен емес) расталады және есептік регистрларда тіркелінеді. Операция немесе оқиға болған уақыт аралығында қаржылық есептілікте көрсетіледі. Шығыстар «Пайда мен залалдар» есептілігінде сәйкестіндіріліп, шығыстар мен алынған табыстардың ара - қатынасы арқылы (сәйкестендіру концепциясы) куәландырылады.
Егер есептілікте өзіндік құн, әкімшілік және коммерциялық шығындар, басқа да операциялық табыстар мен шығындар бөлек көрсетілсе, онда компания амотизациялық аударымдарды, еңбекақы шығындарын қоса шығындар түрлері бойынша қосымша ақпарат ұсынуы қажет. Бұл ақпараттар ақша қозғалысын болжауға көмегін береді. «Пайда мен залалдар» есептілігінің мәліметтері екі формада көрсетілуі мүмкін: экономикалық сипаттамасы бойынша шығындар баптарын классификациялау, не олардың функциялары бойынша.
Пайда мен залалдар есептілігін табыс және шығынның экономикалық мағынасы бойынша құрастыру әдісі шығын сипаттамасы әдісі деп аталынады. Осы кезде «Пайда мен залалдар» есептілігінде шығындар шығыстар сипаттамасы мен түрімен сәйкес жасақталады, бап не шығыс элементі бойынша деп те атауға болады (мысалы, амортизация, материалды сатып алу, көліктік шығындар, еңбекақы, жалақы, жарнама шығыстары) . Шығын сипаттамасы әдісі (шығындар элементі) бойынша құрастырылған. Шығын сипаттамасы әдісі (шығындар элементі) бойынша құрастырылған. Пайда мен залалдар есептілігінде баптардың келесі топталуы болуы тиіс: Түсім, басқа операциялық табыс, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім қорының өзгерісі, шикізат пен материалдың қолданылуы, жалақы, амортизациялық шығындар, өзге де операциялық шығындар, қосылған операциялық шығындар, операциялық қызмет пайдасы.
Шығын функциясы әдісі арқылы «Пайда мен залалдар» есептілігінің екінші формасы шығын элементтерін бөлек қарастырмайды (негізгі құралдардың амортизациясы сияқты), сол себептен кейбір жанама әдіс бойынша ақша қозғалысының есептілігі сияқты есептік процедураларды қиындатуы мүмкін. Егер есептілікте өзіндік құн, әкімшілік және коммерциялық шығындар, басқа да операциялық табыстар мен шығындар бөлек көрсетілсе, онда компания амотизациялық аударымдарды, еңбекақы шығындарын қоса шығындар түрлері бойынша қосымша ақпарат ұсынуы қажет. Бұл ақпараттар ақша қозғалысын болжауға көмегін береді.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп:
- Белгіленген Кірістер мен шығыстар туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
- Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай субъекті қызметінің қаржылық нәтижелерін неғұрлым нақты ұсыну үшін қажет кірістер мен шығыстар туралы есепте беріледі.
- Қорытынды пайда (қорытынды шығын) 18-қосымша бойынша салық салғанға дейінгі кіріс пен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстарын көрсетеді.
Пайда мен залал туралы есеп өзіне танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын қамтуға тиіс. Пайда мен залал туралы есеп беру мынадай жағдайларда есеп берудің өзгеше тәртібін ұйғарады:
1) есеп саясатындағы қателер мен өзгерістердің әсері олар туындаған кезеңдегі кірістер мен шығыстар түрінде емес, өткен кезеңдердің түзетулері ретінде беріледі; және
2) қайта бағалаудан мүліктің құнының өсуі, шетелдік қызметтің қаржылық есептерін аудару нәтижесінде туындайтын кейбір пайда мен залал және хеджингтік құралдардың әділ құнындағы кейбір өзгерістер пайда немесе залал түрінде емес, олар туындаған кезде капиталда тікелей көрінеді.
Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде берілетін ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) кіріс;
2) қаржыландыруға арналған шығындар;
3) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ассоциацияланған ұйымға және бірлескен қызметке инвестициялардан түсетін пайданың немесе залалдың үлесі;
4) салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;
5) тоқтатылған қызметтен салынатын салықтардан кейін пайдадан немесе залалдан жиынтық соманы құрайтын бірыңғай сома және тоқтатылған қызметті білдіретін шығуға арналған активтерді немесе топты (топтарды) сатуға немесе шығаруға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн өзгерген кезде танылған салықтардан кейін өзге де кіріс немесе залал; және
6) пайда немесе залал.
Субъект мынадай баптарды тікелей пайда мен залал туралы есепте кезеңдегі пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашуға тиіс:
1) азшылықтың үлесіне жататын пайда немесе залал; және
2) басты ұйымның үлестік құралдарының иесіне жатқызылатын пайда немесе залал.
Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар тікелей пайда мен залал туралы есептің өзінде мұндай беру субъект қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін қолайлы болғанда беріледі.
Субъект пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде емес, оған ескертпелерде емес, «төтенше баптар» ретінде кірістер мен шығыстардың қандай да болмасын баптарын беруге немесе сипаттауға тиіс емес. Едәуір құрайтын әрбір кірістер мен шығыстар бойынша субъект осындай құрауыштың сипаты мен сомасын жеке ашуға тиіс. Мұндай ашулар өзіне мыналарды қамтуға тиіс:
1) қорлар құнын аяқтауға және өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасына дейін қорлар құнын есептен шығару;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz